Бюджет жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 19:10, курсовая работа

Краткое описание

Жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджет ерекше рөлге ие. Қаржы жүйесіндегі маңызды әрі үлкен көлемді орын алатын жүйе-бюджеттік процес, ол экономикалық түрлі деңгейлер бюджеттерінің сонымен бірге бюджеттік жүйе мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттірінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен мемлекет ерекшеліктерінің көрінісі.

Содержание работы

КІРІСПЕ

3
1 ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ

1.1 ҚР бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы

5
1.2 ҚР бюджеттік жүйесін ұйымдастыру негіздері

8
1.3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы

10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтырудағы және шығындарын
қаржыландыру процесі


12
2.2 Қазақстан Республикасының 2009 жылдағы бюджет жүйесін талдау

14

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің қалыптасуы және даму мәселелері


18
3.2 Қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан бюджет жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар


21

ҚОРЫТЫНДЫ


23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


25

ҚОСЫМШАЛАР


26

Содержимое работы - 1 файл

бюджет жүйесі.docx

— 69.51 Кб (Скачать файл)

Несиелендіру бөліміне басқа  экономикалық бірліктерге қайтарымдық  негіздер несие беру кіреді.

Алтыншы бөлім – бюджеттік  дефицит – түсімдер мен шығындар арасындағы кері айырмашылықты білдіреді. Яғни, шығыстардың бюджеттік түсімдерден  асып кетуі. Ал бұл көрсеткіштердің  арасындағы жағымды айырмашылық  бюджеттік профицитті сипаттайды.

Жетінші бөлім – бюджет тапшлығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын жабу шығындарын білдіреді. Ол екі жақты сипатта болады:

  1. дефицит жағдайында – сыртқы заемдар мен ішкі көздерден (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, бағалы қағаздарды өткізу) ресурсстар тарту;
  2. профицит жағдайында – жоспардан тыс түсімдерді, ең алдымен, мемлекеттік міндеттермелерді жабуға пайдалану немес маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыру.

Кірістер мен шығыстардың  толық тізбесі мен топталуы бюджеттік  сыныптамада анықталады. Бюджеттік  сыныптама – бұл бюджеттің  түсімдері мен шығыстарының бірыңғай белгілері бойынша жүйеленген топтамасы. Бюджетке түсетін түсімдер 4 бөлім  бойынша жіктеледі: санат, сынып, сыныпша, ерекшелік. Санатқа салықтық түсімдер; капиталмен жасалған операциядан түсетін  табыс; алынған ресми трансферттер, қатарылған несие; жалпы қаржыландыру; бюджеттік қаражаттардың қалдықтарының  қозғалысы кіреді [6,102 б.].

 

  • 2004-2006 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау
  •  

    Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2009 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99,1%-ға атқарылуы немесе жоспардағы 3 191,6 млрд.теңгеде іс  жүзіндегі түсім 3 164,0  млрд.теңгені құрады.

    2009 жылғы  1 желтоқсанға мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары 106,5% орындалды немесе 121,4 млрд.теңгеге асыра орындалғаны байқалады. Салықтық емес түсімдер 6,4 млрд.теңгеге орындалмады немесе орындалу пайызы 93,0% құрады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 13,2 млрд.теңгеге немесе 70,7% орындалмаған. Трансферттер түсімдері 89,1%-ға орындалды.

    2009 жылғы  1 желтоқсанға жоспардың орындалмауы мына салық түрлері бойынша қалыптасқан:

    - әлеуметтік салық жоспар 97,9%-ға атқарылды, жоспардағы 209,6 млрд.теңгеде бюджетке 205,2 млрд.теңге түсті, бұл өндірілетін жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемінің азаюымен шартталған, осыған байланысты кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқарды, тиісінше әлеуметтік салық бойынша есептеулер мен түсімдердің сомасы төмендеді;

    - импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС бойынша 362,8 млрд.теңге жоспарда іс жүзіндегі түсім 365,8 млрд.теңгені құрады немесе 100,9%-ға атқарылды. Орындалмаудың негізгі себебі импортталатын мұнай бағасының төмендеуі, әкелінетін автокөлік құралдарының азаюы болып табылады.

    - импортқа салынатын акциздер бойынша 16,8 млрд.теңге жоспарда іс жүзінде 16,4 млрд.теңге түсті немесе 97,8%-ға атқарылды. Жоспардың орындалмау себебі акцизделетін тауарлардың импорты көлемінің азаюы, сондай-ақ артық төленген соманың қайтарылуы болып табылады.

    Сонымен қатар, мынадай салық түрлері  бойынша жоспарды асыра орындау  байқалады:

    - корпоративтік табыс салығы бойынша 495,9 млрд.теңге жоспарда бюджетке 489,4 млрд.теңге түсті немесе 98,7%. Жоспардың асыра орындалуы ҚР қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ ҚР көздерден табыстар алатын бейрезидент заңды тұлғалардың салық салынатын табысының өсуі нәтижесінде бейрезидент заңды тұлғалардың дивидендтер төлеу сомасының артуына байланысты; 

    - мүлікке салынатын салық 78,7 млрд.теңге жоспарда бюджетке 89,4 млрд.теңге түсті, немесе 113,6%, салық салынатын базаның ұлғаюы есебінен бюджетке жоспардан 10,7 млрд.теңге түсті.

    - іште өндірілетін тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспар 197,1%-ға орындалды немесе жоспарланған 83,8 млрд.теңге сомада бюджетке 165,2 млрд.теңге түсті. Тәуекелділікті Басқару Жүйесінің (ТБЖ) қағидаттарын қолдану есебінен нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС сомасын өтеуді төмендету есебінен. Салық төлеушілерден ҚҚС қайтару туралы талапты қамтитын салықтық өтініштерді немесе декларацияларды алған кезде әр салық төлеушіні ТБЖ өлшемдері бойынша тестілейді.

    2009 жылғы  1 желтоқсандағы жағдай бойынша  бюджеттен өтеу 187,8 млрд.теңгені  құрады;

    - табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер бойынша 162,3 млрд.теңге жоспарда бюджетке 180,5 млрд.теңге түсті, атқарылу пайызы 111,2%-ды құрады. Жоспардың аса орындалуы қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу ірі түсімдері бойынша 72,3 млрд.теңге жоспарда бюджетке 82,7 млрд.теңге түсті немесе 114,3% қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын пайдаланушылардың тәртібінде лимиттен тыс шығарылымдар үшін төлейтін ірі түсімдері 2008 жылдың 4 тоқсаны есебі бойынша түсімдермен шартталған, сонымен қатар 12.02.2009 жылғы №133-IV ҚР Заңымен ҚР Салық кодексінің 495-бабына өзгерістер енгізгендіктен, онда шырақтағы табиғи және жол жөнекей газдың жануынан түскен тасталулар ставкасымен толықтырылу себебінен қалыптасты;

    - іштегі өндірілетін тауарларға салынатын акциздер бойынша жоспар 103,0%-ға атқарылды немесе жоспардағы 33,8 млрд.теңгеде түсімдер 34,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

    - алкоголь өнімдеріне салынатын акциздер бойынша - жоспардағы 8,0 млрд.теңге кезінде түсімдер алкоголь өнімін сату көлемінің артуы себінен 8,4 млрд.теңгені немесе 104,7%-ды құрады;

    - темекі өнімдеріне салынатын акциздер бойынша орындалу 102,8%-ды құрады немесе жоспардағы 12,2 млрд.теңгеде темекі өнімдерін өндіру және сату көлемінің өсуі есебінен бюджетке 12,5 млрд.теңге түсті;

    - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз бойынша атқарылу 100%-ды құрады немесе 0,02 млрд.теңге жоспарда бюджетке 0,02 млрд.теңге түсті.

    - бензинге және дизель отынына салынатын акциздер бойынша жоспар 102,3%-ға атқарылды немесе жоспардағы 13,6 млн.теңгеде мұнай өнімдерін сату көлемін арттыру есебінен іс жүзінде 13,9 млрд.теңге түсті.

    Салықтық  емес түсімдер есептік кезеңнің жоспардағы 92,3 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 85,9 млрд.теңге түсті немесе 93,0%-ды құрады.

    Жоспардың негізінен орындалмауы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісім бойынша соманың есептік кезеңде түспеуі есебінен түсіндіріледі.

    Сонымен қатар, 2009 жылға арналған жоспар бекітілмеген 11,3 млрд.теңге сомасында айыппұл  түсті.

    Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы есептік кезеңдегі 45,0 млрд.теңгеде 31,9 млрд.теңге түсті немесе 70,7%-ды құрады.

    Жоспардың орындалмауы: 1) Астана қаласы бойынша құрылыс компанияларының тұрғын үй объектілерін уақытылы тапсырмауына байланысты азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер; 2) жер учаскелеріне төленетің базалық мөлшерлемесінің артуы есебінен жеке меншікке сатып алынатын жер учаскелері көлемдерінің төмендеуіне байланысты жер учаскелерін сатудан түскен түсімдері.

    Трансферттерден түскен түсімдер 1 191,0 млрд.теңге жоспарында 1 061,6 млрд.теңге немесе 89,1% құрады, оның ішінде бюджеттік даму бағдарламасын қаржыландыру үшін есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт 843,1 млрд.теңге мөлшерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 218,5 млрд.теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт тартылған.

    01.12.2009 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына 1 968,9 млрд.теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан 1 179,2 млрд.теңге сомасында тікелей салық сомасы аударылды.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ     МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

     

    3.1 Қазақстан Республикасында бюджет процесінің қалыптасуы және    даму мәселелері

     

    Бюджеттік саясат мемлекеттің  өз функцияларын және міндеттері орындау  үшін немесе атқару үшін бюджеттік  қатынастарды дамыту және іске асыру  бойынша мемлекеттік шаралар  жиынтығы.

    Бюджеттік механизм бюджеттік саясаттың негізі болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бюджеттік саясат 3 функция атқарады:

              1.Фискалды

              2.Экономикалық реттеу

              3.Кірістерді теңестіру.

    Фискалды бюджеттік саясат экономика секторының қажеттіліктерін минималды шығынмен қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік кірісті қамтамасыз етуге негізделген Бұл бюджеттік саясатқа салықтарды және төлемдердің көлемін жоғарлату немесе төмендету арқылы олардың жалпы көлемін көтеру болып табылады. Бұл саясат арқылы экономиканың шағын бизнес субьектілерін дамыту арқылы түсімдерді жоғарлатуды қарастырады. Саясат негізі үнемі Республикалық және жергілікті бюджеттерінің көлемін артық орындап отырып болжанған соманы артық орындау және бюджеттік дефицитті болдырмау, артықшылықты рационалды пайдалану болып табылыды.

    Бюджет арқылы экономикалық реттеу саясаты дағдарыстан 
    шығу, экономикалық өсуді ынталандыру жэне оны тұрақтандырудың қозғаушы күші ретінде салықтар мен шығындарды пайдалануды қарастырады. Дағдарыс тәуелділігімен сақтандыру негізіне құралады. Бүл функция негізіне Қазақстан Республикасының төтенше бюджетін айтуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен қажет болған жағдай республиканың барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджет енгізілуі мүмкін. Төтенше бюджет қолданылатын уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімі бойынша Республикада төтенше жағдай енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар табиғи және техногенді тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтіретін экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджетті енгізу үшін негіз болып табылады.

    Кірістерді теңестірудің бюджеттік саясаты қоғамдық кіріс деңгейі бойынша топтарға белуге негізделген. Үшінші бюджет саясатының функциясына мысал келтіретін болсақ, мұнда Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастарын алып қарастыруға болады. Облыс, қала, аудан бюджеттерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты бюджеттік алуды жэне субвенцияларды жүзеге асыру. 

    Бюджет жүйесінің дефицитінің  себептері әр түрлі болуы мүмкін:

    - қоғамдық өндірістің  құлдырауы;

       - қоғамдық өндірістің  шекті шығындарының өсуі;

       - "бос" ақшаны артығымен шығару;

       - мөлшерінен тыс, керексіз, ақталмаған әлеуметтік бағдарламалар;

       - "көлеңкелі"  капиталдың көлемді ауқымдағы  айналымы;

       - көлемді өндірістік  емес өндірістік шығындар, ұрлаушылық, өндірістік              

         тауарлардың  жоғалуы және т.б.;

    - отанды қорғау шығындарының өсуі.

    Осылардың ішінен ерекше маңыздысы  өндіріс құлдырауы мен экономиканың көлеңкелі саласының дамуы. Осы себептерінің болуынан барып, салық негізі азайып кетеді. Бірінші жағдай кезінде өндіріс қысқарады, алынатын пайда азаяды, осыдан келіп бюджетке келіп түсетін қаржы қоры да азаяды, қабылданған бюджет орындалмайды. Екінші жағдай кезінде кәсіпорындар салық төлеуден біржолата қалады.

     Көлеңкелі экономиканың  әдеттегі экономикадан айырмашылығы  фирмалар мен кәсіпорындар еш  жерде тіркелмейді де, осыдан  барып, олар ешқандай салық  төлемейді. Мемлекеттік органдар  оларды көре алмайды, олар "көлеңкеде"  қала береді. Осыдан барып "көлеңкелі экономика" деп аталынады.

    Тұрақты және терең бюджет тапшылығының болуы қаржылардың дағдарыс жағдайында болуымен сипатталады. Тапшылықтың қалыпты жағдайы болып жалпы ішкі өнімнен 2-3 пайыз есептеледі. Егер де тапшылық экономикалық салымдар, экономикалық өсуді қамтамасыз ету себептерінен пайда болса, ол мемлекеттің дағдарыс көрінісі болып табылмайды.

    Бюджет тапшылығы мемлекеттің барлық әлеуметтік-экономикалық салаларына әсер етеді. Өйткені бюджеттің көптеген әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары қысқарады.

     Бюджет тапшылығы халықтың әл-ауқатын көтеруге байланысты бюджет баптары қысқартылып экономикалық өсу терең сипатқа айналады. Бюджет тапшылығының экономикаға терең әсері халықтың наразылығын көтеру мүмкін және бұл жағдайдан шығу өте қиын болады.

    Әрбір мемлекеттің үкіметі  өзінің іс-әрекет мерзімінде бюджеттің  кіріс бөлігі шығыс бөлігінен  тең болуына ұмтылады.Бұл екеуінің бір-біріне сәйкес келуін " табыс балансы" дейді. Шынайы өмір тіршілігінде шығыс бөлігі табыс бөлігінен асып кетіп жатады. Бюджеттің мұндай жағдайын бюджеттік тапшылық дейді.

        Тапшылықты жабудың  келесідей әдістері бар:

             1. Инвестірлеу- бюджет шығыстарын пропорционалды бөлу (қысқарту);

             2.Ақша эмиссиясы;

             3.Мемлекеттік займдар

    Бюджет  тапшылығын   төмендетудің   мынадай   эдістері   мынадай әдістері болады:

    1. шығыстар түрақты, кірістер өседі;

    1. кірістер түрақты, шығыстар азаяды;
    2. кірістер өседі, шығыстар азаяды;

    Тапшылықты қаржыландыру- оны жабу үшін қосымша ақша қаражатын іздестіру.

    Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

    Информация о работе Бюджет жүйесі