Ақша жүйесі және ақша айналымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 17:54, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды.

Содержание работы

Кіріспе
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
2.2. Ақшаның түрлері
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

4-Ақша жүйесі және ақша айнамылы.doc

— 315.00 Кб (Скачать файл)


 

Жоспар

                                                                                                                            

Қосымшалар                                                                                                       44

Кіріспе

 

3

I-тарау   Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері

 

 

1.1.  Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері

 

6

1.2.  Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы

 

11

1.3.  Ақша айналысы заңы және мәні   

 

14

II-тарау   Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

 

 

2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

19

2.2. Ақшаның түрлері

25

III-тарау  Теңге бағамын тұрақтандыру жолы

 

35

Қорытынды

 

40

 

Қолданылған әдебиеттер

 

42

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталануы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады.

Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасын жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір туарға нық бекітілмеген еді. Біртіңндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақшаның оьъективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналыссыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ло айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін аплтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауалардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілшігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндіріс және бөлу пролцесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

                  жалпыға тікелей айырбасталу формасы;

                  айырбас құнның дербес формасы;

                  еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екінші тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Курстық жұмыстың мақсаты, ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы банктік реформалар, банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі, халықаралық валюталық несиелік қатынастар қарастырылған.

Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша жүйесі және ақша айналымы теориясы. Ақша жүйесі, ол барлық ақша түрлерінің және валюталық бағамның басты элементі болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді. Ал ақша айналымының міндетіне, қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілері кіреді.

Курстық жұмыс тек қана ақша жүйесінің және ақша айналымының теориялық бағытта қарасьырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші, тарауда ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша жүйесінің элементтері және типтері, ақша айналымының құрлымы, ақша айналысының заңы және мәні қарастырылады.

Екінші, тарауда Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы, ақша түрлері зерттелген. Мұнда металл ақшаның, қағаз және несие, сондай электрондық ақшалардың пайда болу себептері мен қазіргі жағдайы қарастырылады.

Үшінші, таруда теңге бағамының тұрақтандыру жолдары, оның ішінде валютамыздың 1993 жылғы 15 қарашада айналымға түсүін және теңгенің валютада неше пайызға өсіп төменджеуі қамтылады.

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

I-тарау  Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері

       1.1.          Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері

 

   Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

   Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

   Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

   Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.

  Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-

 

                                                                                                                                                                                       

қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

   Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

   Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

   Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі.

      Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

 

      Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

   Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып бөлінеді.

   Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

   Биметализм үш түрі болған:

1.                  Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.

2.            Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.

“Қосалқы” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүрді.

  Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI – XYII ғғ. пайда болып, тіпті XIX ғ. Аяғына дейін кең қолданылады. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездеседі. Дегенмен 1865 ж Франция, Бельгия, Швицария және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865-1878жж.) Латын монеталық одағы конвециясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны 5 франк және одан да жоғары  болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.

   Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ. аяқ шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғадықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақшаның айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңында айтылған “жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады” деген қағиданың өмірдегі көрінісі.

   Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келеді.

Монометаллизм  - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.

   Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839-1843 жж. жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза күмістің 4 мысқалы 21 бөлігі бар күміс рубль есептеледі. Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша айналысын түбегейлі  ретке келтіре алмады. Оған қоса, 1853-1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында айналысқа қосымша несие ақшалары шығрылды, іс-жүзінде олар қағаз ақшаға айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі келді.

Информация о работе Ақша жүйесі және ақша айналымы