Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 18:44, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
институционалды инвесторлардың қызметтерінің теориялық аспектілерін зерттеу;
институционалды инвесторлардың қызметтерін заңдық негізде қарастыру;
институционалды инвесторлар ерекшелігінің әлемдік тәжірибесін зерттеу және пайдаланудың мүмкін жақтарын анықтау;
Қазақстан Республикасы институционалды инвесторларының ағымдық жағдайын талдау;
институционалды инвесторлардың қызметін республикада дамыту жағдайларын және олардың жетілдіру жолдарын анықтау.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері........................................6
1.1 Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6
1.2 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері.........................................................17
1.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі.................................................................................28

2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін және даму бағыттарын талдау...............................................36
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау............................................................................................36
2.2 Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау...............................43
2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық қызметінің тиімділігін талдау.........................................................50

3 Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57

Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................67
Қосымшалар.............................................................................................................71

Содержимое работы - 1 файл

ДИП багалы кагаздар.doc

— 1.37 Мб (Скачать файл)

Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік органдарға қарағанда кеш құрылуына қарамастан, қаржы нарығындағы, соның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы беделі төмен емес.

Бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеу әр түрлі мағынада қарастырылады.

Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты  қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.

Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл нарықтың ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәсіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Комитетіне төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  1. Өтініш;
  2. Эмитент органының бағалы қағаздар шығару туралы шешімінің көшірмесі;
  3. Екі данада бағалы қағаздар шығару проспекті;
  4. Жарғы көшірмесі;
  5. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  6. Статистикалық карточканың көшірмесі;

Мемлекеттік реттеудің  енгізгі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.

Бағалы қағаздар нарығының  мемлекеттік реттеу – көп деңгейлі үрдіс. Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға сәйкес құықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм. Реттеу жүйесі осы аядағы мемелекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады [30].

Қор нарығын мемлекеттік  реттеудің негізгі бағыттары:

  1. Нарықтағы тәртіпті қолдау, барлық нарық қатысушыларының жұмыс жасауы үшін қалыпты жағдай туғызу.
  2. Нарық қатысушыларын жекелеген ұйымның тұлғаларынан, қылмыстық ұйымдардың адал еместігінен –алаяқтығынан қорғау.
  3. Бағалы қағазға сұраныс пен ұсыныс негізінде баға құрылу процесінің еркіндігі мен алшақтығын қамтамасыз ету.
  4. Барлық уақытта кәсіпкерлік қызметке ынталандырубар болып табылатын және де әрбір тәуекелге пара –пар сыйақысы бар нарық құру.
  5. Белгілі бір жағдайларда жаңа нарық құру, қоғамға қажет нарық пен нарықтық құрылыстарды, нарықтық басылымдарды және енгізулерді және т. б. көтермелеу.
  6. Қандай да бір қоғамның мақсатқа жету мақсатымен нарыққа әсер ету.

Қор нарығын мемлекеттік  реттеудің механизмдері:

  1. Арнайы нормативтік-құқықтық актілерді талдау және жүзеге асыру;
  2. Стандарттарды әзірлеу, яғни нарық қатысушыларына, қаржы құралдарына  және т. б. міндетті талаптар жиынтықтары.
  3. Негізгі процедуралар мен нарыққа қатысушылар тарапынан қолданыста жүрген заңдарды  сақтауға мемлекет тарапынан бақылауды қадағалау.

Мемлекеттік реттеу механизмдерінің міндеттері болып табылады:

  1. Қор нырығын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
  2. Кәсіпқой қатысушылар мен клиенттер үшін бағалы қағаздар нарығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей жіктелімнен тұрады:

  1. Бағалы қағаздар түріне байланысты;
  2. Қызмет түріне байланысты;

Бағалы қағаздар түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық  аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.

Мемлекеттік реттеудің  формаларына тікелей және жанама реттеу болып бөлінеді. Тікелей немесе әкімшілік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:

  1. Бағалы қағаздар нарығының субъектілер қызметінің талаптарын бекітетін құықтық актілерді шығару;
  2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу және эмитенттердің шарттар және міндеттемелерді орындауға бақылау жасау;
  3. Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялау;
  4. Қор биржа және биржадан тыс нарықтағы бағалы қағаздармен сауда – саттық жүргізетін ұйымдардың қызметтерін лицензиялау;
  5. Бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін құру және эмитенттер мен кәсіби қатысушылардың  оларды бағынуына бақылау жасау;
  6. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамалық бұзушылық кезінде сәйкесінше санкцияларды ұолдану;
  7. Бағалы қағаздар нарығында қатысушылардың кәсіби біліктілігін жоғарлату бойынша жүйені ұйымдастыру.

Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір – бірімен байланысты. Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады.

Сонымен, жанама реттеу немесе экономиалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:

      1. Мемлекеттік салық саясаты;
      2. Ақша саясаты;
      3. Мемлекеттік капитал;
      4. Мемлекеттік меншік және ресурстар;
      5. Сыртқы экономикалық саясат.

Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.

Жіктелім, формаларымен қатар, мемлекеттік реттеудің бағыттры анықталады: рестрикциялық және ынталандырушы бағыттар.

Бағалы қағаздар нарығын  рестрикциялық мемлекеттік реттеу міндетті ережелер мен талаптар негізінде, мәмілелерді тіркеу үрдісін жетілдіруге бағытталған, бір – бірімен байланысты әдістер жиынтығы ретінде анықталады.

Бағалы қағаздар нарығын ынталандырушы  мемлекеттік реттеу –анықталған, белгілі бір үрдістерді белсендіруге бағытталған әдістер жиынтығынан құралады. Ынталандырушы реттеуге мысал ретінде, халық арасында бағалы қағаздар туралы біліктілікті жоғарлату, хабарламаларды жеткізуді атап өтуге болады. Бұл бағыт арқылы ішкі инвестициялық ресурстарға деген ұсыныстың жоғарлануына әкеліп, бағалы қағаздар нарығының дамуына септігін тигізеді.

Бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік органдар тарапынан  тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі және басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі. Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаздар нарығының даму болжамы жүйелі түрдежариялауы қажет.

Бағалы қағаздар нарығының  жағдайын және оның даму қарқынын келесі көрсеткіштер тобы анықтайды:

  1. Бағалы қағаздың шығарылым мен айналыс тәртібін, бағалы қағаздар нарығының субъектілер қызметін, бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін құқықтық инфрақұрылымның болуы;
  2. Бағалы қағаздар нарығының құрылған және қызмет ететін техникалық инфрақұрылымның болуы;
  3. Өз мүшелерінің қызметін өзін-өзі реттеу ұйымы реттейтін, ал өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік органдар реттейтін кәсіби қатысушылардың қызметін реттеу жүйесінің болуы жатады.

Сонымен, өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш ретінде танылады. Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған. Іс-әрекет ететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады. Алайда, қор биржасының бағыты негізінен ұйымдастырушылық сипат алады. Қазақстанда екі өзін-өзі реттеу ұйымы бар деп жарияланады. Оларға, Қазақстандық тізім ұстаушылар ассоциациясы және активті басқарушылар асоциациясын жатқызады. Бірақ, нарыққа әсер ету жағынан қарастырсақ, олар негізінен ақпараттық – кеңес берушілік органдар ретінде қызмет атқарады. Сондықтанда, Қазақстанда өзін-өзі реттеу жүйесі дамымаған деп тұжырымдауға болады.

Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының  дамуының стратегиялық мақсаттарын  анықтауда, экономиканың даму болашағының мақсаттары  мен қағидаларын, сондай-ақ экономикалық-әлеуметтік факторларды ескеру міндетті. Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт. Сонымен қатар, реттеу экономикалық субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға, нақты экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.

Бағалы қағаздар нарығын дамытудың  стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі шарт – бұл  қандай нарыққа жетуіміз керек деген  сауалға жауап іздеу. Себебі, әр түрлі елдерде бағалы қағаздар нарығының сипаты да әр түрлі. Бір елде, негізінен  мемлекеттік бағалы қағаз орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады. Елде, нарықта корпоративтік бағалы қағаздар аса ауқымды орын алуы мүмкін. әр мемлекеттің өз сипатына қарай, бағалы қағаз нарығы  да бір – бірінен ажыратылады.

Қазіргі қазақстандық тәжіриебеде, бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаздар нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шарт. Бағалы қағаздардың максималды өтімділігіретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталады, яғни нарықтың айналымы, спред өлшемі, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы инвесторлар саны және т. б. көрсеткіштер. Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаздар нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа әлі жетпеген.

Қазақстан жағдайында, бағалы қағаздар нарығының дамуының стратегиялық мақсаты ретінде – қазақстандық экономикаға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады. Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн. Мұнда, бір жағынан, нарық инвесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.

Жеке ішкі инвесторлардың мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеудің  негізгі бағыттарының бірі болуы  керек. Олардың қызығушылықтарына сай, нарықтық механизмқұрылуы жөн. Отандық бағалы қағаздар нарығына әр түрлі факторлардың әсері салдарынан, мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделерін қорғайтын, инвестициялық сипаттағы стратегияны жасау қиындығын туғызады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығындағы қызығушылықтар, ең алдымен, осы нарықтың тұрақтылығын  және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасында тепе – теңдікті ұстауға бағытталған жөн.

Алайда, отандық экономикада нарықтық өзгерістер аяқталмағандықтан, мемлекет бағалы қағаздар нарығында қосымша міндеттерді шешуі қажет. Олар: мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету; болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтпйтын экономиканың секторларды ынталандыра отырып, өндірістік саясатты жүзеге асыру.

Қарастырылған сұрақтарды шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің бағалы қағаздар нарығының нақты дамуына әкеледі. Ал, бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің  экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге  бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы  қызметтерін және даму бағыттарын талдау

2.1

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау


Бағалы қағаздардың  даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың  өсім қарқыны 71, 76%-ын 2009 жылы, 165%-ға 2010 жылы жоғарлануын және 2011 жылы 81, 02% артуын байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.

МБҚ құрылымында ең үлкен  бөлігін ҚР Қаржы министрлігі  шығарған бағалы қағаздар алады. 2008 жылы және 2010 жылы олардың үлесі 38, 73% және 31, 8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2009 және есепті кезеңде 67, 33%-ы және 73, 37%-ы сипат алды [31].

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы