Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, реферат

Краткое описание

Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.

Содержимое работы - 1 файл

Пушкин және Қазақ даласы.doc

— 118.00 Кб (Скачать файл)

     Ақын  кітапханасындағы Бенджамин Бергманның қалмақтар туралы кітабының француз  тіліне аударылған нұсқасы да Пугачев  көтерілісінің кейбір қырларымен танысуға мүмкіндік береді (Voyage de Benjamіn Bergman chez la Kalmuks. 1825). 

     Пушкиннің тарихшы және этнограф, Ресей Географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі А.И. Левшинмен (1799-1879) қарым-қатынасы оқырманға жақсы мәлім. Ақын оның 1823 жылы жарық көрген “Орал казактарына тарихи және статистикалық шолу” туралы жұмысына “Пугачев тарихының” бірінші тарауында: “Автордың басқа да шығармалары іспеттес бұл еңбегі де шынайы ғылымилығы және байсалды сынымен ерекшеленеді”, – деген пікір білдіреді. 

     1827 жылдың ақпан айында ескі танысы  В.И. Туманскийге жазған хатында  Пушкин Левшиннің “Московский  вестник” журналына мақала жазуын сұрайды. Туманский наурыз айында: “Сіз үшін Левшиннің қолжазбасынан қырғыздар туралы тамаша үзінді жіберемін”, деген хабар айтады.. Мақала сол жылы “Қырғыз-қазақ халқының атауы және оның нағыз, немесе жабайы қырғыздан айырмашылығы” деген атпен басылымның 16-санында жарық көреді. 1831 жылы Санкт-Петербургте шығып тұрған “Литературная газетада” Левшиннің “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыз-қазақтар” деген мақаласы беріледі. Ол да Пушкиннің редакциялауымен және ескертулерімен жарияланады. Көптеген деректер ақынның Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген үш бөлімнен тұратын монографиялық зерттеуін назар қоя отырып оқығандығын куәландырады. 1832 жылы жарық көрген бұл еңбек қазақ жерінің тарихы, географиясы және этнографиясына арналады. 

     Пушкин  жеке зерттеулермен шектеліп қана қойған жоқ, 1833 жылдың жазы ортасына дейін  әскери министрлік мұрағатының Петербург  пен Мәскеу бөлім­шелеріндегі Пугачев  көтерілісі туралы құжаттарды әбден  сараптап шығады. Тек осыдан кейін ғана Еділ бойы мен Орынбор өлкесіне бару жөнінде шешімге келеді. 22 шілде күні Бенкендорфтың атына жазған өтінішінде Нижегород губерниясы, Қазан мен Орынборға екі-үш айға барып келуге жіберуді сұрайды. Осы сапардың мақсаты жөнінде баспагер Н.И. Греч (1787-1867) өзінің “Парижге хаттар” деген еңбегінде: “Үстіміздегі жылдың (1833) екінші жартысында Пушкин тарихи еңбегіне қажетті мәліметтерді жергілікті жерде жинау үшін Орынборға барды”,– деп жазады. Бұл оның ұлы даланы жиектей жүріп отырып Орынборға, одан қазақ жеріне дендей еніп отырып Оралға соққан атақты сапары еді. Онда не болды, кімдермен жүз­десті, бұл енді келесі мақаланың желісі. 
 

     Авторы: Көшім ЕСМААМБЕТОВ, Тарих ғылымдарының докторы, профессор.


Информация о работе Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет