Алғашқы Қытай жазуы

Автор работы: B********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 20:34, реферат

Краткое описание


Қытай жазуы әлемдегі тарихы аса ұзын жазулардың бірі. Ол әрісі қытай қоғамының дамуында, берісі қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы ұзақ тарихы барысында, рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Ал осы құндылықтарды олар өз жазуларының көмегімен хаттап, дәріптеп, зерттеп бүгінге жеткізіп отырғаны белгілі. Демек қытай жазуы – бүгінде қытай халқының ғана емес, әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр.

Содержимое работы - 1 файл

Алғашқы қытай жазуы.doc

— 59.00 Кб (Скачать файл)

     Міне, жоғарыда баяндалып өткен қытай  жазуы дамуының жалпы тарихынан алып қарағанда аталған жазудың бірте-бірте ерекшеліліктен қарапайым - оңайлыққа бет алып бара жатқанын игеру қиын емес. Қытай жазуының жеке басы ғана емес, оның кілттеріде көп жеңілдеді, бұл туралы мысал тіпті де көп.

     Алайда, уақыттың өтуі заманның талабы қытай жазуын қарапайымдандыра түсіп отырғанымен, тілдің дамуы, сөздік қордың күні өткен сайын жаңа сөздермен молая түсуі-қытай жазуын тағы да күрделілікке жетектеп отыр . Себебі қытай жазуы дыбыстық емес , таңбалық жазу болғандықтан, жаңа ұғымға жаңа таңба жасауға тура келеді. Олай болатыны бұрыннан бар иероглифтерді бәрінің өзіне меншікті ұғымы бар, оған жаңа мағына үстемелесең ұғымдық қайшылық туады. Сонымен не істеу керек? Бұл мәселені шешудің қытай жазуы үшін ең тиімді жолы-ақ, иероглифтерді қосып жаңа сөз тудыру. Ал бұл әдіс қытай жазуын оңайландырудың есесіне күрделілене түсуіне әкеліп соғып отыр.

     Қытай жазуын реформалау – дәуір талабы.

     Қытай жазуы өз тарихында әрісі күллі  адамзат мәдениетіне, қытай мәдениетіне  өшпес үлес қосып келгені белгілі. Сондай-ақ күні бүгінге дейін қытай тілдес мемлекеттер мен халықтардың жаппай қолданып отырған негізгі жазуы екені де шындық. Демек қытай жазуының бұрынғы да, бүгінгі де құны мен мәні маңызы ерекше деген сөз. Алайда бүгінгі ұшқан құстай дамыған дәуірдің талабы-қытай жазуының көптеген мешеу құстарын байқап, әрі оны жедел реформалауды талап етуде. Ал қытай жазуының, әсіресе «даму» атаулының аяғына тұсау болып отырған мешеу тұстары мыналар:

     А) Оқуға қолайсыз. Олай болатын себебі қытай жазуы ежелдің ең күнінен бері дыбыстық таңба емес. Ал тілдегі санаулы дыбыс қыруар көп таңбаны бейнелеуге арналғандықтан, дыбыстардың көп қайталануына тура келуге ал ол барып ұқсас дыбысты сөздердің ерепайсыз көбейіп кетуіне әкеліп соғуда. Осыдан барып қытай жазуын оқу қиындығы туындауда.

     Ә) Жазуға қолайсыз. Қытай иероглифтерінің құрылымының күрделілігі, сызықтардың ерепайсыз көптігі оны жазып үйренуге, жедел сауат ашуға үлкен кесірін тигізуде. Иероглифтардың сегәз мыңнан астам «бөлшек» бар екен. Сондай-ақ ол бөлшектердің бәрінің жазылу реті тәртібі бар екенін ескерсек, жазудың қиындығын тіпті де сезіне түсеміз. Бұдан тыс, сызығы аздар мен сызығы мол иероглифтер қатар жазылғанда сиықсыз, ретсіз болып шығады. Демек бұның өзіде жазу мәдениетіне өзіндік салқынын тигізіп отырған негізгі фактор.

     Б) Жаттауға қолайсыз. Санақ мәліметіне қарағанда , бүгінге дейін тіркеуге алынған қытай иероглифтері алпысмыңға таяу. Ал көнерген, өте сирек қолданылатын және бөгделенген иероглифтердің бәрін есептен шығарып тастағанның өзінде он мыңнан астым иероглиф «тірі әрі белсенді» таңба деп танылуда. Ал сауатты деп есетелу ушін унемі қолданылатын төрт мың иероглифті жаза білу, оқи білу, мағынасын түсіне білу талабының өз аса оңай шаруа емес екені әмбеге аян. Бұл ретте қытай филологы, профессорлар, ұлттық қытай оқымыстыларының өзі де сөздіктің көмегінсіз « Сәлем хат» жаза алмайтынын айтсақта жеткілікті.

     Міне  осы себептердің бәрі қытай жазуын реформалауға деген талпынысты күшейте  түсті.

     В) Иероглифтер  санын  анықтау. Тілдің дамуына байланысты жаңа иероглифтер үрдіс өсе түсуде. Ал олардың пайда болғандары туралы, қолданыстан шыққаны туралы еш жерде ешкім айналыспайды. Бұл бір. Екіншіден жалпы қытай тіліне қанша иероглиф жетеді? Демек бұл секілді мәселелердің бәрән әншейінгі жәй мәселе деп қарамау керек. Қайта ол ғылыми да практикалық маңызы зор іс болары даусыз. Ал кейбіреулер қытай иероглифтерінің санын анықтау мүмкін емес дейді. Бұл әрине таңбалар санын анықтаудың қиындығынан туындап отырған пікір. Әрине қиыны-қиын. Бірақ «анықтау мүмкін емес» деген пікірмен келісуге болмайды.

Информация о работе Алғашқы Қытай жазуы

Похожие темы