Қаржылық жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 07:50, дипломная работа

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарында ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады.

Содержание работы

Кіріспе
1.«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыру- экономикалық сипаттамасы
1.1Кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымы
1.2Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырылу құрылымы
1.3Кәсіпорынның қызметін сипаттаушы негізгі экономикалық көрсеткіштер жүйесі
2«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау және бағалау
2.1Кәсіпорынның балансының құрамы мен құрылымын талдау
2.2Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерін талдау
2.3Кәсіпорынның төлемдік қабілеттілігін бағалау
3Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру және қаржылық даму стратегиясы
3.1Кәсіпорынның төлемдік қабілетін қалыптастыру критериилері есебі
3.2Кәсіпорынның қаржылық даму стратегиясы
3.3Қорытындылар мен ұсыныстар
Пайдаланылғын әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Диплом Каржылык жагдай.doc

— 603.50 Кб (Скачать файл)

                                                              

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

1.

«Ай-Дан-Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің  ұйымдастыру- экономикалық  сипаттамасы 

 

1.1

Кәсіпорынның  даму  бағыты   мен  өндіріс  ауқымы

 

1.2

Кәсіпорынды  басқарудың  ұйымдастырылу  құрылымы

 

1.3

Кәсіпорынның  қызметін  сипаттаушы  негізгі  экономикалық  көрсеткіштер  жүйесі

 

2

«Ай-Дан-Ақ құс»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің     қаржылық  жағдайын  талдау   және   бағалау

 

2.1

Кәсіпорынның  балансының  құрамы  мен   құрылымын талдау

 

2.2

Кәсіпорын  активтерінің  қалыптасу  көздерін  талдау

 

2.3

Кәсіпорынның  төлемдік  қабілеттілігін  бағалау

 

3

Кәсіпорынның  төлемдік  қабілетін  қалыптастыру және  қаржылық  даму стратегиясы

 

3.1

Кәсіпорынның  төлемдік  қабілетін  қалыптастыру критериилері  есебі

 

3.2

Кәсіпорынның  қаржылық  даму стратегиясы

 

3.3

   
 

Қорытындылар  мен  ұсыныстар

 
 

Пайдаланылғын  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Нарықтық   экономика  жағдайында  өндіріске  қаржы  жұмсаудың  экономикалық   тиімділігі  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналып отыр.  Негізгі  мақсат  бүкіл  өндіріс  бойынша  қаржыны  ұқыпты  және тиімді  жұмсай  отырып,   мол  табыс табу  болып  табылады.

   Қазіргі   нарықтық  қатынас  жағдайында  мекеме  құралдарында  ең  басты бөлігі   болып   қаржы ресурстары  жатады.  Экономикалық  дағдарыс жағдайында  тұрақты төлем қабілеттілік  табыстылықтан да   маңызды болып отыр.  Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы   ең   өзекті мәселелердің   бірі   болып  отыр.

   Қоғамда   қаржылық   талдау   біреудің   орынсыз   тілегінен   емес,   өмірлік   аса   қажеттілік   салдарынан   туындады:   салмақ,   ұзындық   өлшемін   және   есептеу   жүргізбей,   шаруашылық   субъектісінің   мүліктік   жағдайы   мен   оған   әсер   ететін   себептерді   білмей,   табыс   пен   шығынды    өзара    салыстырмай,   біріншісінің   екіншісінен   артық    болуына   қол   жеткізбей    шаруашылықты    ойдағыдай   жүргізу   мүмкін   емес.

   Қай   уақытта   да   болмасын   бұл   өте   маңызды.   Қазіргі   қоғамның   әкімшілік - әміршілік   жүйеден   шығып,   нарықтық   қатынасқа   ену   кезеңінде    оның   мәнділігі   одан   әрі   арта   түседі.

  Қазіргі   уақытта болып жатқан нарықтық  қатынастар кәсіпорынның   шаруашылықты   жүргізуші   субъект   ретінде   құқық   жағдайларын   едәуір  нығайтып,   олардың    көптеген   өндірістік    және    қаржылық   мәселелерді   өз    бетінше    шешуіне    мол   мүмкіншілік   ашты.   Атап   айтқанда,   ішкі   және   сыртқы    нарықта   білікті   серікті   таңдауға   қол   жетті,   өйткені    болашақтағы    бірлескен   іс - әрекеттің    тиімділігі   көбінесе   осыған   байланысты   болады.

   Нарық   жағдайында    кәсіпорынның   өміршеңдігінің   кепілі   мен   жай -  күйінің   орнықтылығының    негізі   оның    қаржы   тұрақтылығы     болып   табылады.   Ол    ақша   қаражатын    еркін    орын    алмастыра    отырып    қолданып,   тиімді   пайдалану   жолымен    өнімді   өндіру   мен   сатудың    үздіксіз    процесін    қамтамасыз    ете   алатын    өзінің    қаржы    ресурстары    жағдайын   көрсетеді.

   Кәсіпорынның   қаржы   тұрақтылығын    бағалау,   объективті,   ғылыми   негізделген    және    үйлесімді    басқару,    өндірістік,   әсіресе    қаржылық  шешімдер    қабылдау   үшін    оның    қаржылық    жағдайын    талдау    қажет.    Тек    терең   және    ұқыпты   талдау   негізінде   ғана       

   Осы   мақсатта  дипломдық  жұмыста   «Ай-Дан-Ақ құс» ЖШС  іс  тәжірибесінде   қаржылық жағдайын талдау және бағалау  жайлы сөз   болып отыр.

    Дипломдық   жұмыстың  негізгі  мақсаты  кәсіпорынның қаржылық жағдайын   экономикалық талдау, оның қаржысының құралу көздерін,  төлемдік   қабілеттілігі мен  қаржылық тұрақтылығын  бағалау болып табылады.

Дипломдық  жұмыс  кіріспеден,  үш   тараудан, қорытындылар   мен ұсыныстардан,  әдебиеттер  тізімінен тұрады. Жұмыстың   мазмұны –    бетте баяндалған.

  Жұмыстың  бірінші  тарауында  кәсіпорынның  мамандану  бағыты,  кәсіпорынды басқару   құрылымы,  оның өндірістік-шаруашылық қызметін бейнелейтін негізгі  экономикалық  көрсеткіштері жүйесі қарастырылған.

 Екінші  тарауда   кәсіпорынның қаржылық   ресурстарын   пайдалануды бағалау,  олардың   қалыптасу   көздерін,  пайдалану тиімділігіне  талдау және төлемдік   қабілеттілігі мен  қаржылық тұрақтылығы бағаланды.

Үшінші  тарауда  кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бағыттары, төлемдік   қабілеттілігін   анықтау   критерийлері есебі,  кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын бағалау және қаржылық  даму стратегиясы өңделіп ұсынылған.

 Дипломдық   жұмыстың   жазылуына  алғашқы  мәліметтер   көзі  ретінде   «Ай-Дан-Ақ құс»  жауапкершілігі   шектеулі   серіктестіктің   2001-2004  жылдардағы  мәліметтер   алынды.  Дипломдық   жұмысты   талдау  барысында   статистикалық, аналитикалық, салыстыру және индекстік талдау    әдістері кеңінен  қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

1  «Ай-Дан Ақ құс»   жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің

ұйымдастыру-экономикалық  сипаттамасы

 

    1. Кәсіпорынның  даму  бағыты   мен  өндіріс  ауқымы

 

1960 жылдардың  басында Қызылорда  облысының,  Сырдария ауданында,  «Комсомол» совхозында  ең  алғашқы  құс  фермасы құрылған  болатын. Ең  алғаш  бұл  ферма  25 000  жұмытқалаушы  тауықпен  іске  қосылды.

1968 жылы  құы   фермасында  жұмыртқалаушы  тауықтың  саны  100 000 ға  жетті. 1970 жылы  фермада жаңарту  жүйесі  болып, ол жүйе  1985 жылға  дейін  созылды.

Сол  жүйенің  күшімен  құс  фабрикасында  жұмыртқалаушы  тауықтың  саны  330 000 ға  жетен болатын және  олардың жылдық  өндіріс көлемі  66 млн.  дана  жұмыртқа  мен 600 тонна құс етін  беріп отырған.

«Ай-Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  «Сейхун»  АО  ликвидациясынан кейін барып енген болатын.

Сатып  алу  келісім  шартынын  кейін  1997  жылы  27  наурызында  «Ай-Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының     мемлекеттік  актін  алып, жүйеге  Қызылорда  қаласында  енген  болатын. «Ай-Дан Ақ құс»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жеке  қожалық болып есептеледі жәнеде  ол  100 %-дық  үлеске  ие.

Қазіргі  таңда  құс  фермасында  жұмыртқалаушы  тауықтың  саны  200 00болып  отыр, ал  жылдық  өндіріліс  көлемі  45 млн.

Жұмыртқа  мен  100 тонна  құс  еті  болып  отыр.

Құс  фермасының  өнімдеріне  мыналар  жатады:

  1. Инкубациялық  жолмен  алынатын  жұмыртқа.
  2. Жас  балапан  өсіру.
  3. Тауық  отары.
  4. Тауық  еті  мен  жұмыртқа.

1 күннен  120  күнге  дейінгі  жас  балапандарды   КБУ -3  (Ресей)  маркалы жылытқышы бар арнаулы торда өсіріп бағады. Жас балапандарды  баптау  үшін  5  арнаулы жабдықталған  бөлме бөлінген.  Оның  әрқайсысына  28 000 – 30 000  бас жас балапан өсіріледі. 

Ал  жұмыртқалаушы  тауықтар  үшін  6  арнаулы  жабдық - талған  тор  бөлме  бар. Оның  әрқайсысына  30 000–36 000 бас тауық   орналастырылған. 

Жұмыртқалар  күніне  жұмыртқа  қоймасына  1,2  млн.  Дана  түсіп  отырады. Тауық  еті  болса,  тауық  етін  қасаптайтын арнаулы  цехте  күніне  3  тонна  ет  өндіріп  отырады.

«Ай-Дан Ақ құс»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі қызметі   бұл – жұмыртқа  мен тауық етін  өндіретін облыстық  аумағындағы жалғыз  мамандандырылған кәсіпорын  болып  отыр.

Бұл   жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  өзінің  маркетинг  бөлімі  бар. Олар  сауда  орталықтары  мен  базарда  өз  тауарын  тұтынушылары -на  оңтайлы , әрі  тез  жеткізуді  өз  міндетіне  ала  отырып, ізденістер мен   талдаулар   жасап  көптеген  жетістіктерге  жетіп  отыр. 

Сонымен  қатар  географиялық  шекаралас  тұтынушылары Қызылорда  қаласы,  Байқоңыр  қаласы,  Түркістан  қаласы  және  де  Қызылорда  облысының  аудан  орталықтары  болып  отыр.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда                                     Түркістан

 қаласы                                               қаласы

Байқоңыр

қаласы         Қызылорда  облысының

аудандары

 

 

Сурет 1.1.1 – Кәсіпорынның тұтынушы аудандары

 

 

Кесте 1.1.1

 

Тауарлардың    гигиеналық    мінездемесі:

 

Көрсеткіштердің

атауы

Мүмкіндік   деңгейі

Ақиқат  мәнінің

Деңгейі

Қабығы  таза  бөтендей  кірсіз, зақымданбаған.  Дәмі  және  иісі

өзәне  тән,   бөтендей  иіссіз,  дәмсіз  орташа  салмағы  61,5  гр.

Мышьяк

0,1  мг/кг   көп  болмау   керек

Табылған    жоқ

Сынап

0,02  мг/кг   көп

болмау   керек

                -*-

Мыс

3  мг/кг

0,162   мг/кг

Қорғасын

0,3  мг/кг

0,073  мг/кг

Кадмий

0,01  мг/кг

Табылған   жоқ

Мырыш

50  мг/кг

0,558  мг/кг

Пестицид  қалдық ас-лып анықтау (гексо-хлорид) изомерлер

0,01  мг/кг

Табылған   жоқ

ДДТ   және   метоболиттер

0,1  мг/кг

Табылған   жоқ

Цезий – 137

80  БК/кг

5,8  БК/кг

Стронций – 90

50  БК/кг

4,9  БК/кг

Антибиотик, левомицетин   0,01

Болмау   керек

Табылған   жоқ

Тетрациклин  

0,1  ед/г

               -*-

                 -*-

МАФ   АИМ     1 г

5,105   аз    КТБ

               -*-

                 -*-

Пат  м-ра   икрофло-

ра     25,0

Болмау   керек

                 -*-


Кәсіпорынның  маркетинг  тік  негізгі  талдыулар  мақсаты –  тауарлардың  сұраныс  ауқымы  мен  тауарлардың  өз  тұтыну -шыларына  қол  жетерлік  арзан  бағада  жетуін  мұқият  қадаға  -лап,  зерттеп  отырады.

Отандық  тауарлар  аналогымен  салыстырғанда  бұл  көрсеткіш  тауық  фермасының  тауарларының  бәсекелестік   дәрежесінде өз  тауарларының  қала  ішіндегі  және  облыс аумағындағы тұтынушылары  арасында  әрдайым сұраныста екендігі  көрсетіліп  отыр.

Кәсіпорынның   кіші  бәсекелестері  болып  тек  қана  кіші  аз  көлемдегі  басқа  ұзақ  жерлерден  жұмыртқа мен құс етін  жеткізіп  отыратын  диллерлер болып отыр.  Олардын ұзақ  жерден  әкелінген тауарлары   ұзақ  жолдан  өз  сапасын жоғалтуы  әбден мүмкін.  Ал, бұл құс фермасы өз  тұтынушыларына  сапалы,  әрі бұзылмаған  жаңа  тауар жеткізіп  отырады.

 «Ай-Дан Ақ құс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  тұтынушылары   мемлекеттік органдар,  кіші  және  ірі кәсіпорындар  (демалыс орындары, ауруханалар,  перзентханалар,  балалар үйі,  наубайханалар,  туб. дипанцер  т.б.)  тұтынып,  өз  ризашылықтарын  білдіруде.

«Ай-Дан Ақ құс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің    130 адамға жұмыс бере отырып, экологиялық таза  тауарларын  шығарып,  тұтынушыларына  сатылымға жіберіп отыр.

«Ай-Дан Ақ құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   Қазақстан  Республикасының     101099  заңдылық  тармақтарына сәйкес   тұтынушыларына   информация   жасап  отырады.  Құс   фермасының   тауарларының   өзінің   дизайны,  құрамының  сапалығы,  қорапшасы  сату  маркалары халықтық   стандарттық   талаптарға   сай   етіліп   жасалынған.

«Ай-Дан Ақ құс»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігі   Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне,  пенсио -нерлерге,  әлеуметтік  жағдайы төмен жанұяларға  материалдық көмек ретінде өз  тауарлырын  тарату  іс  - шараларын   жиі өткізіп  отырады.

Кәсіпорын  жауапты  әрі  жетекші  іс  атқаруды  қажет  ететін  мекеме.  Сондықтан  да  олардың  өздерінің   қызметкерлеріне  деген  көз  қарасы  өте  жоғары.

Кәсіпорында еңбекті  қорғау  және  техника  қауіпсіздігін  сақтауды  олар  бірінші  кезекте назарға алады. Бұл ұйымда қызметкерлердің  ұжымдық  психологиялық  жағдайы басшылардың  назарынан  тыс  қалмайды.   Және  де  фермада  санитарлық  -  гигиеналық,  микроклимат,  жұмыс  бөлмесіндегі  ауа – тазалағышы, бөлме ішіндегі жарық көздері  қалыпты   жағдайда  болуы  үшін  барлық   жағдай  жасалынған.

 

 

 

1.2 Кәсіпорынды  басқарудың  ұйымдастыру құрылымы

Информация о работе Қаржылық жағдай