ҚР экономикасын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 21:20, доклад

Краткое описание

Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік көмекті экономиканың нақты секторына жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері енгізілді. "Самұрық-Қазына" ұлттық игілік қоры сияқты арнайы құрылған институттарда және Үкімет бекітіп, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан экономиканы тұрақтандырудың іс-қимыл жоспарында және тағы басқа құжаттарда көрініс тапты. Қаржы дағдарысына қарсы тұрудың қазақстандық үлгісі нақты өмірге енгізіліп, оң нәтижелер бере бастағаны біз үшін өте маңызды.

Содержимое работы - 1 файл

ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН БАСҚАРУ.doc

— 86.00 Кб (Скачать файл)

Елбасының бастамасы  бойынша Қазақстанда мемлекеттік  көмекті экономиканың нақты секторына  жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік  басқарудың жаңа тетіктері енгізілді. "Самұрық-Қазына" ұлттық игілік қоры сияқты арнайы құрылған институттарда және Үкімет бекітіп, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан экономиканы тұрақтандырудың іс-қимыл жоспарында және тағы басқа құжаттарда көрініс тапты.   Қаржы дағдарысына қарсы тұрудың қазақстандық үлгісі нақты өмірге енгізіліп, оң нәтижелер бере бастағаны біз үшін өте маңызды. Құрылыс саласы тұрақтанды, Қазақстан экономикасы оң серпінін сақтап отыр, қаржы-банк жүйесі әлемдік дағдарыстың әбден ықтимал жаңа қиындықтарына әзір болу үшін жеткілікті көмек алуда. Тұңғыш рет үшжылдық республикалық бюджет туралы заңды қабылдадық. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының үшжылдық кезеңіне арналған басым бағыттарын заңнамалық тұрғыдан айқындау отандық кәсіпкерлерге де, шетелдік инвесторларға да болашақта өз бизнесін ұзақ мерзімге жоспарлап алуға мүмкіндік беріп отыр. Тұтастай алғанда, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар маңызды заңдар қабылданды.                                                                                                        Біріншіден, бұл мемлекеттің реттеуші функцияларын нығайту. Бірінші кезекте, бұл  қаржылық жүйені қадағалауды күшейтуге қатысты. Көбінесе, әсіресе қарқынды өсу кезеңінде мемлекеттің реттеуші қабілеті жеке меншік секторды дамытудың қарқындарынан айтарлық қалып қоя бастағаны құпия емес.  Экономиканың негізгі ұстанымдары, жеке меншіктің әділ бәсекелестігі, қол сұғылмаушылығы ретінде және іскерлік бастамасын ынталандыру берік болып қалуы тиіс.   
Екіншіден, бұл ұлттық компаниялар арқылы экономиканың стратегиялық секторларындағы мемлекеттің рөлін күшейту үдемелі жаңғыртудың «ұлттық чемпиондары» болуы және «локомотивтер» рөлін атқаруы керек.    
Үшіншіден, бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік жоспарлау  тетігі. Сол себепті, бұл жоғарыдан директивті нұсқаулары бар, қанша және қалай жүргізетін Мемлекеттік жоспар емес, ал елдің әлеуметтік-экономикалық ұзақ мерзімді міндеттерін үйлестіру.  
Әлемде дамыған елдер экономикалық дамудың әртүрлі стратегияларын пайдаланудың үлкен тәжірибесі жинақталған, оларды үш тип бойынша шартты түрде топтастыруға болады.   
«Ілгерілемелі дамыту» стратегиясы экономиканың импортты ауыстырушы және экспортты бағдарлаушы өңдеуші салаларды дамыту арқылы дамыған елдер өткен жолды қайталауға бағытталады (Ресей, Қытай, Латын Америкасы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері).  
«Дәстүрлі мамандандыру» стратегиясы шикізаттық салалар арқылы экономиканы дамытуға негізделеді.  Осы стратегия шикізаттық ресурстарға бай елдерде, солардың ішінде Канада, Австралия, Норвегияда сәтті пайдаланылды.    
«Индустриалды кезеңнен кейінгі даму» стратегиясы көрсетілетін қызметтер саласын дамытуға бағытталып отыр.   
Осы стратегиялардың бірде-біреуі таза күйінде қолданылған жоқ. Керісінше, өзінің дамуына табысты қол жеткізген барлық елдер  әртүрлі стратегиялардың оңтайлы үйлесімін тапты. Сонымен бірге, тек бір ғана стратегия әрқашан басым болып табылды.   
Қазақстан экономикасын жедел жаңғыртудың ең қолайлы стратегиясы мұнай-газ секторында тірегі бар «дәстүрлі мамандыру» стратегиясы болып табылады.    
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көбінесе шикізаттық ресурстарды  игеру «ресурстық қарғыс» ретінде түсіндіріледі.  Осы тұжырымдамаға сәйкес табиғи ресурстарға бай елдер ұзақ мерзімді келешекте   айтарлықтай табиғи қорлары жоқ елдермен салыстырғанда экономикалық өсуінің ең қарапайым қарқынын көрсетеді.   
Алайда, маған экономиканың дамуына шикізаттық сектордың әсер етуі оң сияқты, сондай-ақ теріс те болуы мүмкін болып көрінеді.  Бәрі қалған экономиканың шикізаттық секторының қатынас типіне байланысты.  Мұндай жағдайларда,  экспортқа ресурстық секторды дамытқанда шикізаттық сектордың салалары үшін шикізатты өңдеумен байланысты өндірістік циклдің төменгі қабаттарында және жоғары қабаттарында жатқан салалардың өсуі ынталандырды,  табиғи ресурстар экспортына негізделген экономика біртіндеп әртараптандырылды.  Керісінше, егер қалған экономикамен ресурстық сектордың қатынасы әлсіз болса, онда әртараптандыру болған жоқ. Өндірістің қаражаты шекарадан әкелінсе, анклавты экспортты-шикізатты өндіріс қана пайда болды және мемлекет шикізаттық тәуелділік тұзағы деп аталатынға түскен жоқ.   
Сондықтан, «ресурстық қарғыс» шарасыз емес құбылыс. Ол осы өзінің байлығымен басқарудың тиімді саясатын жүргізе алмайтын бай ресурстары бар елдерге ғана байқалады.  
Осы қарым-қатынаста, мысалы Норвегия, Канада, Австралия сияқты елдер үлгі етуге тұрарлық.  Бұл елдер өздерінің шикізаттық ресурстарын  ақылға қонымды түрде жұмсай және өздерінің экономикаларын орнықты дамытуды қамтамасыз ете алды.    
Ең жақын арадағы онжылдықта мұнай-газ өнеркәсібі экономикалық өсудің басты «қозғалтқышы» болып қалмақ. Мұнайға деген ұзақ мерзімді сұраныс және олай болса, сарапшылардың көбінің бағалауы бойынша мұнайға арналған баға өсе беретін ғана болады.   
Осыған байланысты мұнай-газ секторына қатысты кешенді саясат қажет, ол үшін бірнеше өзара байланысты міндеттерді шешу алда тұр: 

  1. мұнай-газ өнеркәсібін дамыту;
  2. ең жоғары қосылған құны бар өнімнің өндіріске өтуі (бірінші типін әртараптандыру);
  3. екінші типті әртараптандыруға жәрдемдесу.

    Қазакстан Республикасынын  әлеуметтік-экономикалық дамуьн баскарудагы  дербестілік саяси алғы шарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. 
    Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін сскермеуі, когамдык және территориялық енбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылыган үдете тусіп, табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп сгжтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталмағандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын далел ауқымды кезекке тұру, гллондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып тпбылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен қатар көптеген мемлекеттсрдің тәжірибесі айқын дәлелдёгендей, барлық шаруашылық жүргізу жуйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбектІ ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамта-масыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді өзге өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды. 
    Рсспубликамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алгашарттаі» қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Рсспубликаның Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мсмлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республйкасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жыллын 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.  
    Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси-экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның қойма байлықтарына, шикі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени қүндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік жэне өнлірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі. 
    Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Буған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса манызды езіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекетгік бюджет калыптасуы, салық жөне кедем жүйесін ұйымдастыру жатады. 
    Қазакстан Рсспубликасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әртүрлі нысандарына негізделді. Мемлекет заң алдында меншіктін барлық субъектілсрінің теңдігін қамтамасыз етеді. 
    Екіншідсн, жске меншіккс қол сұғуға болмайды.  
    Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мсн қолдауды қамтамасыз етеді. 
    Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез-келген шектеуіне жол берілмейді. Бесішіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады. 
    Бұл кағидалар Қазақстан экопомикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканын халық шаруашылыгының әлеумсттік бағыттағы нарықтық экономикага орныкты етуін камтамасьп етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелсй катысты. Баскарудағы ұйымдастырушылық фактордың ролі кәсіпкерлік ортада эрдайым жоғары бағаланған. 
    Көпшіліккс әйгілі, амсрикандық миллиардер Кариеги «Біздегі барлық завод, фабрика, байланыс кұралдары мен ақшаны алып қонып, тек біздегі ұйымдастыруды қалдырсаңыз, төрі жылда бәрі де қайта қалпына келеді», деп айткан. Нашар ұйымдастырған компанияны ешкандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды. 
     
    ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
    Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінін бірі болып - осы тұжырымдамасы берілген, өзіп-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларда стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, каржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық спясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми-техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатщ пайдлану және бас-калары берілген. Жергілікті ресурстарды қолдануда аймақтардың, кұқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ете отырып көздеген максаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік мәні де бар. 
    Тужырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономи-калық дамуды жеделдету және,; аймақгардың ресурстарды колданудағы кұкықтарын дамыту болып табылады. Сондай-ақ тұжырымдама басқарудың стратегиялық, мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз етуді анықтаған. 
    Аталмыш тұжырымдаманы нақтылы іске асыру басқару саласында өзекті мәселе екенін басшылыққа ала отырып, елімізде екі заң жобалары ұсынылды: біріншісі,.- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы», екіншісі - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» (қыркүйек - 2000 Жыл). 
    Бұл кұжаттар көптен күткен, әлеуметгік-экономикалық баскаруды әрі қарай.жетілдіретін өдістемелік негіздердің бірі деп ұғынған дұрыс....  
    Бірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тартібін, сондай-ақ мәслихат депутатарының құқықтық жгндайын белгіледі. Заңда бірқатар анықтамалар берілген. Мысалы: «Жергілікті мемлекетгік басқару - жергілікті өкілді жәнс атқарушы органдар осы заңмен және басқа да заң актілерімсн белгіленген кұзырет шегінде тиісті аймақта мемлекеттік саясатты жүргізу және оны дамыту мақсатында жүзегс асырылатын әрі тиісті аймақтағы істің жай-күйіне жауапты қызмет». Сонымен қатар өзін-өзі қаржыландыру мәселесінде карастырылган. Занның үшінші бабында былай деп жазылған: «Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдык занды тұлғаларга бектілген мүлік; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншік-тегі өзге де мүлік құрайды». 
    Басқару түрғысынан алғанда мәслихаттардың құзыреттері орынды көрсетілген. Оған дәлел: заңда жазылғандай мәслихаттардың құзыретіне тиісті аймақты дамыту жоспарлары, экономикалық жәнс әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуын бақылануы. 
    Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет. Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, Жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру Негізі, Әрине зандылық шенберінде. 
    Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Занында мынандай аігықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару деп - Қазакстап Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті манызы бар мәселелерді шешу женінде аймақтық құрылымдар халық қызмстіп дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудын нысаны ұғынылады». Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің жергілітсті қаржыландыруы туралы. Жергілікті қауымдастықтын кірістері келесіден: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан; жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларга тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті қауымдастық халкының өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден: занды және жеке тұлғалардың ерікті кайырымдылмқ қорларынан; заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады. 
    Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдама мемлекеттік және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген. Онда нарыққа өтудің стратегиялық бағыттары анықталған. Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі бағыттардан құралады: 
    Меншікті мемлекет иелігінен алу - ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу. Қазақстан жағдайына орай: акционерлік, ұжымдық, кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру; 
    монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар - аталмыш заңды қабылдау, еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту, шетелдік капиталды ұдайы қатыстыра отырып бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру; 
    - каржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру; 
    - баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).  
    Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында негізгі қағидалар белгілёнген. Олар төменде көрсетілгендсй:  
    Республика теориториясында заңдылықтың басымдылығы 
    мен үстемдігі; 
    - меншік түрлерінің сан алуандығы және олардың еркін дамуы мен бәсекесі;  
    - дербес баға белгілеу саясаты, еркін бағалау; 
    -сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік. 
    Нарық жүйесін ұйымдастыру мен оларды реттеу тетіктері келесіні қамтиды: 
    - нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру (коммерциялық банктер, тауар және қор биржалары, маркетинг орталықтары, көлік қызметі, коммерциялық ақпарат орталықтары, т.б.); 
    - өндірістік құралдар нарығы; 
    - тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы; 
    - енбек нарығы; 
    - қаржы нарығы. Республикадағы қаржы нарығымын қалыптасуы банк жүйесі зандылықтары негізінде, Ұлттық Банктің бірінші деңгейдегі банк ретіндегі статусын белгілеуді; коммерциялық банктердің екінші деңгейдегі банк ретіндегі қызмет жасау шарттарын анықтауды; қаржы нарығының заңдылық актілерін қабылдауды; сондай-ақ шетелдік капиталды ішке енгізуге жағдай туғызуды қамтиды. 
    Стратегиянын маңызды элементтерінің бірі - Қазақстанның қайта түлеуі мен дамуының карқыны болып табылады. 
    Дүниежүзінің бірқатар елдсрінде жедел экономикалық өсу страгегиясы ойдағыдай жүзеге асырылған. Олардың қатарында: ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонгонг бар. 
    Нарыктық экономика үдайы өз арнасымен, «өз заңдылықтарымен» ілгерілеп отыруы тиіс, өйткені оның өзіне тән кезеңдері мен соған сәйкес келетін нақты міндеттері бар. 
    Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды және мак-роэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталуға тиіс: олар мешнікті мемлекет иелігімен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну рыногын тауарлармен толтыру. 
    Меншікті реформалау бұл уақыт ішінде белгілі бір формала мемлекеттік меншіктің барлық объектілерінде, стратегиялық маңызы бар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа салаларда іс жүзінде жүргізілуге тиіс. 
    Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қысқа мерзімін, жоғары қайтарымын, коммерциялық өнімді тез алуды қамтамасыз ететін дүниежүзілік деңгейдегі жаңалықтарды анықтау және алмасымды кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен республиканың ғылыми-техникалық потенциалына егжей-тегжей тексеру жүргізу қажет. 
    Екінші кезең (1996-2005 жылдар). Экономиканың шикізаттық бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекоммуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта рыноган бұдан басқа; капитал, жұмысты күші, бағалы кағаздар, интеллектілік меншік рыноктарын да кұру болмақ. 
    Екінші кезең ішінде экономиканың қарқынды дамуының козғаушы күштері мен ынталандырмалары: - толықканды нарықтық механизмдер; барлық тауар өндірушілердің шынайы еркіндігі; табиғатты ұтымды пайдалану; шапшаңдығын үдете түскен жоғары технологияларды игеру процесі мен дүние жүзі экономикасыңда шептерді жеңіп алу; 
    отандық және халықаралық бизнес саласыңда білікті кадр корпусы пісіп-жетілуге тиіс.  
    Үшінші кезең 5-7 жыл мерзіміне дейін созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық максатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа инду-стриалды елдер қатарына кіруімен сипатталатын болады. 
    Нарықтық қатынастардың құрылуына орай бюджет тапшылығы және валютаның өтімділік проблемасы шешіледі. Мемлекетте тек басқа құрылымдардан гөрі, бұған нарықтық құрылымдарды қосқанда, ол жақсырақ атқаратын функциялар ғана қалады..  
    Бұрынғы экономикалық ақпарат жүйесі экономикадағы болып жатқан процестерді білікті бағалау үшін жарамсыз болып калды, өйткені ол жаңа өндірістік қатынастарға жауап бере алмай отыр. 
    «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген стратегиялық перспективаларға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру қажет. 
    1. Ұлттық қауіпсіздік. Аймақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету. 
    2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру. 
    3. Шетел инвестициялары мен ішкі қорлардың денгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономкалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу. 
    Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарыктық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді, 
    4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктсрін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту. 
    5. Энсргетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және сараптауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтын тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстаннын энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. 
    6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен зкономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту. 
    7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдсрі болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау. 
    Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып оны дәдекті түрде іске асыру қажет. 
    Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардын билік ететін органдарының рөлі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді: 
    өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторынын басым рол атқаруы; 
    аймақтардың өзара байланыстары едәуір ұлғаюы; 
    еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейе түсуі; 
    аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі; 
    территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.  
    Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функцияларын қайта бөлу, қайта карастыру; екіншіден, мемлекеттік территориялық басқарумен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді. 
    Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес. 
    Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті зандылық. Осы саясаттың негізгі қөрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі есептеледі. Тауар өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп есептеуі керек. Аймақтар мен шаруашылық бірліктерінің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін-өзі басқару, серіктік қалаудагы бостандық, өндіріс құрал-жабдықтар рыногы, валюталық қаражат және басқа элементтер.

Информация о работе ҚР экономикасын басқару