Қызыл кітап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2011 в 18:25, реферат

Краткое описание

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Содержимое работы - 1 файл

ҚЫЗЫЛ КІТАП.docx

— 967.07 Кб (Скачать файл)

ҚЫЗЫЛ КІТАП

 Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

  Қызыл кітапқа  ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы

21 тамыздағы № 1152 Қаулысы

  СҮТҚОРЕКТІЛЕР

1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары

2. Жалман 8. Шұбар күзен

3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні

4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары

5. Қызыл қасқыр 11. Алтай  арқары

6. Сабаншы

  ҚҰСТАР

1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы

2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар

3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі

4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын

5. Қоқиқаз 22. Қарабас  өгіз шағала 39. Тұрымтай

6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі

7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық

8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс

9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын

10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт

11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран

12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны

13. Алтай ұлары 30. Қарақұс

14. Ақ тырна 31. Бүркіт

15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт

16. Дуадақ 33. Аққұйрық  субүркіт

17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай 
 
 
 
 

    "Красная  книга Казахстана" - Қазақстан Республикасы  аумағында жойылу  қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес шыға бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған 1-бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. "Қ. Қ. к-ның" 2-бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. "Қ. Қ. к-ның" 1-басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері 2 категория бойынша: А категориясы — жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қ. Қ. к-ның" жануарларға арналған 1-басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушы-лардың 8, қүстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға берілген деректер 10 - 20 жыл бүрынғы зерттеулер негізінде берілді. Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан ҒА-ның жанынан "Қызыл кітапты" қайта басып шығару мақсатымен арнайы зоол. комиссия жүмыс істей бастады.Кітаптың мүқабасы, 1996 ж.  Кітаптың мүқабасы, 1981 ж.

    1991 ж. осы комиссия "Қ.  Қ. к-ның" толықтырылған 2-басылымын шығарды. Оның таралымы 500 дана болды. Кітаптың 2-басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балыктардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, қүстардың 58, сүт-қоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. "Қ. Қ. к-ның" 2-басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, үлулардың 6, қүрттардың 2 түрі туралы деректер тіркел-ген. 1996 ж. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бүл 3-басылымның 1-томы "Жануар-лар", оның 1-бөлімі Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы ту-ралы деректер берілген

Информация о работе Қызыл кітап