Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:48, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3

1. Конфедерацияның түсінігі және түрлері
1.1 Конфедерация – мемлекеттік құрылым нысаны ретінде...............................5
1.2 Конфедерацияның түрлері................................................................................6

2. Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері (салыстырмалы негізі)
2.1 Конфедеративтік мемлекеттер және олардың халықаралық деңгейі...........8
2.2 Мемлекеттердің қызметтері...........................................................................12

3. Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері....................18

Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

конфедерация.doc

— 184.00 Кб (Скачать файл)

Тәуелсіз мемлекеттің қажетті нышаны болып табылатын теңге елдің қаржы-ақша жүйесін жүмыс істейтін жағдайға келтіруге, ақша айналысындағы қаражаттың жетіспеушілігі проблемасын шешуге ықпал етті.
Қазақстан қазіргі уақытта бұрынғы кеңестік экономикалық және соңғы әлемдік валюта-қаржы дағдарысының зардаптарын толығымен жеңіп шықты. Елдегі макроэкономикалық ахуал түрақтанды, экономиканың дамушы салалары сауықтырылды және отандық тауар өндірушілерді дамыту мен қолдау бағыты іске асырылуда.

Республикада құрылған нормативтік-құқықтық база адамдардың санасын өзгертуге ықпал етті әрі қоғамды жаңа болмысты қабылдауға — меншіктің барлық түрлерін мойындауға негізделген, мемлекеттің араласуынан азат еркін нарықтық экономикаға бұруға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан тарихи қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан қоғамындағы азаматтардың дүниетанымында терең өзгеріс болды, өндірістің социалистік тәсілінен шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтумен байланысты экономиикалық құрылыс өзгерді.

Мемлекетте жаңа құрылыстың қалыптасуының маңызды көрсеткіші шағын және орта кәсіпкерлердің санының өсуі болды. Осылайша, халқының саны салыстырмалы түрде көп емес (жершары түрғындары санының 0,2 пайызы), Қазақстанда, бір ғана онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің 200 мыцдай жаңа кәсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, ал аграрлық секторда 1,3 миллиондай фермерлер мен кооператорлар еңбек етеді, ал ел өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына тартылған шетелдік инвестициялар 8 миллиард АҚШ долларын қүрады.

Мемлекет тарихында, бірінші Президенттің саяси және жеке өмірбаянында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру сияқты орасан зор оқиға айрықша орын алады.

Қазақстан халқы түңғыш рет өз тарихында ел астанасының геосаяси және экономикалык орналасу басымдықтарын айқындады, бүл тарихи шешім Президент Н.Ә. Назарбаевтың көрегендігі мен саяси күш-жігері арқасьінда жүзеге асырылды.

Жаңарған және тәуелсіз Қазақстанның рәмізді бейнесі деп әділ аталған, қазіргі заманғы қала қысқа мерзім ішінде елдің нақ жүрегінде бой көтерді; іс жүзінде Қазақстанның барлық аймақтарындағы индустрияның дамушы салаларының өсуіне қуатты серпін берілді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан кейін шеткері Ақмола ару қалаға айналды.
Мемлекеттік басқарудың орталық органдарын бұрын болып көрмеген мерзім мен қарқында жаца астанаға көшіру; қаланың атын Астана деп лайықты түрде қайта атау — ЮНЕСКО-нын "Қалалар бейбітшілік үшін" медалімен марапатталған жаңа әкімшілік, ғылыми және мәдени орталықтың пайда болуы — атқарылған істің айшықты айғағы.

Астана қаласының тәуелсіз Қазакстанның жаңа елордасы ретіндегі түсаукесері ұйымдастырылуы мен мәдени деңгейі жағынан аса жоғары дәрежеде өтті. Қазақстан Республикасының меймандары мен ел азаматтары көңілді де үмытылмайтын мерекенің куәгерлері болды. Елдің барлық азаматтары мақтанышқа, қазақстандық патриотизмнің терең де тебіреністі сезіміне бөленді.

Өтпелі кезеңнің қиындықтарын бастан кешіру және экономика мен қоғамды реформалаудың екінші кезеңі халықтың көңіл-күйіне түрақты назар аудармай жүзеге аспайтын еді, "Казақстан - 2030" үзақ мерзімді бағдарламасында жарияланған іс-әрекеттің дүрыстығыжәнетаңдалған бағытты қолдауды дәлелдеп отыру қажет болды.

Мұндай дәлелдеу 1999 жылдың 10 қаңта рында өткен Қазақстандағы бірінші баламалы президенттік сайлау болды.

Республика аймақтарындағы көптеген іс-шаралар мен сапарлар мемлекет және үкімет басшыларымен болған кездесулермен, әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларымен кезектесіп отырды.

Бірінші балама сайлау қарсаңында Алматыда өткен Форум мен Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға арналған қала жұртшылығының митингісі мемлекет басшысының реформаторлық бағытын халықтың сөзсіз қолдайтындығының көрінісі болды.
Шет елдердің ресми делегация лары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, қоғамдық-саяси бірлестіктердің басшылары, елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердіц басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысқан Қазақстан Президентін үлықтау рәсімі кең көлемді халықаралық үндестік туғызды.

Орталық Азия аймағында түңғыш рет Қазақстанда елдің сайлау жүйесінің жетілуіне қозғау болған баламалы президенттік сайлау табысты жүргізідді, соның арқасында депутаттарға кандидаттарды партиялық тізім бойынша да ұсынған парламенттік сайлау да өз деңгейінде өтті.
Бұл факт елдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялардың өсуі мен дамуының айғағы, бүкіл Орталық Азия аймағындақоғамньщ демократиялық өзгерістерінің тереңдеуі мен өрістеуінің үлгісі болды. Соңғы парламент сайлауы кезінде Қазақстанның 9 саяси партиясының кандидаттары тіркелді.
Қазіргі уақытта республикада 2500-ден астам үкіметтік емес үйымдар, 30-дай конфессияны қамтитын 2700 діни бірлестіктер қызмет істеуде.
Президенттік басқару нысанындағы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекетін орнату жоспарлы түрде, мақсаткерлікпен әрі тарихи қысқа кезеңде жүзеге асырылды. Бір ғана онжылдық ішінде Қазақстан тоталитарлық жүйенің бүғауынан толык босады және жаңа мемлекеттілік қүрды. Бүл - ата-бабаларымыз қанды үрыстарда шайқасқан және оны қалпына келтіруді армандаған қазақ халқының таңдаулы өкілдері сталиндік қапаста мерт болған мемлекеттілік еді.

Қазақстанның күшті президенттік басқару нысанындағы мемлекет ретінде қалыптасуы және Президент Н.Ә. Назарбаевтыц елдің шынайы демократиялық Конституциясының кепілі ретіндегі қызметі тоталитаризмнің зиянды мүрасын толығымен жоюға мүмкіндік туғызды. Елде сөз бен баспасөз бостандығы, діни наным еркіндігі секілді демократиялық қүндылықтар жарияланды және іске асырылды, елдегі барлық халыктар үшін тең қүқылы даму қамтамасыз етілді. Республикада ресми бүқаралық ақпарат қүралдарымен қатар жеке газеттер мен журналдар шығарылады, телерадиостудиялар мен компаниялар қызмет істейді. Қазіргі кезде 11 ақпараттық агенттіқ, 86 телерадиокомпания мен студия жұмыс істейді, 314 газет пен 79 журнал казак, орыс және Қазақстан халықтарынып басқа тілдерінде жарық көреді.

Қазақстандағы президенттік институттың бастауы кеңес қоғамы мен мемлекетінің барлық саласын қамтыған КСРО-дағы аса терең дағдарыс кезеңіне сәйкес келді. Ол экономика саласында аса өткір байқалды. Кеңес экономикасы құрылымдарының диспропорциясынан айқын көрінген дәстүрлі экономикалық байланыстардың үзілуі, жоспарлы экономиканың іріп-шіруі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне, әлеуметтік шиеленістің өршуіне алып келді.

ҚР-дағы 1995 ж конститутция және Қазақстандағы президенттік биліктің ерекшеліктері

Республикалық референдум өткізу жөніндегі шешімді, Конституцияға сай, Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін.
Республикалық референдумды ұйымдастырып, өткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші бар "Республикалық референдум туралы ” Жарлығы бойынша жүзеге асады. Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі.

Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында өткізілді. Оларда Қазақстан Республикасының бүкіл халық сайлаған Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі мәселелер шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – көпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және оған қолдау көрсету.

Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын алмастыру мен өкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.

Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.

Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.

Президент ел халқына "Қазақстан-2030” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.

Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар. Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды.

Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.

Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей тәуелді.

Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған "Азаматтық кодекс” пен "Қылмысты істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Конфедеративтік мемлекеттің кең тараған үлгісі әдебиеттерде кеңінен айтылып жүрген Швейцария болып табылады. Швейцарияда конфедеративтік мемлекет 1291 жылғы үш кантонның, яғни Ури, Швица және Унтервальденнің арасындағы одақ құру жөніндегі шарттың негізінде қалыптасқан деп саналады. Кейбір авторлар Швейцариядағы конфедерацияның құрылуын 1315 жыл деп санайды, яғни Моргартенде Австриялық әскерді кантондардың жеңуімен байланыстырады[18, с102]. Немесе 1648 жылғы халықаралық мойындаудан Швейцария конфедерациясы бастау алатындығын да қолдайтын авторлар бар. XI ғасырдың аяғы мен XII ғасырдың басында Швейцария аумағындағы ең ірі феодалдық герцогтерге Церинген, Кибургтер, Савойскилер, Габсбургтердің иеліктері жатқан болатын. Габсбургтер Ури, Швица және Унтервальдердің орман кантондарын өзіне бағындыруға тырысты. XIII ғасырдың ортасындағы Габсбургтермен арадағы күрестің нәтижесінде А.Н. Чистозвоновтың айтуы бойынша мынандай келісім жасалды: "лесные кантоны заключили между собой в августе 1291 года "вечный союз", заложивший основы Швейцарского Союза (Швейцарской Конфедерации) как фактически самостоятельного государства в рамках "Священной ; Римской империи". [19, с 25] Қазіргі кезде 1 тамыз Швейцарияда конфедерацияның құрылған күні ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі.

Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституциясының орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.

Информация о работе Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері