Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Содержание работы

Кіріспе.

I. Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Бағалы қағаздар түсінігі

Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны

Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары



II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.

Негізгі және туынды бағалы қағаздар

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау



III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері

Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу



Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

БҚН.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Шешуі: АНК=x100%=200/15x100%=1333 теңге.

    “Азат ” корпорациясының нағыз құны оның нарықтық бағасынан біршама жоғары екенін білу үшін алынған нәтижені ағымдағы бағаммен салыстыру жеткілікті. Сондықтан бұл акцияға ақшаны мнвестициялау инвесторға тиімді және оны қазір сатып алған жөн. Егер акцияның нағыз құнын есептегенде оның биржалық бағамнан төмен болса, онда инвесторға бұл акцияны сатып алғаннан гөрі, оларды сатып құтылған жөн болады.

    Бірақ бұл келтірілген формула акцияның нағыз құнын көрсетпейді. Ол дивидендтің бір маңызды қасиетін, атап айтқанда, перспективалы компаниялардағы оның өсу тенденцииясын ескермейді. Бұл формула бойынша АНҚ-ны дивиденттің тұрақтылығы өзгеріссіздігі кезіндегі ағымдағы уақытқа ғана есептеуге болады және бұл негізінен преференциалды акциялардың нағыз құнын есептеуде қолданылады. Жай акциялардың нағыз құнын есептеу үшін басқа формула қолданылады:

АНҚ=Дох(1+О)/ТПД-О

    Мұндағы: До – акционерлердің өткен жылы алған дивиденд сомасы;

ТПД – пайдалылықтың талап етілетін деңгейі; О – дивиденттің барлық үлесіндегі болжанған жылдық өсуі;

    Бұл формула акцияның нағыз құнын есептеуге анағұрлым жиі қолданылады .

    Бірақ бағалы қағаздардың табыстылығын бағалау процесінде АНҚ – ны есептеу жеткіліксіз. Нақты экономикалық қатынастар математикалық формулаларға ешқашан тура келмейді. Бұл болып жатқан құбылыстарды тек цифрмен белгілеу мүмкін емес, тек қана ықтималдықпен болжауға ғана болады.

    Қор құндылықтары  - өте сезімтал қаржылық құрал. Акцияның бағамына  көптеген әр түрлі факторлар әсер етеді. Нарықтық құбылмалылығы әрқашан да инвестициялық тәуекелділіктің дәрежесін  көбейтеді, сондықтан өз капиталын салудың тиімділігін бағалау кезінде қор операцияларының кез – келген нақты қатысушысының жеке тәжірибесі, білімі, сезімталдығы және жолы болғыштығы үлкен роль атқарады. Акцияның пайдалылық деңгейін және құнын есептеу  әр инвестор үшін міндетті түрде дербес болу керек.

    Осылайша осы айтылғандардан бір қорытынды жасауға болады: инвестициялық тәуекелділік дәрежесі мен табыстылықты бағалы қағаздардың элементі туралы ақпарат негізінде болжауға болады. Бағалаудың дұрыстығы  ақпарат көзі мен инвестордың ол ақпаратты пайдалана білуіне байланысты. Қор құндылықтарының нағыз құнының барлық жекелеген  есептеулерінің жиынтығынан бағалы қағаздардың сұранысы мен ұсынысын теңестіретін баға ретінде көрінетін нақты құны қалыптасады.

III.Қазақстандағы бағалы қағаздар түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын дамыту жолдары.

3.1 ҚР –дағы бағалы қағаздар түрлері.

    Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа  (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б) бағалы қағаздар жүр.

    Негізінен Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалады. Банктің инвестициялық  операция  жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор(акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).

    Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:

1)               мемлекеттің бағалы қағаздары;

2)               мемлекеттік емес бағалы қағаздар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей кестемен беруге болады. (5- кесте)

    Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

-                   Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта  инвесторларға жеңілдікпен  (номиналдық құны төмен бағамен ) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдық құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100-75=25 немесе

25 теңге: 75 теңге (астапқы алынған

инвестиция)x100%=33.3%

    Сонымен қоса, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3%x91 күн = 0.3659% құрайды. Демек, бір жылдық табыс: 0,3659%x364 күн = 133.19% тең.

-                   Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін төленеді.

-                   Аралас, яғни купон немес дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор- банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда  ҚР- дағы екінші деңгейлі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол  ақшаға айналдыра алады, екіншіден, оларға алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деуге болады. Сонымен қоса активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда.Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

-акциялар

-облигациялар

-депозиттік және жинақ сертификаттары

-ипотекалық куәліктері

-депозитарлық қолхаттар.

    Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

    Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай – ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

    Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықщылықты акцияларға бөліеді. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның  табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығын – қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған дағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

    Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кездегі акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып танылмайды. Бұл қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

    Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлері арасында таратылды және оның дамуы  үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылады. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесі барысында қызметкерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа қызметкерлердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болса да сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

    Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл акциялар 1998 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылуы мүмкін. Жекешелендіру және мемлекет нелігінен алу бағдарламасын орындау кезінде  шығарылған акциялардың республика заңнамасымен белгіленген бір бөлігі шетелдік тұлғаларды қоса қызығушы заңды және жеке тұлғаларға  нақты құны және биржа бағамы бойынша сатылуы мүмкін. Акциялардың бұл бөлігі өзінің дәл мәнісінде акционерлік қоғамдардың акцияларына жақындайды.

    Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. 

    Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады:  құжатты (сертификатпен) түрде және  құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).

    Акциялар атаулы, сондай – ақ  ұсынбалы  түрде де  шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс – берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар.Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі.

Акциялар бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) және пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

    Облигацилар атаулы, сондай – ақ ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз , еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал жеке азаматтар өз қаражаттары есебінен сатып алады.

    Облигациялардың мынандай түрлері болады:

    Агенттік облигация

    Ипотекалық облигация

    Қамтамасыз етілген облигация

    Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары

    Мемлекеттік емес облигациялар

    Кәсіпорындардың облигациялары

    Агенттік облигация – қаржы агенттігі шығаратын облигация.

    Ипотекалық облигация – жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен  шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен , сондай – ақ тізбесі уәкілетті органның  нормативтік – құқықтық актісімен белгіленетін өзге де өтімді жоғары активтермен қамтамасыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

    Қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің  кепілімен , кепілдік берумен  және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

    Ішкі мемлекеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың  облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы еспетеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.

    Кәсіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына  және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.

    Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

-                   Купондық облигация – инвестор – банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

-                   Дисконттық облигация – инвестор – банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің  құнымен қайта сату арасындағы  айырма түрінде  банкке табыс әкелетін түрі.

Мысалға, облигацияның ағымдық бағасы – 100 теңгеғ купон мөлшерлемесі – 10 %, онда облигацияның ағымдағы табысын былай есептеуге болады:

Купон/баға х 100 = 10/100x10%

    Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10/150x100=6.66%

    Бүгіні таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деуге болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардың алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.

3.2 Бағалы қағаздардың халық арасында танымдылығы.

    Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Қазіргі уақытта, бұл нарыққа ғалымдардың, экономисттердің аса көңіл аударуы сипат алады. Себебі, бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының біріне жатады. Алайда осы нарықтың орнатылуына  он-он бес жыл болғанымен, бағалы қағаз нарығының дамуы онша байқалмайды.

    Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік  артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын  атауға болады.

    Бағалы қағаздар нарығының дамуы тек мемлекет үкіметіне ғана емес, сондай – ақ нарықта әр түрлі қызметпен айналысатын өндірістік, өндірістік емес кәсіпорындарға, қаржылық ұйымдарға және халыққа да қажет.

    Қазіргі таңда үкімет тарапынан халық арасында қаржылық сауаттылықты жоғарылату мәселесін көтеріп отыр.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы