Өндірістік шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 14:06, реферат

Краткое описание

«Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 14.84 Кб (Скачать файл)

Өндірістік шығындар

«Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі  өнім шығару көлемінің өзгеруіне  байланысты шығындардың қалай өзгеретінін  талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың  өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін  өнім көлемінің өзгеруі жалпы  және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.  
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар. 
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.

Өндірістік шығындар концепциялар - Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығыңдар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді. 
ХЫХ ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке көсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. 
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк және Джом А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар (оверһеад цостс) мәселелерімен айналаскан және шығындардыа әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді. 
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған кобінесе айналыс шығындары жатады — тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деге түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артыкшылығына айырбас мүшелерінің әркайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша темендеу тенденциясы жатады дейді. [1]


Информация о работе Өндірістік шығындар