Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, реферат

Краткое описание

Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.

Содержимое работы - 1 файл

Пушкин және Қазақ даласы.doc

— 118.00 Кб (Скачать файл)

     Сібірге академиялық экспедицияға қатысқан швед Ф. Страленбергтің “Еуропа мен  Азияның солтүстік және шығыс  бөліктерінің, әсіресе, Ресей, Сібір  және Ұлы Та­тарияның тарихи-географиялық сипаттамасы” (1730) деген кітабын сатып алуы ақынның Ресей бодандығындағы халықтар өмірін танып-білуге қаншалықты көңіл бөлгендігін көрсетеді. Страленбергтің неміс тілінде шыққан бұл кітабы тез арада ағылшын, француз, испан  тілдеріне аударылады. Автор: “Үлкен Татарияда өзбек, түркімен, қырғыздар..., сонымен бірге қарақалпақтар, Қазақ ордасы (Kosachі Hordae) бар, олардың бәрі – мұсылмандар”, деп жазады. Әсіресе Страленбергтің 732-734 жылдар шамасындағы “жұмбақ жазулар” (көне түркі жазулары), Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері, Ұлытау шыңдарының біріндегі жартас­тағы суреттер, Ертіс пен Есіл өзендері жазығындағы көне мазарлар туралы хабарлары Пушкин үшін үлкен жаңалық болатын. 

     Пушкин  мәскеулік жазушы А.С. Норовтың (1795-1869) бай кітапханасынан 1681 жылы Амстердамда шыққан голландтық Ян Стрейстің “Московия, Татария, Персия және Индияға саяхат” деген шығармасын, Степан Разин туралы Парижде жарық көрген кітапты алдырып оқиды. 1833 жылы қарашаның орта кезінде Норовқа хат жазып, Ресей тарихы туралы басылымдарды сұратады(Пушкин А.С. Полн. собр. соч. В десяти томах. Изд. четвертое. Т. Х. С. 356) 

     Ян  Стрейс Мәскеуден Астраханьға дейінгі  сапары жөнінде жаза келіп, ноғайлардың  өмірі, 1669 жылы қыркүйекте Астраханьда  Степан Разинмен кездесуі, бұл өңірдегі халықтардың ауыз әдебиеті жөнінде қызықты деректер келтіреді. Өзі естіген “Патша қорғаны” туралы аңыздың қысқаша мазмұнын баяндайды. 

     Міне, осындай кітаптарды ақын назар аудара отырып оқып, ой-елегінен өткізеді. Оның бір мысалы – Пушкиннің француз  астрономы Шапп д'Отроштың “Сібірге сая­хат” деген кітабы жөнінде “Современник” журналына мақала жазуға ниеттенуі (Т.8, 103-105=бб.), бірақ бұл жоспары аяқталмаған күйінде қалады.  

     Пушкин 1814 жылы Галицияда басылып шыққан Антон-Фридрих Бюшингтің “Жаңа  тарих пен география жинағы” деген еңбегімен танысып шығады. Ақын назарына шығармадағы Шарль-Луи Лезюрдің “Казактар тарихы” деген мақаласы ілінеді. Е.Пугачевтің Ырғыз даласындағы мекендерге шабуылы жөніндегі баяндаулар Пушкин танымын жергілікті тұрғындарға қырғидай тиіп отырған Жайық казактары туралы кейбір мәліметтермен толықтырады. 

     Ақын  өзінің досы, атақты библиограф С.Семевскийдің кітапханасында С.Герберштейннің “Московия  істері жөніндегі жазбалар” (Базель, 1551), Дж. Флет­чердің “Орыс мемлекеті  және осы елдегі тұрғындардың мінезі мен әдет-ғұрпының сипаттамасы жөнінде” (Лондон, 1591) деген кітаптарға назары түседі. Оларда да қа­зақтардың кәсібі мен орналасуы жөнінде, тіпті тарихшылардың өздеріне белгісіз, мүлдем жаңа мәліметтер кездесетін. Мысалы С. Герберштейннің еңбегінде Қасым хандығы туралы айтылып, бұл мемлекет тұрғындары “қазақ” деп аталатыны, олардың араларындағы әлеуметтік топтар жөніндегі баяндаулар аса құнды мағ­лұматтар болып табылатын. Басқаша сөзбен айтқанда Пушкин қазақтардың Ресейге бодан болуына дейін көп бұрын өз мемлекетінің болғандығы жөнінде мағлұмат алады. 

     Немістердің энциклопедист ғалымы А. Гумбольдт (1769-1869) қазақ даласы арқылы Қытай  шекарасына дейінгі саяхатынан кейін 1829 жылы Пушкинмен Петербургта кездесіп, Орынборда генерал-губернатордың  оның құрметіне ұйымдастырған қазақ әншілері мен жырауларының концертіне қатысқандығын, қазақ даласының тұрғындары туралы әсерін ала келеді.  

     Ақын  замандастарының ішінен әскери топограф, генерал-лейтенант И.Ф.Бларамбергтің (1803-1878), Омбы облысының бастығы С.М  Броневскийдің (1786-1858) есімдерін ұшыратамыз. Бірі 1836 жылы Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттесе, екіншісі “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” сәйкес “сыртқы округтер” құру үшін қазақ даласына жіберілген әскери экспедицияны басқарады. “Генерал-майор Броневскийдің Орта жүздің қырғыз-қайсақтары туралы жазбалары” деген еңбегі 1830 жылы “Отечественные записки” журналының бірнеше сандарында жарияланады. 1834 жылы жарық көрген “Омбы облысындағы, әсіресе, қырғыздардың арасында тараған түрлі дақылдардың егістігі” деген мақаласы да Пушкинге қазақтардың “таза көшпелі” еместігін білдіреді.  

     Орыс  ақынының қазақ, өзбек халықтары  туралы танымының кеңейе түсуін Ф.А. Бекович-Черкасскийдің (1790-1835) Хиуаға жорығы туралы пікірлерінен байқауға болады. Орыс қызметіндегі кабардалық 1829 жылдың жазында Пушкинмен кездесіп, шығыс өңірлері жөніндегі ой-түсініктерімен бөліседі. 

     Ресей империясының қазақ даласы арқылы Орталық  Азияға қарай ұмтылысы да ақын назарынан  тыс қалмайды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында ол Бас штабтың капитаны Е.К. Мейендорфтың Бұхараға жасаған саяхатының материалдарын парақтап шығады. 1831 жылдан бастап Мейендорфтың өзімен де достық қарым-қатынас орнатады.  

     Пушкин  Петербургтегі “Қасиетті артель” (1817-1818) деп аталатын ұйымға қатысушы В.Д. Вольховский, А.А. Дельвиг, И.И. Пущинмен араласып жүрген уақытында Н.Н. Муравьевпен танысады. Онымен кездесулері жөнінде ақын “Арзрумға саяхат” өлеңінде еске алады. Олардың бірінде Н.Н. Муравьев 1828 жылы жарық көрген “Қырғыз тұтқыны” деген өлеңмен жазылған повесін ақынға табыс етеді.  

     Н.Н.Муравьев 1819 жылы әскери отрядпен дипломатиялық  келіссөздер және барлау жүргізу  мақсатында Хиуа хандығына жіберіледі. Сол жылы ол Қарақұм арқылы Хиуаға жетеді. 1822 жылы Мәскеуде жарық көрген “1819 және 1820 жылдардағы гвардиялық Бас штабтың капитаны Н.Н. Муравьевтың Түркімения мен Хиуаға жасаған саяхаты” деген еңбегінде бұл өңірлер жөнінде қамтылған деректердің молдығы мен құндылығы соншалық, оны бірден Франция мен Германия бастырып шығарады. Француз тіліндегі нұсқасы Пушкиннің кітапханасынан орын алады. Кітапта Пушкин түркімендер мен қазақтардың материалдық мәдениеті, керуен жолдарындағы құдықтар, Үстірт қазақтарының тұрмысы, олардың арғымақ  жылқыларды Қият қаласына әкеліп, хиуалықтарға сататыны туралы жолдарды ұшыратқаны сөзсіз. 

     Ақын 1818-1825 жылдары “Сибирский вестник” журналындағы материалдармен, оны шығарушы Петербург академиясының корреспондент-мүшесі, тарихшы Г.И.Спасскиймен (1774-1864) танысады. 1825 жылы ағасы Лев арқылы Михайловское селосына “Сибирский вестниктің”  барлық санын түгел салып жібе­руді сұрайды. Ақын өтінішінің орындалғанын оның кітапханасында осы ба­сылымның 1818-1822 және 1824 жылдардағы сандарының болуынан көреміз. Оларда қазақ тақырыптарына мол орын берілген еді. Журналдың Пушкин кітапха­насындағы сандарында Г.М.Спасскийдің  “Үлкен және Кіші орданың қырғыз-қайсақтары туралы тарихи мәліметтерін” (1820, 9 және 10-бөлімдері), оған қоса “Еді­ге” жөніндегі аңыз (1820, 10-бөлім, 189-214=б.б.), Сібір мен Қазақ елі хақындағы И.Г. Андреев (1743-1801), Г.С. Бурпашев (1771-1850), М. Поспелов (1813 ж. қаза тапқан), И.П. Шангин (1785-1822), Ф.М. Назаров (1785ж.т.), т.б. авторлардың туындыларын ұшырастыруға болатын еді. Спасский өз еңбегінің кіріспе бөлімінде Бердіқожа туралы аңызды да келтіреді. 

     Пушкиннің шығармашылық ортасына қатысы бар қазақ тақырыбымен шұғылданып жүрген адамдардың көпшілігі “Сибирский вестникпен” қатар, “Отечественные записки”, “Литературная газета” сияқты Ресей жұртшылығына кеңінен мәлім басылымдармен тығыз байланысты еді. “Отечественные записки” тарихи-фи­лологиялық журналының беттерінде 1818-1830 жылдары жазушы, тарихшы П.П. Свиньиннің (1787-1839) қазақ өлкесі туралы бірнеше мақалалары жарық көреді (Вопросы истории. 1967. № 4. С. 208-212). “Орынбор және оның төңірегінің бейнелері” (1828, 35-бөлім, №99, 33-38-б.б.), “Орта Азияның қырғыз-қайсақтары хақында” (1829, 3-4 том, №26, 342-354-беттер) мақалаларында Орынбор қаласының салыну тарихы, Кіші жүздің Ресей боданына айналуы, қазақтардың қонақжайлылығы, достықты, үлкендерге құрмет көрсетуді қадір тұтатындығы жазылады. Бір қызығы автор қазақтардың орыс бодандығын еріксіз қабылдағанын ескертеді. Ақынның П. Свиньинмен таныстығы оның жер аударылғанынан кейін 1827 жылдың маусымында Петербургке оралған кезімен тұстас келеді. 30-шы жылдары Пушкин Свиньиннің материалдарын зерде қойып оқып шығады. Оған ақын кітапханасындағы деректер анық дәлел.  

     * * *

     Пушкиннің қазақ тақырыбымен шұғылдануы көбіне Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы шығарма жазу жоспарына байланысты еді. Оған қазақтардың отарлық бұғауға  бас имей, көтеріліске белсенді қатысқаны да түрткі болады. 

     Болашақ жұмысына дайындық барысында ақын қазақтар туралы мағлұматтарын толықтыра  түседі. Бұл орайда Пушкиннің лицейден бергі досы В.Д.Вольховский (1798-1884) ойға оралады. Ақынның “19 қазан” деген өлеңіндегі “спартандық жанымен бізді баураған” деген жолдар осы Вольховскийге арналған. Лицейді бітір­геннен кейін ол Орынборда қысқа уақытқа тұрақтап, А.Ф. Негри миссиясының құрамына жіберіледі. 400 адамнан тұратын бұл экспедиция Бұхарада болып, қазақтар жөнінде де біршама материалдар жинайды. Жолай керуенді Қызылқұмнан Жаңадария өзеніне дейін Арынғазы Әбілғазыұлы шығарып салады. Экспедиция Орынборға 1824 жылы оралады. 

     1825 жылдың тамызында Вольховский  Каспий мен Арал теңіздері  аралығындағы өңірлерді барлау мақсатында жіберілген Ф.Ф. Бергтің экспедициясына қатысады. Ол Сағыз, Жем өзендері бойында болып, сол маңдағы қазақ руларының орналасуын картаға түсіреді. Онда Жоламан Тіленшіұлының қонысын бөліп көрсе­теді. Картада аталған екі өзеннен басқа да, Ойыл, Жақсыбай, Қарабұлақ, Қуағаш, Қарасу өзендері, Тайсойған құмы секілді нысандар белгіленеді. 

     Экспедиция 1826 жылы Сарайшық бекінісіне оралады. Оның жұмысының нәтижелері ретіндегі  Вольховскийдің (А. Дельвигпен бірлесіп жазған) “Каспий мен Арал теңіздері  аралығындағы қырғыз даласының топографиялық журналы” деген еңбегі дүниеге келеді. Кітаппен Пушкин танысып шығады.  

     Орыс  ақынының Вольховский зерттеулеріне  ынтызарлық танытуының себебі бар. Қазақстанның батыс өңірінде ұзақ уақыт бойы жасаған  сапарлары барысында Воль­ховский Пугачевті және ол басқарған көтерілісті көргендердің естелік-әңгімелерін жинастырып, жазып алып отырады. 

     Вольховский 1824 жылы Петербургте балалық шақтағы  досымен кездесіп, сыр шертіседі. Зерттеушілер Пушкиннің ойына “Пугачев тарихын” жазу туралы пікір Вольховскиймен осы кездесуінде келген болар” деген болжам айтады. 

     1834 жылдың аяғында “Пугачев тарихы”  жарық көргеннен кейін Пушкин  кітапты Вольховскийге жіберіп  хат жазады. “Саған “Пугачев  бүлігінің тарихы” деген еңбегімді  жіберіп отырмын. Мен онда сол кезеңдегі әскери қимылдарды зерттеуге тырыстым және оларды анық баяндау туралы ғана ойладым, бұл маған оңай шаруа болмады... Ол барлығын да салыстыруды, тексеруді керек етті, кітабым туралы сенің пікірің барлық тұрғыдан да маған аса қымбат болар еді”,– делінеді хатта. Бұдан Пушкиннің бір оқиға жөнінде бірнеше деректерді жинастырғанын, олардың танымдық, шындық деңгейін анықтау үшін қаншалықты ыждағаттылық танытқанын көреміз.  

     “Пугачев  тарихының” басты дереккөздерінің  бірі П.И. Рычковтың (1712-1777) еңбектері болғаны сөзсіз. Рычков – шаруалар көтерілісінің себептері туралы Пугачевпен жүздесіп, пікірлескен бірден-бір тарихшы ғалым, Орынбор қорғанысының және осыған байланысты көптеген оқиғалардың куәгері. Ол өзінің көріп-білгендері жөнінде, алған әсерлері мен басқа да материалдар негізінде “Орынборды қоршаудың шежіресі” деген еңбек жазып қалдырады. Мұны Пушкин жоғары бағалап, “Пугачев тарихының” екінші бөліміне қосымша ретінде бастырып шығарады.  

     Пушкиннің кітапханасында Рычковтың “Орынбор тарихы” деген еңбегі де болады. Мұндағы “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыздар” деген тарауда айтылған мағлұматтарды ақын жай қабылдап қана қойған жоқ, сонымен бірге “Пугачев тарихына” берілген ескертуде қазақтар мен қырғыздардың бір-бірінен айырмашылығы жөнінде сөз қозғайды. Басқаша айтқанда Пушкинді қазақ халқының шын атын білген сол кезеңдегі саусақпен санарлық авторлардың бірі деуге болады. 

     1762 жылы Рычковтың екінші күрделі  еңбегі – “Орынбор губерниясының  топографиясы” дүниеге келеді. Онда  қазақ жерінің Ресейге қосылып алынуы, қа­зақ-башқұрт, орыс-қазақ қарым-қатынастарының дамуы, кәсібі, діни нанымдары, қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы сипатталады. Рычков Ресей ылым академиясына, нақтылап айтқанда, В.Н.Татищев пен Г.Ф. Миллерге қазақтар және Орынбор өлкесі жөніндегі көптеген құжаттар мен қолжазбалардың көшірмелерін тапсырады. Карамзин тәріздес,  Рычков та Қадырғали Жалаиридің “Жами ат-тауарих” жұмысымен жете таныс болады, оны қазақтар жөніндегі кейбір баяндауларында пайдаланады. 

     1833 жылдың шілде айында, яғни Орынборға сапары алдында Пушкин Г.И.Спасскийге хат жазып: “Сізде Пугачев заманына қатысты Рычковтың қолжаз­басы бар деп естідім... Соны бірнеше күнге бере тұрсаңыз”, деген өтініш білдіреді.Кейін “Пугачев тарихы” еңбегінің үшінші тарауына берілген ескертуінде кітап қолжазбасының үш нұсқасының барлығы туралы айтады. Бұл орайда ақын тағы да аса зерделілігімен, зерттеушілік қырымен көрінеді. 

     Пушкиннің тарихшы, археолог Миллердің (1705-1783) еңбектері  мен оның соңында қалған қолжазбаларына қызығушылық танытуы да түсінікті. Миллер өз заманында барлық таныстары мен байланыстарын пайдалана отырып, Пугачев көтерілісі жөнін­де өте құнды материалдар жинастырады. Рычковты айтпағанның өзінде, оған Орынбор губернаторы И.А. Рейнсдорп, князь П.М.Голицын сияқты адамдар көптеген құжаттар, қолжазбалар тапсырады. Нәтижесінде қазіргі кезде Мәскеудегі Көне актілер мұрағатында Миллердің “Пугачев портфелі” деген материалдар құралады (оны қазір “Миллер портфелі” деп атайды). Пушкин міне, осы “портфельді” кеңінен пайдаланады. Демек, ақынға Миллердің “Сібір тарихы” кітабы, “Қазақтардың шығу тегі туралы” мақаласы да белгілі болғанына күмән жоқ.  

     “Пугачев  тарихында” “біздің тарихымыз туралы өз ізденістерімен және мәліметтерімен белгілі” деген Миллер туралы А.И. Левшиннің  сөздері қайталанады. Пушкиннің басқа шығармаларында Миллерге жеті рет сілтеме жасалады. 

     Ақынның аса қадірлеген шығыстанушыларының бірі Н.Я. Бичурин еді. Пушкин онымен 1828 жылдан таныс секілді. Сол жылдың 28 сәуірінде Бичурин “Тибеттің  қазіргі жағдайына шолу” кітабын тарту етеді. 1829 жылы “Чжунгария мен Шығыс Түркістанның көне заманғы және қазіргі кездегі жағдайының сипаттамасы” деген қытай тілінен аудармасы жарық көреді. Мұндағы бір бөлім тұтастай қазақтарға арналған. “Пугачев тарихында” (І-тарауында) Бичуриннің “XV ғасырдан бүгінге дейінгі ойраттар немесе қалмақтар жөніндегі тарихи шолу” атты еңбегі пайдаланылады. Ақын оны жоғары бағалап, Бичуриннің “терең білімі мен ыждағатты еңбегі біздің Шығыспен қарым-қатынасымызды тамаша айқындап берді” деп жазады (Т.8, 293-б.). 1830-1831 жылдары Бичурин “Литературная газетаға” мақалалар жазып тұрады. Пушкин “Пугачев тарихына” кірісерде көтеріліске қатысқан башқұрттар мен қалмақтар жөніндегі әдебиеттерді де қамтиды. Ал, олардың өз тарапында қазақтармен күрделі қатынаста болғаны белгілі.  

Информация о работе Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет