Афанасий Никитиннің саяхаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 14:55, биография

Краткое описание

Афанасий Никитин қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген атақты саяхатшылардың бірі. (1-сурет) Ол 1466-1474 жылдар аралығында Персия, Индия және Турция елдерінде сапар кешкен. Осы саяхатының барысында «Үш теңізге саяхат» атты маңызды еңбек қалдырған. Бұл туындыда Никитин болған елдерінің тамаша табиғаты мен халқының салт-дәстүрі және тағы басқа ерекшеліктеріне сипаттама берген.

Содержимое работы - 1 файл

Никитин.docx

— 207.03 Кб (Скачать файл)

Афанасий Никитиннің саяхаты

1-сурет.  Афанасий Никитин

 Афанасий  Никитин қарапайым  шаруаның отбасында  дүниеге келген атақты саяхатшылардың бірі.         (1-сурет) Ол 1466-1474 жылдар аралығында Персия, Индия және Турция елдерінде сапар кешкен. Осы саяхатының барысында «Үш теңізге саяхат» атты маңызды еңбек қалдырған. Бұл туындыда Никитин болған елдерінің тамаша табиғаты мен халқының салт-дәстүрі және тағы басқа ерекшеліктеріне сипаттама берген.

      Өз  жолын атақты саяхатшы Тверь қаласынан 1466 жылы бастайды. ХV ғасырдағы  сауда қатынастарының аса дамыған өңірі  Волга өзені болған. Михаил Тверской патшадан тауар сатуға рұқсат қағазын алған  Никитин Волга  өзені бойынша  сапарға шықты. Оның басты мақсаты тауарды Каспий теңізіндегі елдерге сату болған еді. Кейінірек Волга өзенінің Каспийге құятын сағасына жетіп, Астрахань хандығына келеді. Сол уақыттағы Астрахань ханы Қасыммен сауда байланысы туралы келісе алмай, Никитин тауарлары алып қояды. Сонымен қатар, жанындағы серіктері де тұтқынға түскен болатын. Содан кейін, Афанасий Никитин қалған серіктерімен кемеге отырып Дербент қаласына жетеді. Бұл жерде саяхатшы 1 жылға жуық бөгеледі. Ол кезінде тұтқынға түскен жолдастары мен ұрланған тауарларын қайтаруға күш салғанымен ол ісі жүзеге аспайды.

      Никитин өз шығындарының орнын  жаппағанша еліне  қайтпауға бел  буады. Сондақтан, өзінің ұзақ саяхаты барысында  кеткен шығандарының орнын толтыру  үшін өз сапарын бастайды. 1468 жылы Дербенттен кейін Бакуға бет алады. Ал, 1469 жылдың көктеміне қарай Персид шығанағында орналасқан Ормуз қаласына келіп жетеді. Өз жазбаларында Афанасий Никитин: «Ормуздың ыстықтығы адам баласын жандырып жіберуі де мүмкін... Бұл қалада мен 1 ай болып, Пасха мерекесінен кейін Үнді теңізінің ары жағына бет алуды көздеймін», - деп жазған. Кәсіпкер тәуекелсіз пайда таба алмайтындығы бәрімізге белгілі болғандықтан, Никитин араб жылқысын сатып алып оны Үнді жерінде сатуды мақсат етеді. Үндістанның Чаул атты қаласына жету үшін Арабия теңізі арқылы 6 ай жүрді.

 Үндістан Афанасий Никитинге үлкен  әсер қалдырды. «Мына  жақта барлық адамдар  жұқа киінген: бастарында ештеме кимейді, шаштары  бір жағына қарай  өрілген, киімдері бір  ғана ұзын матадан  жасалған. Балалары өте көп. Тұрғындарының  түсі қара. Олардың  барлығы менің  артымнан таңғала  қарайтын, себебі менің  терімнің түсі ақ еді...»-деп  өз ойларын күнделік бетіне түсірген болатын.

      Жылқысын  бірден сату қолынан  келмеді. Барлығын оның бағасы қанағаттандырмады. Сондықтан ол Үндістанның  басқа қалаларына сапар шекті. Соның  барысында, ол барлық көргенднріне сипаттама  беріп кеткен. Мысалы, тұрғылықты халықтың тағамдары жайлы  айтып кеткен: «Шарапты үнділіктер үлкен жаңғақтан жасайды. Қонақтарға жатын орынды үй иесі салады, олармен де бірге жататын – үй иелер».

      Чаулдан кейін аттанған қаласы – биік өлкелі Джуннар. Бұл жерде ол өз еркінсіз қалуына  тура келді. Себебі, Джуннар ханы Асад-хан Никитиннің бесерменин еместігін білгенде жылқысын тартып алады. Күнделігінде Афанасий: «Егер мен Мұхаммеддини дінін қабылдасам, маған жылқымды да қайтарып, 1 қап алтынын беретінін айтты. Ал егер мен бұл шартын орындамасам, менің жылқымды қайтармай, басымды алатынын ескертті», - деген. Осы қиындықтан оны персиялық қазынашы Мухаммед атты танысы құтқарып шығады. Никитинге жылқысы да қайтарылады, басқа дінді қабылдауға да мәжбүрлемейді. Джуннардан тез кетуді жоспарлап, 1471 жылы Бидар қаласына жетеді. Осы жерде ол сәтті түрде өз жылқысын сатады. Осы қалада тұрған кезінде сол өңірдің халқымен жақсы қарым-қатынаста болады. Ол үнділіктерге өзінің христиан екенін айтады. Ал адамдар оған өз діндері туралы сыр шертеді. Олар Үндістанда 84 діннің бар екенін айтады. Никитанді Шрипарвата храмына алып келеді. Сол жердегі Шива құдайы мен қасиетті бұқа Нандидің алып мүсінін көріп, үлкен әсерде қалады.

      Никитин сол өңірдегі тұрғындары туралы былай жазған: «Ерлері өз бетімен  жүреді, ерлі-зайыпты  отбасылар өте  аз. Жүргіш әйелдер  өте көп. Және де олардың  құна да тым арзан  екен», - дейді.

      1472 жылы көктем айларында  Никитин өз еліне  қайтуға бел буады. 5 айға жуық уақытты  Каллур қаласында  өткізіп, 1473 жылы  Дабул қаласына  жетеді. Ары қарай  ол Ормуз арқылы  Африкадағы Эфиопияға  жетеді. «Құдай сақтап, Эфиопияда аман-есен 5 күн болдық. Сол  жердің тұрғындарына  азық-түлік баргендіктен, олар біздің кемемізге  тиіспеді»,-деп жазған  Никитин. Ормуз  қаласынан солтүстікке  бет алған Афанасий  Шираз, Исфахан,  Кашан, Тебриз, Эрзинджан  атты қалалары  арқылы Трабзон  қаласына жетеді. Бәрі сәтті өтіп  жатқан кездң Трабзон  қаласында қайғылы  оқиғалар бет алады.  «Осы жерде менің  тауарларынмды толықтай  ұрлап кетті. Ештеме  қалдырмады...»,-деп  жазды. Ақшасы да қалмаған Никитин Кафа атты қалаға жетіп, сол өңірдегі орыс көпестерінен қарызға ақша алып, тезірек еліне қайтуды аңсайды. Кафа қаласына 1474 жылы жетеді. Осы жерде Афанасий жазылары үзіледі. Атақты саяхатшы өз елін көру деген соңғы арманы орындалмай кеткен... Кейбір деректер бойынша Никитин Смоленск жерінде қаза тапқан делінеді. Оның жазбаларын Василий Мамыр атты князь тауып Ресейге алып келеді. 
 

3-сурет.  Никитин жазбалары

Қазіргі таңда Никитиннің «Үш теңізге саяхат»  атты еңбегі (3-сурет) жоғары бағаланып, үлкен мағынаға ие.  Оның атымен Үнді мұхитындағы су түбіндегі массив аталынып, 1955 Тверь өлкесінде Волга жағасында ескерткіш орнатылған.(4-сурет) 1958 жылы «Үш теңізге саяхат» атты кинофильм түсірілген. 2003 жылы Афанасий Никитинге Үндістанда ескерткі орнатылған.(5-сурет)

 

4-сурет.  Тверь қаласындағы  Никитин ескерткіші

  
 

 

5-сурет.  Үндістанда орналасқан  Никитин ескеррткішгі

 

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия  ұлттық университеті

Экономика факультеті

Туризм  кафедрасы 
 
 
 

Афанасий  Никитин саяхаты

1466-1474 жылдар 
 
 

                   Орындаған: Аширбеко Р. Тур-23қ

                                          Тексерген: Акишева Е.Қ.  
 
 
 
 
 

          Астана, 2011

Афанасий  Никитин жасаған  жорығы

Информация о работе Афанасий Никитиннің саяхаты