Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Құрамында орын алып отырған ережелердің маңыздылығы  бойынша жалпы көп жақты шарттар  даусыз түрде халықаралық құқық ең маңызды нормаларды құрастырудың негізгі әдісі ретінде құқық шығармашылық процесінің “жүрегі” болып табылады.53

       Қазіргі таңда көп жағдайда қалыптасқан  тенденция байқалып отыр – органдардың  құзырына және тұрақты сипатына байланысты халықаралық ұйымдардың көбісі өзінің құрылу процедурасын қысқартты.54

       Жүйе  аралық ұйымдардың құқық шығармашылық қызметі көмекші органдардың  қалыптастырылған жүйесі болмай өз қызметін жүзеге асыра алмайды. Әдетте доктринада құқық шығармашылық органдардың  тұрақты (яғни тұрақты сипатына ие) және уақытша (кодификация және баптар не конвенциялардың жобасын дайындау бойынша нақты мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылатын) түрлері бөліп қарастырылады.55

       Әрине, ең дамыған және күрделі құқық  шығармашылық аппаратына ие халықаралық  ұйым БҰҰ болып табылады. Алғашқы ретте міндетті түрде БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясын атап көрсету керек. Осы аталған орган қызметінің негізгі нысаны – келісім баптарының жобасын құрастыру, кейін олардың негізінде көп жақты конвенциялар қабылданады. Көрсетілген органның функциясы нақты БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясы туралы ереженің 15-бабында бекітілген, яғни халықаралық құқықпен әлі реттелмеген немесе жеке мемлекеттердің тәжірибесінде құқық саласында толық реттелмей қалған мәселелер бойынша конвенцияларды дайындау қызметі. Бірақ іс жүзінде не тәжірибеде Комиссия кодификация мен прогрессивті дамыту арасында методологиялық айырмашылықты жасамайды, яғни осы екі құбылысты ортақ кодификациялық процесінің құрамдас бөліктері ретінде қарастыруда.

       БҰҰ-ның  халықаралық құқық Комиссиясының қызметі мен жұмыстың ұйымдастырушылық мәселесі Ресей және басқа да шет ел әдебиеттерде терең зерттелген болатын. Мәселен: Кожевников Ф.И., Кривчикова Э.С. Комиссия международного права ООН: функции и деятельность. М.: Международные отношения, 1977; Rosenne Sb. The International Law Commission 1949-1959. – The British Yearbook of International Law. Vol. 136. 1960. Oxford, 1961. Жеке тоқталып қарастыруды қажет ететін мәселе халықаралық құқықты кодификациялау бойынша белгілі бір конвенцияларды құрастыру бастамасына және құқық шығармашылық үшін даулы мәселені таңдауға деген құқығы.

       Қарастыруға және реттелуіне жататын тақырыпты  не мәселені таңдау кезеңі құқық шығармашылық өте маңызды процесс болып  табылады. “Құқық шығармашылығының пәні ретінде белгілі бір қоғамдық қатынастарды таңдап алу мәселесі күрделі мәселелерінің бірі деп те атауға болады. Құқық шығармашылық үшін қарым-қатынастарын таңдау мәселесі жеке зерттеу ізденістің заты ретінде қарастырылуда, осы ізденістің нәтижесінде орын алып отырған объективті шарттар, қажеттіліктер мен мақсаттарға сәйкес құқықтық реттелуге жататын көптеген байланыстар ішінде ең маңыздылары бөлінеді... Бірақ, кейбір жағдайда реттелуді көздейтін қарым-қатынастың қажеттілігін оны жеке зерттеген кезінде ғана көруге болады...”56

       Осы мәселенің нақты түрде тікелей  халықаралық құқық үшін маңыздылығы  өте зор. Ол бірден толығымен жүйелендіруге  немесе кодификациялауға жатпау тиіс, себебі кодификациялануы тиіс салалар, институттар және тақырыптарды анықтау  мәселесі бүгінгі кодификациялау тәртібінің роліне маңызды әсер тигізетін мәніне ие, жалпы кодификациялау процесінің бастапқы кезеңі болып табылады.57

       Сонымен, БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясы кодификация үшін тақырыпты өз бетінше  таңдай ала ма? Ереже жиынтығының 13-тармағына сәйкес:

  1. Халықаралық құқықтың барлық салалар көлемінен Комиссия кодификация жүргізу керек деп санайтын мәселелерді белгілейді...;
  2. Комиссия аталған мәселе бойынша қажеттілігі мол деген шешім қабылдаған кезінде аталған мәселе бойынша Бас Ассамблеяға рекомендация береді;
  3. Бас Ассамблеясымен ұсынылған мәселелер ауқымы Комиссиямен бірінші ретте қарастырылады.

       Былай қарағанда Комиссия тікелей құқық  шығармашылық бастамаға құқық берілген. Бірақ мән беретін болсақ халықаралық  құқық Комиссиясы құқық шығармашылық бастамаға ие емес, ал Бас Ассамблеясымен расталуына жататын ұсыныстар беру мүмкіндігі туралы айтқаны дұрыс. А.П. Мовчан сөзін осы жерде атап көрсетуге болады: “...халықаралық құқық Комиссияға берілген құқыққа қарамастан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы әр қашанда осындай ұсыныстарды бекітуі тиіс. Нақты бір мәселе бойынша Бас Ассамблеясының шешімі (мәселен, Комиссия баяндамасын қолдау, оны есепке алу, жоспарын белгілі бір өзгертулермен бекіту және т.б.) болмай Комиссия жұмыстың мәні бойынша, кодификацияға және прогрессивті дамыту үшін қызмет ете алмайды...”58 Осыдан шығатын қорытынды – халықаралық құқық Комиссиясы жүйелендіретін конвенцияларды дамытуға ұсыныс жасауға құқылы, ал БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы салада құқық шығармашылық бастамаға ие.

       Көптеген  халықаралық ұйымдарда халықаралық құқық Комиссиясымен қатар басқа да комитеттер конвенциялар мен келісімдерді дайындау процесіне қатысып отыр. Олардың арасында бас органның тұрақты комитеттерімен қатар басқа да уақытша немесе мерзімді органдар құрылуы мүмкін. БҰҰ-ның құқық шығармашылық тәжірибесі шарттық түрінде дайындалатын жеке мәселелер өз бетінше қызмет атқарып отыратын бас комитеттерінің жұмысының жеткіліксіз дамығандығын көрсетті.

       Мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясының құқық  шығармашылық тарихында тек бір  рет ғана басшы комитеті (алтыншы) өз бетінше Конвенцияның жобасын дайындады, яғни 1948 жылғы Геноцид қылмыстарын алдын алу және олар үшін жауапқа тарту туралы Конвенциясы. Бірақ тіпті осы жағдайда да аталған органның қызметі толығымен тәуелсіз болды деп те айтуға болмайды. Конвенцияның бастапқы жобасы БҰҰ-ның Секретариатымен дайындалды. Осы орган осы жобасының мәтінін мүше-мемлекеттерге көшірмесін жіберіп үлгірді. Кейін келісімнің жобасы ЭКОСОС-пен және Бас Ассамблеясымен зерттелді. ЭКОСОС-пен келген ұсыныстарды ескеріп қайта қарастырылып толтырылды. Кеңес арнайы комитетті құрды. Тек ең соңғы және қорытынды мәтіні алтыншы комитетімен үшінші сессиясында толығымен дайын болды. Осы процестің соңында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы конвенцияны қабылдады (1948 жылы 9 желтоқсан №260 /III/ резолюциясы) және ресми қол қойдыру церемониясы орын алды.59

       Нәтижесінде, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мынадай  шешім (1949 жылы 22 қазан №362 /IV/ БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясының резолюциясы) қабылдады: “өзінің сандық құрамы үлкен болуына  байланысты басты комитеттер конвенцияларды дайындау үшін толығымен бейімделмеген”. Әрине, нәтижесінде басты комитеттер толығымен құқық шығармашылық процеске қатысудан айырылған жоқ. Осы қатысудың нысаны өзгергені туралы айтуға болады. Қазіргі таңда басты комитеттер кодификация бойынша конференцияларының қызметін атқаруда. Мысалы, осы тұрпат шегінде басты комитеттердің 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы Конвенцияны қабылдау процесі жүзеге асырылды.

       Сонымен екінші тарауды қорыта келетін болсақ, халықаралық ұйымдар, оның түріне қарамастан, яғни ол халықаралық үкімет аралық немесе халықаралық үкіметтік емес ұйым болсын, қазіргі таңда қалыптасқан халықаралық құқыққа тигізетін әсері өте үлкен. Осы тарау шеңберінде, негізінде, әрине БҰҰ халықаралық ұйымының мысалында ұйымдардың ішкі тәртібін қарастырылды. Жалпы бүгінгі күнге орын алып отырған халықаралық ұйымдар санына байланысты халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы артылуда, және осы айғақты ескермеуге болмайды. Біздің ойымызша, болашақта осындай халықаралық ұйымдарды міндетті түрде халықаралық құқықтық нормаларын қалыптастыру процесіне қатыстыру керек. Осы жерде ескере кететін бір жағдай, қалай болса да халықаралық ұйымдардың көп болуына байланысты толығымен құқық нормаларын өз бетінше қабылдау мүмкіндігін бермеу керек, яғни халықаралық нормативті-құқықтық актілердің сапасына негативті әсерін тигізуі мүмкін.

       Кез келген халықаралық ұйым көлемінде  ішкі құрылымын бекітетін құжат  орын алуда. Көбінесе халықаралық үкімет аралық ұйымдарда осындай құжат  құрылтайшы актісі немесе жарлық болып отыр. Тікелей құқық шығармашылық қызметін реттейтін бөлек ережелер де қалыптасуда. Ұйым шеңберінде құрылатын арнайы органдар да осы мақсат үшін қызмет етіп отыр. Екінші тарау көлемінде, нақты айтатын болсақ “Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру қызметінің даму бағыттары” атты бөлім көлемінде осындай жеке комитеттердің құқықтық статусы және маңыздылығы жеке қарастырылды.

       Әрине, осы тақырыппен толығырақ танысқан кезінде шын мәнінде халықаралық  ұйымдардың құқық шығармашылық процесіне тигізетін әсері өте үлкен екенін байқауға болады.

       Келесі  тарау көлемінде – “Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен  рөлі мәселесінің даулы жақтары  мен проблемалары” қарастырылатын мәселелер маңыздылығы да өте үлкен. Яғни, біріншіден, мемлекет, халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде, халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесіне халықаралық ұйым арқылы қатысу мәселесі және екіншіден, Халықаралық ұйымдармен қалыптастырылған халықаралық құқық нормаларының міндетті күші мәселесі диплом жұмысымның мәнді бөліктерінің бірі болып табылады. 

3-тарау.  Халықаралық құқық  нормаларын қалыптастырудағы  халықаралық ұйымдардың  орны мен рөлі  мәселесінің даулы  жақтары мен проблемалары.

 

       Диплом  жұмысымның соңғы тарауында қарастырылатын мәселелер тақырыптың даулы аспектілеріне арналады. Осы аспектілердің ішінде біздің пікіріміз бойынша ең маңызды болып табылатын халықаралық ұйымның құрылтайшысы және негізгі қатысушысы мемлекеттің құқықтық жағдайын анықтау және оның аталған халықаралық құқық субъектілерін құрудағы мүддесін зерттеуге бағытталған. Сонымен қатар, тараудың екінші бөлігінде осы халықаралық ұйымдармен қалыптасқан халықаралық құқықтық нормалардың заң күшін біліп зерттеуге және көрсетуге ұмтыламыз.

       Жалпы тұрғыдан қарастыратын болсақ, халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы орны мен ролі мәселесінің ауқымы өте кең, бірақ көрсетілген тақырыптар жайдан жай қарастырылмаған, бүгінгі таңда олардың өзектілігі даусыз. Мәселен, осы пікірді дәлелдеу үшін тағы бір даулы жағын көрсетуге болады – 1986 жылы 21 наурыз күні қабылданған Мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар өзара арасындағы шар құқығы туралы Вена Конвенциясымен танысу арқылы белгілейміз. Қазіргі таңда орын алып отырған халықаралық ұйымдар санының үнемі өсу тенденциясы нақты айғақ. Және осы кезеңде көрсетілген конвенцияның маңыздылығы артуда. Осы күнге дейін әрекет етіп отырған 1969 жылы 23 мамыр күні қабылданған Халықаралық шарт құқығы туралы Конвенция өзінің өзектілігін жоғалтып отыр деген қорытындыға келуге болады. Бірақ қалай болса да, 1986 жылғы Вена конвенциясындағы нормалар немесе ережелер мазмұны бірдей не өте ұқсас. Әрине, осы екі құжат қалай болса да күнделікті халықаралық құқықтық күнделікті қатынастарда, яғни халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы, реттеуші қызметін үнемі жүзеге асыруда. Және бір-біріне қайшы болып екіншінің жойылуына немесе заң күшінен айырылуына әкеліп соқпауы тиіс деген пікірді есепке алмауға болмайды.

       Оған  қоса екінші мәселе – яғни халықаралық ұйымдармен қалыптасқан немесе қабылданып отырған құқық нормаларының не шарттардың заң күші, халықаралық ұйымдардың жалпы маңыздылығын дәлелдеу үшін қажет. Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Сонымен осы себептен үшінші тарау көлемінде қарастырылатын мәселелер ауқымы жоғарыдағыдай болып отыр.

    1. Мемлекет, халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде, халықаралық  құқық нормаларын қалыптастыру процесіне  халықаралық ұйым арқылы қатысу.
 

       Мемлекеттер халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне  қарамастан, теориядағы құқық субъектілеріне берілген түсінік оған да бірдей болып  келеді. Субъективті заңдық құқықтары  мен міндеттері бар халықаралық құқық қатынасы қатынасушылары халықаралық құқық субъектілері болып табылады. Олар халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен заңдық әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және тәуелсіз болады. Халықаралық құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды. Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері – тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетке ол белгі – мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда – ұлттық белгі болады. Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды. Халықаралық құқық субъектісі ретіндегі мемлекеттер үшін ерекше саяси-заңдық сипат, өз аумағындағы үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі тән. Мемлекет өз тәуелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Мемлекеттердің әрекет қабілеттілігі оның халықаралық шарттық тәжірибелерге қатысуының, дипломатиялық және елшілік қатынастарды орнату нәтижесінен, халықаралық ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді. Мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды. Мемлекет, бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса, екінші жағынан, одан тыс та дами береді. Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарының басында Албания халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып, басқа мемлекеттерімен дипломатиялық және елшілік қатынастардың бәрін тоқтатып, дербес дамуға бел байлады. Дегенмен, халықаралық құқықтың даму тарихында мемлекеттердің өз ішкі мүмкіндіктерін түгелдей тауысқан кездері сияқты мысалдар да аз емес. Халықаралық ынтымақтастықты қажет ететін объективті сұраныс туындайды. Осындай тарихи кезеңнен Албания да өтті, ол бүгінгі таңда халықаралық құқықтың тең құқылы субъектісінің бірі.

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі