«Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 10:47, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбектегі ауқымды қаражаттар, олар экономиканың біріңғайлығына қарамастан, өзінің қызмет ету мерзімімен айырықшаланады.Осыдан белгілі бір топтар бойынша негізгі қорлардың қажеттілігі мен әртүрлі өндіріс саласындағы спецификаны ескеру қажеттілігі туындайды.
Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін, талданатын кәсіпорын үшін газ өндірісінің даму перспективалары және тенденциялары қарастырылады.

Содержание работы

Кіріспе .....................................................................................................................3


1. Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы.
1.1 Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының мазмұны және құрылымы................................................................................................................5
1.2 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.................................9
1.3 Негізгі қорларды бағалау. Негізгі өндірістік қорлардың табиғи және моральдық тозуы..................................................................................................13

2. «Ақтаугазсервис» Акционерлік қоғамының негізгі өндірістік қорларының тиімді басқаруды талдау.
2.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін және қолданылуын талдау......................................................................22
2.2 «Ақтаугазсервис» АҚ-ның негізгі қорларын қолдану қарқындылығын және тиімділігін талдау......................................................................................31

3. «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары.
3.1 «Ақтаугазсервис» АҚ – да негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың резервтер жүйесі...................................................................................................37
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату....................................................................................................39
3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның 2010-2011 жылдарға арналған даму жоспары.................................................................................................................42

Қорытынды.........................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........

Содержимое работы - 1 файл

курсовая работа.doc

— 553.00 Кб (Скачать файл)

              1. Инвестициондық цилды қысқарту, яғни қандай да бір газ объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:

а) газ объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;

б) негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;

              Бұл мәселелер газдың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, газды пайдалану тиімділігі және қуаттарды меңгеру есебінен шешілуі мүмкін.

              Газды тиімді пайдалану және оларды тасымалдау шығындарын қысқарту – қазіргі замандық газ өндірісінде бірден-бір актуальды мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешуде маңызды болып газдың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол газ өндірісіне машиндерді кең көлемде енгізу және газдың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.

              Газдық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

●  заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;

●  газдың  материал сыйымдылығын және шығындарын төмендету;

●   эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;

● эксплуатациялық объектілерді қажетті сапамен қамтамасыз еткенде газдың құнын төмендету.

              2. Транспортта және газ базаларының еңбек өнімділігін көтеру. Газ өндірісінің барлық звеноларында және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен қол еңбегімен байланысты болады. Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін газ өндірісінің дайындылығын көтеру табылады.

              3. Газдың сапасын көтеру. Газ өндірісі өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында және газды отын, жылу ретінде пайдалану кезінде ғана әшкереленеді.

              4. Газдың басқару жүйесін жетілдіру, соның  ішінде газ материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз.

              Газ жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде көлік паркін қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты газ техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады.

              Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған тракторларға, крандарға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.

              Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. Трактор, крандардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларда қоса сипатты болып табылады.

              Үздіксіз қимылдағы тракторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру;  универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.

              Өнімділік эксплуатациялық сипаттардың негізгісі, ол қондырғылардың қуаттылығын көтеру жолымен, жоғалтуларды төмендету, өндеудің жаңа процесстерін қолдану арқылы көтеріледі. Үзіліссіз қозғалыстағы тракторлардың өнімділігін ары қарай көтерудің негізгі факторлары болып жұмыс процестерін жетілдіру табылады. Жұмыс органдарын гравитионды және инерционды түсіру, жұмыс жылдамдығын көтеруді қолдану перспективталы.

              Отандық және шетелдік тәжірибені газ өндірісінде қазіргі машиндерді және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: газовиктердің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау, машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.

              Газдың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін газ машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.

              Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады./46/

              Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:

I.            Прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті механизациялау және автоматтандыру;

II.         Құрал-жабдықтардың қозғалыстағысын модернизациялау және көнергенін ауыстыру;

III.      Өндірісті басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру;

IV.      Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар;

V.         Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды енгізу.  

 

3.3 «Ақтаугазсервис» АҚ – ның  2010-2011жылдарға арналған даму жоспары.

 

              «Ақтаугазсервис» АҚ – ның дамуының негізгі мақсаты мен қызметі мыналар:

              Сапалық талаптарға сай тұтынушыларға үздіксіз қызмет етуі. Табиғи газды тұтынушыларға талапқа сай тасымалдап уақытында жеткізіп отыру қоғамның міндеті. Қоғам газдың уақытында бірқалыпты үздіксіз қызмет етуіне барлық жағдайды қамтамасыз етеді.

              Тұтынушыларға бірдей дәрежеде қызмет ету. Қоғам өзінің қызмет ету барысында тұтынушылардың барлық орындалуы мүмкін деп танылатын талаптарына қызмет етуі керек. Тұтынушылардың барлығына газды тасымалдауда және газ желілеріне зақым келген жағдайда жөндеу кезінде, бірдей қызмет көрсетуі керек.

              Қызмет етудің тиімді әдістері мен технологияларын таңдау. Жұмыс жасау кезінде сапалы технологияларды қолданып газды тұтынушыларға дейін жеткізу, қызмет ету барысында тиімді әдістерді қолдана білу әрбір қоғам мен кәсіпорынның жетістігі.

              Экологиялық және қоғамдық қаупсіздікті сақтау. Экологиялық қауіпсіздікті сақтау барысында ауа құрамында газ өнімінің болмауын қадағалау, өрт қауіпсіздігінен сақтау қоғамның маңызды міндеті. Қоғам газды тұтынуға жеткізгеннен кейін қауіпсіздік шараларын жүргізуі керек, себебі кейбір жағдайларда жеке адамдардың газды дұрыс пайдаланбағанынан көп жағдайларда жарылыс немесе өрт мәселелері орын алады./39/

             

 

 

Сурет 3.1 Газ тасымалдау даму динамикасының ақшалай және нақты көрсеткіші

 

              Жоғарыдағы графикте көрсетілгендей, газдың тасымалдау көлемі 2011 жылы 65400 мың м3 өсетіні көреміз, яғни 2010 жылмен салыстырсақ 108 %- ды құрайды. Газ шаруашылығының қауіпсіздік ережелерін» сақтау. Газды пайдалану барысында әрбір тұтынушы газды қалай пайдалану және де газ кенеттен кеткен жағдайда не істеуі керек, ең бірінші көмекті шақыру ережелерін білуі тиіс. Газды тұтынушы кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерліктер, ұйымдар газдың адам өміріне қауіпсіздігі туралы мәліметтер іліп қоюы тиіс. Газды сатып алу – сатумен айналысатын кәсіпорындар газдың қолдану ережелерін сақтауы және тұтынушыларына талаптарды жеткізуі және соған сәйкес талаптар мен ережелердің орындалуын қадағалағаны абзал.

              Осы  қойылған мақсаттарға жету үшін «Ақтаугазсервис» АҚ  Ақтау қаласының тұрғындарына өндірістік – технологиялық цикл бойынша үздіксіз газ желілерімен тұрақты газ қысымын қамтамасыз етіп отыруы керек.

 

Қорытынды

 

              Нарықтық экономикаға өтумен байланысты басты орында өндірістік кәсіпорындардың тіршілік етуі негізгі қорларды тиімді пайдалануында, осыған байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және оның  актуалдығы шартталады.

              Ұсынылған дипломдық жұмыста мынадай негізгі жағдайлар айқындалған, олар: кәсіпорынның негізгі капитал құрамы және құрылымы, кәсіпорынның негізгі қорлар қозғалысы, олардың техникалық жағдайының есебі, пайдалану көрсеткіштерінің анализі, жекелегенде негізгі қорлардың қор қайтарылымы, негізгі қорлардың қор қайтарылымына әр түрлі факторлардың әсер етуі арқасында өзгеруін зерттеу, оларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары келтірілген, олардың ішінен негізгілері кәсіпорындағы негізгі қорлар сұрақтарын оперативті шешу үшін есептеуіш техниканы толықтай пайдалану және жетілген программамен қамтамасыз ету, яғни бір ортаға топталып ЭЕМ есеп жүргізу.

              Амортизация нормативтерін және есептеу әдістерін, негізгі қорлардың қайта бағалау жүйесін және индексациясын жетілдіру, амортизациялық аударымдардың экономикалық ынталандыру шараларын және мақсатты пайдалануын басқару ұсынылады. Кәсіпорынға негізгі қорлар классификация түрлеріне өзгертулер енгізу ұсынылады.

              Классификациясын өзгерту – оларды классификациялық топтарға таратқанда негізгі қорлардың функционалдық арнаулығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бөлек топтардың  мағынасын өндірістік процесстерде олардың сипатын өзгертуге мүмкіндік береді.

              Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Ақтаугазсервис» АҚ негізгі қорларды тиімді пайдалану және жағдайын талдауды жетілдіру бойынша келесі қорытындыларды және ұсыныстарды құрастыруға болады. 2010 жылы өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың ортажылдық құны 2009 жылмен салыстырғанда 10,7% өсті, ал жоспарды орындау проценті 102,6%  құрады. Қорлардың активті бөлігінің құны (машиналар және құрал-жабдықтар) 2009 жылмен салыстырғанда 46,7% өсті, яғни бұл қозғалысқа жаңа құрал-жабдықтар енгізілгендігімен түсіндіріледі.

              Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау негізгі қорлардың көп бөлігі жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Талдау қорытындысы бойынша жарамдылық коэффициенті 93%  құрады, ауыстыру коэффициенті 2009 жылы 20,7 % құрады. Барлық негізгі қорлар бойынша тозу коэффициенті жыл аяғына 0,003 төмендеді және 0,064 немесе 6,4% құрады. Кәсіпорынның негізгі қорлардың техникалық жағдайының берілген көрсеткіштері кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық деңгейі өндірістің берілген көлемін толық масштабты орындауға жағдай туғызады.

              Кәсіпорынның негізгі қорларын сапалы пайдалануды сипаттайтын көрсеткіш – қор қайтарымы болса жүргізілген талдау бойынша өнеркәсіпті-өндірістік және олардың активті бөлігі алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен.

              Құрал-жабдықтарды пайдаланудың талдауы 2008 жылмен салыстырғанда номиналды уақыт қоры 100,4% құрады. Құрал-жабдықтар  жұмысын күнтізбелік (100%) және номиналды уақыт қорларының әр түрлі пайдалану проценттері есептік жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны ескергеннен төмен болғанын куәландырады. 2008 жылмен салыстырғанда есептік жылы (2009 жыл) тиімді уақыт қоры 104,2 % құрады. Өткен жылы құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. жұмсалған. Есептік жылы құрал-жабдықтарды жөндеу уақыты 97 маш./сағ. келіп 362 маш./сағ. құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі кәсіпорын 2010 жылы негізгі қорларды тиімді пайдаланғаны көрінеді. Бұл талдау пайдаланбаған немесе тиімді пайдаланбаған уақыттың көлемін есептеуге мүмкіндік берді, ол уақыт 1869 маш./сағ. құрады. Тиімсіз пайдаланбаған уақыттың негізгі себептері болып бұрын жоспарланбаған 2008 жылғы болған жоспардан тыс тұрып қалулар, төрт күндік жұмыс аптасы екені анықталады.

              Нарықтық экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.

              Кәсіпорында өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың үлкен мөлшері пайдаланатындықтан қойылған мәселелерді аналитикалық жұмыстарды механикаландыру немесе автоматтандыру жолымен шешу ұсынылады. Қор қайтарымға талдау жүргізгенде экономико - математикалық әдістерін және ЭЕМ қолдану орынды болып табылады.              Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың анализін жетілдірудің басқа бағыты болып негізгі қорлар анализінің жүзеге асып тұрған методологиясын жетілдіру табылады.

              Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концентрацияның, маманданудың, кооперациялану және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.

              Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:

-             құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;

-                    станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;

Информация о работе «Ақтаугазсервис» АҚ – ның негізгі қорларын тиімді басқаруды жақсартудың негізгі бағыттары