Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 08:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
1.4 Ақшаның қажеттілігінің анықтамасы ............……………....……...........
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25

Қорытынды............................................................................................................28


Пайданылған әдебиеттер тізімі..............

Содержимое работы - 1 файл

Акша курсовая.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Ақшаның тауар айналысында  атқаратын екінші қызметі-айналым  құралы. Басқаша айтқанда тауарлардың  бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда  болғаннан кейін тікелей тауарлар айырбастау тауар айналыс формасына айналды. Бұнда екі акті бар. Біріншісі, ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі, ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды білдіреді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, біріншіден, ТА процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керекті тауарды сатып алуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып, керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

Осындай мүмкіндіктердің  нәтижесінде жекелеген айырбас  актілері араласып, түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы  процестер барысында ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу, сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.

Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

  • Тауар мен ақшаның  бір-біріне қарсы қозғалысы;
  • Бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындалуы;
  • Бұл қызметіін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақтыақша материалы емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.

Демек, ақшаның айырбас  құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы  және тауар ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін  қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік  туғызады. Ол үшін нақты ақша алтынның символы ретінде кем бағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолданылуына қоғамдық кепілдік беріп, адамдар мойындауы қажет. Сонын нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куәландырылған ұлттық айналысқа ұлттық ақшалар мен майда монеталар пайда болды. Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналымдағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсыздалады. Оны ғылым тілінде инфляция деп атайды. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді, төлемді кешіктіре отырып сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек бұл тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы, несие беруді, ал сатып алушы борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтілгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын  қамтумен шектеліп қоймай, сонымен  бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:

  • Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
  • Еңбек ақы, зейнет ақы, шәкірт ақы, жәрдем ақы төлеу;
  • Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
  • Банктік, мемлекеттік тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу
  • Сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
  • Құқықтық сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс құралы қызметінен өзгешеліктері бұл қызметінде ақша сатып алу сату процестерін аяқтайды және қолма қол ақшамен қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.

Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын  жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.

Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып алуға қағаз  немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары  және адамдардың жеке жинақтары түрінде болады. Бұлардың біріншісіне кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:

  • Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
  • Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді;
  • Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.

Айта кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.

Кейбір елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда мен несие  қатынастарында жоғарғы үлесті салмағы  бар.

Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай несие беруге мүмкіндігі бар.

 

 

 

1.3. Ақшаның  түрлері мен оның қазіргі формалары

Ақшаның айналымының  тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

Ақша өзінің даму барысында  екі түрге бөлінеді толық құнды  ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар  номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін  ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, сонын ішінде: мыстан, күмістен, алтын жасалғандар жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада болған монета түріндегі формасы. Бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы аверс, артқы жағы реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.

Алтын айналысы тұсында  құнның қағаздай белгілерінің пайда  болуының мынадай объективтік қажеттіліктері болған:

  • Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары Бірінші  Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады.

Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты құннан, яғни олардың  өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:

  • Құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюмини т.б. монеталар;
  • Құнның қағаздан жасалған белгілері.

Ақша өзінің даму эволюциясында  мынадай сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондық ақша

Металл ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.

Монета –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі  ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды.  Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда  Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Макендонский болды.

Айналымға сәйкестірілген, стандартты монаталардың еңгізілуі  ақшалардың толық көлемде құн  шамасының қызметін, айналым мен  жинақтау құралы қыметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады.

Монаталарды құю, эмиссиясы  ретінде қарастырылады. Эмиссия  латындық «emissio» сөзінен аударғанда «шығару» мағынаны береді. Ақшаның  эмиссиясы –бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның ролі тарихи тұрғыдан алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өрнектеу қасиеті  шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан беріледі. Алтын жалпы балама ролін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғарғы құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру  үшін көбірек уақыт  шығыны кетеді.

Алтының негізгі өндірушілері болып  Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Өзбекстан саналады.

Құнның қағаздан жасалған белгілері екіге бөлінеді. Қағаз  ақшалар және несиелік ақшалар.

Қағаз ақшалар-бұл нағыз  ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс  монеталардың орынбасары ретінде пайда  болды. Қағаз ақшалардың айналыста  жүруінің объективті мүмкіндігі олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктермен байланысты.

Металл ақшалардың қағаз  ақшаға ауысу себептері төмендегідей:

  • Металл ақшалардың тасмалдап, алып жүру қолайсыздығы;
  • Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарына жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында төленуі;
  • Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • Эммисиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Қағаз ақшалар тапшылығын жабу үшін шығарылатын және металға  ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

Қағаз ақшалар тек  қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарылуымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне айналысқа басты артық қағаз ақшалардың шығарылуын эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады. Мұнын барлығы бағаның өсуіне әкеліп соқтырады. Халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зйнетақыны, жірдемақыны өсіріп отырады. Халық тұтынатын тауарлардың бағасы өспейінше баға өсе береді. Баға-жалақы-баға... деген тіздек айнала береді. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы экономикаға тән нәрсе.

Информация о работе Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні