Экономикалық ой-пікірлердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 23:13, реферат

Краткое описание

Экономикалық ілім — ертедегі ең ескі және бай тарихы бар ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды.

Содержимое работы - 1 файл

Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы.docx

— 22.50 Кб (Скачать файл)

«Неолиберализмнің» белгілі өкілдеріне американ экономисі Людвиг Мизес (1881-1973 ж.ж.) Чикаго мектебінің экономисі Милтон Фридман (1912 ж.ж.) Германиядан — Фредрих Август фон Хайекті (1899-1964 ж.ж.) жатқызамыз. Чикаго мектебі насихаттап жүрген экономикалық ілімінің қазіргі әдісінен осы бағытқа «монетаризмді» айтуға болады. Экономика тұрақсыздығының басты ошағы ақша аясында жатыр және оны реттеудің мәнісі шамалап бұзылған ұдайы өндіріс циклын жоюда болып табылады. «Монетаризмнің» басты стратегиясы – экономикалық өсудің мүмкіндігі мен тиімділігін қалпына келтіруді, мемлекеттік бюджеттен экономикаға ынталандыру салымын алмай жүзеге асыру. 

Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа  жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді. 

Қорыта айтканда, қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады: 

– бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет аткарған болар еді; 

– екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айкындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады; 

үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу, ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған. 

 – төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі  Вальтер Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады. 

«Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» - дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар. 

Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі - экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.

Информация о работе Экономикалық ой-пікірлердің дамуы