Алғашқы Қытай жазуы
Автор работы: B********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 20:34, реферат
Краткое описание
Қытай жазуы әлемдегі тарихы аса ұзын жазулардың бірі. Ол әрісі қытай қоғамының дамуында, берісі қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы ұзақ тарихы барысында, рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Ал осы құндылықтарды олар өз жазуларының көмегімен хаттап, дәріптеп, зерттеп бүгінге жеткізіп отырғаны белгілі. Демек қытай жазуы – бүгінде қытай халқының ғана емес, әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр.
Содержимое работы - 1 файл
Алғашқы қытай жазуы.doc
— 59.00 Кб (Скачать файл)Қытай жазуы.
Қытай жазуы әлемдегі тарихы аса ұзын жазулардың бірі. Ол әрісі қытай қоғамының дамуында, берісі қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы ұзақ тарихы барысында, рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Ал осы құндылықтарды олар өз жазуларының көмегімен хаттап, дәріптеп, зерттеп бүгінге жеткізіп отырғаны белгілі. Демек қытай жазуы – бүгінде қытай халқының ғана емес, әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр.
Қытай жазуын бұрын-соңды тек қытайлар ғана емес, маңайындағы тектес туыстары мен көршілері – Корей, Вьетнам, Жапония секілді елдер де қолданды. Бұл тұрғыдан келгенде қытай жазуы ел мен елдің арасындағы мәдени алмасуды тереңдетіп, өзге елдердің де рухани құндылықтарын сақтап қалуда белседі рөл атқарып келеді деуге болады.
Алғашқы қоғам кездерінде пайда болып, бүгінге жетіп отырған адамзаттың жазу мәдениеті кем де кем. Ал қытай жазуы ұзына бойына нешелеген мәрте өзгеріске, өңдеуге ұшырағанымен, бүгінге аман жеткен өте бағзы жазулардың бірі есептеледі. Оның тарихынының тереңдігі соншалық, қытай жазуының алғашқы пайда болған кезеңі мифтік аңызға айналып кеткен.
Айтып-айтпай қытай жазуының тарихи аңызы – мифтік императорлар Фу-ШИ мен Шын-Нуң кезеңінен басталады. Аталған тарихи кезеңдерде қажетті заттар мен құбылысиарды, уақиғаларды хатқа түсіру үшін триграммалар – бүтін және үзік сызықтардың жиынтығы мен түйіндері бар жіптер қолданылған. Одан кейінгі аңыздық император Хуаң-Ди дәуірінде, оынң сарай тарихшысы Цаң-Жие қытай жазуын ойлап тапты делінеді. Бұл аңыз б.з.д. Н-ШШШ ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның өзін жазу деп сенген күнде де « Цаң-Жие иероглифтері» бейнелемек болған затттың суреті ғана болатын.
Белгілі қытай жазуын зерттеуші Таң-Лан қытай жазуының тарихын екі кезеіге бөледі. Бірінші кезең: ең көне жазудың пайда болуынан фонетикалық категория белгілерін жасауға дейін. Екінші кезең: фонетикалық категория белгілері жасалғаннан бүгінге дейін. Таң-Лан мырзаның пікірінше, фонетикалық категория белгілері Инь дәуірі (б.з.д. XYI ғасырлар ) жазуында кездесетіндіктен, жазудың шығу тарихын мөлшермен мың жылға шегеру керек екен. Ол қытай иероглифтік жазуының шығу кезеңін Шия дәуірінің мәдениетімен байланыстырады. Таң-Лан қытайдың иероглифтік жазуының шығу кезеңін біздің жылсанауымызды қоса есептегенде 4-5 мың жылдың алдында болған дегенді айтады.
Қытай жазуы – иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамыған түрі есептеледі. Қазіргі қытай жазуында бір иероглиф белгілі мағынасы бар бір сөзді немесе сол сөздің маңызды бөлшегін таңбалау үшін қолданылады. Фонетикалық заңдылықтар ьойынша бір қытай иероглифі бір буынға тең. Ал буын қытай тілінде морфологиялық мағынаға ие. Демек әрбір буын бір сөздің немесе бір морфеманың дыбыстық қаңқасы болып табылады. Сондай-ақ қытай иероглифтері жеке дыбысты немесе фонеманы білдіре алмайтындықтан, тілдегі бүкіл сөздік қорға жеке-жеке таңба (әріп) жасап шығаруға тура келгені мәлім. Осылайша, қытай тіліндегі сөздерді бейнелейтін мағналық таңбалар неше мыңдаған түрде асып жығылып отыр. Мысалы, қазіргі кейбір сөздіктерде 50 мыңнан астам иероглиф қамтылып отырғанын айтсақ та жеткілікті. Бұның өзі әріп түрінің күрделілене түсуіне әкеліп соғып отыр.
Қытай жазуының пішіні.
Бүгінгі күні қолданыстағы қытай жазуы ең әуелі баспа түр және жазба түр деп екіге бөлінеді. Ал жазба түрдің жаппай қолданылатыны – шаршы пішінді, тік сызықтары жалпақ, көлденең сызықтары жіңішке болып келетін Суң үлгісі. Одан басқа, осы үлгіге еліктеп жасалған жіңішке жазулар және қара жазулар да жиі қолданылады. Жазба түрдің кең тарағаны - Кай-шу мен Шиңшу үлгілері. Бұл екеуінің ішіндегі, әсіресе, кең көлемде жалпылысқаны Кайшу үлгісі. Мейлі жазба түрі болсын, мейлі баспа түрі болсын, жалпы қытай жазулары - ұзынды-қысқалы сызықтардың белілі тәртіппен, бөліктер құрай отырып таңбалануы арқылы жүзеге асады. Енді біз қытай жазуының пішінін жүзеге асыратын басты-басты факторларға талдау жасап көрелік.
1.Сызықтар.
Сызықтар қытай тілі иероглифтерінің пішінін орнықтыратын ең маңызды да шешуші фактор болп есептеледі. Мәселен, қытай иероглифтерін жазған кезде, назар салып отырсаңыз сіз қаламыңызбен бір-бірлеп сызықтар сызып жатқаныңызды аңғарасыз. Яғни, сызықтарыңыздың бәрі ретімен қосыла келіп бір таңба болып шығады. Ал басқа бір таңбаны жазу үшін сызықтарыңыздың реті мен саны өзгере бастайды. Демек, қытай жазуының пішіндік анасы –сызықтар.
Алайда, кез-келген сызық атаулының бәрі қытай жазуының пішінін жасай алмайды. Себебі қытай иероглифтерінің саны соншалықты көп болғанмен, ол өз пішінің келтіре алатын бірнеше түрлі сызықтан құрам табады. Яғни олар: нүкте, көлденең сызық, тік сызық, оң көлбеу, сол көлбеу, теріс көлбеу, сындықты ілмек секілді сегіз сызықтың қатысуымен жасалады. Әрине олардың қатысуымен болғанда, белгілі сан, тәртіп талабы болады. Демек, белгілі бір стандартты қытай иероглифі мәлім сандағы сызықтардан құрылады. Мысалы, төрт сызықтан, бес сызықтан, алты сызықтан, жеті сызықтан құралады. Егер осы иероглифтерде бір сызық кем немесе артық болса, ол ендігі жерде басқа иероглифке өзгереді немесе қате болып шығады. Сызықтарды кемейту иә молайту жолымен жазылған иероглифтер "дұрыс" иероглифтер болып есептелмейді.
Себебі иероглиф құрамындағы сызықтар санын дұрыс жазып, дұрыс санай білу – қытай жазуын үйренуге, сөздік ақтаруға және пайдалануға аса зор септігін тигізеді. Егер сызықтар санын жазғанда, үйренгенде мән бермесеңіз, қытай жазуын үйрену, игеру барысында көптеген қиыншылықтарға кезігумен бірге, өмірі қолтаңбаңыздың көркі кірмей, әрі тез жаза алмай қаласыз.
2.Сызық тәртібі.
Қытай иероглифтеріндегі сызықтардың жазған кездегі рет тәртібі –сызық тәртіьі деп аталады. Қытай жазулары құрамындағы сызықтардың рет тәртібі негізінен : әуелі көлденең сызық, сосын тік сызық, әуелі оң көлбеу, сосын сол көлбеу, әуелі үсті, сосын асты, әуелі сол жағы, сосын оң жағы, әуелі сырты, сосын іші, әуелі ортасы сосын екі шеті деген принциптер аралас қолданылады.
3.Иероглиф кілті.
Қытай иероглифтері көп жағдайда екі немесе одан да көп басты бөліктерден құралады. Осы басты бөліктердің шешуші рөл атқарып тұрған біреуі иероглифтің кілті деп аталады. Қытай иероглифтері ерекше көп болғанымен, иероглиф кілттерінің саны шектеулі. Сондықтан оны түгелімен игеріп алудың аса қиындығы жоқ. Ал оны игеріп алған кісіге қытай иероглифтерін жаттап, жазудың, танымайтын иероглифтері сөздіктен іздеп табудың жолдары жеңілдей түседі. Қытай иероглифтерінің кілттері бағзы дәуірлерде өз алдына дербес иероглифтер болатын. Кейбіреулері қазір де сондай. Ал кейбіреулері дербес әріптік қасиетін жойған.
Қытай жазуының даму барысы.
Қытай жазуының өзінің өмірге келген кезінен бастап бүгінге дейінгі ұзақ даму тарихы барысында сан түрлі өзгеріске, реформаға кез болды. Яғни ол өз дамуы барысында тұлғалық, пішіндік жақтан талай-талай ауқымды кезеңдерді басынан өткерді. Қытай иероглифтерінің ондай даму барысын, осы тілдің маманы профессор Хуаң- Божуң мынадай сегіз түрге бөліп түсіндіреді: "Джия- Гууын, Зиң- Уың, Да чуан, Сияучуан, Лишу, КайШу, Цаушу, Сиңшу ". Біз де осы пікірді қуаттай отырып, аталған даму кездеріне қысқаша жеке-жеке тоқталып өтпекпіз.
Джия-Гууын
Бұл Инь-Шаң дәуірінде қолданылған жазу. Аталған жазу өту кезеңінде тасбақа сауыты мен малдың сүйегіне жазылғандықтан Джия-Гууын деп аталып кеткен. Шын келгенде бұл жазу, адамдардың арнайы ойлап тапқан тілдің таңбасы емес, бақсы-балгерлердің балнамасының сорабы еді. Себебі Инь дәуірінің билеушілері арасында сол кезде аруаққа сыйыну діні бел алып тұрған болатын. Олар белгілі бір жағдайға тап болса-ақ "жауырыншыларға" бал аштырып, алғы күнді болжатып отыратын болған. Сондықтан, Джия-Гууын жазуын кейбіреулер "жауырыншы сөзі" деп те атайды. Джия-Гууынның сурет-бейнелік сипаты басымдау екені байқалады. Қазір ғылымда оқылған мыңнан астам иероглифтердің бейнелік және идеографиялық таңбалар саны оның алпыс пайыздайын құрайды екен. Ең азы идеофонографиялық жазулар. Демек бұл жазу түрі өте алғашқы дәуірге тән болғандықтан, оның бейнелік сипаты басымдау соғатынында күмәнсіз еді.
Зиңуын
Ерте заманда қытайлар мысты "зиң" деп атаған. Сондықтан да болар, мыс-жез ыдыстардың ернеуіне балқытып немесе ойып жазған жазуларды жұрт Зиңуын деп атап кетті. Негізінде бұл жазу сол замандағы қазан-құмыра секілді көптеп ұшырасатындықтан, оны "джуң-диң уын" деп айтушылар да бар. Зиңуынның ең алғашқы үлгілері Инь-Шаң кезеңіне тән қазбалардан кезігеді. Онда пішіні Джия-Гууынге ұқсайтын бір немесе бірнеше иероглифтер ғана ұшырасып қалады. Ал батыс Джоу кезіне келгенде әріптер саны көбейіп, пішіндері де айқындала түсті. Яғни бұл кезеңдегі жазулардың ерекшелігі – сызықтардың жуандап, әрі күрделеніп сопақша келген әріп пішінінің тұрақтана түсуінде еді. Батыс Джоудың соңғы кезеңіне келгенде, "Зиңуын" жазуы бейнеліктен таңбалы пішінге ойысып, түрі де шаршылана бастады. Дей тұрғанмен, иероглифтер тым тұрақты емес еді. Яғни бір сөзді біресе олай, біресе олай, біресе былай жазудан туындап жататын проблемалар жеткілікті болатын. Бұл әрине Зиңуын жазуына бүгіннің көзімен қарағандағы пікір. Ал сол заманда Зиңуын жазуы Джия-Гууынмен салыстырғанда көптеген алға басарлығымен, жүйелілігімен ерекшеленетін.
Да чуан
Бұл Қытайдың Чун-Чюу жауласқан бектіктер кезеңінде Цин (алғашқы) елінің негізгі жазуы болатын.
Да чуан жазуы - Зиңуын жазуының негізінде өмірге келген иероглифтер типі. Зиңуынге қарағанда бұл жазудың реттілігі жоғары , құралымыда жүйелі, сүйегі дана-дана болатын. Дегенмен, бұл жазу да тілдің дамуына ілесе алмады. Сөйтіп әрі қарай заман талабына сай жазудың болуы күн тәртібіне өткір қойыла бастап еді.
Сияу чуан
Жоғарыда баяндалған Да чуан жазуының негізінде бір шама жүйеге келтірілген, не дәір дамыған бір түрлі жазу үлгісі өмірге келді. Бұл Сияу ÷ уаң жазуы деп аталды. Бұл жазудың өмірге келуіне жоғарыда баяндалған жазу үлгілерінің мешеулігінен тыс, сол кездегі бет-бетімен жүрген бектіктерді Цин-Шихуаңның біріктіріп, бір ел етуіде себеп болды. Олай дейтініміз бұрын әр бектіктің меншікті жазу үлгісі болып келген еді. Цин-Шихуаң олардың басын қосып, бір бүтін ел құрғаннан кейін, ол бірінші жұмысын ортақ бір жазуға көшіруден бастады. Сондай алға басар ұмтылыстың әсерінде Сияу чуан жазуы дүниеге келді. Алайда оның ғұмыры аса ұзақ бола қоймады. Яғни хань дәуіріне келгенде ол пайдаланудан мүлде қалып койды. Сияу чуан жазуының ерекшелігіне келсек, ол бұрынғы жазулардан гөрі ретті, қарапайым, пішіні тұрақты бола түсті.
Ли шу
Қытай жазуының жоғарыдағы түрлері секілді, Ли шу жазуы да, алдындағы Сияу чуан жазуын басшылыққа ала отырып, келгені белгілі. Ли шу алғашқы Цин кезінде пайда болды. Оны қарапайым бұқара жазуы деп есептеп жүрді. Себебі Сияу чуан жазуы ресми жазу деп танылған, ал Ли шу бейресми жазуы деп қаралатын.
Ли шу жазуы-өзінен бұрынғы жазу үлгілеріне өзгеше жаңалық болды. Ол-Сияу чуан жазуының имектеліп, дөңгеленіп келетін тік бұрыштарға өзгертті. Тек осы өзгерістің өзі ақ жазуға өзгеше қолайлық алып келгені белгілі. Ал хань дәуіріне келгенде, Ли шу жазуы әр жүйелілене түсті, әрі ырықты орынға ығыса бастады. Демек бұл екі ситуация бір-бірін толықтап, бір-бірі үшін қызмет ете бастап еді. Яғни жазудың жүйеліленуі оның нақты орынға шығуына жағдай жасаса, жазудың қоғамдық орынға шығуы оның жүйелілене түсуіне мұрындық болды. Мысалы, бұрынғы жазу үлгілерінде асты-үстіне қабаттаса-қосылып қосылатын қосар әріптер Ли шу әдісі бойынша біреу негізгі бөлікке, біреуі кілтке өзгертілді. Кейбір кілттер ықшамдалды. Кейбір айқыш -ұйқыш сызықтар реттелді. Міне осылайша, Ли шу жазуы қытай жазуы тарихындағы ұлы бет бұрыс жасаған жазу болды. Демек осы жазу үлгісінен кейін қытай жазуының болмыс-бітімі орныға бастады.
Кай шу
Қытай тілінде «кай» деген сөз «үлгі, өнеге» деген мағыналарды білдіреді. Сондықтанда болар, кейде бұл жазуды нағыз жазу, ресми жазу деп те атайды. Кай шу жазуы хань дәуірінің соңғы кезінде бел ала бастады да, Уый-Зиң дәуіріне келгенде Ли шудың орнын заңды түрде иеленіп үлгерді. Алайда ол Ли шуды мүлде керексіз етіп тастаған жоқ, керісінше Ли шудың ең озық, аса жуйелі тұстарын өзіне сіңіріп, айқын да қарапайым , әдемі де жүйелі бола түскен Кай шу жазуы қысқа уақыттың ішінде ақ ресми жазу болып шыға келді. Кай шу жазуының дүниеге келуі-қытай жазуының қалыптасу тарихының аяқталғандығын аңғартады. Ол жазу-өзі пайда болғаннан бүгін ге дейін пайдаланылып отырғандықтан, қытай жазу үлгілері ішіндегі тарихы ең ұзын жазу үлгісі болып есептеледі. Кай шу жазуы ішінде сызығы күрделі, әр түрлі оқылатын немесе әр түрлі жазылатын иероглифтер әр кезеңнің өз реформасынан өтіп, жүйеленіп отырды. Осы реформалардың да Кай шу жазуы тағдырына игі ықпал еткенін айта кету керек.
Бұлардан тыс қытай жазуының жазбаша жазу үлгісі деп есептелетін екі түрі бар. Оның бірі Цау шу , енді бірі Сиң шу деп аталады.Бұл екі үлгінің екеуіде қытай жазуын ілгері дамыту тұрғысынан емес, мына жақтардан игі қызмет көрсетуді басты мақсат тұтты. Ең бірінші қытай жазуын қолмен жазғанда қалай тез жазуға болады? Деген мәселені шешуге көмектеседі. Екіншіден, «хаткерлік» қытай мәдениетінде өзіндік орны бар үлкен өнер есептеледі. Сол өнерді қалай игеріп, қалай игіліктену керек? Деген мәселені дұрыс шешуге көмектеседі.