Айналымнан тыс капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 13:37, реферат

Краткое описание

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашыл

Содержание работы

Кіріспе ............................................................................................................... 3

І. Айналымнан тыс активтер
1.1. Материалдық емес активтер есебі ........................................................... 5
1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі .................... 17

ІІ. Негізгі құралдар
2.1. Негізгі құралдар есебі ............................................................................... 18
2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі ...................................................... 25
2.3. Инвестициялар есебі ................................................................................. 28

Қорытынды ........................................................................................................ 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .................................................................... 40

Содержимое работы - 1 файл

Айналымнан тыс капитал.doc

— 229.00 Кб (Скачать файл)

–          амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;

–          бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;

–          реконструкцияға, модернизацияға  және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;

–          негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау  бақылау;

–          негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.

       Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды  бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы  114969 млн. теңгені құрады (1994ж.80945 млн.теңге).

Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар

кәсіпорынның  қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер

тигізеді.

       Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық  қажеттерін қанағаттандыру  үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.

       Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының  еңбек және тұрмыс  жағдайларының жақсаруы  тәуелді.

Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның  экономикалық потенциалын айқындайды:

         Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі  қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі  орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:

1)                      жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ  кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық          деңгейдегі негізгі  құралдар құрумен;

2)                      негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника  түрлерімен ауыстыруыменен.

Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа  еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі  қорлардың, әсіресе  өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің  өсуінің  басты факторы болып табылады.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Негізгі құралдардың тозуы

       Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын

сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатынөнімге аударады. Бухгалтерлік  есептің №6 “Негізгі құралдар есебі” стандартына сйәкес тозу – бұл негізгі  құралдар объектілерінің  физикалық және  моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.

      Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы – бұл пайдалану процесінде олардың  бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу , оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен сипатталады.

       Негізгі құралдар объектінің моральдық тозуы бұл жетілдірілген және өнімді машиналардың, жабдықтардың және басқа негізгі  құралдардың пайда болуына байланысты жұмыс істеп тұрған объектінің бастапқы құнының төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі  құралдың барлық объекттері  жатады.

       Барлық жағдайларда  негізгі  құралдардың объектілері пайдалану  мерзімі аяқталғанша  бастапқы түрін сақтайды, бірақ құны нақты  тозу сомасынан төмендейді. Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын құнының жүйелі  бөлінуі түріндегі  құндық шамасы амортизация деп аталады. Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір  есепті  кезеңге  амортизациялық  төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.

        Амортизацияны есептеу әдістерін шарушашылық субъектілерінің есеп саясатында қарастырылады:

1.      Құнды біркелкі шегеру әдісі

2.      Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру (өндірістік  тәсіл)

3.      Жеделтілген әдістер

-         қалдықты азайту әдісі

-         құнды сан сомасы бойынша (кумулятивті) әдіс

          Негізгі құралдардың әрбір түріне амортизацияны есептеудің қоымша  тәсілдері қолданылады, бірақ та бір түріне  жыл бойында тек бір әдіс өзгеріссіз қолданылады.

         Мысалы, «Автоматика» ААҚ-ды  қарастыратын болсақ, онда есептік саясында біркелкі әдіс негізгі  құралдың барлығына қолданылады. Бұл - әдістің таңдалу  себебі, ол қолдануға ыңғайлы. Негізгі құрал құнын қайта бағалау Қазақстан Республика Үкіметінің қаулысына  сәйкес жүргізілді. Амортизацияны ай сайын біркелкі  шығару  жолымен есептеледі. Қайтадан түскен негізгі  құралға амортизациясын есептеу келесі  айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға амортизацияны есептеу  келесі айдың  бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны  есептеудің  таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымн  белгіленіп, бір есепті  кезеңнен  екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу әдісі өзгерген жағдайда  осы өзгерістерді  тудырған себептер  ашылуы тиіс. Амортизацияланатын құн дегеніміз бастапқы  және  тарату  құнының  арасындағы  айырмашылық  есептеп шығару әдісі «Автоматика» ААҚ-ң  негізгі  құралдың  барлығына қолданылады. Бұл әдістің таңдалу себебі, ол қолдануға  ыңғайлы негізгі  құрал құнын қайта  бағалау  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысына сәйкес жүргізілген.

       Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация әр құрылысқа жеке есептеледі. Егер  құрылыс құны тозу нәтижесінде 40 айлық есеп  айырысу  көрсеткішінен төмен болса, онда құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.

        Егер топтың құндық балансы  салық  жылының аяғында  100 айлық есеп айырысу көрсеткіші сомасынан төмен болса, топтың құндық балансының мөлшері шығарып тастауға жатады.

      Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі  кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.

      «Автоматика» ААҚ технологиялық жабдықтардың алғашқы  құны 180,0 тг., тарату құны 10,0 тг., пайдалану мерзімі 20 жыл. Құнды біркелкі есептеп шығару әдісін қолданған кезде амортизациялық аударымдардың жыл сайындағы  сомасы (180,0-10,0)20=8500 тг.

        1994 жылы шығарылып, сол жылы пайдалануға берілген автомобиль  одан әрі пайдалануға  жарамайтындығына байланысты 2002 жылы есептен шығарылды. Автомобильді есептен шығару сәтіндегі бастапқы құны - 296455 теңге, амортизация сомасы - 157145 теңге, жою құны - 14823 теңге, пайдалануға келетін кіріске алынған материалдардың құны - 139310 теңге.

 

Кесте №1

Негізгі құрадардың шығуы бойынша операциялардың шоттарда көрсетілуі

 

Операция мазмұны

 

Dm

 

Km

 

Амортизация сомасына негізгі құралды есептен шығару кезінде жинақталған

 

133

 

124

 

157145

Шығарылған негізгі құралдың баланстық құнына

842

124

139310

Есептен шығарылған негізгі құралдан алынған  қосалқы бөлшектер кіріске алынуы

 

205

 

727

 

139310

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Инвестиция есебі

Нақты және қаржылық инвестиция туралы түсінік,

олардың жіктелуі

       Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны меншіктеушілердің әл-ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі  экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындары инвестиция деп ұғамыз.

Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

1.      Жұмсау мерзімі бойынша:

                 қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестицицясы);

      ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;

     мерзімісз инвестициялар.

Ұзақ мерзімді және мерзімісз инвестициялар – бұл қосымша пайда алу

мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

2.      Тағайныдалуы бойынша:

      қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;

      нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

3.      Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.

4.      Болу формасы бойынша –құжаттық, құжатсыз.

5.      Ұлттық тегі бойынша  – отандық, шетелдік.

6.      Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.

7.      Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.

8.      Шығарылатын формасы бойынша – эмиссиондық, эмиссиондық емес.

9.      Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.

10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.

11. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуееклдікпен.

Тәуекелдік түрелерін мынаған бөлуге болады:

     капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелді, инвестор өзінінің инвестициясын ысырапысыз қайтар алмайтын , толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;

     уақытша тәуекелдік – міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестцияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;

     заңдық өзгерістер тәуекелділігі – шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;

     өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) – инвестицияны өткізу барысындағы  болуы мүмкін ысырапқа ұырндыратын тәуелдік;

     нарықтық тәуекелдік – нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;

     кредиттік және іскерлік тәуекелдік – борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;

     процентік тәуекелдік – нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне  байланысты инвесторға  ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;

     валюталық тәуекелдік – шетелдік валютадағы инвестциямен байланысты тәуекелдік.

12. Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.

13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

     борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;

     иелі үлестік (владельческие долевые) – нарықты субъектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;

     жеке жобалар (кенішті игеру – разработка месторождения).

14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – мүліктік, міндеттік.

15. Халықаралық және отандық стнадарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 «Қаржылық инвестиция есесбі» және оған әдәстемелік ұсыныс); 

ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестицялар (БЕС 13 «Шоғырландырмалы (консолидированная) қаржылық есеп және еншілес серіктестегі инвестиция есебі» және әдістемелік ұысыныс; БЕС 14 «Тәуекелді шаруашылық серіктестіктегі инвсетиция есебі» және оған  әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 «Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы» және оған әдістемелік ұсыныс).

Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

–          тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;

–          портфельдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;

–          венчурлік (тәуекелшіл) – жаңадан пайда болған субъектілердегі

(мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар).

Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі

        Шаруашылық  жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.

Информация о работе Айналымнан тыс капитал