Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 - 7
1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық
негіздері.
Саяси модернизация теориялары мен типтері . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 19
Саясм дамудың негізгі шарттары мен түрлері . . . . . . . . . . . . . 19 - 29
2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 - 37
2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 - 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 - 47

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстандағы саяси модернизация, оның ерекшеліктері, саяси дамудың негізгі шарттары мен түрлері.DOC

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Бұл  концепцияда  «контрмодернизация»  және  «антимодернизация» терминдерінің  дамуы  орын  алады  (А.Турен).  контрмодернизация  Батыстық  емес  үлгі  бойынша  модернизацияның  альтернативті  нұсқасын  білдіреді,  ал  антимодернизация  осы  процеске  белсенді  қарсы  әрекетті  білдіреді.  А.Туринның  пікірінше,  бұл  екі  нұсқа  XX  ғасырда  әмбебаптылық  принципіне  сенімділігін  жұмсауға   негізделген  қоғамдық  саяси  дамудың  басты  теденциясын  құрайды[12]. 

Қолданылатын  модернизация  механизмдеріне  байланысты  саясаттану  әдебиеттерінде  бұл  процестің  үш  типін  бөліп  көрсетуге  болады:

● «органикалық»  немесе  «біріншілік»,  Ұлыбритания,  АҚШ,  Канада,  кейбір  Европалық  елдерде  (модернизация  ядросы)  сияқты  елдерге тән.  Оның  бастауы  өндірістік  төңкерістің  бірінші  дәуірін,  дәстүрлі  мұралардың  бұзылуын  және  тең  азаматтық  құқықтарды  жариялауды,  демократизацияны  және т.б.  қамтиды.  Бұл  елдерде  модернизация  көбінесе  жеке  мәдени  дәстүрлер  мен  үлгілердің  негізінде  эволюциялық  жолмен  жүзеге  асатын  еді. 

● «бейорганикалық»  немес  «екіншілік» «бейнелі»,  «іле  шала  жаңарту»  (Ресей,  Бразиялия,  Түркия және  т.б.)  оның  факторы - өзінің  дамуында «артта қалған»  елдердің  модернизация  ядросымен  әлеуметтік – мәдени  байланыстары болып  табылады,  ал   негізгі  механизмі – еліктеу  прцестері  болып  табылады.  «Екіншілік»,  «қауіп  жететін»  модернизация – қоғамның  бір  элементтері  ілгері  «қашып кетіп»,  алдыңғы  қатарлы  елдердің  дамуына  сәйкес  келеді.  Ал  екіншісі  әлі  «ашылмаған»  өзінің  дамуында  артта  қалады  немесе тіпті  болмайды  деп  болжамдайды[13].  Бразиялиялық  тарихшы  Н.Вернек  Содренің  пікірінше  «екіншілік»  модернизация  кезінде  қоғамның  дамуы  «шаршы  дөңгелектің  қозғалысын»   еске  түсіреді  дейді.  Әр  елде  тек   қана  «сілкіністің»  жүйелілігі,  «соқпақтардың»  тереңдігі  қозғалыс  жылдамдығына  дейін түрленеді.  «Шаршы    дөңгелектің қозғалысы» - эволюциялық және  төңкерістік бастаулар   кезектескен кезде «қауіп  жететін»  модернизацияның циклдік процесінің  басты үлгісі.

 Бұл  типологияның  кейбір  типтерді  бөлуге  негізделгендігін  айта  кету  керек.  Шынында да,  «классикалық»  модернизация  ядросының  аумағында  даму,  еліктеу  механизмдерін  қолдана  отырып,  жүзеге  асады.  «модернизацияны  қуып  жетуші»  елдерде  айтып  өткендей,  еліктеу  әртүрлі  сипатта  болуы  мүмкін  және  саяси дамуда  басты  рөл  атқармауы мүмкін.  Модернизацияны  үш  типке  бөлу  жетілген  типология  болып  табылады:

● Эндогенді,  яғни  жеке  өзінің  негізінде  жүзеге  асады (Европа,  Ақш  және т.с.с.);

● Эндогенді – экзогенді,  жеке  өзінің  негізінде  жүзеге  асатын,  өзрар  қатынас  негізіне тең (Ресей,  Түркия, Греция т.б.);

● экзогенді  модернизация (еліктеушілік,  еліктеу  симуляциялық  және  симуляциялық  нұсқаулар),  жеке  өзінің  негіздері  болмаған  кездегі  қарым – қатынас  ретінде  жүзеге  асады[14].

Қоғамдағы  «қуып  жетуші»  жаңартудың  бірінші  типіндегі  елдермен салыстырғанда  саяси  фактор  маңызды  рөл  атқарады. 

Модернизациялаудың  екі  типі  бар.  Біріншісі,  өзіндік  ішкі  себептерден пайда  болып,  соған  бейімделу.  Оған  Англия,  АҚШ  т.б.   елдер  жатады. Оларда  ұзақ  жылдар  баяу  барысында  қоғамның  дамыған  құрылысына  өтуді  бастан  кешірген,  яғни  дамудың  жоғары  деңгейіне  табиғи  жеткен  болып  есептелінеді.  Осы  жолды  кейін  өткен  елдер  даму  деңгейі  өмір  сапасы  жағынан  жоғарыдағылардың  жолын  қуушы  «қуалай  дамушы»  елдер  болып  табылды.  Қуалай  дамуды  жүзеге  асырудың  басты  әдісі – Батыстық  елдер  көмектесуі.  Ол  ақша.  Ол  әлеуметтік  технологияларды,  қазналарды,  демократиялық  институттарды  таратуға  көмектеседі.  Сол  арқылы  тұтыну  деңгейін  көтеруге,  адам  құқықтарын  бұрмалауды  тоқтатуға,  мәдени құрылымдарын  жеңуге  болады  деп  есептейді. 

Екіншісі,  модернизацияның  сызықтық теориясы,  мұнда  дәстүрлі  қоғам  дәстүрлі  даму  жолындағы елдер бірте – бірте капиталистік  дму жолына  түсетіндігі айтылады.  Модернизацияның сызықтық  формасы Африка,  Азия,  Латын Америкасы елдерінде батыстық  үлгіге  көшуді  ойлаған нәтижеге  жеткізген жоқ[15].  Демократиялндыру  либералдық  құндылықтарды  институттандыру,  парламент  жүйесін  орнату және  т.б.  батстық  үлгідегі  мемлекеттік  басқару  тиімділкке  әкелмеді.  Керісінше,  олар  шенеуніктердің  сатылғыштығы  мен  жемқорлығына,  бюрократияның  қызмет  бабын пайдаланып,  баю жолын көздеген  зорлық – зомбылық  жемқорлығына  әкелді.        

 

    1. Саяси  дамудың  негізгі  шарттары  мен  түрлері.

 

Қазіргі     саясаттану  ғылымында  «саяси даму»  ұғымының  жалпы танылған  анықтамасы  жоқ.  Көбінесе  саяси  әдебиеттерде  саяси  даму  мына мәндерге  ие  болады:

● экономикалық дамудың   алғышарттары;

● өндірістік  қоғамға тән  саясат;

● саяси  модернизациялау;

● ұлттық  мемлекетті  басқару;

● әкімшілік  және  құқықтық  даму;

● жаппай  жұмылдыру  және  қатысу;

● демократиялық  қоғамды  құру;

● өзгерістер сабақтастығы  мен  тұрақтылығы;

● әлеуметтік  өзгерістердің  көп жақты  процесінің  бір  аспектісі.

Саяси  ілімдер  тарихында  саяси  дамудың  әртүрлі  концепциялары  қалыптасқан.  Мәселен,  саяси  дамудың  либералдық өкілдері – саяси дамудың өлшемі  ретінде адам  құқығының жоғарлылығын,  мемлекеттің азаматтық қоғам бақылауында болуын,  плюрализм мен рухани  бостандықты алады.  Ал,  консерваторлар  саяси дамудың негізгі құндылықтары  ретінде саяси іс - әрекеттегі  моральдық  басымдылықты,  басқарудың  алдыңғы  формасымен  сабақтастықты,  билікті  ұйымдастыруда базалық  қалыптар  мен  қағидаларын  сақтауды  есептейді.  Марксизм  саяси жүйе  дамуының  өлшемін  жеке  меншіктің  қоғамдық  меншікке  ауысуымен жұмысшы табының гегемондығымен   және  коммунистік партияның жетекшілік  рөлін атқарумен байланыстырады.  Демек,  алдыңғы екі бағыт демократияның тоталитаризмге,  ал  марксизм  болса социолизмнің  капитализмге  үстемдігін  қолдайды[16]. 

Бірақ  саяси  процестер  аяқталмаған  транзисті  қоғамды  бұл  өлшемдерді  пайдалану  қиындық  тудырып  ғана  қоймайды,  кейде  даму  идеясының  өзіне  қарама – қайшылық  тудырады.  Мәселен,  билікті  демократиялық  негізде  институттау,  плюрализмді  кеңейту   басқарудың  деспоттық формасының  қалыптасуына  немесе  қоғамды басқаруда жағымсыз  салалапдың  тууына  алып  келуі мүмкін. 

Саясаттанушы  ғалымдар  саяси даму  саяси  құрылымдар,   қалыптар,  институттардың  жаңа  әлемдік,   экономикалық  және т.б.  мәселелерді тез  арада  қабылдау  қабілеті  мен  сезіну  икемділігіне,  әрі  қоғамдық  пікірді  қабылдау  мүмкіндігіне  тәуелді  деген  қорытынды  жасады.  Демек,  кері байланыстың  тұрақты  механизмі  қалыптасуы  тиіс,  бұл  дегеніміз  басқарудың  тиімді  буындары  тұрғындар  пікірлерін  есепке   алуға  қабілетті.  Шешімді  тиімді  таратушы,  саяси  жүйе  шиеленісті  реттеудің  икемді  механизміне   айналған  және  билікті  қолданудың  тиімді  жолдарын таңдаған  деген  сөз.  Мұнда  бұл  мемлекет  қандай  нақты  ұлттық  мемлекеттік  форманың  өзгерісін  иеленетіндігі  ешқандай  мәнгет ие   болмайды,  қандай  партия,  қандай  идеология  саясатты  анықтайтындығы  ешбір  рөл  атқармайды.  Ең  негізгісі,  саяси  институттардың  жаңа  проблемаларды   шеше  білу  қабілетіне,  оның  қоғаммен  ашық  сипаттағы  қатынасы  билік  жүйесінің  жағымды  динамикасын  өмір  сүрудің  жаңа   сапасына  өткендігін  бейнелейді.  Бұл  пікірді  Д.Истон,  Г.Алмонд  және  Г.Пауэлдің  саяси  жүедегі  ең  бастысы  оның  құрылымында  емес,  іс - әрекетінде  деген  тұжырымдары   да  растайды.

Сонымен, саяси  даму  дегеніміз  саяси  жүйенің  өзгеруші  әлеуметтік  жағдайға  икемді  бейімделу  қабілетінің  дамуы  және  талап – қолдау,   саяси  шешім - әрекет    арасында  кері  байланыстың  тиімді  механизмінің  қалыптасуы.

Саяси  дамудың   мақсаты – қандай  да  бір  тиянақты  саяси  қатынас  пен  қалыпты  қалыптасытру немесе  өзгерту  емес,  саяси институттармен  ашық  түрдегі  саяси  жүйе  арқылы  бірте – бірте  күрделеніп  келе  жатқан  әлеуметтік  және   экономикалық  мәселелерді  шешу.  Саяси  даму  процесі  саяси  жүйенің  ішінде  оның  мақсатының  мынадай  факторлармен -  әлеуметтік – экономикалық  даму,  тұрақтылық,  теңдік,  қатысу   т.б.  өзара  байланысы  болуын  талап етеді.  Табысты  бөлудегі  теңсіздік  пен  саяси  қатысуды  күштеп  шектеуге  талпыған  даму  жағдайында  әлеуметтік  қиналыс,    саяси  тұрақсыздық  күшейеді,  сөйтіп,  саяси  даму  процесі  бұзылады. 

Саяси дамудың  эволюциялық  жолы  үшін  қажетті  жағдайлар  мыналар:   

● Тұрғындардың  шешім  қабылдау  мүмкіндігін  кеңейту,  қоғамдық  сұраныс  пен  мүддені  есепке  алу; 

● Билік  үшін  күресте  әділ  және  еркін  бәсекелестікті  орнату;  

● Шиеленісті  шешудің  тиімді  механизмін  қалыптастыру;

● Саяси жетекшілердің  біліктілігі,  хабардарлығы, қарсыласымен  келісімге  келе  білу қабілеті,  күштеуге  жол  бермеу. 

Саяси  жүйедегі  даму  процесі: 

 ─ Талаптар  мен  қолдауды  артикуляциялау,  оны  әртүрлі  күштеу  топтары  мен  саяси партиялар  атқарады.  Егер  олардың  қызметі  шектелетін  болса,  онда  саяси  жүйенің  бейімделу  мүмкіндігі  әлсірейді.  Талаптарды  електеу,  белгілі  бір  каналдарға  бөлу,  ол мәдени  әрі  құрылымдық  болып  екіге  бөлінеді.  Құрылымдық  немесе  саяси  түрі,  оған  партия,  жоғары  қабат  парламентаризм  жатады.  Сондықтан  мұнда   саяси  әлеуметтендіру  рөлі  басым.  Талаптарды  қысқарту,  топтастыру,  баламалық  талдауды  қалыптастыру.  Бұл  қызметті  саяси  партиялар  тиімді  атқарады.  Қазақстан  Республикасында  саяси партиялардың  әлсіздігі  саяси  жүйенің  ішкі  және  сыртқы  өзгерістерге  тез  арада  бейімделуінің  стратегиялық  потенциалын  төмендетуде. 

─ Кері   байланыс  қоғамдағы  шиеленістерді  шешудің  бірден – бір  көзі,  ол  биліктің  саяси  жүйеге  түскен  талап – тілектерді  реттеу  қабілетіне  байланысты.  Кері  байланыс  саяси  жүенің  өзінің  мақсатына  қаншалықты  жеткіндігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  Республикасында  саяси  жүйе  кері  байланыс  әлсіздігінен  қиналысқа  ұшырауда.  Бұл  саяси  жүйенің   ақпараттар  каналдарының  қызметі  әлсіздігіне  байланысты. 

К.Дойч  саяси  жүйе  өз мақсатына  жету  үшін  мына  төрт  факторға  тәуелді  деп  есептейді. 

─ Жүйенің  ақпарттармен  жүктелуі;

─  Саяси  жүйе  реакциясының  жылдамдығы;

─ Саяси жүйенің  жаңа  фактілерге  тез,  әрі  сапалы жауап  қайтару;

─ Мақсатты  нақты  белгілеу.

Демек,  саяси  жүйе  қызметінің  тиімділігі  қамтамасыз  ететін  факторларға  айналымдағы  ақпараттардың  жеткіліктігі мен  сапасы,  жүйенің  сыртқы  ықпалдарға  жауап  қайтару жолдары мен  формалары,  сонымен  қатар,  коллективтік  әрекет  арқылы  білдіру,  оның  нәтижесінің  бастапқы  мақсатқа  сәйкес  келуін  жатқызуға  болады[17].

Қазіргі  заманғы  саяси  жүеге  өту  саяси  өмірдің  жүйелік  сапасы  өзгеруінің  және  декмократия қалыптасуының  сөзсіз  мүмкін  процесі  ғана  болып  табылмайды.  Жаңа  саяси  тәртіптің  қалыптасуы  қарама – қайшылықтар  тап  болады.  Әлеуметтік  басқа  қағидалар  мен  механизмдеріне  негізделген. Біріншіден,  қоғамдық  қатынастарды  рационализациялау,  тиімділіктің  әмбебап  қағидаларына  өту,  демократиялық  институттар  қалыптастыратын  индивидуалистік  ұжымдық  құндылықтар,  әлемнің  иррационалдық  бейнесі,  дәстүр  мен  әдет – ғұрып  қарсылығына  тап  болды.  Дәстүрлі  қоғамда  индивид  өзін  етенелесуін  дәстүр,  бедел,  ұлттық  бірлік  күшіне  деген  сенім  арқылы  сезінеді.  Басқа  құндылықтарды  жоққа  шығарады  және  оларға  өшпенділікпен  қарайды.  Екіншіден,  нарықтық  қатынас  қоғмды  қызмет  түріне,  өмір  сүру  деңгейіне,  әлеуметтік  статусына,  кетуі  мен  талпынысына  қарай  жіктерге  бөледі. Сұраныстың  динамикалық  дамуы  және  сонымен байланысты  еңбек  бөлінісінің  жаңа  түрлерінің  пайда  болуы  азаматтарды  қоғамның  саяси  бірлігіне,  теңдік  пен  ұжымдық  құндылықтарына  бағдар  ұсынушы  бұрынғы  саяси  институттарға  қызығушылығын  арттырады.  Бұл  қарама – қайшылықтар  дәстүрлі  қоғам  мен  қазіргі  қоғамға  өту  саяси  даму  дағдарысы  арқылы  өтетінін  түсіндіреді. 

Тоталитризмнен  демократияға  өту  легитимділік  дағдарысын  тудырады,  оны ТМД елдеріндегі саяси реформалау  тәжірбиесі  көрсетіп  отыр.  Негізінде тек билеуші таптың  ғана  емес,  сонымен бірге қоғамдағы көпшіліктің құндылықтарына  сәйкес  келетін саяси тәртіп  легитимді деп саналады.  Бұрынғы тәртіп  өз  легитимділігін  күштеу  құралдары мен тұрғындарды   тұтас идеологиялық  өңдеу арқылы қамтамасыз етеді.  Кеңестік  және  легитимділікті  мемлекеттік тәуелді қызметкерлер  деңгейінде, яғни  мемлекет  қаржысы арқылы  күн көрушілер арқылы  жасады.   Бірақ жабық түрде,  билеуші коммунистік партияны  азғана  билеушілерінен  қалыптасты,  содан соң  мемлекеттік  тәуелді  қызметкерлер  арқылы  билік  шешімін  қабылдаумен  қамтамасыз  етеді.  Демократиялық  саяси  тәртіптің  құрылуы  легитимділікті  ерікті  сайлау  арқылы    қамтамасыз  ету  арқылы  ұсынды. 

Информация о работе Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері