Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Шарт  жасасуға құқығы. Халықаралық ұйымның шарттық құқық қабілеттілігін халықаралық құқық субъектілігінің ең басты маңызды белгілеріне жатқызуға болады, өйткені халықаралық құқық субъектінің ең маңызды белгісін оның халықаралық құқық нормаларын құрылу процесіне қатысу қабілеттілігі құрайды.

       Өзінің  құзыреттерін жүзеге асыру тәртібінде халықаралық үкіметаралық ұйымдар жария-құқықтық, жеке-құқықтық немесе аралас сипатына ие. 1986 жылғы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының нормаларына сәйкес, жалпы, кез келген ұйым халықаралық шарт жасаса алады. Мәселен, Конвенцияның преамбулада көрсетілгендей, халықаралық ұйым өзінің қызметін жүзеге асыру үшін және алдына қойған мақсаттарына жету үшін қажетті шарттарды жасасу құқық қабілеттілігіне ие. Сондай-ақ, Конвенцияның 6-бабына сәйкес халықаралық ұйымның халықаралық шарттарды жасасу құқық қабілеттілігі осы ұйымның ішкі ережелерімен реттеледі.

       Кейбір  халықаралық ұйымдардың құрылтайшы актілерінде (мысалы, НАТО, ИМО) халықаралық  шарттарды жасасу немесе оларға қатысу құзыреттері туралы ережелер қарастырылмаған. Осындай жағдайда халықаралық ұйымының күнделікті өз қызметін жүзеге асыру кезінде пайдалануы мүмкін компетенция ережесі қолданылады. Ал кейбір басқа халықаралық ұйымдардың жарғыларында нақты түрде, нысанында халықаралық шарттарды жасасуға құзыреттері бекітіледі. Осылайша, ЮНИДО халықаралық ұйымының Жарғысының 19-бабына сәйкес бас директор мекеме атынан БҰҰ жүйесіндегі басқа ұйымдарымен немесе халықаралық үкіметаралық не үкіметтік ұйымдармен құқықтық қатынастарын орнататын келісім шарттарын жасасуға құзыретті болып отыр. ИНМАРСАТ (яғни, спутник арқылы теңіз байланыстың халықаралық ұйымы) туралы Конвенцияның 25-бабы осы ұйымның мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен келісім шарттарды жасасуға құқығын белгілейді.

       1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы  туралы Вена конвенциясының 3-бабында  нақты белгіленгендей, өзінің құқықтық  табиғаты және заң күші бойынша  халықаралық ұйымдардың шарттары  халықаралық құқықтың бастапқы  субъектілері арасында жасасқан  келісімдерден ешбір айырмашылығы жоқ.

       Артықшылықтар мен иммунитеттерді иелену құқығы. Кез келген халықаралық ұйым өзінің күнделікті тәжірибе қызметін артықшылықтар мен иммунитеттерін иеленбей жүзеге асыра алмайды. Егер бір жағдайларда артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі арнайы келісімдерімен анықталса, екінші жағдайларда – ұлттық заң актілерімен белгіленеді. Бірақ қалайда, жалпы қалыптасқан халықаралық тәжірибе бойынша ұйымдардың артықшылықтар мен иммунитеттерге деген құқығы әр бір халықаралық ұйымының құрылтайшы актімен бекітіледі. Осылайша, БҰҰ Жарғысының 105-бабына сәйкес, ұйым өз қызметінің мақсаттарына жету үшін қажетті артықшылықтар мен иммунитеттерді кез келген мүше-мемлекеттің аумағында қолданады. Оған қоса, БҰҰ-ның артықшылықтар мен иммунитеттер көлемі басқа да Конвенцияларымен қарастырылған, мәселен, 1946 жылы 13 ақпан күні Нью-Йорк қаласында қабылданған Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, 1947 жылы 21 қараша күні қабылданған мамандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы БҰҰ конвенция, 1994 жылы 9 желтоқсан күні қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы персоналының қауіпсіздігі туралы конвенциясы және т.б. екі жақты және көп жақты келісім шарттары.

       Еуропа  дамыту және қайта құру банкінің мекемесі туралы Келісімнің 47-бабына сәйкес, банкінің мүлігі мен активтері, олардың орналасу жеріне және ұстаушы тұлғаға қарамастан, қарау, тәркілеу, экспроприациядан немесе атқарушы не заңдық әрекеттер арқылы алудан иммунитетке ие болып отыр. Белгілі бір халықаралық ұйымының артықшылықтар мен иммунитеттер мәселесі нақтылай ұйымның бас пәтері, кез келген мемлекетте не басқа халықаралық ұйымда өкілдіктерді құру туралы келісімдермен анықталады.

       Ескерте кететін бір жағдай, кез келген халықаралық ұйым келіп отырған  мемлекетте болғанда азаматтық құқық қатынастарға өз ерігі бойынша түскен кезінде барлық уақытта өзінің артықшылықтар мен иммунитеттерге сілтеме жасай алмайды.19

       Халықаралық құқық нормаларын орындауын қамтамасыз етуге құқығы. Халықаралық ұйымының халықаралық құқық нормаларын орындалуын  қамтамасыз ету бойынша құзыреттерге ие болуы өзінің мүше-мемлекеттеріне қатысты ұйымының тәуелсіздік сипатын растайды және де құқық субъектілігінің ең маңызды белгілерінің бірі болып табылады.

       Бірақ қалай болса да, халықаралық құқық  нормаларын орындалуын қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып халықаралық қадағалау мен жауапкершілік институттары болып отыр, соның ішінде санкцияларының қолданылуы. Қалыптасқан халықаралық-құқықтық тәжірибеде қадағалау қызметі екі әдістері арқылы жүзеге асырылады: мүше-мемлекеттердің баяндама жасау арқылы және қадағаланып отырған объектісін немесе жағдайын оқиға болған жерде зерттеу мен тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы.

       Санкциялар, яғни халықаралық ұйымдарымен қолданылуы мүмкін, екі топқа бөліп қарастыруға  болады: а) барлық немесе кез келген халықаралық ұйымымен жүзеге асырылуы мүмкін санкциялар; ә) қатаң түрде анықталған халықаралық ұйымдар тобы қолдануы мүмкін санкциялар.

       Бірінші топтағы санкциялар қатарына жатады: ұйымдағы мүшелігін тоқтата тұру; ұйым мүшелігінен шығару; мүшелікті беруден бас тарту; белгілі бір саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық қатынастарға жол бермеу немесе тыйым салу.

       Екінші  топқа жатқызылған санкцияларының қолданылуы қарастырылып отырған ұйымының жүзеге асырып отырған қызметіне және алдына қойған мақсаттарына байланысты болып отыр. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 42-бабына сәйкес, ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық қауіпсіздікті және бейбітшілікті сақтау немесе қайта құру мақсатында әуе, теңіз немесе жер үсті күштері арқылы міндетті әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін. Осындай әрекеттер қатарына демонстрация, блокада және БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерінің әуе, теңіз немесе жер үсті күштерінің басқа да операциялар жатуы мүмкін.

       Мемлекет  пен халықаралық ұйым арасында пайда  болған дауларды шешу кезінде үкіметаралық ұйымдарға дауды шешу процесіне тікелей қатысу құқығы беріледі. Дауларды шешу барысында олар көбінесе алғашқы халықаралық құқық субъектілері – егеменді мемлекеттер, қолданатын бейбіт құралдарын қолдануы мүмкін.

       Ұйымдардың  халықаралық-құқықтық жауапкершілік. Жеке құрылым ретінде әрекет ететін құрылым бола отырып, халықаралық ұйымдар халықаралық-құқықтық жауапкершіліктің субъектілері болып танылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар өзінің уәкілетті тұлғалардың заңсыз, құқық бұзушы әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ұйымының жауапкершілігі аталған тұлғалардың ие болған артықшылықтарды немесе иммунитеттерді қолданып заңсыз әрекет жасауы кезінде орын алады. Халықаралық ұйым үшін орын алуы мүмкін саяси жауапкершілік мынадай жағдайларда қолданылуы мүмкін: ұйым өзінің қызметін бұзған; басқа ұйымдармен және мемлекеттермен жасасқан келісім шарттарды орындамау; халықаралық құқық субъектілерінің ішкі істеріне араласу кезінде.

       Ұйымының  материалдық жауапкершілігі өзінің қызметкерлерінің, маман-эксперттерінің заңды құқықтарын бұзған кезінде, қаржы сомаларын асыра алғаны үшін және т.б. жағдайларда орын алуы мүмкін.

       Халықаралық ұйым XX ғасырдың нәтижесінде толық  құқылы халықаралық жария құқығының  арнайы немесе туынды субъектісіне айналды, яғни өзінің ерекше құқықтары мен міндеттеріне ие құрылым, және де қалыптасқан халықаралық қатынастар аясында көптеген пайда болуы мүмкін халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ете алатын құрал. Әрине, осы мақсаттың өте үлкен маңыздылығына қарамастан, халықаралық ұйымның басқа салалар аясында маңыздылығы өте зор. Оған дәлел бола алатын бір дәйек – аз жылдар ішінде халықаралық ұйымдардың түр түрлері санының күрт өсуі болып отыр. Осыдан шығатын қорытынды, халықаралық ұйым дамып отырған халықаралық құқық субъектілері арасындағы күнделікті орын алып отырған өзара қарым қатынастарда халықаралық бұқаралық құқығының зерттеу объектісі болып табылады.

       Дипломдық жұмысымның 1-тарау көлемінде, халықаралық  ұйымының пайда болу және даму, сондай-ақ бүгінгі таңдағы ие болып отырған құқықтық мәртебені қарастырдым. Нәтижесінде, мынадай қорытындыға келіп отырмын, яғни халықаралық ұйымының құқықтық жағдайын анықтайтын бірден бір белгісі – оның халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесіне қатысу, осы мәселе келесі тарауларында қарастырылады, ескерте кететін мән-жағдай, тек қана халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысты емес, соның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың осы процеске қатысу мүмкіндігі қарастырылады. 
 

2-Тарау.  Қалыптасқан халықаралық  құқықтық тәжірибеге сәйкес халықаралық ұйымдардың халықаралық құқыққа тигізетін әсері.

 

       Осы тарау шеңберінде қарастырылатын мәселелер  ауқымы өте кең болып табылады, өйткені мән беретін болсаңыз, нақты дипломдық жұмысымның басты  тақырыбына арналады – халықаралық  ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру процесі, яғни аталған субъектілердің құқық шығармашылыққа тигізетін әсері. Құқық шығармашылық түсінігі кез келген құқық саласында көрініс тауып отыратын көрініс болып отыр, яғни оны тікелей халықаралық жария құқығы төңірегінде қарастырмас бұрын, құқық салаларының негізгі ілім шеңберінде қарастырғаны дұрыс – мемлекет және құқық теориясы.

       Құқық шығармашылық дегеніміз заңдық не юридикалық нормаларды шығаруға бейімделген, осыған сәйкес, арнайы құзыретке иелі субъектілердің қызметі. Әдетте, бұл күрделі жұмыс белгілі бір қалыптасқан қағидаларға не принциптерге сүйеніп жүргізуге тиіс. Ұйымдық бастау болып табылатын негізгі талаптар жұмыстың мәнін, сипатты белгілерін және жалпы бағытын анықтайды.20

       Ал  енді осы құқық шығармашылықтың негізгі қағидаларын жеке-жеке атап көрсететін болсақ: 1) демократизм – бұл қағида не принцип жеке тұлғалардың ерігін мен мүддесін құқық нормаларында міндетті түрде ескеруді және тұжырымдауды талап етеді. Оның мәнісі мынада: қоғамның саяси жүйелерінің дамуының негізгі бағыттарының бірі, яғни мәселен, Қазақстан Республикасының Ата заңында белгіленгеніндей, азаматтарын мемлекет ісін басқаруға кеңінен қатыстыру болып табылады. Бұл деген сөз, құқық шығармашылыққа да демократияның негізгі нысаны ретінде халықты референдум арқылы тікелей қатыстыру. Оған мысал 1995 жылғы Конституциялық бүкіл халықтық, республикалық референдумда қабылдануы. Мұның өзі қалың жұртшылықтың заң шығарып, қабылдауға белсенді де тиімді қатысуын, жаңа қалыпты шешімдерде қоғамдық пікірді, елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіктері мен қоғамның әр түрлі тобының мүдделерін барынша ескеруді қамтамасыз етеді. Демек, бұл қағида нормативтік актілерді, бірінші кезекте заңдарды дайындау мен бекітудің еркін, шынайы демократиялық тәртібін орнықтырып, бұлжытпай жүзеге асырудан көрінеді; 2) Заңдылық – бұл қағида құқықтық актілерді қабылдау процедуралары мен құзыретін сақтауды талап етеді. Нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын да қамтиді. Өйткені, нормативтік актілер тиісті заң шығарушы органның құзыреті шегінде ғана қабылдануға және елдің Конституциясында, оның заңына және жоғарғы заң күші бар өзге де актілеріне сай келуге тиіс. Заңдылық қағидасы жаңа нормативтік-құқықтық шешімдерді дайындаудың, қабылдау мен жариялаудың белгіленген тәртібін, заң шығару рәсімін, қабылдайтын актілердің нысандарын да қатаң сақтауды білдіреді; 3) Ізгілік – бұл қағида заңдық актінің жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға, оның рухани және материалдық қажеттіктерін барынша толық қанағаттандыруға бағытталғандығын білдіреді. Адам және оның мүдделері заң шығару қызметінің өзегі болуы тиіс; 4) Жариялылық – мұның мәнісі – құқық шығармашылықтың барлық процесінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық, еркін әрі іскерлікпен талқылау; 5) Ғылыми сипаты – актілердің ғылыми негізділігін, ғылыми қызметкерлерінің көзқарастары мен ой-пікірлерін, социологиялық мәліметтерін есепке алуын, құқық нормаларының іс-әрекеттерінің зардаптарын болжау – аталған қағиданың өзегі. Заң шығару қоғамдық дамудың толғағы жеткен қажеттіліктеріне, оның объективті заңдылықтарына барынша сай келуге, ғылыми жағынан негізделген және ғылым мен техниканың жетістіктерін ескеріп пайдалануға, жаңа қалыптық шешімін күткен мәселелердің теориялық талдамаларына негізделуге жатады. Жобаларын дайындауға ғылыми мекемелер, ғылымның тиісті салаларының жекелеген өкілдері, сондай-ақ ғалым заңгерлер тартылуы тиіс; 6) Кәсібилік – яғни шарт жобасын дайындау мен қабылдау кезінде маманның қажетті заң және жалпы біліктілігі мен қабілеттілігі. Дәлірек айтсақ, жаңа заң шығарушылық шешімдерді әзірлеуге ғылымның тиісті салаларынан кәсіби даярлығы мол жұмыс тәжірибесі және жеткілікті білімі бар білікті мамандарының қатысуы; 7) Деркезілік – құқықтық актілерді дайындау мен қабылдауға қажетті уақытты, мерзімді дұрыс анықтау, қоғамдық қатынастарды реттеудің дайындық деңгейін есепке алуды білдіреді; 8) Орындауға жарамдылығы – бұл құқықтық актілердің қабылданғаннан кейін өмірге шын бейімділігін анықтауды қажетсінетін қаржы, кадрлық, ұйымдастырушылық, заңдылық жағдайларының есепке алынуы. Айталық, заңды өмірге енгізіп қолдану үшін белгілі бір қаражатты талап етеді. Егер де тиісті қаржы жоқ болса, онда қабылданған шарт та жүзеге асырылмайды, орындалмайды. Сондықтан, нормативтік акт жобасын әзірлеген кезден бастап, оған қажетті қаржыны есептеп шығару жөн; және т.б. да қосымша қағидаларға негізделіп аталған құқық шығармашылық процесі жүзеге асырылуға жатады.

    1. Халықаралық құқық нормаларын қалыптастыруға бағытталған  халықаралық ұйымдардың қызметін реттеу.
 

       Қалыптасқан халықаралық құқықтық мемлекетаралық қарым қатынастарда халықаралық  ұйымдар, ол үкіметаралық немесе үкіметтік  емес болсын, маңыздылығы өте жоғары. Осындай қорытындыға келудің  бірден бір себебі – халықаралық  ұйымдардың бір ғасыр ішінде дамуы және жалпы санының күрт өсуі. Германиядағы Мюнхен қаласында жыл сайын басып шығарылатын халықаралық ұйымдар журналының мәліметтеріне сәйкес – “...бүгінгі таңда әрекет етіп отырған халықаралық ұйымдар саны 30000 жетіп отыр. Оның ішінде – 5000 жуығы үкіметаралық болса, шамамен 25000 үкіметтік емес болып отыр...”21

       Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық нормаларын жалпы қалыптастыру процесіне қатысуы. Ұйымдардың құқық шығармашылық процесі  құқықтық нормаларын құруға бағытталған  қызметті қамтиді, сондай-ақ, осы халықаралық құқық нормаларының әрі қарай дамытылуы, өзгертілуі немесе заң күшінен айырылуы. Ескерте кететін бір жағдай, ешбір халықаралық ұйым, тіпті универсалды немесе дүниежүзілік ұйым, мәселен БҰҰ немесе оның мамандандырылған мекемелері, заң шығарушы құзыреттеріне ие бола алмайды. Яғни, заң шығарушы құзыретін анықтау үшін, біріншіден шығарылған нормативтік-құқықтық актілердің міндеттемелік сипатын ескеруіміз тиіс. Осыған сәйкес, халықаралық ұйымдармен қабылданған рекомендацияларында, ережелерінде және шарт жобаларында орын алып отырған кез келген норма мемлекетпен, біріншіден, халықаралық-құқықтық норма ретінде, екіншіден, көрсетілген мемлекет үшін міндетті күшіне ие болып танылуы тиіс.

       Ұйымдармен  жүзеге асырылатын құқық шығармашылық процесі шектелмеген болып табылмайды. Ұйымының құқық шығармашылық көлемі және түрі қатаң түрде оның құрылтайшы шартында белгіленген. Әр бір халықаралық ұйымының жарғысы жеке ерекше сипатына ие болған соң ұйымдардың құқық шығармашылық қызметінің бағыттары, түрлері және көлемі бір біріне ұқсас болмайды. Бөлек халықаралық ұйымдарға құқық шығармашылық аясында берілген құзыреттерінің нақты көлемін тек оның құрылтайшы актінің сараптамасы негізінде анықтауға болады.

       Құқық шығармашылық процеске негіздерге қатысты  халықаралық-құқықтық әдебиеттерде екі көз қарас орын алып отыр. Егер бір топ ғалымдардың пікіріне сәйкес халықаралық ұйымдар тіпті егер олардың құрылтайшы актінде нақты нормаларды дайындау және бекіту туралы нақты көрсетілмесе де ұйымдар ондай құқықтарға ие бола алады. Ал екінші топ ғалымдардың пікіріне сәйкес халықаралық ұйымдардың құқық шығармашылық қабілеттіліктері тек олардың құрылтайшы актілеріне негізделуі тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, егер ұйым оның жарғы бойынша құқық шығармашылық құзыретіне ие болмаса, онда халықаралық ұйым ондай қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ деп есептеледі.

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі