Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, реферат

Краткое описание

Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.

Содержимое работы - 1 файл

Пушкин және Қазақ даласы.doc

— 118.00 Кб (Скачать файл)

     Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет 

       Иә, баспасөз беттерінде жазылып  жүргенімен басы әлі ашыла  қоймаған бұл мәселелерге байланысты  не айтуға болады? 

       Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен  шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск  қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді. 

     Осы арада Перовскийге (1795-1857) ерекше тоқталған  жөн. Ол Пушкинмен, оның ұстазы В.А.Жуковскиймен ертеден таныс еді. 1825 жылдың 17 тамызында  Жуковскийге жазған хатында ақын Перовскийді ортақ танысы ретінде еске алады. Олар кейін де кездесіп тұрады. Орынборда Пушкин оның қала сыртындағы үйіне тоқтайды. 

     Ақынның Орынборда болған екі күн шамасындағы  сапары жөнінде әдебиетте аз жазылмаған. Бірақ авторлар осы мерзім ішінде (19, 20 қыркүйек) Пушкиннің Орынбор мұрағатында қаншалықты жұмыс істеп үлгергенін және қандай құжаттарды алғанын нақтыламайды. Алайда “Пугачев тарихының” деректік негізіне ыждағатты көз жүгіртсек, керекті құжаттар әскери министрлік мұрағатынан алынғанға ұқсайды. Ал, Орынбор мұрағатында Пушкин қысқа уақыт болып, кейбір құжаттарға ғана көз жүгіртіп өткен деп шамалауға болады. 21 қыркүйекте ақын Орал қаласына келіп, ондағы үш күнді казактар қауымында өткізеді. 23-і күні қайтар жолға шығады. 

     Орынбор мен Оралда, Сорочинская, Переволоцкая, Нижнеозерная станицала­рында, Бердск слободасында көнекөздермен, көтеріліс куәгерлерімен сұхбаттасады. Солардың бірі Бердскідегі 75 жастағы И.А.Бунтова деген казак жесірі болатын. Мұнда кезінде алты ай бойы Пугачевтің штабы орналасқаны мәлім. 

     Осы кездесулер барысында алған мағлұматтары негізінде “Пугачев тарихына” көтеріліс  басшысының Бударинск бекінісінде  отырып, Нұралы ханға хат жазғаны  туралы жолдар түседі. Шығармада қазақтардың  соғысқа қатысуы нақтылы суреттеледі. 

     “Өзін патшамын деп жар салған жалған атақты турасындағы қауесет тез тарады. Пугачев қырғыз-қайсақ ханына өзін ІІІ Петр деп атап, одан аманатқа ұлын және көмекші қол есебінде жүз адам беруін сұрады. Нұралы хан Жайық қалашығына қызмет көрсетуге мойынұсынғандай болып, басшымен келісім жасауға келді... Хан Орынбор губернаторына  жалған аттының келгені жөніндегі алғашқы татарша жазылған хабарлама хатын жолдады. “Біз, далада күн кешушілер, — деп жазады Нұралы губернаторға, – жағаны жайлап жүргеннің өтірікші ме, немесе ақиқат тақсыр ма – кім екенін білмейміз. Біздің елшіміз оны айқындай алмай қайтты, тек сары сақалды екенін айтып келді”. Бірақ: “Сол шақта, – деп көрсетеді одан әрі ақын – Нұралы жалған атақты адаммен сыбайлас бола отырып, өзінің императрицаға берілгендігі жөнінде Рейнсдорпты нандырумен жүрді, ал қырғыздар шапқыншылыққа дайындала берді” (Т.8, 120-121-б.б.). Кітаптың осыдан кейінгі жолдарында Пушкин қазақтардың сонау ертедегі өткеніне, қалмақтармен қарым-қатынасына да көңіл қояды. 

     Шығарманың  бірінші тарауына берілген түсініктемеде: “Кіші жүзде Нұралы, Орта жүзде Абылай, Ұлы жүзде Ералы басқарған қазақ жасақтарының 1771 жылғы “шаңды жорықта” қалмақтарды үлкен шығынға ұшыратқаны” (206-б.) жөнінде дерек бар. Бұл мәлімет ақынға біз айтып өткен П.И.Рычковтың кітабынан да белгілі болатын. 

     Орал  казактары жөнінде мол мағлұмат келтіріп, олар “тұзды қырғыздар даласы шекарасына жақын жердегі Индер  мен Грязное ащы көлдерінен, не Жем жағалауындағы көлдерден  алады”, – деп жазады. Пушкиннің  “Пугачев тарихы” үшін жинақтаған материалдарының арасында көтеріліс басшысының қазақ халқына арнаған үндеуі де ұшырасады (Антонов В.Ф. “Чтение по истории”. М., 1984 С.144). Соғыс қимылдарына қатысқан Жантас, Жантілес, Құлбаба, Есеней, Құттықадам деген қазақ батырлары ерен ерлік көрсетеді. Орал казак орысы Ф.Курицын 1774 жылы Пугачев көтерілісінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым Датұлы басқаратынын хабарлайды. Ал, А.Суворов 1775 жылдың 22 маусымында граф П.И.Панинге жазған хатында Сырым батырды Пугачев көтерілісінің ең белсенді мүшелерінің бірі ретінде баяндайды. Әрине, мұндай мәліметтердің орыс ақынына бәрі бірдей жетпеген де болар, бірақ ол өз еңбегінің өне бойында қазақ даласы, қазақ халқы тақырыбына үнемі соғып отырады, сол жылдардағы оқиғаларға талдау жасайды. Жайық бойында ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге ден қояды. Солардың бірі – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жыр-аңызы­ның жазылып алынуы. 

     А.С.Пушкин мұрағатынан осы лиро-эпос мазмұнының табылғаны жөнінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап айтылып келеді. Зерттеушілердің біразы ақын оны  осы сапары барысында, Орынборда, не Оралда болған кезінде естіді деген пікірде. Кейбір авторлар (М.И. Фетисов, т.б.) “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырының мазмұнын Пушкин В.И.Дальден, тіпті қазақтардың өзінен жазып алғаны жөнінде сыңай танытады. Оған дәлел ретінде ақынның татар тілін білгендігін алға тартады. Бұл тілдің қазақ тіліне ең жақын тілдердің бірі екендігі, сол кезеңде білімді қазақтардың татар тілінде сөйлегендігі белгілі. Пушкиннің “Арзрумға саяхат” өлеңінде мынадай жолдар бар: “Ешқандай тіршілік белгісін кездестірмей ұзақ жүрдім. Ақырында оқшау тұрған сакляны көрдім. Есік қақтым. Иесі сыртқа шықты. Мен одан жол жағдайын орыс тілінде, сонан кейін татар тілінде де сұрадым”. 

     Пушкин  қандай деңгейде де татар тілін білген болсын, бірақ одан ақын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын 1833 жылы тікелей қазақтардан естіп, жазып алды деген ұғым тумайды ғой. 1825 жылы “бұл лиро-эпостың халық аузындағы нұсқасын С.Б.Броневский жазып алған болатын. Оның Пушкинмен таныстығы түрлі әдебиеттерден зерттеушілерге жақсы белгілі. Оған дейін (1807) қазақ көпесі Мұртаза Файзуллин Семейден Шығыс Түркістанға барған кезінде эпостың сюжетін жазып алып, қайтып келгеннен кейін Г.Ф.Генске тапсырады. Мүмкін, Пушкинге жыр мазмұнын Генс берген шығар. Зерттеушілердің көпшілігі Пушкин “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын А.И.Левшиннің кітабынан білді деген тұжырымға бейімділік танытады. (ҚСЭ. Т.7 212-бет). Бұл пікір де орыс ақынының қазақ эпосының мазмұнын қашан, қай жерде, кімнен жазып алды деген сұраққа жауап бермейді. 

     Ақынның Орынбор мен Оралға сапарына байланысты жұмбақ жәйттер мұнымен шектелмейді. Ең алдымен Пушкин мен орыс жазушысы В.И.Дальдің (1801-1872) Орынборда жүздесуі жөнінде.  

     Соңғы кезде Дальдің Орынбордан Оралға барарда Пушкиннің серіктесі  болмағаны жөніндегі пікірлер де көрініс беруде. Ол 1916 жылы Петербургте жарық көрген “Пушкин және оның замандастары” (23 және 24-ші шығарылымдары) деген жинақтағы Д.Н.Соколовтың “Пушкин Орынборда” атты мақаласынан бастау алып, 1980 жылы “Простор” журналында басылған А.Д.Белыйдың “Даль рапорты” деген мақаласында қосталады.  

     Мұндай  тұжырымға кейбір негіз де бар  сияқты. Мұрағатта  1833 жылдың 21 қыр­күйегінде  В.И. Дальдің “Орал әскері жеріне”  барып қайтқан сапары туралы Орынбор  генерал-губернаторына жазған рапорты  бар. Дәл сол күні Пушкин Орал қаласына жолға шығады. Осыған байланысты аталмыш авторлар 2500 шақырым сапардан келген В.И. Дальдің қайта жолға шығуы мүмкін емес қой деген пікір білдіреді.  

     Бұл жөніндегі талас-тартысқа, “Даль  рапортының” қай күні жазылғандығына  тереңдемей, қалай болғанда да оның Орынборда Пушкинмен жүздескенін, Орал қаласына дейін оған еріп жүргенін теріске шығаруға болмайтындығын айтуымыз қажет. В.И.Дальдің  өзі Бердск слободасына Пушкинмен бірге баруын еске алып: “Біздер Пугачевты білетін, көрген және есінде ұстаған кемпірді тауып алдық”, — деп жазады. (Пушкин в воспоминаниях современников. М., 1950 С. 454). Оған қоса Дальдің 25 қыркүйекте  Орал қаласынан Н.И.Гречке жазған хаты тағы бар. Яғни, ол 23 қыркүйекте Пушкинді шығарып салған.   

     В.И  Дальдің қызы да әкесінің Пушкинмен  бірге Орынбор мен Оралда болғанын растайды ( Русский архив. 1899. № 5.с. 137-138). 

     Басқа деректерде Дальдің Пушкинмен 1832 жылдың күзінен таныс екендігін, 1833 жылдың 18-19 қыркүйегінде олардың Орынбор  мен Бердск слободасында бірге болғандығы көрсетіледі. Пушкиннің кітапханасында Дальдің бірнеше кітаптары да сақталған.  

     1835 жылдың наурыз-сәуір айлары шамасында  Пушкин Петербургтен Орынборға  В.А.Перовскийге хат жазып, онда  “Бердскідегі серуеннің естелігі  ретінде сізге “Пугачев тарихын”  жіберіп, оған тағы 3 данасын қосып отырмын, Дальге, Покотиловқа және сондағы аңшыға...” деп көрсетеді ( т.10, 411-412-б).  Мұндағы В.А.Покотилов – ақынды Оралға дейін-ақ Орынбордың өзінде қарсы алған казак әскерінің атаманы; “аңшы” — К.Д.Артюхов, инженер-капитан. 

     Қазақ халқының тұрмысы мен ауыз әдебиетінің білгірі, кейін Исатай мен Махамбет көтерілісіне бүйрегі бұрған орыс жазушысының қазақтар хақындағы шабытты әңгімелері Пушкинге әсер етпей қоймаса керек. 

     Қазақ даласына шеккен сапары Пушкинді шытырман сезім құшағында қалдырып, Ақ Жайық, даланың өзіндік өзгеше келбеті ақыл қиялына қанат бітіреді. Жергілікті әндер (“Гурьевтен-қаладан”, “Жайық казактары”), қалмақ ертегілері, қазақ аңыздары бірігіп азаттықты аңсаған орыс, башқұрт, қалмақ, қазақ халықтарының көтеріліске қатысуы жөніндегі шығармасының  психологиялық аурасын анықтайды. 

     *  *  * 

     Басы  ашылмаған мәселелерінің бірі –  А.С.Пушкиннің Жәңгір хан (1801-1845), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) және Г.С.Карелинмен (1801-1872) қарым-қатынасы жөнінде. 

     1821 жылы Орынборға жер аударылған  Карелин бұл қалада А.И.Левшин, В.Д.Воль­ховский, Г.Ф.Генспен достық қарым-қатынаста болады. 1826-1828 жылдары ол Бөкей ордасына сапар шегіп барады. Сөйтеді де 1828-1830 жылдары Жәңгір ханның іс басқарушысы ретінде оның Нарынқұмдағы ставкасында тұрады. 1829 жылы Бөкей ордасы жерінің картасын құрастырады. 1832 жылы наурызда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге жіберіледі. Сол жылдың жазында Петербургке шақыртылып алынып, оған жаңа тапсырмалар жүктеледі. 1834 жылы мамырда Ново-Александровск қамалының негізін қалайды. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына жіберілген экспедиция жұмысының барысында адай руының батыры Сүйінқарамен ұшырасады. Сүйінқара Карелинге “хиуалықтардың шабуылынан қорғау” жөнінде хат тапсырады. Сонда Г.С.Карелин мен Пушкиннің жолдары қалай қиылысты деген сұрақ туады. Бұл орайда олардың ортақ таныстары арқылы бірін-бірі жақсы білгендігіне сілтеме жасаймыз. Ең алдымен, Карелин де, Пушкин де – декабристердің көзқарастарын бөліскен адамдар. Карелиннің зайыбы А.Н.Семенова Пушкиннің досы А.Дельвигтің әйелінің құрбысы болатын. Карелин Пушкиннің танысы А.П.Свиньинмен де хат жазысып тұрады. Оған қоса Бөкей ордасында талай рет жүздескен В.И.Дальмен таныстығы, оның Пушкинге осы өңірде болған уақытында Карелин жөнінде әңгіме айтпауы мүмкін емес. (Архив АН СССР Л., 1933 г. С. 160-162). 

     Біз Карелин Пушкинмен Оралға барған сапарында кездесті деген пікірден аулақпыз. Себебі Карелиннің 1833 жылдың қыркүйегінде қайда болғаны әлі  де болса зерттей түсуді қажет  етеді. Соның өзінде Григорий Силычтың Махамбет ақын мен Жәңгір ханды Пушкинге апарар жолдағы көпір болғандығына көп негіз бар.  

     Бірақ мүмкіндік пен оның шындыққа айналуының арасы – жер мен көктей. Мұны ескермеген авторлардың бірі Жәңгір ханды Пушкиннің “жақсы танысы” (“приятель”) деп жазады. Бір қарағанда солай да шығар деген ой түрткілейді. Олардың да, В.И.Дальді айтпағанның өзінде, профессорлар А.Казембек, К.Ф.Фукс, т.б. ортақ таныстары болады. Оқиғалар тізбегі, уақыт пен кеңістік секілді факторлар да орыс ақынымен қазақ ханын жолықтыруға итермелейді. Жәңгір хан Петербургке алғаш рет 1826 жылы Фатима ханыммен бірге І Николайдың таққа отыру салтанатына байланысты келген-ді.  

     Осы сапар барысында хан Каспий жағалауындағы  шұрайлы аймақты “иемденген”  князь Юсуповпен кездеспеді ме деген  ой туады. Біздің айтып отырғанымыз – ата-бабалары шоқынған орыс ақсүйегі, сенатор, меценат Николай Борисович Юсупов (1750-1831); оның Архангельскідегі үйінде Пушкин 1827 жылдың күзінде қонақта болады. Ақынның 1830 жылы жазылған “К вельможе” деген өлеңі де осы Юсуповке арналған. 

     Жәңгір  Петербургте оншақты күн болып, барлық ойын-сауықтарға, оның ішінде К.Ф. Фукс ұйымдастырған әдеби кешке  де қатысады.  

     Карл-Фридрих (Федорович) Фукс (1776-1846) – дәрігер, профессор, 1805-1828 жылдары Қазан университетінің  ректоры, әдебиетші, Еділ бойы өлкесінің білгірі. Бұл адаммен Пушкин 1821 жылдан таныс еді. Ақынның кітапханасында Фукстің “Башқұрт Оралы бойынша саяхат” деген кітабының болуы, Орынборға бара жатқан жолда 1833 жылы Қазанда оның үйінде бір күнге тоқтауы, әйелі Александра Андреевнамен 1833-1836 жылдары хат жазысып тұруы және оған 1835 жылы “Пугачев тарихын” жолдауы (Т.10, 423,433-2б.) көп нәрсені аңғартады. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, Фукс Жәңгір хан мен 1826 жылы елге оралып келе жатқанда Қазанда тағы жолығысады. 

     Сонымен, орыс ақынының қазақ ханымен кездесуіне барлық жағдай болған сияқты. Алайда олардың жолдары қиылыспады. 1826 жылы Жәңгірдің Петербургте болған кезінде Пушкин Михаиловское селосында айдауда жүрді, қалған уақытта да олар жүздеспеді.  

     Енді  әңгіме арнасын Махамбетке бұрайық. Осыдан үш жылдай бұрын, яғни 2003 жылғы 15 тамызда “Қазақ әдебиеті” газетінде “Махамбет пен Пушкин” деген көлемді дүние жарияланып, оның авторы екі ақынды бір-бірімен “шүйіркелестіріп” қояды. Жарайды, оны жазушының қиялынан туған делік. Бірақ “Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясындағы” “Хан тоғайы” деген мақалада осы жағдай қай­таланып, Махамбет пен Пушкин Нарын құмында кездеседі. Мұндай мәлімет орыс ақынының әр күні мен сағатына дейін тәптіштеп жазып жүрген зерттеулердің бірде-бірінде ұшыраспайды.  

     Олардың ортақ таныстарының болуы Махамбет пен Пушкиннің сырттай білістігі  жөнінде ғана тұжырым жасауға  мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Дальмен хан сарайында да, қазақ  ауылдарына барған шақтарында да жүздесіп, әңгімелескені сол уақыттағы  оқиғалармен біршама дәлелденеді. Дальдің қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын жинауы, қазақ тақырыбына арналған шығармаларын жазуы барысында Махамбетке соқпай кетуі қисынсыз сияқты. 1833 жылдың жазында Гурьев (қазіргі Атырау), Орал қалаларына, Бөкей ордасына екі айлық іссапарда болғанда Даль қазақ ауылдарын аралап, жергілікті халықтың қам-қарекетімен, рухани дүниесімен терең танысады. 1833 жылдың мамыр-маусым айларында Махамбет оқуға бара жатқан Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборға аттанады. Олар мұнда Карелиннің үйінде тұрады. Ресей Ғылым академиясы мұрағатының Петербург филиалында 1833 жылдың 11 қарашасында Жәңгір ханның Таубұйрат деген жерден жазған хаты сақталған. Онда: “Барлық уақытта менің сізге деген ықыласымды ұмытпайтын боларсыз деп сенемін. Бұл хатты мен жолай Әлмұхамед арқылы жіберіп отырмын... Асығыс жаздым, кешірерсіз. Менің Жұлқаш (Зұлқарнай.) баламды сізге тапсырамын, өз балаңыздай көріңіз” (Петербургский филиал архива РАН. Ф. 137. Оп. 2. Д. 79. Л. 23), — делінеді. 

Информация о работе Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет