Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:35, дипломная работа

Краткое описание

Халықаралық құқық теориясында келесі термин қалыптасқан – Жалпы халықаралық ұйым. Осы терминді алғаш рет 1945 жылы қолданған батыс ғалымы Поттер А. Кейін осы пікір басқа да халықаралық құқық мамандары тарабынан кең қолдау тапқан еді. Мәселен, Оппенгейм, өзінің халықаралық құқық курсында, жалпы халықаралық ұйым идеясын соңғы 300 жылдар ішіндегі заң және саяси ілімдер аясында ұлы жетістік деп көрсетеді. Осы түсініктің негізгі мазмұнына тоқталатын болсақ – “халықаралық құқықтың басты субъектілері болып табылатын бөлек мемлекеттерімен жүзеге асырылатын, саяси қоғамды құра отырып жалпыға ортақ қорытынды мақсаттарына жету үшін құрылған, мүмкіндігінше универсалды сипатына ие мемлекеттердің бірлестігі.”4

Содержимое работы - 1 файл

меж.право.doc

— 396.00 Кб (Скачать файл)

       Процедура ережелерінің жүзеге асырылуының маңызды  кезеңі олардың қорытынды бекітілуі. Осы процесс бір дауыстан немесе көпшілік дауыспен орындалуы мүмкін.33

       Жоғарыда  көрсетілген мәселе бойынша комиссия отырысы 1959 жылы орын алып отырған кезінде, комиссия мүшесі Г.И. Тункин былай көрсеткен  еді: “бір дауыстан шешім шығару қағидасының мазмұны бойынша ешбір мемлекет немесе мемлекеттер тобы басқа мемлекеттерді міндеттей алмайды, яғни процедура ережелерін бекіткен кезінде келісім қажетті болып отыр”. Комиссияның басқа мүшесі А. Фердросс белгілеп бергеніндей: “халықаралық құқықтық қатынастарда қалыптасқан жалпы тәжірибеге сәйкес конференцияларының процедура ережелері көпшілік дауыспен бекітіледі, ал егер қатысушы мемлекет оған қосылмаған күнінде конференция басталмас бұрын одан шығуға ерігі бар...” деп көрсетті. Фердросс жапон ғалымы Йокотаның пікірін қолдады, яғни егер конференция өзгеше келісім қабылдамаса кез келген келісім шарт бір дауыстан қабылдануы тиіс.

       Тәжірибе  жүзінде орын алып отырған және өте  күрделі қолданылатын көпшілік дауыс  беру тәртібі – жай көпшілік (50 % + 1 дауыс) және сараптамалы көпшілік (2/3, ¾ бөлігі және т.б.). Мәселен, ИНМАРСАТ ұйымында процедура сұрақтары бойынша шешімдер қатысушы және дауыс берушілердің жай көпшілік жүйесі арқылы қабылданады. Осы кезде әр бір өкіл бір дауысқа ие болады. Теңіз құқығы бойынша Конвенцияда мынадай норма бар, Кеңестегі (атқарушы кеңесте) процедура мәселелері бойынша шешімдер қатысушы және келуші мүшелердің көпшілік дауыспен бекітіледі.

       XX ғ. 60-жылдардың ортасына таман  халықаралық ұйымдар тәжірибесіне  шешім қабылдаудың консенсус деп аталатын әдіс қолданысқа түседі. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының ұйымды және процедураларды қайта құру бойынша арнайы комитетінің баяндамада консенсус келіскен шешімге келу арқылы шешімді қабылдау процедурасы деп белгіленген, егер осы процедура барлық тараптардың заңды құқықтар мен мүдделеріне қол сұқпайтын болса.34

       Тағы  бір маңызды мәселе қабылданған  процедура ережелерін өзгерту тәртібі. Процедура ережелерін түзетулерді  және толықтыруларды енгізу арқылы өзгерту  оларды дамыту және жетілдірудің бірден бір әдісі. Алғашқы кездерде процедура ережелері отырысқа қатысушы өкілдердің 2/3 бөлігінің осындай өзгертулерді енгізу туралы шешім қабылдау жолмен жүзеге асырылды.35

       Қазіргі таңда процедура ережелеріне  түзетулерді енгізу және өзгертудің белгілі бір анықталған тәжірибесі қалыптасқан. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, кейін басқа да аумақтық және үкіметтік емес ұйымдар, процедура ережелері қатысушы мемлекеттердің өкілдерінің көпшілік дауысымен өзгертілуі мүмкін деп анықтады. Мәселен, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының процедура ережелерінің 163-бабына сәйкес: “Осы процедура ережелеріне түзетулер белгілі бір комитет ұсынылған түзету туралы хабар бергеннен кейін, Бас Ассамблеясының шешімі бойынша дауыс беруге қатысқан ұйымының мүшелерінің көпшілік дауыспен қабылданған соң енгізіледі”.36

       Қазіргі таңда қалыптасқан халықаралық  ұйымдар белгілі бір анықталған жүйені құрайды. Осы жүйеде қызмет атқарып  отырған халықаралық ұйымдардың барлық процедура ережелері осы  жүйенің бір бөлігі болып табылады және оның реттеуші бөлігі ретінде  сипаттауға болады. Кез келген бөлек халықаралық ұйымының жеке процедура ережелерін ішкі келістірілген нормативті құқықтық акті ретінде қарастыруға болады, яғни салыстырмалы түрде тәуелсіз жүйе деп те атуға болады. Осы жүйені өзінің қызметтік сипаты бойынша процессуалды болып табылады, яғни оның негізгі мақсаты – халықаралық ұйымының қызметін реттеу.

       Процедура ережелері, халықаралық ұйым өз мақсатына  жету үшін қызметінің ең қолайлы тәртібін анықтап, осы арқылы өзінің жұмысының  дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Осы мақсатқа жету үшін процессуалды жүйе екі түрлі қызмет атқарады: тұрақтандырушы және шығармашылық. Яғни егер бір жағынан халықаралық ұйым қалыптасқан халықаралық-процессуалды қатынастарды бекітсе, екінші жағынан – осы халықаралық-процессуалды қатынастардың өзгертілуіне және қайта дамуына өз әсерін тигізеді. Осы екі көрсетілген қызмет түрі бір-бірімен тығыз байланыста бола отырып қатар өмір сүруде деп те айтуға болады.37

       Халықаралық ұйымдарының процедура ережелерінің тұрақтандырушы қызметі ешбір дауды немесе сұрақтарды тудырмайды деп ойлаймын. Ал шығармашылық қызметі тереңірек қарастырылуын қажет етіп отыр. Халықаралық ұйымының мүше-мемлекеттері өзара жаңа процессуалды қатынастарын орнатуға келіскен кезінде, олар осындай келісімді процедура ережелерінде бекітеді. Осы мәселені дұрыс түсіну үшін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мысалында қарастырғаны дұрыс, өйткені осы процедура ережелері тек осы әмбебап халықаралық ұйымының өкілдік органның ішкі қызметін реттей ғана қоймай, сонымен қатар (mutatis mutandis) жаңадан құрылған және де әрекет етіп отырған басқа да ұйымдарға және конференцияларға мысал ретінде қарастырылуда.

       Бүгінгі таңда қалыптасқан көптеген халықаралық  ұйымдарда “бір мемлекет – бір  дауыс” формуласы сақталуда. Мәселен, көпшілік жағдайларда былай деп бекітіледі – әр бір мүше-мемлекет дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Мысалы – дәл осындай ереже Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттігінің Бас Конференцияның процедура ережелерінің 68-ережесінің мазмұнына сәйкес. Шын мәнінде де, осы формула жалпы танылған мемлекеттердің егеменді теңдігі қағидасының мазмұнына негізделіп отыр. Бірақ көптеген басқа да халықаралық құқықтың жалпы танылған басқа да қағидалар секілді осы қағида да бірнеше рет бұзылған еді.

       Қазіргі күнге бөлшектелген дауыс беру жүйесі кейбір халықаралық ұйымдарда қолданылып отыр, мәселен халықаралық валюта қоры, халықаралық дамыту және қайта құру банкі, халықаралық еңбек ұйымы және т.б. Жоғарыда көрсетілген ұйымдарда дауыс саны тікелей мемлекеттің халықаралық ұйым бюджетіне енгізіп отырған қаржы көлеміне тәуелді. Осындай тәжірибе, дискриминациялық сипатына ие болып және жеке бір дамыған мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының мүдделерін қорғай отырып, тікелей халықаралық құқықтың негізгі нормаларына және қағидаларына қайшы.

       Халықаралық ұйымдардың процедура ережелері жарғыларынан кейін негізгі нормативті актілер бола отырып ұйымының және оның жеке органдарының жұмыс тәртібін анықтайды. Процедура нормалары ұйым қызметінің реттелуін қарастыра отырып өте ауқымды мәселелер тобын қарастырады: күн мәселесі не сұрағы; лауазымды тұлғаларды тағайындау; отырысты жүргізу тәртібі; дауыс беру тәртібі және т.с.с.

       Процедура нормалары процедура ережелерінің құрылысына әсер ететін белгілі бір  анықталған қызмет мәселелерін атқарады. БҰҰ жүйесіне кіретін халықаралық ұйымдарының процедура ережелерінің құрылысы ұқсастық  және тұрақтылық сипатына ие. Сол себептен осы жүйеге кіретін кейбір халықаралық ұйымдардың мысалында осы ережелерін қарастырғанымыз жөн.

       Осылайша, мәселен, Дүние жүзілік ден саулық ұйымы Дүние жүзілік ден саулық ассамблеясынан, атқарушы комитетінен, мамандар комитетінен және т.б. органдарынан тұрады. Олардың әр қайсысы өзінің жеке процедура ережелері бар.

       Дүние жүзілік ден саулық ассамблеясының процедура ережелері 22 баптан тұрады, өз кезегінде тарауларына бөлінеді. 1-тарау ассамблеясының сессияларына арналып 3 баптан тұрады; 2-тарау күн тәртібі – 12 баптан тұрады; 3-тарау секретариат – 3 баптан тұрады; 4-тарау мерзімді отырыстар – 4 баптан тұрады және т.с.с. Барлық аталған нормалар сессияларының белгілі бір жұмыс тәртібін, мемлекеттер делегацияларының құзырларын, лауазымды тұлғалардың құқықтар мен міндеттерін, дауыс беру тәртібін, процедура ережелерінің өзгертілу тәртібін және т.б. мәселелерінің шешілу тәртібін анықтайды.

       Атқарушы  комитетінің процедура ережелері 55 баптан тұрады және сол сияқты жеке тарауларға бөлінген: күн тәртібі, атқаруы комитетінің президиумі, секретариат, отырыстардың жұмыс тәртібі, дауыс беру тәртібі, түзетулер енгізу тәртібі және т.б.

       Мамандар  комитеттерінің процедура ережелері 9 бабынан тұрады. Ережелерінің 2-бабы комитет отырыстарындағы кворум тәртібін анықтайды, 3-бабы төрағаны, оның орынбасарын және баяндамашының тағайындалу тәртібін реттейді, 5-бабы күн тәртібін анықтайды, 6-бап дауыс беру тәртібіне арналған және т.с.с.

       Мән беретін болсаңыз, процедура ережелерінің баптарының әр қайсысы бір немесе бірнеше халықаралық-құқықтық нормадан тұрады. Осы нормалар көбінесе келесі мәселелерін реттеп отырады:

    1. Халықаралық ұйым органдарының жұмысының ұйымдастырылуын, яғни соның ішінде – сессиялары, күн тәртібі, секретариат, дауыс беру тәртібі, тілдер мәселесі;
    2. Лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері;
    3. Комитеттердің жұмыс тәртібі;
    4. Процедура ережелеріне түзетулер енгізу тәртібі.

       Салыстыру үшін тағы Атомдық энергия бойынша  халықаралық агенттігінің процедура ережелерін қарастыра кетейік. Өзінің мазмұны бойынша Агенттігінің процедура ережелері (процедура ережелерінің мәтінінде дәл осындай термин қолданылады) аталған халықаралық ұйымының екі органдарының процедура ережелерінен тұрады: Агенттігінің Бас конференцияның процедура ережелері және Агенттігінің басқарушылар кеңесінің уақытша процедура ережелері. Бірінші органның процедура ережелері XVIII тараудан немесе 103 ережеден тұрады, ал екінші органның процедура ережелері XIII тараудан немесе 61 ережеден тұрады.

       Агенттігінің  бас конференциясының және басқарушылардың  кеңесінің процедура ережелерінде орын алып отырған нормалар келесі мәселелерді реттейді:

  1. Кеңесінің және сессияларының отырыстарының тәртібі (орны, уақыты, ұзақтығы);
  2. Күн тәртібін анықтайды;
  3. Мүшелердің өкілеттігін және олардың құзырын;
  4. Бас директордың және секретариаттың міндеттерін;
  5. Комитеттердің құрылуы;
  6. Дауыс беру тәртібі;
  7. Жұмыс кезінде қолданылатын және ресми тілдерін, хаттамаларды және протоколдарды жүргізу тәртібін;
  8. Процедура ережелеріне түсініктеме беру, әрекетін тоқтату және түзетулер енгізу тәртібін анықтайды.

       БҰҰ-ның  көмекші органдар жүйесіне кіретін  тағы бір орган – Сауда және дамыту бойынша Конференциясының немесе ЮНКТАД-тың процедура ережелері  құрылымы бойынша 84 ережелерге бөлінген XV тараудан тұрады. Процедура ережелерінің мазмұнына нормалармен реттелетін мәселелерден тұрады:

  1. Конференция сессияларының күн тәртібі;
  2. Делегацияларының өкілеттігі және олардың құзырлары;
  3. Бас хатшының және секретариаттың міндеттері;
  4. Отырыстарды жүргізу тәртібі;
  5. Дауыс беру тәртібі;
  6. Жұмысшы және ресми тілдері, есеп беру тәртібі;
  7. Мамандандырылған мекемелердің Конференция жұмысына қатысуы;
  8. Процедура ережелеріне түзетулер енгізу және олардың әрекет етуін тоқтата тұру.

       Көрсетілген халықаралық ұйымдардың процедура ережелерінің салыстырудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келуге болады – құрылым жағынан процедура ережелері бөлек ережелерден тұратын халықаралық нормативті актісі.

       Әр  бір ереже халықаралық ұйымының ішкі өмірімен байланысты қатынастарды реттейтін бір немесе бірнеше халықаралық-құқықтық нормалардан тұрады. Процедура ережелерінің құрылысы міндетті түрде келесі мәселелерді реттейтін нормаларды қамтиді:

  1. Негізгі орган отырысының тәртібі және оның күн тәртібін құрастыру;
  2. Ең жоғарғы лауазымды тұлғаның және ол басқарып отыратын аппаратының міндеттері;
  3. Дауыс беру процедурасы;
  4. Процедура ережелеріне түзетулер енгізу және оларды тоқтата тұру тәртібі.

       Осындай көрсетілген құрылым тұрақты  сипатына ие болып ұйымының құрылтайшы актісіне негізделеді және де ішкі ұйымдық қатынастардың эффективті түрде реттелінуіне бағытталған. Жалпы халықаралық ұйымдардың процедура ережелерінің құрылыс моделі ретінде БҰҰ-ның басты органдарының процедура ережелерінің құрылымдық тәртібін қарастыруға болады.

       Процедура ережелері ішкі құрылым бойынша келісілген, шығармашылық тұрғыдан аяқталған халықаралық норма қайнар көзі болып табылады. Бәрі бірге қосылып олар халықаралық ұйымдар құқығының бір бөлігін құрайды.

       Ұлттар  Лигасының халықаралық құқықтың прогрессивті жүйелену мәселелері бойынша  мамандар Комитеті Халықаралық ұйымдардың процедура ережелерін жүйелену туралы мәселесін талқылау кезінде процедура  ережелері қалыптасқан халықаралық  құқықтың бір бөлігі болып табылады деген қорытындыға келді.38

       Бүгінгі күнге халықаралық үкіметаралық ұйымдармен қалыптастырылған халықаралық  құқық нормаларының заң күші салыстырмалы түрде анықталған болып отырса, үкіметтік  емес ұйымдардың халықаралық құқық  нормаларын қалыптастыру процесіне тигізетін әсер мәселесі өте күрделі болып табылады.

       БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясының 1968 жылы 23 мамыр  күні шығарылған нөмірі 1296 (XIV) резолюциясына  сәйкес халықаралық үкіметтік емес ұйым дегеніміз мемлекетаралық келісім  негізінде құрылмаған кез келген халықаралық ұйым болып табылады. Үкіметтік емес ұйымының негізгі белгілері: а) пайда табу мақсаты орын алмауы; ә) кем дегенде бір мемлекетпен танылуы немесе халықаралық үкіметаралық ұйымында консультативті статусына ие болуы; б) бір мемлекеттен көп аумағынан қаражат құралдарын алу; в) кем дегенде екі мемлекет аумағында өзінің қызметін жүзеге асыруы; г) құрылтайшы акт негізінде құрылуы. Халықаралық құқығының субъектілері толық құқылы мүше ретінде халықаралық үкіметтік емес ұйымға кіре алмайды.39

Информация о работе Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі