Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 09:14, доклад

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы.docx

— 35.80 Кб (Скачать файл)

      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды;

      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға; 

      8) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;

      9) әртараптандыру - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес әртүрлі қаржы құралдарына орналастыру;

      10) еншілес ұйым - өзіне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      11) ең төменгі зейнетақы - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері;

      12) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

      13) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      14) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;

      15) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша қызметкерлердің пайдасына Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;

      16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      17) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;

      18) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;

     19) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;

      20) жинақталған зейнетақы қаражатының номиналды құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны;

      21) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      22) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды  тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;

Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы