ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы - халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………...…..…………...3
1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
Қорытынды………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі…………………………………….......32

Содержимое работы - 1 файл

всемирная курсовая.doc

— 247.50 Кб (Скачать файл)
gn:justify">1) Анағұрлым мұқтаж босқындар мен олардың отбасы мүшелеріне шектеулі материалдық және медициналық көмек көрсетуден тұратын дәстүрлі қызмет. Бұл салада БЖКБ үкіметтік және үкіметтік емес Ұйымдар арқылы да бағдарламаларын жүзеге асырады. Оның үстіне БЖКБ тәжік босқындарының отанына ерікті түрде оралуы жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырады. БЖКБ-ның бағалуы бойынша бүгінгі күні Қазақстанда негізінен Ауғанстаннан, Тәжікстаннан, Шешенстаннан, Ирактан, Суданнан және кейбір басқа елдерден келген 17 мыңға жуық босқындар бар.

2) Көші-қон саласында жоғары білікті ұлттық кадрларды даярлауда жәрдем, көрсетуден тұратын дәстүрлі емес қызмет. Бұл салада БЖКБ жұмысы босқындармен байланысты мемлекеттік органдарга техникалық көмек көрсетеді. БЖКБ халықаралық құқық, баспана және тұтас алғанда адамның халықаралық құқығы мәселелері бойынша көптеген семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы ұлттық кадрларды даярлау мен оқыту жөнінде байсалды жұмыс атқарады. Басқарма босқындармен жұмыс істеу үшін заңдық негізді құру ісінде ҚР-дың қүзіретті органдарымен тығыз бірлесіп жұмыс істейді.

              6. БҰҰ-ның өз еркімен келгендер Ұйымы.

1)         БҰҰ-ң өз еркімен келгендер бағдарламасы БҰҰ-ң Бас Ассамблеясымен 1970 ж. құрылды. БҰҰ-ң осы бағдарламасы арнайы дайындалған тұлғаларды, осы тұлғалардың саны жеткіліксіз елдерге жібереді.

2)         БҰҰ-ң өз еркімен келгендер Қазақстанда өз жұмысын БҰҰ-ң даму бағдарламасы офисі арқылы 1995 жылы бастады. Осы жылдан бастап саны 50 өз еркімен келгендер әр түрлі жобаларда қатысты. 1999 жылы аяғына қарай Ұйымның бағдарламасы Қазақстанның 7 аумағындағы 10 жобаларға қатысты. Осы жобаларға арнайы маманданған тұлғалар қатысты. Олардың негізгі жұмысына СПИД аурумен күресу болды. Қазіргі кезде осы 10 өз еркімен келгендермен шектелмей болашақта тағы да онға жуық тұлғаларды жұмысқа алуды жоспарланып отыр.

              7.БҰҰ-ның Әйелдер Қоры (ЮНИФЕМ) Әйелдердің құқығын
қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арналған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау мен техникалық көмек көрсетеді. БҰҰ шеңберінің жүйесінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейдегі барлық маңызды мәселелермен байланыстырады. ҚОР өзінің жұмысын елдік деңгейде жұмылдырып, әлеуметтік-жыныстық (гендерлік) проблемаларды елдің негізгі бағдарламаларына енгізу үшін Резидент-үйлестірушінің жүйесіне қолдау көрсетеді

6. 1999 жылғы маусымда Қазақстанда Өкілдігі ашылған кезден бастап ЮНИФЕМ БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен бірлесіп "Пекин іс-қимыл тұғырнамасын орындауда БҰҰ-ның Резидент-үйлестрірушісінің қызметіне қолдану көрсету" жобасын жүзеге асырды.

8.Қазақстанның Халықаралық еңбек Ұйымымен (ХЕҮ) ынтымақтастығы 1993 жылы осы Ұйымға кірген кезінен бастап Қазақстандық заңнаманы халықаралық еңбек құқығының нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында ХЕҮ іс-шараларына біздің еліміздің өкілдерінің қатысуы деңгейінде жүзеге асырылып келеді.

Ұйым Қазақстанға еңбек және әлеуметтік проблемалар бойынша ақпарат және талдау материалдарын ұсынады. Мыналар ХЕҮ-ның Қазақстандағы қызметінің анағұрлым маңызды салалары болып табылады: еңбек және әлеуметтік мәселелер саласында заңдық базаны азайту, еңбекті қорғау, әлеуметтік диалог, саясатқа талдау жасау және кеңес беру, сондай-ақ, басқа да оқыту бағдарламалары түрінде техникалық көмек көрсету арқылы әлеуметтік проблемаларды шешу.

9. Қазақстан Республикасы Білім, ғылым және мәдиниет жөніндегі БҰҰ Ұйымына 1992 жылғы мамырда қабылданды және оның төмендегідей конвенцияларының қатысушысы болып табылады:

•     Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу
туралы келісім ("Флоренциялық келісім").

•     Авторлық құқық туралы дүниежүзілік конвенция, XII бапқа
жататын декларация және XI бапа жататын қарар (1952 ж.).

•     Қарулы жанжал жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция ("Гаага конвенциясы"), Атқару регламенті және хаттама (1954 ж.).

•     Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенция (1972 ж.).

•     Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісімге хаттама , А. Н қосымшалары (1976 ж.).

•     Еуропа аймағының мемлекеттерінде оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы конвенция (1979 ж.).

•       Азия мен Тынық мұхит мемлекеттерінде оқу курстарын жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы аймақтық конвенция (1983 ж.).

•       Еуропа аймағында жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы конвенция (1997 ж.).

•       ЮНЕСКО Абайдың 150 жылдығын, М. Әуезовтың 100 жылдығын, Қ. Сәтпаевтың 100 жылдығын, М. Дулатидің 500 жылдығын, Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеуге белсенді түрде қатысты. Осы Ұйым 10 атауды, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесін және Тамғалы шатқалының петроглифтерін қамтитын "Қазақстанның мәдени және табиғи мұралар объектілерінің алдын ала тізбесін" бекітті.[6]

2001 жылғы тамыз айының аяғында Қазақстанға ЮНЕСКО-ның Бас директоры К. Мацуура келді,,, онымен Еуразия университеті жанындағы Отырар кітапханасын қалпына келтіру жөніндегі жұмысқа жәрдем көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ЮНЕСКО күнтізбесі Тараз қаласының 2000 жылдығы Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығы, Махамбет Өтемісовтың 200 жылдығы сияқты айтулы күндер енгізілді.

Қазақстан ЮНЕСКО-ның екі аймақтық мекемесінің құрылтайшысы болып табылады, олар: Орталық Азияны зерттеудің халықаралық институты (Самарқанд қаласы) және Көшпелі өркениеттің халықаралық институты (Улан-Батор қаласы).

10.Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымымен (ДЦҮ) өзара іс-қимылы екі деңгейде жүзеге асырылады. Бас директор Г. Харлам-Брутланд басқаратын БҰҰ-ның штаб-пәтері (Женева) осы халықаралық Ұйымның біздің елімізбен өзара іс-қимылының принципті түрдегі саяси мәселелерін (бюджет, кадр саясаты, ғаламдық бағдарламаларды Ұйымдастыру) шешеді. Сонымен бірге, елдік ынтымақтастық жөніндегі негізгі шешімдер БҰҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының (ЕАБ, Копенгаген) деңгейінде қабылданады.

БҰҰ-ның басқа да агенттіктерінен ерекшелігі БҰҰ түрлі елдерде арнайы өкілдіктер құрмайды, мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктері немесе ұқсас мемлекеттік органдары арқылы, сондай-ақ, БҰҰ-ның белгіленген мерзімге жіберілетін сарапшылары арқылы бағдарламаларды жүзеге асырады.

БҰҰ-ның              ЕАБ-ы құжат дәрі-дәрмектердің тізбесін қалыптастыруға қолдау көрсетті. Бұл құжат ұлттық фармацевтикалық саясаттың тұжырымдамалық негізі қызметін атқарады. Оның негізінде Ұлттық фармацевтикалық ақпараттық орталығы құрылды.

11. Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ӨДЖБҰҰ) өнеркәсіп саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін Бас Ассамблеяның қарарымен 1966 жылы құрылды. 169 ел ӨДЖБҰҰ-ның мүшелер болып табылады. ӨДЖБҰҰ дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен шұғылданады.

Қазақстан 1997 жылы ӨДЖБҰҰ мүшесі атанды. ӨДЖБҰҰ-ға мүшелікке қабылданғанға дейін осы Ұйымның аясында Қазақстанда инвестициялық жобаларды қалыптастырумен және бағалаумен айналысатын, сондай-ақ, инвестициялаудың акционерлік емес нысандарының қаржылық, салықтық және құқықтық аспектілеріне талдау жасайтын адамдарды оқыту жөніндегі жобалары жүзеге асырылды. 1995 жылғы қарашада Текелі қаласындағы қорғасын-мырыш комбинатын қайта құрылымдау үлгісінде Қазақстанның шағын қалаларындағы мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және шағын сондай-ақ, орта бизнестің дамуына жәрдемдесу жөнінде ӨДЖБҰҰ мен ДББҰҰ-ның бірлескен жобасы қолға алынды. Осы жобаның шеңберінде Алматыда шағын және орта кәсіпорындарды қолдау орталығы ашылды, ол осы уақытқа дейін жұмыс істейді.

Американдық "Шеврон" компаниясының қолдауымен, ӨДЖБҰҰ-ның сарапшылық қолдауымен және ДББҰҰ-ның үйлестіруімен Атырау қаласында "Бизнесті дамыту орталығын" құру жөніндегі жобаны және шағын бизнес үшін "Қаржылық қаражатты тартудың және пайдаланудың мөлтек несиелік тетігін" құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ӨДЖБҰҰ -ның қатысуымен Каспий жағалауы мемлекеттері үшін "Каспий экологиялық бағдарламасы" деп аталатын Дүниежүзілік банктің, ПРООН-ның және Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасының бірлескен жобасы орындалатын болады.

ӨДЖБҰҰ Қазақстан үшін интеграцияланған бағдарламаны әзірлеуді жоспарлап отыр. Онда мынадай бағыттар қамтылады: өнеркәсіптік даму стратегиясы, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, үнемшіл өндіріс.

12. Әлемдік Банк. Әлемдік Банк 1944 ж. Бреттонвуд конференциясында құрылды.

Қазақстан Әлемдік банкке 1992 ж. шілде айында кірді. Сол кезден бастап Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму Банкіден (МБФ) 1,8 млн. АҚШ доллар мөлшерінде 21 қарыз алды. Консультативті топтардың 4 рет кездесулердің нәтижесінде Қазақстанға қосымша 4 миллиард доллар мөлшерінде сыртқы көмек көрсетілді. Әлемдік Банктен бастапқы қаржылар Үкіметтің жекешелендіру, кәсіпорындарды қайта құру және әлеуметтік қорғаныс ісімен жүргізілді. 1999 ж. Әлемдік Банк жол жүру көлігін жақсарту жобасын қабылдады. Бұл жобаны Банк 100 млн. доллармен қаржыландырды. Сонымен бірге Әлемдік Банк келесі нұсқауларды мақұлдады: денсаулықты сақтау бойынша нұсқау ($42,5 млн.); құқықтық реформа бойынша нұсқау ($ 16,5 млн.); Атырау қаласын мунициталды реабилитациялау бойынша нұсқау ($ 16,5 млн).

Қазіргі кезде Қазақстан Үкіметі және Әлемдік Банк келесі үш жылға серіктестік стратегиясын дайындады.

              13.Халықаралық Валюталық Қор (ХВҚ).

1)    Әлемдік Банк сияқты, Халықаралық Валюталық Қор 1944
ж. Бреттон-Вуд конференциясында құрылды. Оның негізгі мақсаты
2-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік экономиканы жақсарту.
Әлемдік Банктің мүшелігіне кіру үшін ХВҚ-ң мүшесі болу керек.

2)    Халықаралық Валюталық ҚОР Қазақстанда өз жұмысын 1992 ж. бастады. Оның негізгі мақсаты – мемлекетке макроэкономикалық саясатты іске асыруды көмектесу. Қазақстан маңызды техникалық жәрдем алды. Халықаралық Валюталық Қор Қазақстанның Ұлттық банкіне, Мемлекеттік статистикалық комитетке және қаржы Министрлігіне тұрақты кеңесшілерді
ұсынды. ХВҚ, Үкімет және Қазақстанның Ұлттық Банкі кең ауқымды қаржыландыруы үш жылғы Бағдарламасын дайындады. Бұл бағдарлама 1996 ж. шілде айында қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсаты экономиканың жүйелі проблемаларын жою. 1998 ж. желтоқсан айында осы бағдарламаға 217 млн. доллар төленді.

              14.БҰҰ-ның СПИД ауруы бойынша біріккен бағдарламасы.
Кеңес Одағының ыдырауы Қазақстандағы әлеуметтік-экономи-калық жағдайына әсерін тигізді, яғни халықты табыстың төмендеуіне, инфляцияның жоғары деңгейіне және жоғарғы деңгейдегі медициналық көмек алу проблемаларға әкелді. Осыдан жұмыссыз адамдардың, жезөкшелік және нашақорлықты

1994 ж. аяғында ВИЧ/СПИД БППП-мен күресу және сақтандыру Бағдарламасын Қазақстанда жүргізуді бастады. Барлық нұсқалар Қазақстанның білім, мәдиниет және денсаулық Министрлігімен және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының көмегімен жүргізілді. Сонымен, осы мәселелерді шешу бойынша түрлі конференциялар, семинарлар жүргізілді. 1994-1995 жж. Конференциялар мен семинарларға Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы 39 350 АҚШ долларын жұмсады.

Донорлық қанның қауіпсіздік мәселелері бойынша 1995 ж. наурызда Алматыда конференция өткізілді. Осы конференцияда донорлық қанды тиімді пайдалану сұрақтары қарастырылды, лабораториялық зерттеулер жүргізілді және донорларды қатыстыру мәселелер қарастырылды.

Түрмеде қамалғандар арасында ВИЧ жене туберкулезбен ауратындарға үлкен назар аударуда. Осыған байланысты, түрмеде медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жүйесін қарастыруда. Түрмеде 77 000 қамалғандардың ішінде 16 000 туберкулезбен ауырды.

1997 ж. эпидемиологиялық жағдайды қарастырсақ, Қазақстаңда 262 ВИЧ аурулары тіркелінді, СПИД пен ауыратындар саны 14 болды, олардың 13-і қайтыс болды. Ал, 1996 жылға қарағанда сифилиспен ауратындардың пайызы 37-ге көтерілді. 1999 ж. ВИЧ/СПИД/БППП мен кресу бойынша Үкімет және БҰҰ бірнеше нұсқаулар жасалынды.

15. Қоғамдық мәліметтер департаментінің өкілдігі (ҚМД).

1)              1946 ж. БҰҰ-ң Бас Ассамблеясында Қоғамдық Мәліметтер
Департаменті құрылды. Департаменттің басты масаты әлемдегі
халықты БҰҰ туралы мәліметтермен қамсыздандыру. Қазіргі кезде
БҰҰ-ң Мәліметтік қызмет БҰҰ-ң Нью-Йорктегі Штаб-пәтерін
БҰҰ-ң мүше елдерінің 80 қалалармен біріктіреді.

Қазақстандағы Департамент БҰҰ-ң арнайы құжаттардың және басқа да ақпаратты құжаттардың, яғни фотосуреттер, плакаттар, графиктер, аудиовизуальдық құжаттардың қайнар көзі болып табылады. департаментте студенттер мен оқытушыларға арналған кітапхана бар. Кітапхана Қорында Бас Ассамблеясының Қауіпсіздік Кеңестің Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің, халықаралық Соттың протоколдары және БҰҰ қызметін қандай дәрежеде қабылдайтындығы туралы Штаб-пәтерге ақпарат беру.

2)              Қоғамдық мәліметтер департаментінің өкілдігі Қазақстанда
1993 ж. қантар айында ашылды. Оның басты мақсаты БҰҰ-ң
Глобальды стратегиясын және Қазақстанда БҰҰ-ң рөлін көрсету.
Бұл департамент жергілікті ақпарат алу, білім алу мекемелерімен
байланысын қамсыздандырады. Сонымен бірге, керекті ақпарат
материалдарын береді. БҰҰ-ң саяси, экономикалық, әлеуметтік, гумманитарлық сферасындағы қызметін жәңе мақсаттарын түсіндіреді, сонымен қатар, бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқықтары бойынша мәселелерді көрсетеді. 1997-1999 жылдар аралығында Сорос-Қазақстан Фонды және жас озаттар Ассоциациясымен бірге, үлкен класстар оқушылары арасында "Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Моделі" атты бірнеше мемлекеттік форумдар өткізілді. Департамент БҰҰ-ң жұмысымен байланысты баспасөз апараттарына арналған арнайы брифингтерді және кездесулерді өткізеді.

 

 

Информация о работе ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері