Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Содержание работы

Кіріспе.

I. Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Бағалы қағаздар түсінігі

Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны

Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары



II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.

Негізгі және туынды бағалы қағаздар

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау



III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері

Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу



Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

БҚН.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

2.2 Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар.

    Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан , халықтан және заңды тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын  мемлекеттік бағалы қағаздар ерекше болып табылады. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық вексельдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық іс -әрекет ету мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушылығына байланыстылығында. ҚР-да қазынашылық вексельдер мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер нысанына түрленген, олардың мәні  “Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш” тарауында қаралған.

    Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздар түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

    Боналар – мемлекеттік қазынашылық, муниципиалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.

    Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 91 күнге дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша – кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.

    Мемлекеттік бағалы қағаздармен  жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тағы бір тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді  (МЕККАМ) сатып алу – сату операциясы болып табылады., ол МЕККАМ – ды сатып алу – сату келісімшартымен рәсімделеді.

    МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның Бағалы қағаздарының қайталама нарығында еркін айналыста болады.

    Қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ) ҚР- ның эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылады.

    Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы алуға құқық береді.

    Қазынашылық валюталық міндеттеменің бастапқы құны 100 АҚШ доллары.

    Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын қаржы құралдарын түрлендіру мақсатында ҚР-ның аумағында айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер шығарылды. (МЕИКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздао болып табылады., оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және ҚР- ның қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болады.

    Индекстелген қазынашылық міндеттеменің бастапқы құны 1000 теңге және олар инвесторлардың араында ауциондық әдіспен орналастырылады.

    Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық нарықтарында орналастырылған ҚР-ның  мемлекеттік бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.

    Мемлекеттік бағалы қағаздарға сондай - ақ  МЕОКАМ, МЕАКАМ, НСО, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.

      Астық қолхаттары. Аталған бағалы қағаздардан басқа тауарлы бағалы қағаздардың түрлері де бар.Оның негізгілерінің бірі астық қолхаттары. ҚР-да астық колхаттары бағалы қағаз ретінде танылады.

    Ауыл шаруашылығы басқа салаларға қарағанда өзінің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақсыздығымен сипатталады. Мұнда,табиғи факторларға байланысты тәуекел үлкен рөл атқарады. Қазіргі жағдайда өндіріс тиімділігінің біршама төмен деңгейі көрініс табады. Сондықтан да, қарыз қаражаттары аграрлық секторда ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін негізгі қажеттіліктердің бірі. Ауыл шаруашылығының кәсіпорындары  жанар майға,айналым қаражаттарға деген қажеттілік туындайды. Ал, несие ресурстарын алу кезінде кәсіпорындардан кепіл мәселесі пайда болады. Ауыл шаруашылығының жері кепіл ретінде қарастрылмайды. Сондай-ақ кәсіпорын иелігіндегі негізгі қорлар физикалық немесе моральдық тозуымен,сонымен қатар төмен құндылығымен сипат алады.

    Аталған себептерге байланысты, мемлекетімізде астық қолхаттары пайда болуына әкелді. Астық қолхаттары ауыл шаруашылығының кәсіпорындарына несиемен қамтамасыз ету мәселесін шешуге әкелетін негізгі құралдардың бірі. Қолданылған құралдың мәні-бұл қоймадағы астықтың көлеміне элеватордың астық туралы сандық-сапалық ақпараты бар астық қолхатын жазуы болып табылады. Астық қолхаттары астықтың іс жүзінде орын ауыстырмай-ақ астықпен сауда жасау құралының рөлін атқарады. Сонымен бірге, астықтың өзін кепілге сала отырып,банктен несие алу үшін пайдаланатын тиімді құрал.

    Астық қолхаты-бұл ордерлік эмиссиялық емес бағалы қағаз. Соған қарамастан астық қолхатының келесідей кемшіліктері бар. Астық қолхаттарын кепілге алып, несиелеу кезінде банктерде бірқатар тәуекелдер болуы мүмкін. Олар:элеватор мүліктерінің бүлінуі,тиісінше астықтың бұзылуы немесе ұрлануы және т.б. Бірақ мемлекет тарапынан аталған мәселелерді жою және тәуекелдерді төмендету мақсатында ҚР Үкіметі 2003 жылы “Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры ” (АҚМКҚ) АҚ құрды.Қорды құру барысында республикалық бюджеттен 400 млн теңге бөлінді. Қордың қатысушылары 30-дан астам астық қабылдау кәсіпорындары болып табылады. Аталған қорға мүше болу міндетті емес.Бірақ Үкімет тарапынан Қорға мүше болудан бас тартқан кәсіпорындарға шарт қойды. Шартқа сәйкес, Қор мүшесі болып табылмайтын кәсіпорындар астық қолхатын шығару кезінде астық қолхатын ұстаушылар алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруы міндетті. (4-кесте)

    Суреттен көріп отырғанымыздай, астық кәсіпорындары несие алу барысында коммерциялық банктерге астықтың кепілі болып табылатын астық қолхатын береді. Бірақ, астық қолхатын шығармас бұрын, кәсіпорын сақтану әдісінің бірін таңдайды.1-ші әдісіне сәйкес, кәсіпорын АҚМКҚ  - дың мүшесі болуы, сәйкесінше мүшелік жарнаны төлеуге міндеттейді.Ал, 2-ші әдіске сәйкес, астық кәсіпорны сақтандыру компаниясымен келісім шартқа отыруы тиіс. Екі әдістің бірін таңдау астық қолхаттарын шығарудың қажетті шартына жатқызылады. Егер сақтандыру оқиғасы туындаған кезде, коммерциялық банк сәйкесінше институттан ( Қордан немесе сақтандыру компаниясынан ) шығын өтімділігін сұрауы мүмкін.

        Жоғарыдағы Қордың  құрылуы банк тәуекелдерін төмендетуге жағдай жасалды. Алайда, қарастырылған жағдайлар банк тарапынан мүлдем тәуекелден сақтандырмайды. Сондықтан да, банктердің астық қолхаттарын қолдану барысында астық құнын барынша төмен бағалайтынын, сәйкесінше несие көлемін қыскартатынын ескеру керек. Бұл, кұралдың базисі болып табылатын астықтың басқа тауарларға қарағанда ерекшелігінен болып отыр.  Қорытындылай келе, туынды бағалы қағаздар мен астық  қолхаттары бойынша мәмілелердің мүлдем жүргізілмеуі немесе сирек жургізілуінің негізгі факторына- бұл  құралдар туралы нарық қатысушыларының хабардар болмауын айтуға болады.

2.3 Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін рейтингтік бағалау.

    Акциялар мен облигациялардың  инвестициялық қасиеттерін және оларды шығарған эмитенттердің рейтингтік бағалауын тәуелсіздік рейтингтік компаниялар анықтайды. Аналитикалық  мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздарды  потенциалды сатып алушы үшін сенімділік  дәрежесіне балансты топтайды. Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құрал рейтингтік бағалау болып табылады. Қаржылық активтер 3 топқа жіктеледі: жоғары сапалы бағалы қағаздар, орташа сапалы бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.

    Жоғары сапалы категорияға “А” белгісі бар қор құндылықтары жатады. Олар үш бөлімшеге бөлінеді және бағалы қағаздардың инвестициялық класс деп атайды. Бірінші бөлімше  “ААА” кодымен белгіленеді – бұл осы акциялар мен облигациялардың ең жоғарғы рейтингін білдіреді. Мұндай бағалы қағаздар анағұрлым сенімді болып табылады, олар бойынша дивиденттер мен пайыздардың төленетіні кепілдендірілген, олардың инвесторлар алдындағы сенімділігі жоғары және корпорация – эмитент ірі әрі бай ұйым екендігін білдіреді. Бұл бөлімшеге ірі ұлттық компаниялардың, қаржылық жағдайы тұрақты атақты фирмалардың жоғарғы сұранысы бар тауарлардың дайындайтын кәсіпорындардың қаржылық активтері жатады.

    “АА” бөлімшесі өте жоғары бағалы қағаздарды білдіреді. Екінші бөлімшенің құндылықтарының сипатамалары бірінші бөлімшенікіне ұқсас, “АА” тобының бағалы қағаздарының кейбір көрсеткіштері сәл ғана төменірек болып келеді. Бірақ бұл қаржылық активтер нарықтық бағалардың кейбір құбылуына қарамастан тұрақты және сенімді.

    “А” бөлімшесі жақсы сапаны көрсетеді. Мұндай бағалы қағаздар қор нарығында анағұрлым өтімді, оның онша қымбат еместігі мен және кейбір шарттары инвесторға тартымды болуының арқасында сұранысқа ие. Мұндай қор құндылықтары нарық конъюнктурасының кенеттен өзгеруі мен басқада биржалық сілкіністерге төтеп беретіндей  дәрежеде берік болады. Бірақ олардың эмитенттердің қаржылық жағдайы қазіргі уақытқа ғана сенімді, ал ол болашақта біршама нашарлап кетуі мүмкін.

    Екінші топ  “В” белгісімен белгіленеді және орташа сападағы бағалы қағаздарды біріктіреді. Олар да үш жекелеген бөлімшелерге бөлінеді. Біріншісі – “ВВВ” қор құндылықтарының орташа рейтингін білдіреді.Бұл бағалы қағаздардың тәуекелділік дәрежесі мен табыстылығы орташа. Сарапшылардың бағалауы бойынша мұндай қаржылық активтер шығаратын компаниялардың жағдайы жақсы, бірақ болашақта бұл компаниялардың шаруашылық қызметінде біршама төтенше қиыншылықтар болуы мүмкін. Осыған қарамастан мұндай бағалы қағаздар бойынша дивиденттер ақылы төленіп тұрады.

    “ВВ” бөлімшесі сапасы сәл төмендеген бағалы қағаздарды біріктіреді. Негізінен бұл өндірістің нәтижелілігі аз салаларының кәсіпорындары мен тиімділігі жоғары емес фирмалардың бағалы қағаздары. Мұндай қор құндылықтарының тәуекелділігі жоғары , олар бойынша табыс кешіктіріліп төленеді, қор нарығында сирек кодировкаланады және көбінесе биржадан тыс айналымда сатылады.

    “В” бөлімшесі төменгі сапалы бағалы қағаздарды біріктіреді. Олардың рейтингі орташа деңгейден төмен. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенттері, әдетте жақында құрылған АҚ – лар мен заемдық капиталдың үлесі жоғары компаниялар болып келеді. Бұл бағалы қағаздардың табыстылығы күмән тудырады, өйткені мұндай корпорациялардың барлық пайдасы қарыздарын жабуға және өндірісті кеңейтуге жұмсалады. Сонымен қатар, олардың жұмысының жақсы жүріп кетуден гөрі банкротқа ұшырауы мүмкіндігі жоғарылау  болады.

    Үшінші топ. “С” белгімен белгіленеді және оған инвесторға жоғары пайда немесе кедейленуге әкелетін алыпсатарлық бағалы қағаздар жатады. Бірінші бөлімше  “ССС” кодымен белгіленеді және оған листинг процедурасы өтпеген және биржалық енгізілмеген , бірақ биржадан тыс саудада кодировкаланатын құндылықтары кіреді. Олар осы топтағы басқа қаржылық активтерге қарағанда анағұрлым сенімдірек. Олар бойынша табыс сәл болса да уақтылы төленіп тұрады, бірақ оларды шығаратын компанияның бәсекелестік қабілеттілігі мен сенімділігі әлсіз болғандықтан мұндай бағалы қағаздарға  инвестиция салудың тәуекелділігі өте жоғары.

    “СС” бөлімшесі  - ашық түрдегі алыпсатарлық бағалы қағаздар. Оларға инвестиция салудың нәтижесін алдын – ала білу, болжау мүмкін емес.

    “С” бөлімшесінде қаржылық рейтингі ең төмен құндылықтар біріккен. Олардың сапасы  тек қана алыпсатарлық қызығушылықтарды ғана қанағаттандырады. Бұлар бойынша табыс төленбейді десе де болады. Компания – эмитент банкрот болу алдында.

    “Д” тобы жағдайында тұрған корпорациялардың бағалы қағаздарын көрсетеді. Бұл акцияларға және облигацияларға өз қаражаттарын салған инвесторлар еш уақытта ақшаларын қайтара алмай қалу ықтималдылығы жоғары. Қаржылық активтердің бұл тобына алынып тасталынады деген белгі қойылады.

    Рейтингтік бағалаудың қор операцияларының барлық қатысушылары үшін үлкен маңызы бар. Рейтинг бойынша бағалы қағаздардың сапасы мен сенімділік дәрежесін анықтайды, фирманың мәртебесі т.б. бағалайды. Бірақ ең негізгісі – рейтингтік бағалаудан өтпеген акциялар мен облигациялар саудаға жіберілмейді. Жеке инвесторлар оларды алданып қалудан сақтанып сатып алмайды., ал институцияланған инвесторларға сатып алуға заң жүзінде тиым салынған.

    Инвесторлардың бағалы қағаздарды сатып алғанда шешетін негізгі мәселесі – бұл олардың табыстылығы. Табыстың шамасы қор құндылықтарының нақты құнын анықтайды. Табыстың шамасы пайыздық мөлшерлеме немесе дивиденд арқылы көрінеді. Пайыз облигация, вексельдер, сертификаттар және басқа қарыздық міндеттемелер бойынша, ал дивиденд акциялар бойынша төленеді. Әрбір акция бойынша дивиденд мөлшері тек қана алынған пайданың сомасына ғана емес, сонымен бірге акцияның түріне байланысты (жәй және артықшылығы бар) болады.

    Акцияның нағыз құнын  бағалау табыстың шамасының  осы табыс көзінің бағасына, яғни шығындалған капитал шамасына қатынасы ретінде анықталған инвестицияның орташа нәтижелік шамасына негізделеді. Орташа нәтижелік инвестициялаудың әр түрлі әдістерінің пайдасын өлшеудің бірлігі ретінде қарастырылады. Салымдардың табыстылығын немесе нәтижелігін  есептеудің негізі ретінде, жоғарыда айтылып кеткендей, пайданың қауіпсіз деңгейін  (ҚД) қамтамасыз ететін ақша қаражаттарын инвестициялаудың анағұрлым сенімдірек әдістері бойынша пайыздық мөлшерлемесін алу қабылданған – бұл банктің депозиттік шотына салынған салымдар және мемлекеттік ішкі заемның үкіметтік облигацияларын сатып алу.Бұл жағдайда пайыздық мөлшерлеме мәні төленген дивиденд болады, ал акция тек несиелік құрал көзі сипатында қарастырылады.

    Әлемдік тәжірибеде акцияның нағыз құны (АНҚ) шамаланып отырған дивиденд мөлшерінің   (Д) пайыздылықтың талап етілетін деңгейіне  (ТПД) қатынасы ретінде келесі формула бойынша есептелінеді:

 

АНҚ = Д/ТПД х 100%

    Сондықтан, акцияның нағыз құнын анықтамас бұрын пайдалылықтың талап етілетін  деңгейін  ТПД есептеп алған жөн. Мысал:  “Азат” корпорациясының акциясының нарықтық бағасы 1200 тг инвестордың  бағалауы бойынша пайыздылықтың талап етілетін жылдық деңгейі 15% өткен жылғы акцияның номиналдық құны  1000 тг., төленген дивидендтер мөлшері 200 тг. болды. Осы бағалы қағазға ақшаны инвестициялау тиімді ме?

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы