Ақша жүйесі және ақша айналымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:54, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.

Содержание работы

Кіріспе
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
2.2. Ақшаның түрлері
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

4-Ақша жүйесі және ақша айнамылы.doc

— 315.00 Кб (Скачать файл)

  

Қазақстанның төңірегіндегі елдерде – біздің негізгі сауда әріптесімізде – ұлттық валюталардың бағамы күрт құлдырап кетті. Мысалы, Рсейде рубльдің бағамы 1998 жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай төрт есе төменделді. Сол валюталармен салыстырғанда теңгң тез қымбаттады және біздің тауарларымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз тұралай басталды, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 миллиард 300 миллион доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 миллиард 250 миллион долларға қысқарды.

   Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттық тауарларға өте елеулі шектеулер қойдық және Қырғыстанмен Өзбекстаннан әкелінетін импорттық тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік... Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.

   Міне, осы тұрғыдан алғанда жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар – теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек”

  Сонымен Қазақстан теңгесі көп жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады. [2, 65-68 бет], [1, 93-96 бет], [9, 2 бет]

 

          2.2.  Ақшаның түрлері.

 

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

   Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

   Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Мералл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы.              

Монетаның бет жағы – авверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.

   “Монета” сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнон-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. “Монета” сөзі латынша “moneo” – “кеңес беремін, көңілінен шығамын” дегенді білдіреді.

   Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Х ғғ. Жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

   Алтын айналысына бірқатар елдер де ХІХ ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі алған.

   Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мыныдай объективті қажеттіліктері болған:

                  алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алиады;

                  жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алиады;

                  алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

   Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

  

 

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

   Оларға мынылар жатады:

                  құнның  металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

                  құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екігі бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.

   Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналлыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

   Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуы себептері мынандай:

                  металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

                  металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;

                  бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;

                  эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық қүны мен олардың наұты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

                  бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

   Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған Солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазірігі кезде қағаз ақшалар

қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ ,Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 ж. болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет фрмасында соңғы реет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан алынды.

   Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауысиырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

   Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

   Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.

   Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операциялармен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

   Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота және чек.

   “Вексель” сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

   Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.

   Векселдің екі түрі бар: жай және аудармалы.

Векселдің түрлеріне «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикпсының заңында мынадай түсініктемелер берілген:

-                     Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға векселде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

-                     Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген срманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеутуралы үшінші бір тұлға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмнген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

   Трассат тратта бойынша төлеуге ткелісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

   Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.

   Сонымен қатар, экономикалық әдибиеттерде вексельдімыныдай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

   Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

   Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор мемлекет болып саналады.

   Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

  

Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

   Вексельдің мынадай өзіне тән қасиеттері бар:

-                     деркесіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;

-                     дауысыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті;

-                     айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

   Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабалдағанға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып келеді.

   Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкомерцбанк тәжірбиесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы векселді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

   Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағаланған векселдерін өтеді.

   Мұндағы, «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

   Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

  

32

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

   мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

   кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

   Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

   Классикалық банкнота – бүл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

   Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

-                     жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретінде қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;

-                     эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығараса, ал банкнота Орталық банк шығарады;

-                     қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;

-                     ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

   Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің

вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

   Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

   Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

   Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

-                     Шаруашылықты несиелеу жолымен;

-                     Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995-1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;

Информация о работе Ақша жүйесі және ақша айналымы