Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 - 7
1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық
негіздері.
Саяси модернизация теориялары мен типтері . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 19
Саясм дамудың негізгі шарттары мен түрлері . . . . . . . . . . . . . 19 - 29
2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 - 37
2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 - 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 - 47

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстандағы саяси модернизация, оның ерекшеліктері, саяси дамудың негізгі шарттары мен түрлері.DOC

— 185.00 Кб (Скачать файл)

● билікті  алуына  барынша  мүмкіндіктердің  жасалуы,  олардың  сипатының  жоғары  болуы;

● адам  бостандығының  кеңеюі,  таңдау  мүмкіндігінің  артуы[4].

Саясаттану  ғылымында  модернизацияның  бірнеше  теориялары  қалыптасқан.  Соның  ішіндегі  консервативті бағыт – саяси  құрылымдардың  мазмұны  мен  түрлеріне  қарамастан,  олардың  өзгеріссіз  тұрақты  және  орнықты  саяси  құрылымдар   ретінде  қабылдауын  ұсынады.  Саяси  модельдердің  консервативті  теорияларының  жағымды  жағы:  тәртіп,  ұлттық  бірлік  және  нарыққа  өте  алатын  саяси  тәртіптің  қажеттілігін  мойындауы.

 Саяси  модернизация  теориалырында  саяси  институттың  бекемдігі  мен  тұрақтылығы  идеясын  С.Хантингтон  ұсынған  болатын.  Оның  пікірі  бойынша  «Халықтың  тым саяси  белсенділігі  жаңартуларды  баяулатуы  мүмкін.  Сол  себепті  зиялы  қауым мұндай  белсенділікке қаншалықты  дәрежеде  рұқсат   беруді  шешуі керек»  деп санайды. 

Консервативтік  бағытты  жақтаушылар  бірінші  кезекте  орталықтанған  институттың  көмегімен  саяси  тәртіпті  қамтамасыз  етуге  көңіл  бөлді. 

Либералдық  бағыттың  өкілдері – теңдікке  бейімделген  саяси  жүйені  ұсына  отырып,  ол халықтың  әрқашан  өзгеріп  тұратын   әлеуметтік  және  саяси талаптарына  жауап  беретін  жүйенің  қалыптасқандығын  айқындауға  тырысты[5]. 

Посттоталитарлық  кеңістікте  демократиялау  процесі  әлі  аяқталған  жоқ.  Ресей  ғалымы  А. Кулик  атап  өткендей  «билік  жүйесінің  өзі  әлі  де  демократияның  жалпы  қабылданған  белгілеріне  сай  келмейді.  Оның  ішіндегі  маңыздылығы  биліктің  жариялығы   және  оның  қоғам  алдындағы  жауапкершілігі.  Билікке тегеурінді   қоғамдық  бағыттың  орнатылуы».  Ғалым оны азаматтық қоғамның  әлсіздігі арқасында қалыптаса алмаған мемлекетің  орнына  келген  тәртіп  жүйесі  ретінде сипатталады.  Мұндай  тәртіптің белгілеріне атқарушы  билік өкілеттілігінің өте жоғары  болуы.  Саяси және  экономикалық  зиялалардың біріктірілуі,  зиялылардың   қолында экономикалық  және  ақпараттық  билік шоғырландырылған. 

Модернизация  теориясының   дамуы  үш   кезеңнен  тұрады:  50 – 60 ж.ж., 60 – 70  ж.ж.  және  80 – 90  ж.ж.

Модернизациялаудың  бірінші  кезеңі.  «50 – 60 – шы  жылдардағы  үлгідегі» теориялық модернизация  әмбебаптылық  сияқты  әдіснамалық жорамалына  негізделеді.  Барлық  елдің және  халықтың  дамуы әмбебап ретінде қаралды,  яғни  бір  сатысы  мен  заңдылығы  бар  бір бағытта  жүзеге  асырылуы  ретінде  қарастырылады.  Ұлттық  ерекшеліктердің  бар  екендігі  мойындалды.  Бірақ,  олар  болмашы  мәнге  ие  деп  есептеледі. 

Модернизация  дәстүрлі  қоғамнан  қазіргі  қоғамға  өту  барысындағы  даму  процесі  ретінде  ұсынылды.  50 – 60  жылдары  модернизация  теориясының  көптеген  авторлары  технологиялық  детерменизм  идеясынан  бастау  алған.  Олар  қоғамдық  дамудың  негізінде  өмірдің  деңгейін  жоғарлатуға  және  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  экономиканың  технологиядағы  прогресі  жатыр  деп  есептеді  (осы  кезеңде  осыған  ұқсас  жормалдарға  негізделген  индустриалды  қоғамның  теориясы  құрылғанын  айта  кету  қажет;  бұл  теориялар  У.Ростоудың,  Р.Аронның,  Д. Беллдің және  т.б.  еңбектерінде  дамыды).  Ғылыми  техникалық  прогрестің  көмегі  мен дәстүрлі  құндылық  пен қоғамдық  құрылымнан  қазіргі рационалды  құндылыққа  өту жолымен қоғамды «замандастыру»  жүзеге  асады[6]. 

Әлде  қайда  дамыған  АҚШ – ты  модернизация  теориясын  ұсынған  қазіргі  заманғы  ел  деп  есептейді.  Бірақ  артта  қалған  елдер  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттердің  «қазіргі  заманға  сай»  деңгейіне  жету  мүмкіндігі  болды.  Модернизация  теориясы  осы  мәселелерді  шешу  әдістері  мен  жолдарын  түсіндірді.  Ол  үшін  «артта қалған»  қоғам  қаншалықты  «идеалға»  сәйкес  келетіндігі  анықталды,  кейбір  ұлттық  ерекшеліктер  анықталып,  мәселелерді  шешу  жолдары  қарастырылды. 

Сонымен,  модернизация  теориясының  бірінші  кезеңінің  негізгі  ерекшелігі  телеологизм  мен  евроцентризм  болды.  Мұны  сол  кезеңде  туындаған  модернизацияның  кейбір  анықтамалары  куәландырады.  Соның  ішінде,  ірі  зерттеушілердің  бірі  Ш.Эйзенштандт  модернизацияны  келесідей  етіп  анықтады:  «Тарихи  жаңарту – бұл   XVII - XIX  ғасырларда  Батыс  Европада  және  Солтүстік  Америкада  дамып,  кейіннен  басқа  европалық  елдерге,  ал  XIX - XX   ғасырларда  Оңтүстік  Американдық,  Азиялық  және  Африкалық  континентке  тараған  әлеуметтік,  экономикалық  және  типтегі бағыттардың өзгеру  процесі.   В.Мур осыған  етіп  анықтма береді:  «Модернизация дәстүрлі  демодернистік қоғамның  саяси тұрақтылығымен  сипатталатын,  алдыңғы қатарлы, экономикасы гүлденген Батыс халқына тән әлеуметттік  ұйымға  барлығын  қамти  отырып,  өтті  болып  табылады[7].

 Осы  ерекшеліктердің  көмегі  мен  теория  үлкен  қолданбалы  мәнге  ие  болады:  оның  атағы,  мысалы,  АҚШ – тың  ішкі  саясатына  қызмет  көрсту  үшін  нәтижелі  қолданылды. 

Бұл ерекшеліктер  зерттеушілерді  саяси модернизацияның мазмұнына «замандастырудың» жалпы процесінің  бөлігі  ретінде қарауды қамтамасыз  етті.  Саяси модернизация  теориясының дамуының  бірінші кезеңі  төмендегідей  болды: 

─ Батыстық   үлгімен  дамушы  елдердің  демократизациялануы  (білім  беру  немесе  ұлттық  мемлекеттерді  тереңдету,  билік  органдарының  өкілдерін  құру,  сайлау  институтын  құру);

─ Құндылық  жүйесінің  (жеке  құндылықтардың  дамуы)  және билікті  заңдастыру  әдістерінің  өзгеруі. 

Саяси  модернизация  теориясының  өкілдері   дамушы  елдердегі  бұл  процестің  қолайлы  және  қолайсыз  жақтарын  бөлді.  Қолайлылардың  ішінен  «үшінші  әлем»  елдерінің  табысты  әлеуметтік – экономикалық  дамуы,  сонымен  қатар,  Батыс  Европа  және  АҚШ  белсенді  қызметтестігі  аталды.  Қолайсыздардың  ішінен  дастүрлі  қоғамның  элементтерін  сақтап  қалу,  ұлттық   әлеуметтік  қабаттың  және  өндірістің  ұлттық  секторының  болуы  белгіленді.  Осы  теорияны  жақтаушылардың  пікірінше  модернизация  барысында  қолайсыз  факторлар  біртіндеп  жойылуы  керек  еді[8]. 

60 – шы  жылдардағы  саяси  оқиғалар  модернизация  теориясының  жүзеге  аспағандығын  және әрі  қарай  өңделу  керектігін  демонстрациялады.  Бұл   оқиғалар  сын  толқынын  туғызды.  Осы  аймақта  оны  екі  бағытқа  бөлуге  болады: 

Біріншіден,  негізінен  дамушы  елдердің  өкілдері  мен  жүзеге  асатын  модернизациялаудың  радикалды  сыны,  сонымен  қатар,  60 – шы  жылдары  Батыс  Европадағы  солшыл  қозғалыстары.  Олардың  ойынша  модернизация  теориясы  елдендіруді ақтады.  Олар  Батыс экспанциясына,  жаңартуға қарсы шықты. 

Екіншіден,  «артта қалу  теориясының»  аумағында  дамитын  модернизацияның  сыны,  олардың  өкілдері   негізінен  Батыс  және  кейбір дамушы  елдердің  солшыл  радикалдары  болды.  Олар   модернизация  теориясының  даму  бейнесін  қысқартқаны  үшін  берілген  теория  қарастырылатын  қоғамның  арнайылығын,  мәдениеттің  ерекшелігін  жеткіліксіз  ескергені  және  жаңа  қатынастардың  тежелу  механизмдерін  түсіндіре алмағаны үшін сыналады. Бұл   зерттеушілер  батыстық  үлгідегі  модернизация артта  қалушылықтың,  тәуелділіктің  консервациясына,  экономикалық  құрылымның  бұзылуына,  экологиялық  ортаның  бұзылуына  және  әлеуметтік  шиеленістерге  алып  келеді  деп  есептеді[9]. 

Модернизациялаудың  екінші  кезеңі. Модернизация  теориясының дамуының  екніші  кезеңі  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық  дамудың әртүрлі факторларына  негізделген түсініктердің пайда болуымен  сипатталады.  Осы  преиодтың көптеген  жұмыстарына евроцентризмнен кету  тән болды.  Экономикалық  өсуді және  әлеуметтік  экономикалық  прогрестің  жүзеге  асыру көзқарасынан  «үшінші әлемнің»  елдерінде тиімді  демократизациялану  туралы  тезистер  сұрақ болып алынды.

Осы  кезеңнің  модернизация  теориясының  өкілдері  көңілдерін  негізінен  әлеуметтік – экономикалық  прогресс  үшін  сілтеме  сияқты  саяси  дамудың  тұрақтылығы  мәселесіне  аударды.  Оқымыстылар  мұндай  тұрақтылықты  ұстап  тұру  үшін  әртүрлі  жолдар  тауып отырды.  Модернизация  теориясына  арналған  әдибиеттерде  екі бағыт қарастырылады.  Оның  өкілдері  тұрақтылық  факторы туралы  сұраққа әр түрлі жауап берген: «консервативті» және  «либералды». 

«Консервативті»  бағыттың  өкілдері  (С.Хантингтон,  Дж. Нельсон,  Х.Линц  және  т.б.)  модернизацияның  басты  мәселесі -  тұрғындарды   жұмылдырудың  арасындағы  дау,  оның  саяси  өмірге  және  институттарға  енуі,  олардың  қызығушылықтарын  артикулдап  агрегаттауға  қажетті  құрылым  мен  механизмнің  болуы  болып  табылады.  Сонымен  қатар  бұқараны  басқаруға  дайындықсыздығы,  билік  институттарын  қолдана  білмеу  саяси  тәртіптің  тұрақсыздануына   алып  келеді.

С.Хантингтон  өзінің  «Өзгеруші  қоғамдары  саяси  тәртіп»  деген  жұмысында,  «саяси  модернизацияның  басты  мақсаты – демократизация  деңгейіне  емес,  мықтылық   пен  ұйымдастыру  деңгейіне  негізделген  өзгеруші  шарттарға  саяси  институттарды  бейімдеу  қабілеті»  деп  жазды.   Өзгеру  сатысында  тәртіпті  қадағалайтын  тек  қана  қатты  авторитарлы  режим  рынокқа  және  ұлттық  бірлікке  өтуді  қамтамасыз  етіп,  өзгерту  үшін  қажетті  ресурстарды  біріктіруге   қабілетті.  С.Хантингтон  қайта  қалыптастыруға  қолайлы  бірнеше  шарттарды  бөліп  қарастырды,  соынмен  қатар,  өтпелі  дәуірдің  авторитарлы  билеушілері  үшін  (кеңестер)  қалыптастырды.  Шарттар  ме  «кеңестер»  саяси  күштердің  орналасуы  мен  конъюктурасын  ескеретін  жетік  саясатқа  алып  келеді.

«Либералды»  бағытты  жақтаушылар (Р.Даль,  Г.Алмонд,  Л.Пай  т.б.)  модеризацияны  тұрғындардың  әлеуметтік  жұмылдыруы  мен  интеграциясын  саяси бірлікке  идентификациялау  жолымен  ашық  әлеуметтік  және  саяси  жүйені  қалыптастыру  деп  түсінді.  Олар  тұрғындардың  саяси  билікке  қызығу  дәрежесі  саяси  модернизацияның  ең  басты  сыны  деп  есептеді.  Модернизацияның  сипаты  мен  динамикасы бос  элиталардың  ашық  бәсекелестігене  және  қатардағы  азаматтардың  саяси  процеске  қызығу  дәрежесіне  тәуелді.  Олардың  пікірінше  т ұрақтылық  пен  тәртіпті  және  бұқараның шоғырлануы  модерниацияның  табысты шарты болып табылады.  осы бағыттың   өкілдері  осы оқиғалардың дамуының  келесі  нұсқаларын  бөліп қарастырды:

─ қатардағы  азаматтардың  қатысуынан  элиталардың  бәсекелестік  приоритетінде  қоғамды  демократизациялау  және  реформаларды  жүзеге  асыру үшін  оптималды  алғышарттар  орнайды;

─ негізгі  бұқаралық  тұрғындардың  төменгі  белсенділігі  кезінде  элиталардың  бәсекелестік  рөлінің  тереңдеу  шартында  авторитарлы  режимдердің  орнауының  және қайта  құрудың тежелуінің  алғышарттары  қалыптасады;

─ элиталардың  жарысында  тұрғындардың  саяси  қатысуының  басым  болуы  қайта  түзілуді  бәсеңдетуге  итермелейтін  ахлократиялық  тенденциялардың  өсуін  қаматамсыз  етеді;  

─ элиталардың  жарысын  және  тұрғындардың  саяси  қатысуын  бір мезгілде  азайту  (минимизация)  түсініксіздікке  алып  келеді,  социум  мен  саяси  жүйенің  дезинтеграциясы  диктатураның  орнауына  қабілеттендіріледі[10]. 

Модернизациялаудың  үшінші  кезеңі. Модернизация  теориясының  бірінші кезеңідегідей  бұл  екі  амал  модернизацияға - өздегінше  даму  процесінің  емес,  инициаторлары  мен  жүргізушілері  бірінші  кезекте  саяси  элиталар   болатын,  сәйкес  саяси  модернизацияны  жүргізетін  процеске  деген  көзқарасты  біріктірді. 

Модерниазция  теориясының  екніші  кезеңінің  өзінде – ақ  қоғамдық  дамудағы  замандлық  пен  дәстүрліктің  қарама – қайшылықтарын   қабылдамайтын  бұл  құбылыстардың  күрделі  түсініктері  үшін  алғышарттар  орнаған. Модернизация  теориясының көптеген  авторлары модернизация – керісінше дәстүрлікті жою емес,  модернизация  процесін  сипаттайтын дәстүрлерді қолдану мен дамуды  болжамайды  деп ойлайды.

Модернизация  теориясының  үшінші  кезеңіндегі  кейінгі  эволоюциясы  мен  дәстүрі  мен  замандылықтың  қатаң  қарама- қайшылықтарының  мүмкінсіздігі  туралы  идеялардың  тарауын  көрсетті.  Көптеген  авторлар  технологиялық  прогресс  «батыс»  институттарының  және  нормалрының  енуі  сияқты  факторларды  мойындай  отырып,  бұл  факторлар  қосымша  екендігін  және  олар  әлеуметтік  қатынастың  және  әлеуметтік  мәдени  құндылықтың  қоғамға  тәуелділігін  көрсетеді[11]. 

80 – ші  жылдардың   екінші  жартысында  «модернитиді  тексерудегі  модернизация» концепциясының  дамуы  орын  алады,  яғни  бөтен  (батыс)  үлгілерді  (А.Абдель – Малек, С.Хантингтон,  Ш.Эйзенштандт  және т.б.)  араластырмай  әлеуметтік – мәдени  дәстүрлерді  сақтауға  негізделген   саяси  дамудың  негізгі  концепциясы.  «Модернити»  Батыс  Европалық  рационализмнің  жолын  ұстаумен,   жеке  бастың  еркіндігімен,  әлеуметтік  теңдіктің  идеяларымен  либералды  демократия мен  әлеуметтік  мемлекетпен,   құқықтық  мемлекетпен,  азаматтық  қоғаммен  байланыста  болады.

Бұл  концепцияда  қоғамдық  әмбебаптық  пен  саяси  даму  мойындалады.  Әмбебаптық  принципі  практикуляризммен  бірігеді,  ал  олардың  шектелген  синтезі  модернизация  процесінің  табысының  кепілі  ретінде  қарастырылады.  Модернизация  саяси  элиталардың  қызметіне  ғана  емес, сонымен қатар,  қоғамның  объективті  жағдайы мен қатардағы мүшелердің  мінез – құлығына  да  тәуелді өздігінен дамитын процесс ретінде қарастырылады.

Информация о работе Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері