Махамбет Өтемісұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 18:52, реферат

Краткое описание

Маһамбет Өтемісұлының өмірбаяны

Содержание работы

1.Кіріспе


Махамбет туралы
2.Негізгі бөлім


Махамбеттің өмір баяны


3.Қорытынды


Махамбет өлеңдері

Содержимое работы - 1 файл

махамбет Өтемісұлы.doc

— 40.00 Кб (Скачать файл)

                  

                      Жоспары: 

  1. Кіріспе

        

          Махамбет туралы 

  1. Негізгі бөлім

         

          Махамбеттің өмір  баяны

     

  1. Қорытынды

         

           Махамбет өлеңдері 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                                                        Кіріспе

                    

                                            МАХАМБЕТ ТУРАЛЫ 

      Махамбет аталарымыз 42-ақ жыл өмір сүрді. Ерлігімен, ерекшілігімен халық жүрегінен өшпейтін есімге айналды. ЮНЕСКО-ның шешімімен Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілетін болды.

      Адамзат тарихында бірінің аты аталса, екіншісінің есімі еріксіз еске түсетін егіз бейнелер болады. Міне, осындай қастерлі есімнің бірі Исатай мен Махамбет. Бірі ел бастаған көсем, бірі алмас қылыштай өткір тілді шешен екі аяулы аданың тағдырын бір арнаға мәңгілік етіп тоғыстырған асыл сезім – халқына, еліне деген ыстық ықылас, өлшеусіз сүйіспеншілік, өр мінез, батыл болмыс еді........

       Махамбет Өтемісұлының ғұмыр  бойы алысып -арпалысып өткен бір ата жауы бар – ды. Ол – жәңгір хан да, Баймағанбет сұлтан да, Ықылас та емес-ті . Ол – қараң өшкір отаршылық еді........  

        Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Орал облысы  Нарындағы Бекетай  құмында туған. Арабша, орысша хат таныған. Жасында Жәңгір ханның ордасында  жүрген. Ол жас кезінен-ақ хан сарайындағы әділетсіздікке қарсы болып, халықтың ауыр мұңы, тұрмысын жан жүрегімен түсіне білген...

      XIX  ғасырдың бірінші жартысында  патша үкіметіне арқа сүйеген  хандар мен би – сұлтандардың  халыққа көрсетген зорлық – зомбылығын, халық назарлығын туғызып, қазақ даласын дүр сілкіндірген Исатай – Махамбет көтерілісіне ұласты.

        “Исатай қаза тапқан соң да оның жаққан оты бір өшіп, бір жанып қылқырық жылдай тұтанды. Шекті Көтібарұлы Есет, Нұрмағанбетұлы Жанғожа, таз Өтен, Нарынбай, Төремұрат секілді ел билеушілерімен, патша үкіметімен арпалысып өткен халық батырлары Исатайдың ісін басып үлгі алған жеткіншектері еді” – деп жазды қазақтың белгілі оқымыстысы Халел Досмұхамедұлы.

      Ерлігімен аты аңызға айналған Исатай батырдың ерлігін жырлаған туындылар сол тұстағы қазақ әдебиеттерінде аз болмаған. Қуан жырау, Шернияз шешен, Мұрат ақын, Ығылмар ақын т.б. батыр баба туралы талай тамаша өлең қалдырған. Әйтсе де солардың ішінде шоқтығы биік оқшау тұрған өнер туындылары ретінде  Махамбет жырларының орны бөлек, от тілді , орақ ауызды Махамбет – Исатайдай арыстың абыройын асырған адал досы болды. Ол – айбарлы батырдың даңқын көтеріп, дәріптеген дара боз.

      Ол  батырдың қажетінде қалқаны,  сермегенде семсері бола білді. Исатайдың арманы Махамбеттің өр даусы арқылы бүкіл қазақ даласына тарап жатты.

      Аттары  аңызға айналған осынау алыптардың үлкен  достығының сыры олардың бір-біріне деген шынайы сезімінде, адалдығыныда, бауырмалдығында болар. Махамбет үнемі  исатайды өзінен биік қойып сөйлейді. “Исатай – басшы, мен - қосшы”, “Исатай деген ағам бар, ақ кіреуке жағам бар ”, “Арыстан  еді-ау Исатай, бұл фәнидің жүзінде, арыстан одан кім өткен?!”, “Теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім” – деп дәріптейді.

      1838 жылы 12 шілде күні соғыста Исатайдың атына оқ тиіп, қоршаған жаудың ішінде жаяу қалады. Қалың қамауды Махамбет пен атақты Үбі деген батыр бұзып өтеді. Үбі мен Махамбет екеуі бірдей аттарынан түсіп Исатайға бергенде, ол: “Шамаларың келсе, өздерің құтыласыңдар, Жақияны құтқарыңдар” – деп үзілді-кесілді атқа мінуден бас тартады. Міне, одан артық қандай мәрттік, қандай сыйластық болмақ?! Осындай өрлік пен ерліктен жаралған ұлдары бар халықтың, қазақ халқының, тәуелсіз болуының  өзі заңдылық емес пе?!

      Махамбет - шын мәнінде өз халқын, отанын сүйген патриот ақын. Оның өлеңдері – езілген халқын тереңнен сүюшіліктің көрнекті үлесі. әр сөзі елді қанушы хан, сұлтан, би – феодалдарға қарсы айтылған үгіт, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді. Халықтың сол ауыр өмірін жеңілдету мақсатында  ақын өзінің аса мазмұнды шығармаларының бірі “Жәңгір ханға айтылған сөз ” деп аталатын өлеңінен  бастап, үстемдік етушілерге халық өшпенділігін өршітіп, қарулы күреске шығуға шақырды...

      ... Махамбет өлеңдерінде асыра сілтеу, қоспа сөз жоқ, керісінше, Исатайды ұстаз тұтып, үлгі ету аға санап ардақтау, оның ойындағы қайтпас қайсарлықты қасиет деп бағалау басым. Ереуіл атқа ер салмай 

Ереуіл  атқа ер салмай,

Егеулі  найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты  малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы  шығып жат болмай,

Ат үстінде  күн көрмей,

Ашаршылық шер көрмей,

Арып  – ашып шел көрмей,

Өзегі талып  ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске  ұрынбай,

Түн қатып  жүріп түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық  жастанбай,

Қу толағай  бастанбай,

Ерлердің  ісі бітер ме?! 

Беркініп  садақ асынбай,

Біртіндеп жауды қашырмай,

Білтеліге доп салмай,

Қорамсаққа  қол салмай,

Қозы  жауырын оқ алмай,

Атқан оғы  жоғалмай,

Балдағы алтын құрыш болат

Балдағынан  қанға боялмай,

Қасарысқан  қарындасқа

Қанды көбік  жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Ерлердің  ісі бітер ме ?! 
 

Мен,мен  едім, мен едім

Мен,мен  едім,мен едім,

Мен Нарында жүргенде

Еңіреп  жүрген ер едім. 

Исатайдың барында

Екі талан  бөрі едім.

Қай қазақтан кем едім,

Бір қазақпен тең едім.

Өздеріңдей  хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім!

Елдің бойын  ентоғай,

Ел қондырсам  деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсамдеп едім.

Еңсесі  биік ақорда,

Еріксіз кірсем деп едім.

Керегесін қиратып ,

Отын  етсем деп едім.

Туырлығын кескілеп,

Тоқым етсем  деп едім.

Тақта отырған  хандардың

Төрде отырған  ханымын

Қатың етсем  деп едім.

Әлдилеген баласын

Жетім етсем  деп едім.

Хан сарқыты  сары-бал,

Сұраусыз  ішсем деп едім.

Ханның  киген кіреуке,

Үстіме  кисем деп едім.

Күнікедей көріктіңді

Қалыңсыз  құшсам деп едім.

Тінікейдей  тектіңді

Ителгі  көзінтөңкертіп,

Күшіктей  даусын қыңсытып,

Аш күзеңдей белін бүгілтіп,

Әділ  жаннантүңілтіп,

Ат көтіне үңілтіп,

Артыма  салсам деп едім!

Тілекті Тәңірі бермеді,

Өздеріңдей  хандарды

Осындай бір қылсам деп едім!

Информация о работе Махамбет Өтемісұлы