Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 19:10, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджет ерекше рөлге ие. Қаржы жүйесіндегі маңызды әрі үлкен көлемді орын алатын жүйе-бюджеттік процес, ол экономикалық түрлі деңгейлер бюджеттерінің сонымен бірге бюджеттік жүйе мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттірінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен мемлекет ерекшеліктерінің көрінісі.

Содержание работы

КІРІСПЕ

3
1 ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 ҚР бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы

5
1.2 ҚР бюджеттік жүйесін ұйымдастыру негіздері

8
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы

10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтырудағы және шығындарын
қаржыландыру процесі


12
2.2 Қазақстан Республикасының 2009 жылдағы бюджет жүйесін талдау

14

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің қалыптасуы және даму мәселелері


18
3.2 Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан бюджет жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар


21

ҚОРЫТЫНДЫ


23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


25

ҚОСЫМШАЛАР


26

Содержимое работы - 1 файл

бюджет жүйесі.docx

— 69.51 Кб (Скачать файл)

Бюджеттің     шыгындары - қайтарылмайтын     негізде     бөлінетін бюджет   қаражаттары.   Шығындардың   қатаң   мақсатты   арналымы болады.

Операциялыц сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, бюлдет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Таза бюджеттік кредит беру - бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы  бюджеттік процесті ұйымдастыру                                              

               негіздері

 

Бюджеттік процес маңында  заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік  органдардың бюджеттерболжамын  құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру  мен оның бақылауын қамтамасыз ету  жөніндегі іс - әрекеттері  қарастырылады.

          Бюджеттік кодекс бойынша бюджет  қалыптасу негізі болып Қазақстан  Республикасының әлеуметті-экономикалық  ортамерзімді даму жоспары мен  Республика Президентінің Қазақстан  халқына арналған жылсайынғы  жолдауының есебімен құрастырылған  аумақтардың даму бағдарламалары  табылады.

    Бюджеттік процестің  ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау  бойынша өкілетті орган – ол  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігінің келесі қаржы  жылға арналған бюджет саясатының  негізгі бағыттары мен мемлекеттің  нығайланған қаржы жоспарының  жобасын дайындаудан басталады.

    Бюджет процесі  біртұтастық, толықтылық, нақтылық, жариялық принциптеріне негізделеді.

  1. Біртұтастық приципі бюжет процесінің орталықтандырылуының ұйымдастырушылық- экономикалық деңгейін білдіреді. Біртұтастық принципі, әсіресе, КСРО-ның бюджеттік процесте нақты көрінген. Біртұтастық мемлекет аумағындағы мемлекеттік табыстардың ортақ жүйесі болуымен және мемлекеттік шығыстардағы бір түрлілігінен көрінеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлаудың ұйымдастырыдлу мен әдістемесінің біртұтастығына және әлеуметтік- экономикалық болжамдармен өзара байланысына кепіл болады. Бұл принциптің міндеті бюджеттік қаражаттардың қозғалысына Парламент тарапынан бақылауды бекіту болып табылады. Біртұтастық принципі бірыңғай құқықтық базамен, бір ақша жүйесінің болуымен, бірыңғай бюджеттік сыныптау мен құжаттаманы қолданумен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік процестің біртұтастығы бюджеттің барлық деңгейлерінің өзара қатынасына негізделеді және бірыңғай әлеуметтік- экономикалық, сонымен қатар салық саясатымен жүзеге асырылады.
  2. Толықтылық принципі үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте шоғырлануын, барлық жиналатын түсімдер мен жасалатын шығыстар, әрбір бабында барлық түсімдер мен мемлекеттің шығындары көрсетілген бюджеттің құрылуын білдіреді. Әлемдік тәжірибеде бұл принцип қазіргі кезде онша маңызды болып табылмайды. Ал Қазақстанда мемлекеттік қаржылық қорларды құрудың орталықтанған тәсілдері қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс зейнетақы қорлары, әлеуметтік сақтандыру қорларының қаражаттары қосылған.
  3. Нарықтылық принципі бюджеттік тізімдеменің жалғандығының алдын алу мен шектеуге қажет. Ол мемлекеттің қаржылық операцияларын бюджеттен нақты көрсетілуін, бекітілген суммаларын бюджеттік бағыттардың атқарылуы мен сәйкестігін қарастырады. Нақтылық даму бағдарламалары мен болжамды көрсеткішіне негізделген барлық табыс көздері мен шығыстарын бағыттарының есептеулерінінің негізділігімен анықталады.
  4. Жариялық принципі бюджеттің құрамы мен құрлымымен, дефицит және оны жабу жолдары мен қоғамды таныстыру үшін бюджеттің кірістері ме шығыстарының мәліметтерін баспаға шығаруды білдіреді.

    Жергілікті бюджеттің  қалыпты және тиімді қызмет  еуінің басты шарты блып дербестік  және баланстылық табылады.

Бюджеттік дербестік бюджет процесінің барлық буындарының өзіндік және заңмен бекітілген кіріс көздері мен заңдермен белгіленген билік органдарының өкілеттілігінде бюджеттік қаражаттарды пайдалану құнын қамтамасыз етеді.

Бюджеттік баланстылық бюджеттік-қаржылық саясаттың басты талабы болып  табылады. Белгілі бір органдар мен  бюджетті әзірлеу мен бекітуде бюджет тапшылығының шекті мөлшері тағайындалады. Бюджеттік дефиитті ақшалай қаражаттардың  ремиссиясы арқылы жабу заң бойынша  рұқсат етілмейді. Бюджеттік тапшылықты табудың негізгі нысандарына: мемлекеттік  зайымдар шығару жіне несиелік ресурсстарды пайдалану жатады. Дефицитті азайту немесе жою мақсатында секвестр қолданылады. Секвестр – мемлекеттік шығыстарды барлық баптары бойынша ( тек баптардан  басқа ) белгілі бір процентке  пропорционал азайту. Қорғалған баптардың  құрамы республика Парламентімен  және жергілікті билік органдарымен анықталады.

  Қазіргі уақытта Қазақстан Рсепубликасының бюджет жүйесі 3 мыңға жуық      жергілікті бюджет, оның ішінде 21 облыстық, облыс қарамағындағы 50 қалалық, аудандар қарамағындағы 38 қалалық, қалалар қарамағындағылар 42 аудандық, 2396 ауылдық бюджеттерден тұрады [6,121 б.].

Сонымен, 1965 жылы реформа  бойынша нарықтық шаруашылыққа адекватты  бюджеттік процестердің параметрлерін  орнатуға мүмкіндік жасалды, шаруашылық субъектілердің экономикалық өз бетінділігі  жоғары пайдалы өндіріске стимул беруге мүмкіндік тудырды және кеңестік экономиканы орталықтандыру үшін бұл  себепті күшейту жөнінде ойластырылды. Себебі бұрын басты болып саналған бюджеттік қаржыландыру, ресурсты нәтижелі пайдалануда кәсіпорындардың қызығушылығын күрт төмендетті. Мемлекеттік көздерден алынған инвестициялар тегін болып көрінді. Бұл жергілікті қызығушылық пен орталық биліктің арасындағы қарама-қайшылыққа алып келді. Тек 1965 жылдан кейін ғана мемлекеттік капиталдың үстемелерді ұзақ мерзімдік несиелерге беру тәжірибесі кеңейтілді, ал бұрын 1934 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың жоспарлық капиталдардың үстемелері қайтарымсыз негізде қаржыландырылды.Тек тасымалдаушылық экономика жағдайында бюджеттік процестің өзіндік маңызы мен онын жергілікті тәжірибелік автономдылығы саналады.

 

          1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің  ұйымдастырылуы

 

    Әр елдің бюджет процесінің құрамы мемлекеттің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.  Ресей Федерациясының Конституциясына (71 және 31 баптар) және Бюджеттік кодексіне (10-бап) сәйкес бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады:

  1. федералдық бюджет мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
  2. Ресей Федерациясы субъектілердің бюджеті мен аймақтық мемлекеттік   бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
  3. жергілікті бюджет.

   Ресейдің бюджеттік процесі федералдық бюджет, 21 республикалық бюджет, 55 аймақтық және облыстық бюджет, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының бюджеті, автономды облыстардың 1облыстық бюджеті, 10 округтік және бюджет және 29 мыңға жуық жергілікті бюджеттен тұрады.

Ресей Федерациясының бюджеттік  кодексіне сәйкес (48 бап) салықтық түсімдерді бюджет процесінің деңгейлері бойынша бөлгенде Ресей Федерациясы субъектілерінің бюджетінің түсімдері жалпы бюджеттің 50 процентінен кем болмауы керек. Бюджет процесінің буындарының арасында негізгі бюджеттік салықтардың бөлінуін келесі кестеден көруге болады.     

Шығыстарды қамтамасыз ету  үшін сәйкесінше табыстар болу керек. Ресейдің бюджеттік табыстары, негізінен  салықтық, салықтық емес және қайтарымсыз  аударымдардан тұрады  отырғандай, бюджеттік түсімдердің басым  бөлігін салықтық түсімдер алады (80 проценттен жоғары). Оның ішінде:

- пайдаға салық                 104 870         14,7 %

- жеке табыс салығы         75 235          10,6 %

- қосымша құн салығы     182 812         25,7 %

- Акциздер     64 407           9,0 %

     - мүлік салығы                   47 773           6,7 %

Қосымша құн салығы және акциздер 35%-ке жуық. Егер оларға импорттық  және экспорттық баждарды қоса, олардың  үлксі 40 процентке дейін өседі. Өндіріспен байланысты салықтар мөлшері онша жоғары емес және бүкіл түсімдердің 15 процентке жуығын алады. Оларға кәсіпорынның мүлік салығын қосқанның өзінде жиынтық түсім 22 процентті құрайды[20,21б.].

Салықтық емес түсімдер бюджеттік  түсімдердің 10 процентінен аспайды. Олардың ішінде неғұрлым маңызды  арнайы бюджеттік қорлардан түсім (6%) және мемлекеттік мүлікті сатудан  түскен табыс (3%) болып табылады. Ал ішкі экономикалық қызметтен түскен табыс небәрі 1,5 процентті құрайды  [4,141 б.].

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

         2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ  

        БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

 

         2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын

          Қаржыландырудағы рөлі

 

   Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорларының құрылуы мен қолданылуы – бюджеттің табысы мен шығысының пайда болуымен сипатталады. Бюджеттің бұл екі ктегориясы да объективті болып табылады және қоғамдық сипатқа ие: табыстар мемлекетті қажетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді, ал шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттілікке сай орталықтанған ресурстарды үестіреді.

 Табыстар мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің бюджеттік және салық саясатының жүзеге асырылу бағыттарына байланысты. Бұл жағдайда мемлекет табыстарды құру мен шығыстарды жүзеге асырудың арнайы мысалдары мен әдістерін қолданады.

Табыстардың негізі көзі болып  салықтар немес соларға балама төлемдер саналады. Қащақстан республикасының  мемлекеттік бюджетінің құрамы мен  құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдермен анықталады. Мемлекеттік  бюджеттің құрылымы бюджеттік жіктелу  негізінде құрылады және 7 бөлімнен тұрады:

1. Түсімдер

2. Алынған ресми трансферттер (гранттар)

3. Бюджеттен берілген  несиелердің қайтарылуы

4. Шығыстар

5. Несиелендіру

6. Бюджеттік дефицит (профицит)

7. Дефицитті қаржыландыру (профитті пайдалану).

Өз кезегінде түсімдер мынадай топтарға бөлінеді:

  • салықтық түсімдер
  • салықтық емес түсімдер
  • капитал мен операциядан түскен түсімдер.

Бюджеттік түсімдердің бұл  негізгі үш категориясы тағы да алынған  ресми трансферттермен толықтырылады.

Салықтық түсімдер бюджетке түсетін барлық тсімдердің 90%-ке жуығын құрайды.   Жаңа Салық кодексіне  сәйкес 2002-жылдан бстап қазақстанда  төмендегідей салықтар іс-әрекет етуде:

  1. корпоративтік табыс салығы
  2. жеке табыс салығы
  3. қосымша құн салығы
  4. акциздер
  5. жер қойнауын пайдалану салығы мен арнаулы төлемдері
  6. әлеуметтік салық
  7. жер салығы
  8. көлік құралдарына салықъ
  9. мүлік салығы

Корпаративтік табыс салығы Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің  салықтық түсімдерінің 28 %-ін құрайды. Салықты табыс табатын рециденттер  және резидент емес заңды тұлғалар, сонымне қатар коммерциалық емес және бюджеттік ұйымдар төлейді. Салық салу объектісі – жылдық жиынтық табыс. Салықтың ставкасы - 30%.

Жеке табыс салығы мемлекеттік  бюджет түсімдерінің 11%-ін құрайды. Қазақстан  Республикасының азаматтары, шетел  азаматтары және азаматтығы жоқ Қазақстан  Республикасы территориясында қызмет істейтін адамдар табыс салығын  төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады. Салық ставкасы табыс көлемімен  байланысты 5-30% аралығында болады.

Қосымша құн салығы –  жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы  болып саналады. Бұл салық Қазақстан  Республикасында 1992 жылдан бастап енгізілген. Салықтық түсімдердің 20%-ін алады. Қосымша  құн салығы тауарды (жұмыс, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған. Оларды өткізу бойынша салық  салынатын айналым құнының бір  бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында  тауарлар импорты кезіндегі аударымды  білдіреді. Қосымша құн салығы бойынша  есепте тұрған немес тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  заңды және  жеке тұлғалар  салық  төлеушілер болып табылады.

Акциздер - өнімнен алынатын жанама  салық болып табылады,  әрі тауардың бағасына қосылды. Қазақстан  Республткасының аумағында өндірілген және Қазақстан территориясында  импортталатын, тізбесін Қазақстан  Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне салынады.

Әлеуметтік салық Қазақстанда 1999 жылдан бастап енгізілді. Мемлекеттік  бюджетке салықтық түсімдердің 19 %-ін құрайды.  Салық төлекушілер заңды тұлғалар болып табылады, салық ставкасы - 21%[14,214б.].

Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Салық салу объектілері – салық  төлеушінің меншігіне немес тұрақыты пайдалануына берілген жер учаскелері. Салық ставкасы жердің сапасына, орналасуына  қарай, жер учаскесінің алаңының бірлігіне тағайындалады.

Мүлік салығын төлеушілер жеке жіне заңды тұлғалар. Объектісі  заңды  және жеке тұлғалардың меншігіндегі негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар.Бұл салықтардың құрылымын  келесі кестеден көруге болады

( ҚОСЫМША В ).

Бұл кестеден бюджеттік түсімдердің  жыл сайынғы өзгерісін байқауға болады, сондай-ақ салықытқ түсімдердің  құрамдарын.

Бюджеттен берілген несиелердің  қайтарылу категориясы бюджеттік  несиелер бойынша мемлекеттік шаруашылық субъектілер тарапынан ақшалай  қаражаттардың түсімін білдіреді [ 15, 106 б.] .

Шығыстар негізгі функционалды топ бойынша көрсетіледі: жалпы  сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік; білім  беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек; тұрғын үй коммуналды шаруышылық; мәдениет; спорт және ақпараттық кеңістік пен туризм; отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану; өнеркәсіп және құрылыс; ресми трансферттер және тағы басқа.

Информация о работе Бюджет жүйесі