Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 08:51, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өтпелі экономикаға және осындай экономикадағы Қазақстан Республикасына салық жүйесінің өзгермелілігі, тұрақсыздығы тән болып келеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енгеніне қарамастан,одан кейін де енгізілген көптеген өзгертулермен, түзетулерге қарамастан 2009жылдың 1ші қаңтарынан кейін де салық жүйесін реформалау әліде аяқталған жоқ. Кодекстің кейбір бөлімдері мен тараулары қазірдің өзінде елеулі түзетулерді енгізуді қажет етеді. Бұл әсіресе ҚР Салық кодексіндегі « Арнаулы салық режимдері» бөліміне қатысты.

Содержимое работы - 1 файл

диплом Салық жүйесіндегі оұтайландыру механизмі.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)
gn="justify">    Арнаулы салық режимі категориясының обьективті негізінде мемлекет пен салық төлеушілердің белгілі – бір категориялары арасында салықтық төлемдердің арнаулы жүйесі арқылы мемлекет қазынасына салық төлеушілердің табыстарын бөлу мәселесі бойынша туындайтын ақша қатынастары жатыр. Жалпы арнаулы салық режимінің фискалдық және реттеушілік тиімділігі, ауыртпалығы бірыңғай салықтың көлеміне және салық базасының сипаты мен оның ставкаларының көлеміне байланысты.

    Арнаулы салық режимінің субьектісі –  бұл, бір жағынан салықтық бақылауды  жүзеге асыратын салық органдары  және басқа да органдар болып табылса, екінші жағынан белгілі-бір сфераларда және салаларда қызмет ететін жеке тұлғалар, салық төлеушілердің жеке категориялары болып табылады. Ал обьектісі ретінде бірыңғай салықтың нақты формасы (ауыл шаруашылығының салығы, жиынтық табысқа салық және т.б.) болып табылатын арнаулы салық режимдерінің даралылығын, тұтастылығын анықтайтын салықтар мен алымдар жүйесі қарастырылады. Арнаулы салық режимдерінің ерекшеліктеріне келесілер қатыстырылады:

  • Тек нақты анықталған қызмет түрлері мен салық төлеушілердің категорияларына тарату сферасының шектеулілігі;
  • Бірыңғай  салықтың төлеушілері босатылмайтын басқа салықтар мен алымдар көлемінің минимумға дейін төмендетілуі;
  • Бірыңғай арнаулы салық бекіту арқылы салық пен салық салудың жалпыға бірдей жүйесін жеңілдету.

    Тек осы аталған үш ерекшеліктер бар  болған жағдайда ғана арнаулы салық  режимін енгізу туралы айтуға болады.

    Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» жаңа заңының қабылдануына байланысты «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңның қабылдануы осы жеке кәсіпкерлікпен айналысушыларға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатын көздейді. Ол, салықтық және әкімшіліктік заңнамаларды қоса алғанда, 9 кодекс пен 50 заңға тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қамтып отыр.

    Осы саладағы түрлі іс-әрекеттермен айналысып  жүрген азаматтар, негізгі заң турасында хабардар дегеннің өзінде, оларға енгізіліп жатқан өзгертулер мен қосымшаларды жете біле бермейді. Мәселен, аталған заң арқылы Қазақстан Республикасының «Салық және басқа міндетті бюджеттік төлем туралы» Кодексіне және «Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы» Кодекске түзетулер енгізілген.

    Мұндағы алғашқы өзгеріс кәсіпкерлердің салық заңын қолдануға бейімделуді тездетеді. Өйткені, жаңа салықтарды және басқа бюджетке  міндетті төлемдерді белгілеуге, қазіргі қолданыстағы мөлшерлер мен салықтық базаны өзгертуге қатысты барлық өзгерістер биылғы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей күшіне енуі қажет. Бұған дейін 1 желтоқсаннан кешіктірілмеуі тиіс делінетін. Аралықтағы қосымша бір ай уақыт салық заңнамаларына түзетулер енгізілуіне байланысты бизнестегі жұмысты жан-жақты ойластыруға мүмкіндік бермек.

    Өзгеріс Салық Кодексінің 92-бабындағы «Есептен шығару» қағидасына қатысты. Бұған  тиісті қаржылық жылға арналған республикалық  бюджет туралы заңда, сондай-ақ жыл  ішіндегі тізімдегі қызметкерлер санына байланысты бір адамға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке кәсіпкерлік нысандарының бірлестігіне салық төлеушілердің төлемдері, мүшелік жарналары кіреді. Бұл жаңалық жеке кәсіпкерлік туралы заңның 5-таралымдағы нормаларды жүзеге аыруды ынталандыруға бағытталған. Себебі, мұнда жеке кәсіпкерлік  нысандарының мүдделерін көздейтін құқықтық актілер қарастырылып отыр.

    Төлем көздерінен жеке табыс салығын алу, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық  және тағы басқа салықтар мен міндетті бюджеттік төлемдер тапсыру мерзімін бес күнге ұзарту да салық төлеушілер мен салық агенттерінің жұмысын біршама жеңілдетіп отыр. Бұл қолдағы қаржыны ұтымды пайдалануға, және де есеп айырысулар мен салықтарды төлеуге кететін уақытты ұзартуға септігін тигізеді.

    Салық кодексіндегі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» 2006 жылғы 20 қаңтарындағы Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер шағын кәсіпкерлікпен айналысатындарға мейлінше оңтайлы. Онда шағын кәсіпкерлік нысандарының салық және басқа да заң нормаларын бұзғандығы үшін салынатын айыппұлды жеңілдету жағы қарастырылған. Мұндағы басты ерекшелік сол, белгілі бір ұйымға әкімшілік айыппұл салу мөлшерін белгілеуге екі елдік жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, әкімшілік тәртіп бұзушылық жасаған заңды тұлғалар мынандай санаттарға: шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік, ірі бизнес нысандары деп жіктелген. Осыған байланысты бірнеше нақты  мысалдарды айта кетуге болады. Мәселен, шағын кәсіпкерлік нысандары мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына тиісті қаржылық аударымдар жасау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін аударылмаған қаржының 50 пайызы мөлшерінде заңды тұлғалармен бірдей айыппұл төлесе, енді орта және шағын кәсіпкерлік санатына жатқызылған заңды тұлғалар мұндай айыппұлдың 30 пайызын ғана төлейді. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік нысандары салық органдарына есепке тұру туралы өтініш беру мерзімін бұзғаны үшін 20-дан 50 пайызға дейін айып төлесе, енді ол 10-нан 20 пайызға дейін азайтылған.

    Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекстегі жаңалықтың тағы бірі соңғы кездері  жиілеп кеткен заң нормаларынан ауытқушылықты  тыю деуге болады. Мысалы, ендігі кезде кәсіпкерлікпен немесе басқа  да жұмыстармен айналысатын тұлғаларға тиісті тіркеуден, рұқсат алмағаны біліктілік аттестаты (куәлігі) болмағандығы үшін 30-дан 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынады. Сонымен қатар, осындай тәртіп бұзушылықтың негізгі нысаны болған тауарлары, болмаса рұқсат етілмеген кәсіпкерлікпен немесе басқа да жұмыс түрімен айналысу арқылы тапқан табыстары, қаржысы, құнды қағаздары тәркіленеді. Мұның барлығы әкімшілік тәртіп бұзушылық санатына жатқызылған.

    Сондай-ақ, бизнеспен айналысуға рұқсат беретін  ережелер мен нормаларды бұзғаны  үшін орта және шағын бизнес нысандарына 50-ден 100 айлық есептік көрсеткіщ есебінде  айыппұл салынумен қатар, олардың белгілі бір жұмысты атқаруына тыйым салынады.

    Жоғарыда  аталған айыппұл мөлшерлері тек  шағын бизнес нысандарына ғана емес, орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға да қатысты, яғни бұл оларды қолдану аясы едәуір кеңейтілген деген сөзді білдіреді.

    Еліміз  өркендеп, экономикамыз ілгері басып  келе жатқан қазіргі кезде шағын  және орта бизнесті қолдау мемелекетіміздің басты нысаны. Дегенмен, қай істе болмасын тәртіп пен заңдылық сақталу тиіс. Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекстегі негізгі өзгертулер мен қосымшалар осы салада жұмыс жасайтындарды ынталандыру мақсатын көздейді. Сондықтан да жоғарыда аталған айыппұл мөлшерлерді әкімшілік жауапқа тартуды көздейді де біржақты ғана түсінік болуға тиісті. Өйткені, әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекске енгізілген айыппұл салу мөлшерлерін өзгерту көп жеңілдікке қарай бағытталған. Сондай-ақ, олардың төменгі және жоғарғы мөлшерлері айқындалып берілген. Сол арқылы жеке кәсіпкерлік  нысандарын тексеруге өкілдігі бар бақылаушы органдардағы лауазымды тұлғалар тарапынан оларға қысым көрсетуді азайтып қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға жағдай жасайды.

    Сыбайлас  жемқорлық көрінісіне тыйым салуды барынша ұтымды ету мақсатында Әкімшілік  тәртіп бұзушылық туралы кодекске айыппұл салудың жоғарғы және төменгі шегін қолдануды көрсетіп қана қоймай, қандай тәртіп бұзғандығына қатысты олардың нақтылы мөлшері көрсетілуі қажет. Сонда ғана «Жеке кәсіпкерлік туралы» жаңа заңның қабылдануына байланысты өзгертулер мен толықтырулар өзінің нақтылы нәтижесін бермек. Тек осылай жасағанда ғана, айыппұл салудың мөлшері нақтылы көрсетілсе, тексерушілер кәсіпкерлермен «саудаласу» арқылы бас пайдасын көздеуін тиюға болады. Сонымен қатар, алғаш рет әкімшілік немесе басқа да тәртіп бұзушылыққа жол бергені үшін кәсіпкерлерге айыппұл салудың мейлінше төменгі мөлшерін белгілену  керек. Тек ең жоғарғы айыппұл мөлшері қайталама тәртіп бұзушылықтары  үшін қолданылуы қажет.

    Шағын бизнес субьектілерінен, аграрлық сектордың  және аймақтық Салық комитеттерімен көрсетілетін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінен салық түсімдері мен қызметі туралы аналитикалық ақпарат келесілерді қосуы керек:

    1 бөлім « Жалпы аналитикалық ақпарат ». Бұл бөлімде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің жалпы көрсеткіштері көрсетіледі, сонымен қатар олардың аймақ бойынша түсімге әсер ету үлесі, өткен жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғандағы есепті  кезең үшін көрсеткіштер бойынша өсу немесе кему деңгейінің себептері көрсетіледі;

    2 бөлім « Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінің, аграрлық сектордың және шаңын бизнес субьектілерінің салық түсімдері мен қызметтерінің  талдауы ». Бұл бөлімде салық салу режимдері бойынша ақпараттар, өткен жылдың сәйкес кезеңдерімен салыстырғандағы есепті кезең үшін көрсеткіштер бойынша өсу немес кемі деңгейінің себептері, салықтық ауыртпалық коэффиценттерінің анықтаулар көрсетіледі және т.б. Көрсеткіштерге келесілер кіреді: салық төлеушілер саны, табыс көлемі, салықтық төлемдер мен есептеулер, жеңілдіктер.

    3 бөлім « Уақытында төленбеген салықтар». Бұл бөлімде ірі қарызгерлер мен арнаулы салық режимі бойынша есепті кезеңде салықтардың төленбеу себептері, жыл басымен салыстырғанда өсу мен азаюдың себептері, сонымен қатар төленбеген салықтардың жою үшін қолданылатын және жоспарланған шаралар көрсетіледі;

    4 бөлім « Әкімшілік ету». Бұл  бөлімде арнаулы салық режимін  пайдаланатын салық төлеушілерге  әкімшілік етуді жақсарту бойынша  жүргізілген шаралар мен олардың  нәтижесі көрсетіледі;

    5 бөлім « Ұсыныс». Бұл бөлімде  территориялық салық органдары, практикалық тәжірибесі негізінде, арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге қатысты салықтық әкімшілік ету мен заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

    Ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды  тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі 2002 жылдан бастап енгізілген. Бұл арнаулы салық режимін енгізудің мақсаты ауыл шаруашылық өндірушілері үшін салық салу жүйесін оңайлату, бухгалтерлік есепті енгізуге шығындарды қысқарту, салықтық қателіктердің тәуекелдерін төмендету және әкімшілік етуге мемлекеттік шығындарды азайту болып табылады.

    Қазақстанның  ауыл шаруашылығының жағдайында үнемі  сапалы бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мүмкін емес. Бұған себеп  – ауыл шаруашылық өндірісіне жақсы  қаржылық және бухгалтерлік қызметкерлерді жалдауға мүмкіншілік беретін төлем деңгейінің жеткіліксіздігі. Көптеген салықтардың орнына ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін енгізу бухгалтерлік есепті жүргізудегі ауыл шаруашылық өндірісінің шығындарын азайтуға, сонымен қатар салықтық қателіктердің және салықтық санкцияларды қолдану тәуекелділіктерін азайтуға алып келеді.

    Мемлекет  фермерлік және диқан шаруашылығына  қатысты салықтық бақылауды жүзеге асырумен байланысты айтарлықтай шығындарды алып жүреді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі кезінде тексерілетін салықтардың санын азайту есебінен салықтық бақылауды оңайлату мемлекеттің ақша қаражаттарын үнемдеуге алып келеді.

    Ауыл  шаруашылығында жер басты фактор болып табылады. Жерді тиімді пайдалану елдің экономикалық дамуына үлесін қосады және экономикалық саясаттың мақсаты болуы тиіс, бұл ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін бекітеді. Жерді пайдаланудың тиімділігі олардың қызмет нәтижесіне байланыссыз бірдей сапалы жер алқабының бір бірлігіне есептелген бірдей салық сомасын кәсіпорындардың төлейтіндігімен ынталандырылады. Айырмашылық тек әр түрлі сападағы жерлер мен әр түрлі категориядағы салық төлеушілер үшін ғана жасалады. Осылайша, тиімсіз жер пайдаланушылар салықтың үлкен сомасын төлейді және сәйкесінше таза табыстың аз мөлшерін алады.

    Ауыл  шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды  тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінде салық төлеушілерге ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші ұйымдар, жеке кәсіпорындар, сонымен қатар фермерлік және диқан шаруашылығымен айналысатындар жатады.

    Осы арнаулы салық режимінің обьектісі  болып салық төлеушілердің меншігіндегі немесе пайдалануындағы ауыл шаруашылығының жер – сулары табылады. Салық базасы болып салық салу обьектісі деп танылған салыстырмалы кадастрлік құны бойынша ауыл шаруашылығының жер – су алқаптары табылады, салықтық кезең болып тоқсан бекітіледі.

    Ресей Федерациясы әлемдік нарықтық экономикаға  интеграциялану жағдайында салық жүйесің белсенді реформалау кезеңінде болып отыр. Бұл жағдайда Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Украина территорияларында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мен жетілдіру бойынша процесті ынталандыру байқалады. Бірыңғай экономикалық кеңістік шаруашылық заңдылықтың ұқсастығымен, ең алдымен оның азаматтық, салықтық кедендік және еңбек кодекстері, сонымен қатар сыртқы экономикалық және валюталық қатынастарды реттейтін лицензиялауды, әлеуметтік және экологиялық стандарттар сияқты базалық актілермен сипатталады. ТМД кеңістігінде экономикалық әріптестікті жүзеге асыру механизмі мен құрылымын жасау кезінде ЕО ұлттық интеграциялану тәжірибесі қолданылуы мүмкін. Мынаны ескеру маңызды, тауарларды, қызмет көрсетулерді, капиталдарды және еңбек күштерін еркін тасымалдауға негізделген экономикалық әріптестікті дамыту, келісілген салықтық саясатты жүргізусіз мүмкін емес.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық салудың оңайлатылған жүйесі