Мемлекеттік баж салығының ставкалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 01:06, реферат

Краткое описание

Мемлекеттік баж салығының фиксациялық пайыздық ставкалары егер Салық кодексімен басқа жағдай қарастырылмаса, мемлекеттік салықты төлеу күніне қарай Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен алынып есептеледі.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 49.74 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік баж салығының  ставкалары

 
 

Мемлекеттік баж салығының  фиксациялық пайыздық ставкалары егер Салық кодексімен басқа жағдай қарастырылмаса, мемлекеттік салықты төлеу күніне қарай Қазақстан Республикасының  заңнамалық актісімен бекітілген айлық  есептік көрсеткіш мөлшерінен алынып есептеледі.

Мемлекеттік баж салығының  соттағы ставкасы

Сотқа берілген шағым  арыздар, айрықша өндіріс істері жөніндегі, аппеляциялық шағым, сот  бұйрығын шығару туралы өтініш, аппеляциялық арызға қосылуы туралы өтініш, сонымен  қатар соттың беретін құжаттар көшірмесі (екінші нұсқасы) үшін мемлекеттік салық  келесі мөлшерде алынады:

  • Мүліктік сипаттағы шағым арыздардан:
    • жеке тұлғалар үшін – шағым сомасының 1 %;
    • заңды тұлғалар үшін – шағым сомасының 3 % - ы;
  • жеке тұлғалардың құқықтарын жоққа шығарудағы мемлекеттік органдар мен олардың қызметтік тұлғаларының заңсыз әрекетіне арыздануға - 30 %;
  • заңды тұлғалардың құқықтарын жоққа шығарудағы мемлекеттік органдар мен олардың қызметтік тұлғаларының заңсыз әрекетіне арыздануға - 50 %;
  • салықтық тексерулер бойынша жасалған хабарламарға таласу туралы шағымға:
    • жеке кәсіпкерлер мен крестьян (фермерлер) шаруаларына – дауланатын салық сомасы мен хабарламада көрсетілген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 0,1 %-ы;
    • заңды тұлғалар үшін - дауланатын салық сомасы мен хабарламада көрсетілген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 1 %-ы;
    • некені бұзу туралы шағым арыздан - 30 %.

Некені бұзу кезінде мүлік бөліске түскен жағдайда салық 1) тармаққа сәйкес шағым  бағасына қарай анықталады:

  • бекітілген тәртіппен хабар-ошарсыз деп танылған немесе жан ауруына байланысты қабілетсіз деп саналатын, немесе үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған тұлғалармен неке бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы шағымнан;
  • тұрғын үй кеңістіктерін жалға алу келісім-шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұрагерлік мерзімін ұзарту туралы, мүлікті қамаудан босату және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да шағым арыздардан - 50 %;
  • айрықша өндіріс істері жөніндегі өтініштен (арыз) - 50 %;
  • аралық соттың шешімдерін, арбитражды шешімдерді кері қайтару туралы өтініштен:
    • жеке тұлғалар үшін – шағым сомасының 1 %;
    • заңды тұлғалар үшін – шағым сомасының 3 % от суммы иска;
  • сот шешіміне түскен аппеляциялық арыздан – мүліктік емес сипаттағы шағым арыз беру кезінде алынатын мемлекеттік салық мөлшерінің - 50 %, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - өтініш иесінің дауласудағы сомасынан алынып есептелетін мемлекеттік салық мөлшерінен – 50 пайыз;
  • сот бұйрығын шығару туралы өтініке – 1 тармақта көрсетілген мемлекеттік салықтың - 50 %;
  • атқарушы парақтың екінші нұсқасын беру туралы мәселе бойынша соттың анықтауына жасаған жеке арыз, сонымен қатар атқарушы парақтарды аралық, шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімі бойынша беруге - 500 %;
  • сот шешімдері, үкімдер, анықтамалар, соттық басқа да қаулыларының көшірмесін, сонымен қатар екі жақтың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішімен сотпен берілетін істің басқа құжаттарының көшірмесін беруге - әрбір құжат үшін және, сонымен бірге әрбір дайындалған бет үшін 3 пайызы;
  • заңды тұлғаларды банкрот деп табу туралы өтініштен - 500 %.

Мүліктік  емес және мүліктік сипаттағы бір  уақытта талап етілген шағым  арыздар үшін мүліктік сипаттағы  шағым арыздар мен мүліктік емес сипаттағы шағым арыздар үшін бекітілген мемлекеттік салық бір  уақытта алынады.

Нотариалдық әрекеттер, сонымен  қатар құжаттардың  нотариалды куәланған  көшірмесін беруге төленетін  мемлекеттік салық  ставкалары

  • қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелері, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, ғимараттар мен басқа да жылжымайтын мүлік) меншіктен шығару туралы келісім-шартты куәландыру үшін:
    • егер екі жақтың біреуі заңды тұлға болса, - 1000 %;
    • бағасы 30 АЕК дейін болса:
    • балалары, жұбайы, ата-анасы, туған інілері мен әпкелері, немерелеріне – 100 %;
    • өзге тұлғаларға - 300 %;
    • құны 30 АЕК жоғары болса:
    • балалары, жұбайы, ата-анасы, туған інілері мен әпкелері, немерелеріне - 500 %;
    • өзге тұлғаларға - 700 %;
    • егер келісім тұрғын үй ипотекасына қарызға алынған қаражат есебінен жылжымайтын мүлікке ие болу мақсатында аяқталса, - 200 %;
  • ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелері, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжайлар, ғимараттар мен басқа да жылжымайтын мүлік) меншіктен шығару туралы келісім-шартты куәландыру үшін:
    • егер екі жақтың біреуі заңды тұлға болса, - 100 %;
    • балалары, жұбайы, ата-анасы, туған інілері мен әпкелері, немерелеріне - 50 %;
    • өзге тұлғаларға - 70 %;
  • автокөлік құралдарын меншіктен шығару келісім-шартын куәландыру үшін:
    • егер екі жақтың біреуі заңды тұлға болса - 700 %;
    • балалары, жұбайы, ата-анасы, туған інілері мен әпкелері, немерелеріне - 200 %;
    • өзге тұлғаларға - 500 %;
  • жалпы иеліктегі мүлікті жалға алу, қарыз алу, алдын ала беру, лизинг, неке келісім-шарттары, мүлікті бөлу туралы келісім-шарттарды куәландыру (ипотекалық қарыз келісім-шартынан тыс), мұрагерлік мүлікті бөлу, алимент төлеу туралы келісім, құрылтайшылық келісім-шарттары үшін - 500 %;
  • ипотекалық тұрғын-үй қарызына жасалған келісім-шарттарын куәландыру үшін - 200 %;
  • өсиетнама куәлігі үшін - 100 %;
  • мұрагерлікке құқық туралы куәлік беруге - әрбір берілген куәлік үшін 100 % ;
  • ортақ меншік құқында мүліктері бар ерлі-зайыптылар мен басқа да тұлғалардың жалпы мүліктегі үлеске иелік құқы туралы куәлік беру, - 100 %;
  • мүлікті пайдалану және иелену құқына берілетін сенімхат куәлігі үшін - 50 %;
  • сату құқынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және жүргізу құқына сенімхатты куәландыру үшін - 100 %;
  • автокөлік құралдарын сатуға, сыйға беруге, айырбастауға берілетін сенімхатты куәландыру - 200 %;
  • басқа да сенімхаттарды куәландыру:
    • жеке тұлғалар үшін - 10 %;
    • заңды тұлғалар үшін - 50 %;
  • мұрагерлік мүлікті сақтау шараларын қабылдау үшін - 100 %;
  • теңіз наразылығын жасаған үшін - 50 %;
  • құжат көшірмелері мен құжаттардан алынған көшірмелердің дұрыстығын куәландыру (бір бетке):
    • жеке тұлғалар үшін - 5 %;
    • заңды тұлғалар үшін - 10 %;
  • құжаттарға қойлған қолдардың түпнұсқалығын, сонымен қатар құжатты бір тілден екінші тілге аударудың дұрыстығын куәландыру үшін (әрбір құжаттан алынады):
    • жеке тұлғалар үшін - 3 %;
    • заңды тұлғалар үшін - 10 %;
  • жеке және заңды тұлғалар өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру үшін - 20 %;
  • құжаттардың нотариуспен заңдалған көшірмелерін беруге - 20 %;
  • екінші нұсқасын (дубликат) беруге - 100 %;
  • банктерде есеп шот ашу кезінде қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландыру үшін (әр құжатқа алынады):
    • жеке тұлғалар үшін - 10 %;
    • заңды тұлғалар үшін - 50 %;
  • жылжымайтын мүлік қарызы, ипотекалық тұрғын үй жөніндегі ипотекалық куәлік мен талап ету құқына жасасқан келісім-шартты куәландыру - 200 %; басқа да қарыздарға байланысты келісім-шартты куәландыруға - 700 %;
  • вексель мен түбіртектің төленбегені үшін тұтқынға алу үшін - 50 %;
  • құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтау үшін - әр айға 10 %;
  • кепілдік пен кепілдеме келісім-шартын куәландыру - 50 %;
  • Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де нотариалдық әрекеттер жасау, - 20 %.

Азаматтық хал актілерін  тіркеуге, азаматтарға  азаматтық хал  актілерін тіркеу туралы екінші рет  куәлік беруге, сонымен  қатар туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, өлім туралы акт жазбаларының өзгеруіне, толықтырылуына, түзетілуіне және қалпына келуіне  байланысты куәліктерді  беруге салынатын  мемлекеттік салық  ставкалары

  • некелесуді тіркеу үшін - 30 %;
  • некені бұзуды тіркеу үшін:
    • кәмілет жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша, - 200 %;
    • сот шешімінің негізінде - 150 % (біреуінен немесе ерлі-зайыптылардың екеуінен);
    • бекітілген тәртіппен хабар-ошарсыз деп танылған немесе жан ауруына байланысты қабілетсіз деп саналатын, немесе үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған тұлғалармен соттың шешімінің негізінде, - 10 %;
  • аты-жөнінің, тегінің, ұлты мен жынысының өзгеруін тіркеу үшін - 10 %;
    • осы негізде берілген жұбайының, баласының әр құжаты үшін - 10 %;
  • туу туралы, неке туралы, некенің бұзылуы, өлім туралы акт жазбаларын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік беру үшін - 10 %;
  • азаматтық хал актілерін тіркеу туралы екінші рет куәлік беруге - 100 %;
  • шетел азаматтарының бала асырап алуларын тіркеу үшін - 200 %.

Өлімді тіркеу, сонымен қатаразаматтық хал актілерін  тіркеу кезінде кеткен қателіктерге байланысты куәлік беру мемлекеттік  салықсыз жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  азаматтығын алуға  байланысты, Қазақстан  Республикасы азаматтығын  қайта алу немесе Қазақстан Республикасындағы  азаматтығын тоқтату, сонымен қатар  Қазақстан Республикасына келі немесе шекарадан  сыртқа шығуға байланысты әрекеттерге салынатын  мемлекеттік салық  сатвкалары

  • төмендегідей құқыққа ие болу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтарға виза беру немесе ұзарту:
    • Қазақстан Республикасынан шығу - 50 %;
    • Қазақстан Республикасына кіру және шығу - 100 %;
  • бірнеше рет шекарадан өтуге құқық алуға щетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға виза беру үшін - 200 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасынаи кіру құқына берілген құжаттарға өзгертулер енгізуге, - 100 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға шетелден шақыру туралы құжаттар беруге - әр шақырылған тұлға үшін 50 %;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қайта алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды рәсімдеуге - 100 %;
  • Қазақстан Республикасына шақыру туралы бүлінген немесе жоғалған құжаттарды ауыстырып беру – 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген мөлшерге сәйкес.

Зияткерлік  меншік аясында өкілетті органның заңдық маңызы бар әрекеттер  жасағаны үшін алынатын мемлекеттік салық  ставкасы

  • алдын ала патент, патент, куәлік беруге - 100 %;
  • жалпыға белгілі тауар белгісіне сертификат беруге - 100 %;
  • өндірістік меншік нысанын пайдалауға байланысты бағасын түсіру, қарыз алу, лицензиялық, сублицензиялық келісім-шарттарды тіркеуге, - 150 %;
  • патенттік өкілді аттестациялау үшін - 1 500 %;
  • патенттік өкілді тіркеу туралы куәлік беруге - 100 %.

Өзге  де әрекеттер үшін алынатын мемлекеттік  салық ставкасы

  • тұрғылықты мекен-жайын тіркеу үшін - 10 %;
  • аң аулау құқына рұқсат беруге - 10 %;
  • сирек кездесетін және жоғалу қаупінде тұрған жануарлар мен бекіре тұқымдас балықтар, сонымен қатар олардың бөліктері мен дериваттарына рұқсат беруге - 200 %;
  • мыналарды беру үшін:
    • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі - 400 %;
    • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасындағы шетелдікке тұру орнын, уақытша жеке куәлік беру - 20 %;
  • мыналарды беру үшін :
  • заңды тұлғаларға:
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын әкелуге рұқсат - 200 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын шығаруға- 200 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын сақтауға рұқсат беру - 100%;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын сақтауға және алып жүруге рұқсат беру - 100 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын көлікке тиеуге рұқсат беру - 200 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын комиссиялық сатуға жіберу - 100 %;
  • жеке тұлғаларға:
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын әкелуге рұқсат - 50%;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын шығаруға - 50 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын алуға рұқсат - 50 %;
    • мыналарды беру үшін:
    • жеке тұлғаларға:
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын сақтауға рұқсат беру - 50 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын сақтауға және алып жүруге рұқсат беру - 50 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын көлікке тиеуге рұқсат беру - 10 %;
    • азаматтық, қызметтік қарулар мен олардың оқтарын комиссиялық сатуға жіберу – 50 пайыз;
  • жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруларының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін (аң аулайтын суық қару, сигналдық, отты қару, отты тұғырсыз қару, механикалық шаңдатқыш, аэрозоль және жас шығаратын және тітіркендіргіш заттарымен оқталған басқа да құрылғылар, күші 7,5 Дж кем емес және 4,5 мм дейінгі калибрлі үрлегіш пневматикалық қарулардан тыс) - 10 %;
  • жеке басын куәландыратын құжатқа өзгертулер енгізу, - 10 %;
  • Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісім-шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының өкілетті Үкіметі арқылы апостиль қою, - 20 %;
  • мыналарды беру үшін:
    • жүргізуші куәлігі - 125 %;
    • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік -125 %;
    • автомобильге мемлекеттік тіркеу номерін беру 280 %;
    • мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне мемлекеттік тіркеу номерін беру - 140 %;
    • көлік құралын алып келуге мемлекеттік тіркеу номер белгісін (транзиттік) беру - 35 %;
  • мыналарды беру үшінза выдачу:
    • тракторист-машинист куәлігі - 50 %;
    • өз базасында жасалған тракторларға, өздігінен жүретін шассалар мен механизмдер, олардың тіркемесіне, соның ішінде арнайы жабдықталған тіркемелер, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративті және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу номерінің белгісін беру - 100 %;
    • өз базасында жасалған тракторларға, өздігінен жүретін шассалар мен механизмдер, олардың тіркемесіне, соның ішінде арнайы жабдықталған тіркемелер, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративті және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық паспорт беру - 50 %.

Информация о работе Мемлекеттік баж салығының ставкалары