Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 09:14, доклад

Краткое описание

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы.docx

— 35.80 Кб (Скачать файл)

      23) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;

      25) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;

      26) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

27) зейнетақы төлемдері:

      Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға еңбек стажына тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;

      жинақтаушы зейнетақы қорларынан - алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;

      28) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;

      29) зейнетақы аннуитеті шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;

      30) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бір тараптан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші тараптан салымшы және (немесе) алушы жасасатын зейнетақы жарналарымен, жинақталған зейнетақы қаражатымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;

      31) инвестициялық декларация - зейнетақы ережелеріне қосымша болып табылатын және инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын анықтайтын құжат;

      32) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;

    РҚАО-ның ескертуі!

      "инвестициялық портфель" термині 2012 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен қолданысқа енгізіледі.

      33) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары жиынтығы;

      34) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан да көп процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

      35) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын банк;

      36) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;

      37) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен соң берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

      38) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;

Информация о работе Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы