Баскетбол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2012 в 22:48, автореферат

Краткое описание

Зерттеу міндеттері:
1. Технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану.
2. Динамикалық ойын жағдайларының мазмұнын оқушыларды техникалық дайындаудың бастапқы кезеңінде қолдану негіздемесін беру.
3. Баскетбол ойынының техникасын қалыптастыру технологиясын жасаудың және динамикалық ойын жағдайларын дене шынықтыру сабақтарында қолданудың эксперименталді негіздемесін беру.
4. Оқушыларды дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойынының негіздеріне үйретудің тимділігін арттыру бойынша ғылыми-педагогикалық ұсыныстар түзу.

Содержимое работы - 1 файл

Автореферат Ескалиева.doc

— 377.50 Кб (Скачать файл)
 

     Үлгіден, оқу әрекетінің нормативті құрылымы оның элементтерінің өзара байланысының екі түрімен түзілгенін көрсетеді. Біріншіден, онда  басқарудың бір деңгейінен     екіншісіне  өтуіне және осы әсердің   нәтижесіндегі    кері ақпаратты алуға жауапты басқарушы командалардың субординациясының байланысы бар. Бұндай байланыстың мысалы – мақсат, жоба, жоспар.

    Екіншіден, онда жаңа бастаған ойыншыға ойынның  бір тәсілінен кейін екіншісін игеруіне өтуіне және  игерудің түрлі  тәсілдерін  бір деңгейде салыстыруға  мүмкіндік беретін бағдарлар байланысы берілген. Баскетболдағы,  субординация мен бағдардың толық байланысы түрінде көрсетілген ойын әрекетінің құрылымын біз әрі қарай нормативті құрылым (тұтас) деп атаймыз, және соған сәйкестікті оқушы-баскетболшылардың ойын әрекетінің қалыптасуының маңызды белгісі деп санаймыз.

    Технологиялық қадамды жобалаудың екінші кезеңінде  біз назарымызды баскетболдағы ойын әрекетінің бағдарлы негізін, ойыншының санасында ойынның мәнін қабылдауының алға жылжуын, осы мәнге жетудің жолдары мен тәсілдерін қалыптастыратын, элементтерін құрастыруға бағыттадық.

    Оқушыларды  жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңін ұйымдастырудың технологиялық қадамы  педагогикалық технологияның маңызды белгілерін ескеруді міндеттейді: технология- процессуальдық санат; технология объект жағдайының өзгеру әдістерінің жиынтығы түрінде берілуі мүмкін; тиімді және экономикалық үдерістерді жобалауға және орындауға бағытталған технология. 

    4 Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру 

    Оқушылардың техникалық дайындығының және дене жағынан  жетілуінің, жалпы,  олардың бойында  ойын әрекетін қалыптастырудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуші қадамды біз оқу-тәрбие процесіне бастапқы үйретудің бірінші жылында, яғни, 4 сыныптан бастап жүзеге асырдық. 

    «Оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздері қалыптастырудың кезеңдік әдістерінің тиiмдiлiгi» 4.1 бөлімшесінде эксперименттік әдістің ұсынылған мазмұны  оқытудың бірінші жылғы бастапқы дайындығы тобындағы ұлдардың қатысуымен жүзеге асырылғандығы қарастырылады. Мектептің 2009-2010оқу жылына арналған жоспар-кестесіне сәйкес 66 сағат оқу сабақтары өткізілді, экспериментке қатысушылар мини-баскетбол бойынша екі жарысқа қатысты.

    Бақылаудағы топ та дәстүрлі әдіс бойынша сонша  сағат дайындалды, бақылау сыныбындағы  оқушылар да екі жарысқа қатысты.

    Қолданылған технологиялардың  тәжірибелік жағын сипаттайтын зерттеудің мазмұнын ашатын материалдар, тәжірибелік топтарда мәні бойынша әр дәрежедегі нәтижелердің жағымды өзгерісі болғанын көрсетеді (4 кесте). 

4 кесте  - эксперимент кезіндегі үйренушілердің  психомоторлық қабілеттерінің дамуы 

Көрсеткіштер ЭТ(n=24) БТ(n=24) t2
S сv, % t1
S сv, % t1
әсер  ету уақыты, мс 2,08 2,18
қозғалатын  нысанға әсер ету, % қателер 2,37 1,23
қозғалыстардың  кеңістікті талдауы, % қателер 2,54 1,83
қозғалыстардың  талдауы, % қателер 2,15 0,98
қозғалыстардың  күштік талдауы, % қателер 2,02 0,76
     

       Ескерту: 1) алымда бастапқы, бөлгіште-эксперименттің соңғы кезеңдерінің нәтижелері көрсетілген;

2) t1-эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдері арасындағы айырмашылықтың дәлдігі;

3)  t2-  ЭГ мен КГ арасындағы айырмашылықтың дәлдігі

Бақылау тобындағы үйренушілердің нәтижелерін  талдау, эксперимент кезінде нәтижелердің дәл өсуі әсер етудің уақыттағы көрсеткішінде  болғанын көрсетеді (Р<0,05) . басқа көрсеткіштерде де топтық нәтижелердің жақсарғаны байқалады, алайда, осы өсудің қарқыны статистикалық дәлдік деңгейіне жетпейді (Р>0,05).

    Түрлендіру  коэффициенті мәндерін талдағанда, зерттеп  отырған психомоторлық функциялардың  көрсеткіштерінде  эмпирикалық орташа шаманың маңайындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқитыны байқалады, мұнда  сv мәні   16,0... 47,3% аралығында жатыр, бұл іріктеудің біртекті болмағанын білдіреді. Білетініміздей,  біртектілік болмау құбылысы  сынақтан өтуші іріктеулер бір ғана әрекетті жүзеге асыру кезінде түрлі жағдайда болғанда, немесе оларға педагогикалық әсерді бағыттағанда, мақсатына жетпегенде пайда болады.

    Біздің  зерттеуіміздің нәтижелері және басқа  авторлардың материалдары талдайтын  жағдайдың себептері жаңа бастаған баскетболшылардың сабақтарында психомоторлық саланың бейімделуінің белгілі бір әдісін қалыптастыратын құралдарды және әдістерді қолдану болып табылады. Бұл ағым  қарапайым қызметтердің көрсеткіштеріндегі нәтижелердің, қозғалыс бағдарын сипаттайтын динамикасында жақсы көрінген, мұнда эмпирикалық орташа шаманың маңындағы жеке нәтижелердің біршама ауытқуы байқалады.

    Эксперименттік  топта  басқа көріністі көреміз. Біріншіден, осы топтың  сынақтан өтушілерінде нәтижелердің дәлдік жақсаруы психомоторлық функциясының зерттеуге  алған көрсеткіштерінің бәрінде орын алған (Р>0,05). Бұл оқушы-баскетболшының дамуының тұтас үдерісінің экспериментті әдістемесінің маңыздылығының жоғарылығын білдіреді. Мұнда Л.С.Выготскийдің сөзімен жеткізсек,  үйрету соңынан дамуды ерте жүреді.

    Екіншіден, аталған динамика кездейсоқ емес, бұл барлық көрсеткіштердегі түрлендіру коээфициентінің мәнін, мамандар топтың біркелкілігі деп анықтаған нормаға дейін төмендетумен дәлелденеді.

      Осы топтың нәтижелері, сабақтың  міндетті нәтижесі- арнайы дене  жағынан қалыптасудың қасиеттерін  және  соған сәйкес қасиеттерін, осы негізде техникалық дайындық деңгейін тұрақты арттыруды қамтамасыз ететіндей, басымдылықпен дамыту болып табылатындай, дене жағынан және техникалық жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету міндетіне де толықтай сәйкес келеді [Н.Г. Озолин, 1990]. Бұнда, үйретудің осы кезеңінде ойынды тұтас және оның элементтерін қарастыратын, баскетбол ойынына тартудың эксперименттік әдісі маңызды рөл атқарды.

    Сынаққа алынған екі топтың да  оқу  барысындағы белсенділігі бойынша,  дене шынықтырудың өзіндік жаттығу тапсырмаларын орындаудағы себептік саласын сипаттайтын  материалдар ерекше қызығушылық тудырады. Педагогикалық бақылау үдерісінде, ЭТ сынақтан өтушілер, БТ қарағанда,  сабақ кезінде рұқсат етілмеген демалысқа уақыттарын 7-10% аз кетіргенін анықтадық.  Олар  дене шынықтырудың өзіндік жаттығуын ұйымдастыру мен мазмұны туралы, өзіндік жаттығулардың басқа да формалары туралы  сұрақтарды түсіндіруін мұғалімнен жиі сұрап тұрған.  Білімдерін және тәжірибелік  икемділіктерін бақылау үдерісінде ЭТ сынақтан өтушілердің 80-90% тестілік тапсырмаларды тамаша орындап шықты. Бақылау тобында бұндай жетістіктерге сынақтан өтушілердің 60% жете алды, бұл көрсеткіш те эксперименттік әдістің маңыздылығын арттырып, оның баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде қолдануда болашағы бар екендігін көрсетеді.

    «Динамикалық  ойын жағдайлары негізінде (модульдер) баскетбол бойынша оқушылардың  техникалық даярлығын жетілдіру» 4.2 бөлімшесінде оқыту үдерісіндегі модуль бірнеше қызмет атқарады, және біздің еңбегіміздегі оны рәсімдеуге бірқатар талаптар қойылуы қарастырылады.

      Нормативті келісілген ойын әрекетінің тікелей көрінісі ретіндегі, екі бағытта жүргізілген, техникалық дайындықтың қалыптасу динамикасының салыстырмалы талдауы: біріншіден, эксперименттік және бақылау топтары арасында  әртүрлі әдістемелік қадамдарды қолдана отырып, ойын техникасының тәсілдерін қалыптастырудың бірқатар маңызды ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

    Ерекшеліктердің біріне ойын техникасының негізгі  тәсілдерінің қалыптасуын, сондай-ақ, ойынның жоспарлы нәтижесіне жеткізетін, белгілі бір қозғалыс міндеттерін шешудегі негізгі тірек нүктелерін орындау сапасын бақылаудың білімі мен әрекетін жатқызуға болады. Бұндай білімдер мен әрекет ЭТ сынаққа алынғандардың 75-80% байқалды. Ойын тәжірибесінің түрлі нұсқаларындағы (кедергісіз және қарсы әрекет жағдайында, салмақ түсуден бұрын және кейін) техникалық-тактикалық өзіндік дайындық туралы арнайы білімді дифференцациялау  сынаққа алынушының біліктілігінің қалыптасуының және оның техникалық-тактикалық дайындық деңгейінің артуының сапасын сипаттайды.

    Басқа ерекшеліктің бірі – қалыптасқан бағдарлы әрекетті, техникалық дайындығын және ойынның түрлі жағдайларында ұтымды әрекет етудің икемділігін  қолданып, сынаққа алынғандардың ойын мақсатына жетуінің мүмкін дерлік көптеген қадамдарының ішіндегі қабілеттерінің пайда болуында және жетілдіруінде жатыр. Бұндай өзгеріс ЭТ cынағына қатысушылардың 68-70% тіркелген. Аталған  қабілеттердің пайда болуы -ақыл-ой және тәжірибелік әрекетті оқу және ойын әрекетіне ауыстыру мүмкіндігін ашады.

      «Зерттеу нәтижелерін талқылау» деп аталатын 4.3 бөлімшесінде қарастырылған зерттеу нәтижелері баскетболмен әрі қарай айналысудың қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар,  солармен жүргізілетін жалпы қабылданған жұмыстың әдістемесі тиісті деңгейде оң бағасын бермей отыр. Ол аздай,  өзінің ұстанымды басты ерекшелігінде ол саластырылған базалық элемент түрінде қарастырылуы керек. Бұл туралы бақылау сыныбындағы оқушылардың дайындық деңгейіндегі өзгерістер де айтады (60% астам). Соған қарамастан, осы тұрғыдан қарағанда, эксперименттік сынып оқушылары бірқатар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді:

    -  эксперименттік сынып оқушыларының 81,8%, және бақылау сыныбының 68% бағдарлама талаптарын орындап шықты;

    -  эксперименттік сынып оқушыларының 72% секцияларда баскетболмен айналысуға тілек білдірді;

    - эксперименттік сынып оқушыларының 90% астамы Қазақстан Республикасы Президенттік тестісінің Ұлттық деңгейінің талаптарын орындап шықты.

    Аталған көрсеткіштер, олардың объективті және заңды сипатын ескере отырып, біздер ұсынған зерттеу болжамын растайды, жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен баскетбол сабағын өткізудің қалыптасқан ережелерін әрі қарай нақтылаудағы  шынайы келешегін ашып береді, және осы негізде дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Сөйтіп, жалпы білім беретін мектепте баскетболға үйретудің бастапқы кезеңінде ойын техникасы негіздерінің қалыптасуын зерттеу, ұдайы динамикалық  байланыста болып келетін, оқушылардың  дене жағынан, техникалық және ойын дайындықтары жалпы және арнайы педагогикалық әсерлерге байланысты екендігін көрсетті. Бұндай байланыс оқушыларды дайындаудың құралдары мен әдістерін (технологиясын) және олармен сабақ өткізудің әдістемелерін құрастыру қадамының мәнін күн ілгері анықтап берді.

    Осының  барлығы, оқу және ойын әрекетіне қажетті,  баскетбол ойыны техникасын бастапқы кезеңде меңгерудің маңыздылығын дәлелдейді.

      Қорытынды ретінде тағы атап  өтейік: біздер ұсынған құралдар (баскетболдың) және оларды қолдануды  жетілдіру - оқу-ойын әрекетіндегі жетістіктерін  күн ілгері анықтап берген,  дене жағынан, тахникалық-тактикалық көрсеткіштерін тиімді жетілдіруін қамтамасыз етеді. 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Жалпы білім беру мектебінде оқытудың бастапқы кезеңінде баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыруды кешенді  зерттеуді жұмыста қойылған міндеттерді толығымен жүзеге асыруға және келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

Информация о работе Баскетбол