Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

диплом Салық жүйесіндегі оұтайландыру механизмі.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)

    Егер  ЖК лицензиялануға жататын қызмет түрін  жүргізсе, ол мұндай қызметті жүргізуге  құқық беретін лицензияны көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайда патент лицензияның әрекет ету мерзімімен аспайтын мерзімге беріледі.

    Патент  сомасының есептелуін ЖК мәлімделген табысқа 2% мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді. Салық жеке табыс және әлеуметтік салықтар түрінде патент алынғанға дейін төленеді. Әлеуметтік салықтың сомасы әлеуметтік шегерімдер сомасына азайтылады. Патенттің құнына кірмеген бюджетке төленетін басқа да салықтар мен міндетті төлемдер жалпыға бірдей тәртіпте есептеліп, төленеді.

    Патент  Салық кодексінің 374-бабының 6-тармағына  сәйкес салық органдарымен өтініш пен  бюджетке төленетін патент құнының  төленгендігін растайтын құжаттар, жинақтаушы қорларға төленетін міндетті зейнетақы жарналары мен Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар ұсынылған күннен бастап, бір күннің ішінде беріледі.

    Патент  негізінде арнаулы салық режимін  қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған  ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінде салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады.

    Аталған өтініш патент негізінде арнаулы  салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

    Патент  жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік  жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына қызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.

    Жеке  кәсіпкер лицензиялауға жататын  қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық  беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензиясының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

    Шағын бизнес субьектілері болып табылатын  жеке кәсіпкерлер де заңды тұлғалар үшін де бюджетпен есеп айырысудың негізгі формасы болып, оңайлатылған декларацияның негізіндегі арнаулы салық режимі табылады. Мұндай форма жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлерге арналған. Салық төлеудің осындай режиміне өту үшін салық төлеуші тоқсан басталғанға дейін салық органына қызметін жүргізетін орны бойынша белгіленген қалыптағы өтінішті ұсынуға міндетті.

    Арнаулы салық режимін төмендегі қызмет түрлерін жүргізетін заңды және жеке тұлғалар қолдана алмайды:

    1. акцизделетін өнімді өндіретін;
    2. консультациялық, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсететін;
    3. мұнай өнімдерін өткізетін;
    4. шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
    5. жер қойнауын пайдаланатын;
    6. мыналарды:
  • медициналық, дәрігерлік қызметті, мал дәрігерлік саласындағы қызметтерді : мал дәрігерлік мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізуді;  мал дәрігерлік мақсаттарға арналған дәрі-дәрмек құралдарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізуді; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметтерін;
  • тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстарын;
  • күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
  • өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндіруді;
  • жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
  • автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалын;
  • емдік препараттар дайындау мен сатуды;
  • жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі жұмыстарын;
  • алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды және т.б.
 
      1. Оңайлатылған  декларация негізіндегі  арнаулы салық  режимі
 

    Оңайлатылған  декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне салық кезеңі басталғанға дейін  көшу үшін шағын бизнес субьектілері өз қызметін жүзеге асыратын жер бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанда өтініш береді.

    Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға өтініш заіды тұлға мемлекеттік тіркелгенннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына береді.

   Мынадай шарттарға сай шағын бизнес субьектілері:

  1. дара кәсіпкерлер үшін:

    дара  кәсіпкерлердің өзін қосалғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бес адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;

  1. заңды тұлғалар үшін:

    қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық  кезеңі ішінде елу адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

    1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші, егер осы тармақта  өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.

    Қайтадан  құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күніне кешіктірмей табыс етеді.

    Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

    Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік  тіркелген күні аталған салық  төлеушілер үшін арнаулы салық режимін  қолдануды бастау күні болып табылады.

    Салық төлеушінің осы тармақта аталған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

    2. Салық органы уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

    Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

    Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

    Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 433 –  баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі арнаулы салық  режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

    Оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы салық  режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініштің салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

    Егер  салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін  қолдануды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдаса, аталған  режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.

    Белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтініш сәйкессіздік туындаған  кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етіледі. Аталған жағдайда арнаулы салық режимін тоқтату сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

    Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

    Салықтарды  оңайлатылған декларация негізінде  есептеуді салық төлеуші салық  салу обьектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

    Егер  есепті кезеңнің қорытындылары бойынша  қызметкерлердің орташа айлық жалақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1 – тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 поценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.

    Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 433 –  бабында белгіленген табыс сомасынан  іс жүзінде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың  жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне не өзге арнаулы салық режиміне өту ( ауысу) күніне дейін салықтарды есептеу осы баптың 1 – тармағында белгіленген ставка бойынша жүргізіледі.

    Оңайлатылған  декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15 – інен кешіктірілмей табыс етіледі.

    Оңайлатылған  декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке ( корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25 – інен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Бұл ретте жеке ( корпорациялық ) табыс  салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ бөлігі мөлшерінде төленуге жатады.

    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық  сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

    Оңайлатылған  декларацияда төлем көзінен ұсталатын  жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.

    Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс  салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын  төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25 – нен кешіктірілмей жүргізіледі. 
 

    2.1.2. Шаруы қожалықтарына  арналған арнаулы  салық режимі. 

  1. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда  белгіленген арнаулы салық режимін  немесе жалпыға бірдей белгіленген  тәртіпті дербес таңдауға құқылы.
  2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады.
  3. Жеке меншік құқығындағы және ( немесе ) жер пайдалану құқығындағы ( қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

    Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша  салық кезеңі болып табылады.

    1.Шаруа  немесе фермер қожалықтары арнаулы  салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі