Айналымнан тыс капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 13:37, реферат

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашыл

Содержание работы

Кіріспе ............................................................................................................... 3

І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17

ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25
2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28

Қорытынды ........................................................................................................ 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Содержимое работы - 1 файл

Айналымнан тыс капитал.doc

— 229.00 Кб (Скачать файл)

 

Материалдық емес активтер түрі _________________________________________________

Қысқаша сипаттама ____________________________________________________________

Беретін жақ ___________________________________________________________________

Алатын жақ ___________________________________________________________________

 

Алынған

Ай-күн, жылы

Материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері

Материалдық емес активтердің бастапқы құны

Пайдалы қызмет ету мерзімі

___20__ж.

дейін__20__ж.

Амортизация нормасы, %

Амортизация сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Беруге негіздеме:

Бұйрық (өкім) негізінде «_______»______________________________20_____ж. №_____

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Материалдық емес активтерді ___________     ___________    ___________________ 

қабылдадым:                    қызметі                 қолы                  қойылған қолды анықтау

               МП             

                                  Өткізді:      __________     ____________    ___________________

                  қызметі                  қолы                  қойылған қолды анықтау

Бас бухгалтер                                                       ____________    ___________________

              қолы                 қойылған қолды анықтау

 

                                                    «________»_________________ 20_____ж.

 

 

 

Материалдық емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:

      лицензиялық  келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға  және т.б.) беретін құқытар;

      бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және  сыртқы немесе ішкі  мақсаттарға  арналады;

      патенттер – заңды түрде танылған  және  тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

      ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар  болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді  алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

      гудвилл – субъектінің  жағымды сипаттамасына  байланысты сатып алуышының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы  арасындағы айырма ретінде  анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы  арасындағы  айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемемлер» болып анықталады;

      басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

ә) Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

      сатып алулар

Мысалы: Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнағ:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті             

671 «Төленетін шоттар» шот кредиті                                                                    60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

          671 «Төленетін шоттар» шот кредиті (15%)                                                             9 000;

          б) объектіні  дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

         681 «Қызметкерлердің қызметін өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек»                                                                 8 000;

           жарғы капиталына салымдар – материалдық емес активтер

тараптардың шартпен белгіленген бағасы бойынша есепте көрсетіледі:

1.      Жарияланған капитал сомасына:

511 «Төленбеген капитал» шот дебеті

          501 «Жай акциялар» шот кредиті, 502 «Артықшылықты акциялар», 503 «Жарғы капиталына салымдар мен пайлар»                                         1 000 000.

          2. Жарғыда көрсетілген, салынған материалдық  емес активтердің келісімшарттық құны:

101-103 «Материалдық емес активтер» шот дебеті

         511 «Төленбеген капитал» шот кредиті                                          400 000;

      кәсіпорындардың бірігуі нәтижесінде ие болу – материалдық емес акивтердің бастапқы құны өткізу құны бойынша мойындалады, егер оны күмәнсіз сенімділікпен  бағалау мүмкін болмаса, онда актив жеке материалдық емес актив болып танылмайды, алайда гудвиллге (фирманың іскерлік беделінің бағасы) енеді; өйткені жақсы іскерлік бедел, қолайлы мекен-тұрақ бар, тауар нарықта жақсы белгіленген бағасы бар және т.б.

Мысалы: 8 000 000 теңгеге ұйым сатып алынды, активтің өзіндік құны 6 000 000 теңге.

1.       Активтің нақты құны сомасы:

687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

               441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті                                                6 000 000.

                2. Гудвилл сомасына:

105 «Гудвилл» шот дебеті

               441 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті

               3. Қосылған кезде:                                                                                            2 000 000.

Барлық активтердің дебеті

               687 «Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті                                     6 000 000.

          Сатып алынған таза активтердің әділ құны фирманың сатылым бағасы мен алынған активтердің әділетті құн арасындағы есептелетін теріс айырма болып табылады және теріс  гудвилл (бэдвил) деп аталады. Кез келген теріс гудвилл  фирма алған активтердің құндылықтарын азайту үшін пропоционалды бөлінуге тиіс. Мұндай жағдайда теріс гудвиллді болдырмау үшін материалдық активтердің құныдылығын азайту қажет:

      мемлекеттік жәрдем ақша (субсидиялар) есебінен шығындардың

нақты сомасына (бағдарламамен қамтамасыз ету):

102 «Бағдарламаны қамтамасыз ету» шот дебеті

         726 «Билікті атқарушы органдардың жәрдем ақшалары (субсидиялары)» шот кредиті.

        Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты  арттыру үшін есептен шығарылады: 726 «Билікті  атқарушы органдарының жәрдем ақшалары (субсидиялар)» шот дебеті

       571 «Жиынтық табыс» шот кредиті;

                                                                                                                                                                                                                                                           айырбас – ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде  алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны алынған немесе төленген ақшалай қаражат  сомасына  түзетілген, айырбасқа алынған активтің өткізу құны бойынша  мойындалып, танылады.

         Тауарлық белгі алынды:

         а) келісімшарттық құнға :

106 «Басқадай материалдық емес активтер» шот дебеті

        671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті                                          100 000;

        ә) ҚҚС сомасына:

331 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті

        671 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті                                            16 000.

        Айырбасқа берілген бағдарламамен қамтамасыз  етудің нақты өзіндік құны есептен шығарылды:

841 «Материалдық емес активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шот дебеті

        102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті                          60 000.

        Сатып алушыға шот ұсынылады:

        а) берілген бағдарламамен қамтамасыз етудің келісімшарттық құнына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

        721 «Материалдық емес активтердің істен шығуынан түскен кіріс» шот кредиті                                                                                                            80 000;

        ә) Келісімшарттық құнының 15% ҚҚС сомасына:

301 «Алуға арналған шоттар» шот дебеті

        633 «ҚҚС» шот кредиті                                                                         12 000.

        Айырма  сомасы аударылды:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

        441 «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті              24 000.

        Өзара талаптарды қоса есептеу  жүргізілді:

671 «Төленуге тиіс шоттар» шот дебеті

       301 «Алуға арналған шоттар» шот кредиті                                          92 000.

        Ұқсас материалдық емес активке айырбастау нәтижесінде алынған материалдық емес активтің бастапқы құны айырбас активінің баланстық құны бойынша  танылады және табыс әкелмейтін мәміле болып саналады:

102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;

         102 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот кредиті;

      құру – субъектінің өзі жасаған  материалдық емес активтердің

бастапқы құны іс жүзіндегі нақты тікелей  және қосымша шығындар сомасы бойынша танылады, олар материалдық емес баптардың сәйкес келген сәтінен бастап шеккендерін белгілеу  бойынша  қолдануға арналған активті жасау мен әзірлеу үшін байыпты, ақылға қонарлық негізде таратылуы мүмкін.

         Материалдық емес активтерді құрған кезде барлық жұмыстар зерттеулер мен  әзірлемелер сатыларынан құралады.

         Зерттеулер сатысы – жаңа ғылыми немесе техникалық білім үшін әректтенген, талап қуып, алдын-ала қам жасаған, жоспарланған ізденістер. Бұл сатыға мыналар жатады: жаңа білім алуға бағытталған зертханалық зерттеулер жаңа зерттеу олжасын немесе басқа білімді іздеу; болашақ өнім немесе өндірістік нұсқаларды жасау мен ұғымын тұжырымдау. Зерттеу сатысында субъект болашақта экономикалық  пайда әкелетеін материалдық емес активтер бар екендігін  айқара ашық көрсете алмайды, сондықтан мұндай шығындар кезеңнің шығындары болып танылады.

       Зерттеу сатысындағы шығындар қалай көрсетілгенін қарастырайық: зерттеу жұмыстарына шығындар шықты (қызметкерлерге еңбекақы есептелді еңбекті өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымы және басқа шығындар жасалды):

821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті, 811 «Өнімді (жұмысты, көрсетілген  қызметті) өткізу бойынша шығындар» шоттарының дебеті

       681 «Қызметкерлермен еңбекті өтеу бойынша есеп айырысулар», 635 «Әлеуметтік салық», 687 «Басқадай кредиторлық берешек» әртүрлі  шоттардың кредиті                                                                                  7000,0.

         Әзірлеме сатысы – ғылыми-зерттеу ізденістерінің немесе басқа ілімдерінің нәтижелерін  жаңа немесе түпкілікті  жетілдірілген  процесстерді, материалдарды, өнімдерді, жүйелерді және көрсетілген  қызметтерді  жоспарлауға немесе әзірлеуге ауыстырып, көшіру. Бұл сатыға мыналар жатады: тәжірибелік үлгілер  мен модельдерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу, жаңа технологиямен құрал-аспаптарды, қалыптарды  (шаблондарды), пішіндер (формалар) мен штамптарды жобалау; коммерциялық өндіріс үшін экономикалық қондырғыларды жоболау мен пайдалану; таңдалған баламалы материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процесстерді, жүйелерді немесе көрсетілген қызметтерді жобалау, құрастыру (конструкциялау) және тестілеу.

Информация о работе Айналымнан тыс капитал