«Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3


1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13

2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31

3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42

Қорытынды.........................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........

Содержимое работы - 1 файл

курсовая работа.doc

— 553.00 Кб (Скачать файл)

●  Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б. 

              Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келесілер жатады:

●    Сатып алу құны;

● Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);

●    Монтаж;

● Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынақ жүргізу және т.б.

              Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:

● Материалдар;

● Еңбекақы төлеу;

● Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;

● Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;

● Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;

● Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;

● Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.

              Кәсіпорын тұтынатын барлық негізгі қорлар, бастапқы құн бойынша  оның балансына енеді./20/

              Бұл бағалаудың экономикалық мағынасы негізгі өндірістік қорларды пайдалану кезінде нақты шығындар арқылы көрінеді. Осы әдістің бір  кемшілігі – бірдей (біртектес) негізгі қорлар әртүрлі уақытта өндірілген, қолданылған және сатып алынған. Бұл ғылыми – техникалық прогреспен байланысты.

              Ғылыми-техникалық прогресс негізгі қордың өндіріс факторы мен оның өзгеріс жағдайына, атап айтқанда олардың шығындарының өзгеруі мен оған лайық ағымдағы нарықтық баға мен тарифтерге ықпал етеді. Қазіргі таңда алынатын негізгі қорлардың бағалары мен тарифтерге бірінші реттегі  әсер етуші - инфляция болып табылады.

              Уақыттың өтуімен кәсіпорынның балансындағы негізгі қор араласқан күйдегі нарықтық бағаны құрумен және олардың алынуынан көрінеді. Осылай, бастапқы құнды негізгі қор бойынша  бағалау - қазіргі шаруашылық жағдайда олардың шын мәніндегі құнын көрсетпейді. Сондықтан бұл жерде  негізгі қорды   оларға ортақ өлшем құнымен қайта бағалау  туындайды. Осы мақсат үшін негізгі қорды қайта қалпына келтіру құнын бағалау қоданылады.

              Қайта қалпына келтіру құны – бұл қазіргі жағдайларға сай негізгі қорды қайта өндіру шығындары. Әдетте ол қорды қайта бағалау кезінде орын алады. Негізгі қорды соңғы қайта бағалау бізде 1997 жылдың 1-ші желтоқсанында өткізілді.

              Нәтижесінде негізгі қорды қайта бағалауда қалпына келтіру құны күрт өседі және кәсіпорынның экономика – қаржылық көрсеткіші төмендейді. Сондықтан, кәсіпорын үшін қайта бағалауда айтарлықтай төмендейтін қаржылық көрсеткіштерге амортизация индексациясының төмендетілген коэффициенттері қолданылады.

              Эксплуатация процесінде негізгі қорлар істен шығып қалады және жайлап өзінің бастапқы құнын жояды. Дұрыс бағалау үшін қордың істен шығып қалған бөлігін алып тастау керек. Осылай негізгі қордың қалдық құны анықталады. Ол мына формула арқылы есептелінеді:

               Кқал = КБ  - КБ ( Rа Тэ ) / 100,                                            (1.6.)

                  Мұндағы:

                КБ – негізгі қорлардың бастапқы құны;

                Rа – амортизация нормасы, %;

                 Тэ - эксплуатациялау мерзімі, жыл.

              Негізгі қорлардың тозуы.

              Негізгі қорлардың және  материалдық  емес активтердің  негізгі ерекшелігі, оның  ұзақ уақыт бойы қолданылуы. Бірақ олардың  құрылымының шегі бар: ол осы қолданыс барысында істен шығады. Негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің  тозуы деп тиімді қолдануда ақырындап өзінің құнын жоғалтып оны өндіріс шығындарына көшіруді түсінеміз. Негізгі қорлар моральдық және табиғи жолмен тозады. Материалдық емес активтердің  тозуы мен амортизациясы төмендегідей.

              Табиғи тозу – ол  негізгі қорлардың  эксплуатациялау кезінде өзінің өндірістік-техникалық сапасының  жоғалуына және де оның табиғи -климаттық жағдайларға әсер етуі. Қолдану процесінде негізгі қорлардың физикалық тозуының  көлеміне бірқатар факторлар әсер етеді:

      өндірістік процестегі негізгі қорлардың  жүктеу дәрежесі;

      негізгі қорлардың сапасы;

      технологиялық процестің ерекшеліктері мен негізгі қорлардың сыртқы орта жағдайынан қорғаныс дәрежесі;

      жұмысшылардың  классификациясы және де олрдың негізгі қорларға деген көзқарасы;

      негізгі қорларды күту сапасы.

              Негізгі қорлардың табиғи тозуын есептеу үшін екі әдіс қолданылады. Оның біреуі физикалық және нормативтік еңбек ету мерзімдеріне негізделсе, ал екіншісі – оларды зерттеу кезіндегі еңбек құралдарының техникалық жағдайына бағытталады.

              Түгендеме объектісі арқылы жұмыстың көлемі бойынша табиғи тозудың коэффициентін, ашық өнімділікті иелену арқылы белгілеуге болады. Бұл коэффициентті мына формула бойынша анықтайды:

                       

                          Тф х Пф

               И =                        х 100%,                                                    (1.7.)

                          Тн х Пн

 

        Мұндағы:

         И – табиғи тозудың өсімі;

         Тф – жыл көлемі, нақты машинамен істен шыққан;

         Пф - өнімнің орташа көлемі, нақты бір жылда өндірілген;

         Пн – дайын өндірістік қуат;

         Тн – қызметтің нормативтік мерзімі.

              Жеке түгендеме объектісінің табиғи тозуын қызмет мерзімінде анықтауға болады. Бұл әдіс негізгі қорлардың барлық түрлеріне қолданылады. Бұдан шығатын болжам, табиғи тозу бірқалыпты еңбек құралдарының қызмет ету мерзімі ағысымен бірге болып отырады, бұл тозудың коэффициенті келесі формуламен анықтайды:

                       Тф

                   И =            х 100%,                                                                 (1.8.)

                      Тн

           Мұндағы:

           Тф – еңбек құралдарының нақты қызметінің мерзімі (жыл);

           Тн – қызметтің нормативтік мерзімі (жыл).

              Табиғи тозудың сипаты бойынша және жаңару кезеңінде негізгі өндірістік қорлар келесі топтарға бөлінеді:

      жоғары сапалы ғимарат – бөгеттер, ағаш мықты бөгеттер, тоннелдер және т.б. Олар баяу тозуымен өзгешеленеді және көп уақыт аралығында жиі күрделі жөндеу жүргізуге душар етеді;

      жеке бөлшектенетін және күрделі жөндеу жолымен қалпына келетін үйлер, ғимараттар, машиналар;

      кейбір машиналар түрлері (тракторлар, комбайндар және т.б.) элементтері және бөлшектері тозу мөлшеріне қарай жүйелі жаңғыртуға әкелетін немесе жаңаға ауыстыруға душар етеді.

      ғимараттың кейбір түрлері және табыстау қондырғылары (темір жол және трамвайн жолдары, электр желілері және т.б.), олар үздіксіз жаңартылып тұрады, яғни элементтер мен бөлшектерін толық ауыстыру арқылы болады.

      қызметінің мерзімінің өтуімен, толық ауыстыруға жататын құрылғылар, аспаптар және жабдықтар.

              Объектілердің жұмыс жасау кезінде пайда болатын табиғи тозуды бірінші қатарлы табиғи тозу деп атайды. Ол көпшілікті болып табылады және тозудың көлемін анықтайды, қажет жөндеу жұмыстарын және объект қызметінің мерзімін айырықша анықтайды.

              Моральдық тозу көбінесе табиғи тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:

              Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын табиғи тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайда дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал – жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның табиғи тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.

              Моральдық тозудың бірінші түрінің салыстырмалы мөлшері мына формула негізінде анықталады:

                                          И1 = Ф1 – Ф2 /Ф1 · 100%,                                                         (1.9.)

Мұндағы,  И1 – моральдық тозудың бірінші түрінің салыстырмалы көлемі   

                  (пайызбен);

                  Ф1 – еңбек құралдарының бастапқы құны (мың тг.);

                      Ф2 – еңбек құралдарының қалпына келтіру құны (мың тг.).

              Моральдық тозудың екінші түрі – өндіріске айтарлықтай жетілген және экономикалық тиімді жаңа машиналар мен құралдар түрлерінің енуі және пайда болуына себепті (моральдық тозудың екінші формасы). Моральдық тозудың екінші түрі мына формула бойынша анықталады:

Ве = Вж х Пе /Пж  ,                                                                (1.10)

мұндағы,               Вж  және Ве – жаңа және ескі машиналарды қалпына келтіру

                    құны;

                      Пж  және Пе – жаңа және ескі машиналардың өнімділігі.

              Амортизация –бұл негізгі қорларды пайдалану кезінде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты, өздерінің көлемін жаңадан жасалған өнімдермен біртіндеп ауыстырылуы. Бұл негізгі қорлардың табиғи және моральдық тозуының ақшалай көрінісі. Амортизация негізгі қорлардың толықтай ауыстырылуы барысында шығып қалу мақсатында жүзеге асады. Амортизациялық аударым сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың эксплуатациялау уақытына байланысты болып келеді.

              Амортизация термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.

              Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстырылуын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.

              Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.

              Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға түседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.

              Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.

              Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционерлеу  мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.

              Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.

              Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.

              Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың табиғи және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының  аванс беруін қажет  етеді.

                 Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсімінен басқа./24/

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз, ол әдетте пайызбен көрсетіледі. Осы пайызбен берілген амортизация нормасы баланстық құн бойынша өз үлесінің қандай бөлігін жыл сайын еңбек құралдары көмегімен өндірілетін өнімге көшірілетінін көрсетеді. Бекітілген  амортизациялық аударым нормасы, өзіне дайын өнім құнын қосады. Ол негізінен пайыз арқылы беріледі:

        На = Ф1 – Фж / Ф1 х Та х 100 % (пайыз)                            (1.11)

Мұндағы, На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);

                  Ф1  – негізгі  қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге;

                 Фж – жойылған негізгі қорлардың құны, теңге;

                  Та – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет 

                  ету уақыты), жыл.                           

              Амортизация нормасының деңгейі  негізгі қорлардың тозған бөлігін қалпына келтіруге қажетті ресурстар көлемін анықтайды. Амортизация нормасы көмегімен негізгі қорлардың айналым жылдамдығы, олардың қайта өндіру процесін интенсификациялау реттеледі. Амортизация нормасы және олардың негізгі қорлар топтарының дифференцияциясы арқылы, кәсіпорынның өндірістік және де техникалық саясаты анықталады.

Информация о работе «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары