Сыртқы құрылғылардың жұмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 19:19, курсовая работа

Краткое описание

Сыртқы құрылғылар негізгі жұмысы – ЭЕМ – ге қоршаған ортадан программа және өңдеуге арналған мәліметтердің енуін қамтамасыз ету, сондай – ақ ЭЕМ жұмыс нәтижесін көрсету, жұмыс нәтижесін адам қабылдай алатындай немесе басқа ЭЕМ – ге жібере алатындай және жылдам басқа формада көрсету. Сыртқы құрылғылар аса көп мөлшерде ЭЕМ – ді қолдану жағдайларын анықтайды.
Сыртқы құрылғылар ЭЕМ сыртқы сақтау жадтарын атқарады, олар ақпаратты одан әрі сақтауға және қолдануға, кіріп – шығу құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, машина, жадымен ақпаратты тасылымдаушы арасындағы ақпарат алмасуды немесе басқа ЭЕМ – дер мен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

Содержание работы

Кіріспе:
1.1) Сыртқы құрылғылардың жұмысы .............................................. 3
2. Ақпартты енгізу құрылғысы
2.1) Пернетақта .................................................................................... 5
2.2.) Тышқан......................................................................................... 16
2.3) Сканер ........................................................................................... 17
2.4) Модем және факс – модем........................................................... 19
2.5) CD – ROM .................................................................................... 22
2.6) DVD – ROM ................................................................................. 23
3. Есте сақтау құрылғылары:
3.1) Иілгіш магниттік дискілер жинақтауыштар............................ 25
3.2) Қатты магниттік дискілер жинақтауышы ...............................28
4. Аудио ............................................................................................................33
5. Қорытынды ................................................................................................. 35
6. Әдебиеттер .................................................................................................. 36

Содержимое работы - 1 файл

Переферийные устройства.doc

— 1.20 Мб (Скачать файл)

             

2.4 Модемдер және факс-модемдер.

              Модем – телефон желілері арқылы компьютерден басқа компьютермен байланысын табатын арнайы құрылғы.

              Факс-модем – бұл модем түрлі, факс хаттарын (сообщение) қабылдау және жіберуге арналған. Өздерінің сыртқы келбетіне арқылы және модемдерді оранастыруына байланысты сыртқы және ішкі болады.

              Ішкі модемдер электронда плата тәрізді, тікелей компьютер ішінде орналасқан, ал сыртқы модем бұл автоматты құрылғы бір портқа қосылады. Сыртқы модем ішкіге қарағанда қымбаттырақ тұрады. Сыртқы бейнесі (индикатор, дыбысты реттеуші) және жеңілдігі қолданушыларды тартады. 

              Модем жұмысының негізгі параметрі – мәлімет ауыстыру жылдамдығы. Ол bps – пен өлшенді (секундтағы вит) және шығарушы- фирмамен 2400, 9600, 14400, 16800,19200 немесе 28800 bps пен енгізіледі.

         Кейбір кездерде секіріп кеткен модемдерді (300 және 1200 bps) кездестіруге болады, алайда олар қолданыстан шығып кеткен. Қазргі таңда ең жақсы модем болып 14400 bps жылдамдығындағы модем болып есептеледі. (1 мв минутына) оны орташа есеппен $ 150 сатып алуға болады.

         Сондай-ақ қазіргі модемдер қателерді түзеуге және құжаттарды қысқартуға арналған. Алғашқы режимі қосымша сигналдар және олар арқылы желінің екі шетіндегі ақпараттарды лақтыру, ал екінші режимі ақпаратты қысу арқылы оны тез, әрі сапалы жіберу және оны қайта жаңа модемде құрады.

         Жіберуші фирмалардың бірі – «Hayes Microcomputer Product» фирмасы модем командалары үшін стандарт қабылдадыда, АТ командаларын (олардың көмегімен қолданушы атқарылып жатқан жұмыстарды модемде реттей алады) қосып алды. Бүгінгі таңда Hayes стандарттарымен әлемдік фирмалар қолданады, әлемдік фирмалар қолданады, әлемнің ең жақсы модемдері Hayes модемдері болып табылады .

         Әлемдік модемдер нарығында 2 фирмалар: ZyXEL және  US Robatics жетекшілік етеді.

Олар ең тез және сапалы модемдерді және факс- модемдерді шығарады.Өте бағалы  және қазіргі заманға сай ZyXEL модемдері дыбыстарды ойнату, сандық режиміндегі мәліметтерді сығу, яғни оларды автожауапшы ретінде қолдануды ұсынады. Және сондай-ақ кейбір ZyXEL U – 1496 және US Robotics Courier модемдері тел/ақпарат, енгізілген тест және т.б. функцияларды атқарады. ZyXEL ең бағалы қасиеттерінің бірі – таңдау әртүрлілігі, бірақ ол рның бағасын аса мөлшерде көбейтеді ($ 1250 дейін), ал US модемдері – сенімділігі өте арзан бағада ($ 200 дейін).

              Аяққы жылдарда модемдерге және факс – модемдерге сұраныс аса көбейді, себебі модем әр компьютер алдындағы адамға керек. Модемдер өте тез бір компьютерден екінші компьютерге құжаттарды жіберу және электрондық пошталар арқылы байланысу, сондай-ақ әлемді желілерге (Internet және т.б.) қосылу үшін өте қолайлы.

 

Факс – модемдік тақшалар.

Ақырғы уақытта нарықта көптеген факсимальдік және факсмодемдік                                                         тақшалар пайда болады. Егер сіз бұл тақшаны өз компьютерге қоссыңыз, онда сіз факсимальді аппаратты аласыз. Бұл тақшалар көмегімен сіз факсты кез – келген фаусимальдық аппаратқа немесе дүние жүзілік кез – келген факс – модемдік тақшаға бере аласыз.

              Факс – модемдік тақшаларды жай модемдер сияқты сияқты қолдануға болады.

              Факс – модемдердің программалық қамтамасыз етілуі, мәліметті кез келген форматтан факсимильдік аппарат форматына түрлендіреді. Мысалы, Quick Link II Fax  программасы факсмашиналарға факс модемге келесі мәліметті беруі: текст, IIFF форматтағы файлдар, IMG, GEM Artline немесе Ventura Pablisher  BMP MS Windows – тан,  CUT Dr. Halo –дан,  PCX Paintbrush – тан.

Кейбір модемдердің дыбыстық хат жіберу мүмкіншіліктері болады. Олар дыбыстық сигналды АЦТ және ЦАТ түрлендіргіштері көмегімен түрлендіру арқылы жасайды.

Қазіргі компьютерлік әлем сыртқы құрылғылар интерфейсінің барлық түрінен қоштасып, тек  USB ғана қалды.Бұл түсінікті жағдай, себебі  USB құрылғысын орнатып, қосу өте оңай. Қазіргі өмірдің стилі өз шарттарын қояды. Электрондық хат алмасулар, интернет конференцияларға қатысу, тағы басқа күнделікті өміріңізге кірген. Бұл үшін интернет керек. Үй жағдайында желіні қосу үшін модемді қолданамыз. Қазір нарықта USB – ге қосылатын модемдер қолданылады. COM және LPT порттары жаңа компьюьтерлер конструкциясында қолданыстан шыққан. USB – ге қосылатын құрылғылар несімен жақсы?  Ең негізгі бұл – шнур қоректендіргішінің болмауы.  Шнурлар неғұрлым аз болсма, соғұрлым сенімді жұмыс, және де удлинительдегі және қабырғадағы розеткаға экономды болады. Бұндай модемдердің қасиеттері осы. Бірақ нарықта жаңа құрылғылар пайда болса, олармен неге таныспасақ.

Кішкентай корпустағы кішкентай проблемалар. Біріншіден бұл интернет – “коннктор” өзінің өлшемдерімен таңғалдырады – ол алақанымызға сияды. Және ешқандай басқару органдары жоқ. Сондықтан егер D – Link DU – 562M жұиыс істемей қалса, оны   USB – шнурынан ағытып, қайта жүктеуге болады. Бірақ бұл проблемалық мәселе, себебі бұнда йшаралар порттың захватына әкеп соғады, сондықтан бұндайды компьютерді өшіріп – қосу арқылы түзетеміз. Бұл құрылғының тағы бір кемшілігі, онда телефондық разъем үшін, теелфонды паралельді қосу үшін, қосымша розетканы қолдануымызға керек. Кедергілерді өлшеу арқылы біз, модемнің өшкен жағдайында оның телефондық кіріспен ажыратылатынын көреміз. Сондықтан модемді әрқашан желіге қосып ұстау керек емес. Бұл құрылғыны қабыраға, кішкене шасси көмегімен орнатып қою қарастырылған  DU – 562 M – нің өнімділігі практикалық түрде өлшенген. Бұл үшін жүйеге қатынас етуді беретін ftp провайдерінің файылын орнаттық. Бұл модем тұрақты қосылуды қамтамасыз етеді, бірақ ол линияның бос па жоқ па екенін анықтай алмайды. Құрылғымен бірге жүретін ең жақсы утили бұл - Classic Phone Tools – ол факс – модем көмегімен факсимальдік хабарламаларды қабылдап отыр, беруге мүмкіншілік береді. Программаның жұмысын еш кедергілер тудырмады , бірақ бір кемшілігі – бұл жай қарапайым интерфейс емес, және  русификациялау мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан программаны қамту үшін көп уақыт және жұмыс кетеді.

 

2.5 CD – ROM

              Жұмыс істеу принципі. Бұл дисковод қарапайым дисководтардың жұмысын еске түсіреді. Оптикалық диск беті (CD – ROM) лазері басы арқылы үнемі жылдамдықпен жылжып отырады. Лазер сәулесі катушка көмегімен жолақшағы бағытталады. Сәуле пластик қабатынан өтіп алюминий қабатынан шағылып дискі бетәне түседі. Лазер сәулесі детекторға шағылып призмадан өтеді де, сәуле жарыққа сезімтал диодқа өтеді. Егер сәуле шұңқырға түссе ол шашырап, тек кішкене ғана белгілі жарыққа сезімтал диодқа түседі. Диодте жарық импульстері электрге көшеді, жарық сәулелері нөлдікке, ал әлсіздері – бірліктерге көшеді. Сол себептен шұңғылар дисководтар үшін логикалық нөлдер, ал майда беті логикалық бірліктер ретінде қабылданады.

              CD – ROM шығарылуы: бірақ уақыт аралығындағы ақпарат тасымалдау ағымының жылдамдығы оның жылдамдық сипаттамасы бойынша анықталады. 

              Дисководтардың бір-, екі-, үш-, төрт-, бес-, алты- және сегіз жылдамдықты болады да, ақпарат оқуды 150, 300, 450, 600, 750, 900, 1200 кбайт/с жылдамдықта болады.

              Қазіргі кезде ең көп тараған бұл екі немесе төрт жылдамдықты дисководтар. Төртемелік жылдамдықтағы дисвководтар өте жоғары өңдеумен, бірақ, дисководтың ең бағалы қасиетін екіеселік дисковод көмегімен анықтау дұрыс емес. Ең алдымен ол қай операциялық жүйеде және қай жұмысты атқарып жатқанына байланысты. CD – ROM дисководына кіру жоғары интенсивтілігі және аз мөлшердегі ақпаратты оқу импульсті оқу жылдамдығ маңызды. Мысалы: Info World журналының ақпараты бойынша төрт еселік жылдамдықтағы дисковод, екіесе үлкейтілген дисководқа қарағанда, анықтау базасына кіргенде жылдамдығы екіесе үокейді. Қарапаым көшірме алуда табыс 10% - 30% дейін өседі. Бірақ ең көп мөлшердегі табыс толық форматты видеомен жұмыс істеу кезінде болады. Дисковод өңдемесін үдету үшін оларға буферлі жад енгізеді. (КЭМ стандартты көлемі 64, 128, 256, 512, 2024 кбайт). Дисковод буфері қысқа мерзімге сақтауға арналған жад түрінде болады. Осында буферлеу дисководтан процессорге ақпаратты аздап жіберу үшін қолайлы, оның үнемі үзбей ақпарат тасымалдауы өте ыңғайсыз. Мысалы: МРС стандарты бойынша екееселенген жылдамдықтағы CD – ROM ЦГ ресурсының 60% көлемін ғана алу керек. Sup буфер өте тез толып кетсе, одан ақпаратты алу қиынға түседі. Жады өте баяу толатын буфер үнемі процессордың көңіліне талап етеді. Бұл өте ыңғайсыз.

             

2.6 DVD – ROM

              DVD – ROM тәрізді оптикалық дискілер. Қазір 17 гигабайтты алмастыратын жаңа сандық видео үшін құрылғылар әзірленуде. CD – ROM қарапайым дискіер дыбысты жазуға арналған  дискілер, компьютер үшін қолайсыз деген сухбаттар, 8 желтоқсан 1995 жылы

CD – ROM шығарудағы ірі өндірушілер DVD дискілерін бүкіл әлемге танытты (Digital Video disc), MD CD (High Den sity CD), MMCD (Multi Media CD), SD (Super Density). Бірақ жаңа диск туралы дауластар ірі басылған жоқ.

                                                       

Ақпараттық құрылғы.

              DVD бірнеше модификациялауда болуы мүмкін. Ең қарапайымы  дискіден тек беткі қабатының шағылу беті толығымен орналаспағанына байланысты ерекшеленеді (1,2мм) поликарбонат қабаты (0,6мм). Екінші жартысы бұл – жоғары майда қабаты. Бұл диск сиымдылығы 4,7 ГБ және £ сағаттан астам теледидарлы көріністі қамтамасыз етеді. (МРEG-2 компрессиясы) және аса күшсіз қосымша жоғары сапалы стерео-дыбыс сақталуы мүмкін. Егер дискінің 2 бетінде де информация болса, онда сиымдылығы 8,5 ГБ болады. Toshiba және Time Warner екі жақты үш қабатты дискінә ұсынады. Оның сиямдылығы 17ГБ болады.

              Бұл мінездемеге қарап – ақ бұл DVD дискінің видео және кино индустриясына әсерін білуге болады. Сандық жүйелері көшірме кезінде дыбысты бұзбайды сол үшін көшірме жасау ыңғайлы болды. DVD дискісі 2 сағаттан көп видео көрсетуі мүмкін. Бұл тек қана бір қабатты диск. Ал екі қабатты диск 8,5 Гб. Диск қалайша өз сиымдылығын мезде өзгертеді. Жауап қайтару үшін DVD мен CD – ROM –ды салыстырайық. Ең басты ерекшелігі жоғары көшіру тығыздығында.

              Аталмаған қасиеттерінің бірі ақпарат алмасу жылдамдығы – 1108 кб/с, үнемі сызықтық жылдамдықты сақтап тұрады (CHV – Constant hineal velocity) 4м/с. Бірақ сонымен атар кемшілігінің бірі сиымдылығы көп болғанымен таза және қатесіз де ақпараттар азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Есте сақтау құрылғылары.

Иілгіш дискілер (дискеттер) бір комьютерден екіншісіне құжаттарды алмастыру, ақпартаарды сақтау, архивті көшірме жасау, қатты дискіден көшірме жасау үшін арналған.

 

3.1 Иілгіш магниттік дискілердегі жинақтауыштар.

Иілгіш магниттік дискілердегі жинақтауыштар (дискеталар, флоппи - дискілер) мәліметті бір компьютерден  екінші компьютерге  тасымалдауға, мәліметтерді сақтауға мүмкіншілік береді. Оның негізгі жаманшылағы аз сиымдылығы, аз сиымдылығы  (1,44 Мбайт қана) және мәліметтерді сенімді сақтай алмайды. Бірық тек осы бір тәсіл ғана  көптеген қолданушыларға  мәліметті бір компьютерден екінші компьютерге  тасымалдауға мүмкіншілік береді. Қазіргі жылдардағы компьютерлерде 3,5’’ дюймдік дикеттер үшін дисководтар құрылады. Бұрын 5,25 дюймдік жинақтауыштар қолданылатын. Олар өздерінің өлшемдеріне қарамастан, сиымдылықтары аз және сенімділік дәрежесі төмен. Дискеттердің  екі түрлерінде  де,  жазудан қорғайтын жылжымалы ілгек бар. Ойықтың үстіндегі жылжымалы ілгекті  жоғары – төмен қозғай отырып мәліметтерді жызуға немесе жаздырмауға болады.

Соңғы уақыттарда  альтернативті құрылғылар пайда болды: сыртқы дисководтар, олардың сиымдылықтары  1,5 Гбайтқа дейін, болады және  флоппи дискілерге қарағанда  оқу жылдамдықтары өте жоғары,  бірақ олар арзан емес және аз қолданылады.

Алынып – салынбалы  магниттік дискілердегі жинақтауыштар (флоппи). Флоппи – дискілер пластикалық негізді  және арнайы пластикалық қорапта орналасқан.  Флоппи диск FDD – дағы флоппи диск орабымен бірге салынады. FDD- дағы  флоппи диск қорабының ішінде 300 айналым/минутына  жылдамдықпен айналады. Қазіргі кезде  IBM PC – де FDD – ның  2 типі қолданылады: 5,25’’ және 3.25”. 5,25’’ дискета  иілгіш пластикалық қорапқа  орналасқан, ал 3,25” дюймдік дискета  қатты пластикалық қорапта орналасқан. HDD құрылғылары FDD – ға қарағанда  өте тез жылдамдықпен жұмыс істейді.

Дискета немесе иілгіш диск – мәліметті сақтауға , тасымалдауға арналған, компактті, аз жылдамдықты , аз сиымдылықты  құоылғы.  Дискеттерді  өлшеміне байланысты  екіге бөлеміз: 3,5”,  5,25”,  8” (ақырғы екі тип қолданыстан шыққан)

Дискета бұл – иілгіш диск. Ол магниттік  қабатпен қапталған және қорапқа салынған. Дискетада  привод шпиліне  арналған арнайы ойығы бар, яғни оқу жазу голоакалары қатынасы үшін қораптағы ойық. (3,5” дискеттерде темір пердемен жабылған). Сонымен қатар 5,52” дискеттерде  индекстік ойығы бар, егер ойық жабық болса дискета жазудан сақталған. 3,5” дискеталарында  керісінше  - егер ойық ашық болса дискета жазудан сақталған. Қазіргі уақыттарда практикалық түрде  тек 3,5” дискеттер ғана қолданылады.

Дискеталар үшін келесі белгілер қолданылады:

                              SS Single Side - бір жақты  диск (бір жұмыс қабаты)

                              DS Double Side - екі жақты диск

                              SD Single Density - бірлік тығыздық

                              DD Double Density - екілік тығыздық

                              HD High Density - жоғарғы тығыздық

              Иілгіш дикілердегі жинақтауыштар  принциптік түрде  қатты дискілердегі жинақтауыштарға ұқсас. Иілгіш магниттік дискілер  айналуының жылдамдығы  он ретке ақырын ал головкалар дискінің  бетіне тиіп тұрады.Негізінен дискетадағы  логикалықжәне физикалық мәлімет  құрылымы қатты дискілердегідей. Логикалық құрылым көзқарасы бойынша  дискетада, дискіні бөлукестесі жоқ

ИТілгіш магниттік  дискілер жинақтауыштарының  контроллерлер жұмысын  жеке, байтты  оқу және жазу режимдерінде қарастырған ыңғайлы.

              Жазу  режимі линияның  төмен деігейімен қосылады . РС0 (14  DD1шығыс). Бұл кезде ИМДЖ «Запись» режиміне ауысады (WRDATA сигналы активиі болады).Жазылатын байт  А портына енгізіледі және оның сегіз разрядты коды  көпфункционалды DD2  кірісіне түседі. Осы регистірдің жұмыс режимін   биттік санауыш DD9 және DD10 дешифраторы басқарады.  Алдыңғы байтты жазу біткен соң, оның барлық шығыстарында  логикалық ноль сигналдары болады. Кіріс сигналдарының осындай жағдайларында  DD10 дешифраторы  7 шығысында логмикалық ноль сигналын  формалайды, ол  DD17.1 элементіндегі 2 шығысында   төмен деігеймен  паралельді кодты  DD2 регистіріне  жазуды рұқсат етеді. Санауыштың басқа бір жағдайларында регистір жылжу режиміне ауысады.

Информация о работе Сыртқы құрылғылардың жұмысы