Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 18:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мәні. Бұл курстық жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Асыл Астық» ЖШС–гі.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың теориялық аспектілері
1.1 Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі......................4
1.2 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі.......7
1.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері.......................................................................................10
2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық талдау
2.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы.........................................................................................13
2.2 «Асыл Астық» ЖШС шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау...........................................................23
2.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері.......................................................................................34
3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктері мен болашағы.............................................................38
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар......................................................................................40
Қорытынды............................................................................................................44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................46

Содержимое работы - 1 файл

жоспар 46.doc

— 636.50 Кб (Скачать файл)
    • қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
    • ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.

Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

    • тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
    • экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
    • өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
    • қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
    • адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
    • еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
    • меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
    • ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
    • жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
    • ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
    • арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің  экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады.

Нарықтық экономикалы  елдерде кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік  деңгейде қойылмағаны белгілі, өйткені  ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолдармен  құрылды. Ал Қазақстанда бұл секторы іс жүзінде санаулы жылдар ішінде ғана қалыптасты.Сол жылдар ішінде бұл период мемлекетіміз үшін аса қиын кезеңдердің бірі еді. Шағын және орта бизнесті қалыптастырудың механизмдерін, негізгі стратегиялық-қысқа мерзімдік бағыт-бағдарын дайындауға, мемлекеттік саясаттың алдыңғы орынды тапсырмаларын белгілеуге қатысты өзге де мәселелерге айтарлықтай қаржылық-ақпараттық шығындар жұмсалды, ал жаңа тәуелсіздігін алған мемлекетке бұл әжептәуір салмақ еді.

Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

          Бизнеске қатысына қарай, «шағын»  деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.

Шын негізінде бұл  бизнес біздің экономикаға икемділік  қасиет береді және де нарықтық сұраныс  жағдайын дер кезінде реттеуге мүмкіндік  туғыза отырып, аз көлемді капиталды  қажет етеді.Сондай-ақ шағын және орта бизнес монополизмге қарсы саясатын жүзеге асыруда негізгі рөлде бола отырып, ғылыми-техникалық прогрессті қалыптастырады. Негізгі әсері Қазақстан Республикасында жұмысбастылықты толығымен қамтуға талпынуда, ал ол проблема еліміз үшін өзекті мәселе болып табылады. Нарықтық қатынастар эпохасына кірмей тұрған кезімізде, жұмыспен қамтудың 95 пайызымен мемлекет айналысатын.Қазіргі нарықтық таңда мемлекеттің жұмыс беруші рөлі айтарлықтай бәсеңдеді, қайта жекеменшік секторында жұмыс орындарымен  қалыптастыру қажеттілігі өсті.

Кез келген ел үшін шағын  және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл  қосымша  жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.

Әлемнің көптеген елдеріндегі  сияақты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың көзі іспеттес кәсіпкерлікті  дамытуды ынталандыру ісіне айрықша  маңыз беріліп келеді. Бүгін де шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен қатар шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын айтқан да жөн.

Тәуелсіз кәсіпкерлер  өздерінің санының көптігі жағынан  әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көп құрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі  бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Шағын бизнес нарықты  тауарлар мен қызметтермен молықтыруға  жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.

Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік  халықты жұмыспен орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Біржағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.

Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ерекше мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік конъюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік туады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге болады. Инновациялық және жоғарғы технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану рақылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестицияны тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорынмен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіпкерлікпен жалдамалы жұмысшылармен арадағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге жол ашылады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан  экономикалық жағдайда мемлекеттік  тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын  және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді.

 

1.3 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес дамуының ерекшеліктері

 

Шағын және орта бизнестің  дамуы мен қалыптасуындағы бағыт-бағдар ерекшелігі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Белгілі бір мамандандырылған мемлекеттік құрылым, тиімді қабылданған бағдарламалар, басқарушылық-техникалық қолдау, салықтық және антимонополиялық реттеу, қажетті субсидиялар мен нарықтық тауарды ұсыну негізіндегі ерекшеліктер арқылы шағын және орта бизнес өз дамуын қалыптастырады.

Негізгі әсер етуші факторлардың бірі ретінде салықты алып қарасақ, экономикалық категория ретінде, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектінің және жеке тұлғалардың мемлекет арасында туындайтын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама-қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және негізгі мәселе болып салық салуды жоғарылату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субьектілері салық төлеуді азайтуға тырысады.Салық ставкаларын өзгерту арқылы өндірістегі шағын және орта бизнестің даму барысына әсер етуге болатынын ғылыми зерттеулер айқындап отыр. Салық ставкаларын салық салудың құралы ретінде пайдалану барысында оның нақты кезеңдегі салық ставкалары мен салық түсімдерімен өзара байланысқан, өндіріс қарқынына, кәсіпкерлік деңгейіне тигізетін ықпалын басты назарда ұстау шарт. Осыған орай мемлекет салық ставкаларының белгілі бір жеңілдетілген түрі негізінде шағын және орта бизнес субьектілеріне жалпыға бірдей салық режимін немесе арнаулы салық режимін пайдалануға мүмкіндік береді.

Салық салумен қатар негігі әсер етуші фактор деп шағын және орта бизнесті несиелендіру жүйесін айтуға да болады. Шағын бизнесті қаржыландыру мақсатында мемлекет бұл бизнес субьектілерінің тек қана коммерциялық шарт негізінде несие алуды қамтамасыз етпей, сондай-ақ тиісті аумағына байланысты қалалық бюджеттегі қаржы ресурстарын пайдалануға мүмкіндік берді. Осындай мақсатта шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры осы қалалық бюджетке қол жеткізді.Осы қорға берілетін банктік процедуралар тегін жүзеге асырылады. 2010 жылдың 6 наурызындағы “микрокредитті ұйымдар туралы” заңға сай микрокредитті ұйымдар 15000 – 300000 теңге көлемінде микронесиені жүзеге асырып жатыр. Бірақ көп көлемді қаржы ресурстарына жету үшін тиісті банкқа жүгіну керек, ал ондағы несиелік ставкалар жоғары, ол ставкаларды төлеу арқылы кәсіпорын өзіндік шығындарын ақтай алмайды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамытуға кері әсер ететін бірқатар факторларды  атап көрсетуге болады. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған  неғұрлым күрделі проблемалардың бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып табылады. Банктер кәсіпкерлік субъектінің кепіл қабілетінің төмендігіне орай қарыздар бойынша проценттік ставканы арттыру жолымен тәуекел құның кредиттерге айландыруға мәжбүр.

Сонымен қатар кәсіпорындардың  қорымен жарақтануының төмен  деңгейі оның еңбек өңімділігінің  төмендігі салдарынан кәсіпкерлік  секторының экономикалық тиімділігін  арттыруға әсерін тигізбейді және негізгі құралдарды кепілдікке қойып кәсіпкерге кредит бермеуін тежейді.

Осы себептен де біраз  жылдар бойы сауда делдалды қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы  құралдарын жинақтаудың бірден-бір  қол жетерлік әдіс болу қалуда. Кәсіпкерлік  Субектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60%-тен астамын құрайды.

Кәсіпкерліктің дамуына  кері әсер ететін басқа да факторлар  кәсіпкерліктің қызметің реттейтің  қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі  кәсіпкерлердің жарыққа кіруі кезіңде  сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі. Сыртқы - бұл мемлекеттік органдармен, қаржы-кредит ұйымдарымен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және бәсекелестігімен өзара қарым-қатынас ішкі қызметтің түрін және ұйымдық-құқықтық нысанды таңдау; жарғылық капиталды қажетті шешімдерді қалыптастыру; кадрларды іріктеу және қызметкерлерді басқару; әріптестер командасын іздестіру және нарықты білу.

          Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық  пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.

         Қазақстан Республикасындағы шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  кешенді шаралар белгіленген.  Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті  тұрақты дамытуды қамтамасыз  ету, экономикада оның үлесін  ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.

Информация о работе Шағын және орта бизнестің мәні, экономикалық негізі