Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 08:55, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің экономикалық жағдайы даму үстінде. Қазіргі кезде көптеген экономикалық мәселелердің басын анықтауда ақша теорияның мәні зор болып табылады. Қандайда болмасын уақытында сай жаңа қоғамдық жүйе мемлекеттің реттеуінде болады. Сол сияқты ақша теорияларының қаншалықты дамуына байланысты барлық экономикалық, әлеуметтік мәселелерінің шешімі табылады. Осыған байланысты қазіргі кездегі экономика саласының актуальді мәселелерінің бірі болып, ақша теорияларының қазіргі кезіндегі даму деңгейі табылады.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
1.4 Ақшаның қажеттілігінің анықтамасы ............……………....……...........
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25

Қорытынды............................................................................................................28


Пайданылған әдебиеттер тізімі..............

Содержимое работы - 1 файл

Акша курсовая.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Қағаз ақшалар толық  құнсыз болып келеді. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып алу қабілетін сақтай алады. Ал процестен тыс жасалған айналыста олар бар болғаны бір жапырақ қағазға айналады. Егер нағыз ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады.

Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы  бар, әр түрлі купюра мен бағамен  қағаз ақшаларын шығарады. Қағаз  ақшалардың кемшіліктері  де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік қағаздар пайда болады.

Қағаз ақшалар сатып  алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың элементтері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз ақша айналымы үнемі  көмекші сипатта болады. Қағаз  ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қар несиелік ақшалар әрекет етеді.

 

             1.4  Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақіпа айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік кұрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алыстататын   болса,   онда   тіпті   ақша   қажеттілігінен   туған   кедейліктің өзі де жойылар еді".

Ол аздай  Т.Моор тағы былай деді: "Қай жерде  болсын нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы  мүмкін емес".

XIX ғ. Социал  утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

Мұндай ойлар  Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның  құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г.Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.

Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды  қоя отырып, біз қоғамдық дамудың  ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы  бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді  және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек  өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардын құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген".

Алтын жалпыға  бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады — электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалыңдығы 3 мк. жуық 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың т. құрады. XX ғасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.

Ресей XIX ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші  орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлесі 40%-ды құрады.

Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м  орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өңдеуі қажет.

Алтынды ең көп  өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсс, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.

Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда. Қзақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс істеп  тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.

Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.

Жасанды алтынды  ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты  толғандырды. Бұныменен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий - 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.

Құрамын өзгерте  отырып (палладий - 55%, индий -45%) червондық  алтын алынды, бірақ мұндай алтынды  жасанды жасау бұл процестің  тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі  ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасынын, төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық қатынас".

Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Ақша теорияларына сипаттама

 

2.1.  Ақшаның  металдық теориясы

 

Бұл теория өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезіңдегі меркантилестер жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен  өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау  тән болған. Олардың пікірінше, қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фитишистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөнінен хабарсыз. Ресейде металдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанскиий болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізгі ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. М.М.Сперанскийдың ең мықты ақша материалы күміс деп санады. Ақшаның қызметтерін орындауда металдың қатысуы ХІХ ғасыр теоретиктерімен қолданылған. Бұл іс жүзінде тек бір тарихи кезең. Яғни ақша жүйесінің жоғарғы және күрделі формаларын өтеу кезеңі болды.

Алтын айналысының тар  мағынада қолданылуы ХХ ғасырдың дүниежүзілік экономиканың шеңберіне симады. Өндірістің дамуы ақша базисын адекватты  түрінің болуын талап етті. Объективті түрде металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты. Олар несиеге негізделді. Металдық теорияның қайта жаңжануы ХІХ ғасырдың екінші жартысында алтын монета стандарттының Германияда 1871-1873 жылдары енгізілуімен байланысты болды. Неміс экономистері Кейнс ақша деп тек қана бағалық металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталынатын орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды.

Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз. Өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмады. Сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып, сонын салдарынан ақшаның айырбасталынуы тәрізді аса маңызды қасиетінің жоғплуы пайда болды.

Сонымен ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа оның ішінде мемлекетке деген сенім ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік соғыстар және басқа да жағдайлар, классикалық алтын стандартына қайта әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретінде қызмет етумен несие  алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады. Адамзат құнының әртүрлі формаларын өз басынан өткере отырып, яғни ақша айналысына қол жеткезді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып, одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады. Көпестер класының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңде сипаттайды. Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:

    • Биметализм;
    • Монометализм

Биметализм-жалпыға бірдей эквивалент ролін екі немес одан көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланады.

Монометализм-жалпыға  бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі (алтын, күміс және т.б.) қолданылатын ақша жүйесі.

Осылай біздің эрамызға дейін ІІІ-ІІ ғасырда Римде мыс монометализмы, Ресейде 1843-1852 жылдар аралығында күміс монометализмы болды. Ресейде, олай болса Қазақстан да, алтын монометализмы 1897 жылы ІІ Николай патша тұсында енгізілді.

Түрікше «акче» сөзі қазақша  ақша яғни ақ сөзінен, күміс монетаның  түсіне қарап шыққан.

Капиталистік тауарлы  өндірістің дамуы барысында қағаз  ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыстан алтын монеталарды ығыстырып  шықты. Қағаз ақшалар айналысындағы  ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын  монеталар қағаз ақшалардвң әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан: мыс-никельден, мыс-мырыштан және алюминидың құймаларынан жасайды.

 

2.2. Ақшаның номиналистік теориясы

 

Ақшаның номиналистік теориясы меркантилистердің метализмге қарсы  іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымның өсуіне байланысты металл монеталар вексель, банкнот түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстыру біртіндеп орын алады. Ақшалар мен бағалы металдар арасында ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді. Ол үшін олардың металдық құрамын белгіледі. Номинализмнің негізгі ережесі төмендегідей

Ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың  көмегімен тауарлардың айырбас  құны анықталады. Бұл бірлік ешқандай да ішкі құнға ие емес. Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретінде қарастырады. Адам Смиттің айтуы бойынша, ақша бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды:

    • Қандай да бір заттың пайдалылығын көрсетеді;
    • Басқа тауарды сатып алу мүмкіндігі

ХІХ ғасырдың аяғында  және ХХ ғасырдың басында саяси экономикада  номинализм үстемдік ете бастады. Бірақ  бұрынғы номинализмның айырмашылығы оның объектісіне қағаз ақшалар жатады. Номинализмның мәні неміс экономисі Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:

  • Ақша – құқықтық тәртіптің өнімі мемлекеттік биліктің туындысы;
  • Ақша- мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады.
  • Ақшаның негізгі қызметі-төлем құралы.

Кнапп ақшаның мәні оның матералдық белгісінде емес, оларды пайдалану  барсын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

1929-1933 жылдары экономикалық дағдырыс тұсында номинализм әрі қарай дами түседі. Сөйтіп Дж. М. Кейнс алтын ақшаларды жабайылық шарқыншағы, арбаның бесінші дөңгелегі деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын қағаз ақшаларды жатқызады. Ол қағаз ақшалардың алтынды айналыстан шығарылуын Кнапп теориясының жеңісі деп қарастырды. Дж.М. Кейнс барлық өркениетті ақшалар қарапайым түрінде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

Информация о работе Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні