Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 - 7
1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық
негіздері.
Саяси модернизация теориялары мен типтері . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 19
Саясм дамудың негізгі шарттары мен түрлері . . . . . . . . . . . . . 19 - 29
2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 - 37
2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 - 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 - 47

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстандағы саяси модернизация, оның ерекшеліктері, саяси дамудың негізгі шарттары мен түрлері.DOC

— 185.00 Кб (Скачать файл)

   Мемлекеттік комиссияның алты ашық отырыс болып, оның үшеуі – мемлекеттік басшысының төрағалығымен өтті. Одан басқа мемлекеттік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобының отырыстары, конференциялары «дөңгелек үстелдер», қоғамдық тыңдаулар барлығы отыз бес іс – шара жасалды. Олардың барысында саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми топтардың Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі реформалау туралы ұсыныстары кеңінен талқыланып жиналды.

    Елбасы Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комисияның VI – шы қорытынды мәжілісінде: « Бүгінгі күні мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен міндетердің бірі Қазақстанның әлемінің бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз. Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, 2007 жылдың болжамды көрсеткіштері белгіленген құжат қабылданды. Сол болжам бойынша жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім үстіміздегі жылы жеті мың долларға жетпекші. Демек бұл дегеніңіз – Қазақстанның орта деңгейлі елдермен иық теңестіруіне мүмкіндік береді деген сөз. Халақтың әл – ауқатаның өсуі – олардың санасының сергек болып қоғамдық өмірдің бар саласына, оның ішінде саясатқада белсене араласуына өз - өзіне құлшыныс туғызады. Осы айтып отырған бәсекелестікке қабілеттілік мәселесі экономикада ғана қарыштап даму емес, сонымен қатар еліміздің саяси тұрғыда да кемелденуінен айқындады. Сол себепті еліміздің ұзақ мерзімді әрі тұрақты даму мүдделерін есепке алумен қатар, саяси жүйемізді ұдайы жетілдіріп, оны модернизациялап отыру да бәсекелестікке қабілеттіліктің кепілі екенін естен шығармау керек», - дей келіп мемлекет басшысы елімізде саяси реформалардың кезең – кезеңімен, біртіндеп эволюциялық түрде өмірге енгізіліп жатқандығына тоқталды[35].

  • Саяси реформалар бағдарламасы – бұл уақыт сыны, Қазақстан дамуының заңды белесі. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі сосын «демократиямыздың сапасы» арасында тікелей байланыс бар.

Сонымен қатар халықаралық  тәжірибені електен өткізе отырып, өзіміздің сарапшыларымыздың ой – пікірлерін саяси реформаның қажеттілігін анықтаудағы жан – жақты жасалған зерттеу мұмыстарын атап айтқан жөн.

Саяси реформа жасауда  біз бөтеннің тәжірибесін көшіруге ұмтылғанымыз жоқ. Өтпелі кезеңде ұлттық ерекшелігімізді ескеріп, әрдайым бүгінгі нақты жағдайымызды есепке ала отырдық. Сондықтан да біз қазір саяси жүйемізді модернизациялаудың Қазақстандық жолын қалыптастырып жатырмыз деп айтуға құқығымыз бар. Осыдан барып демократиялық реформаларды әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының маңыздылығы шығады[36].

     Бұдан әрі қарай Мемлекет басшысы комиссияның саяси қорытындысы мен ұсыныстарына қорытынды шолу жасап, алдағы атқарылатын демократиялық үрдістерге назар аударады. Мемлекеттік комиссияның қызметінің саяси қорытындысымен енгізілген ұсыныстарғав тоқталмсақ, олардың бәрі мемлекеттік комсиссия мүшелері дайындаған « Қазақстан Республикасының 2007 – 2008 жылдарға арналған саяси реформалаудың басты  бағыттары» құжатында біріктіріліп отыр[37].

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазірдің өзінде елдің саяси жүйесінде нақты әрі сапалы өзгерістер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілді. Қазықстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленіп, Президент Жарлығымен бекітілді. Үкіметтің Қазақстан Республикасында демократиялық реформаларды тереңдету жөніндегі 2006 жылға арналған іс – қимыл жоспары жүзеге асырылды. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі ел Парламентінің қарауына ұсынған «Қазақстан Республикасындағы өзін - өзі басқару туралы» ҚР – ғы заңының жобасын жетілдіруіне қатысты.    

   Мемлекет басшысы ел Конституциясына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар мен айналысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, заңгер – ғалымдар Конституциялық құқық саласы мамандары кірген болатын[38].

 

   Сөйтіп, Қазақстанда демократиялық және саяси жаңарудың жаңа кезеңі басталды. Саяси жаңартудың жаңа кезеңі мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасының жаңа идеологиясының белгісі астында өтетініне сенімдімін. Бұл мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың белсенді өзара ықпалдастығына арқа сүйейтінін теңдестірілген саяси жүйе түзуді білдіреді.

  Бүгінде осы заманғы, саны жағынан жинақты, жақсы жарақтандырылған және ұрысқа қабілетті құқықтағы әскерлер әуе қорғанысы күштері және әскери - теңіз  күштері құрылды. Олар елдің қарулы күштерінің бірнтұтас жүйесін құрайды[39].

  Сондай – ақ Ішкі әскерлер, осы заманғы шекара қызметі құрылып құқық тәртібі күштің нығайтылды. Біз әскерлердің кәсіпқойлығын арттыру саясатын жалғастырамыз. Сондай – ақ, келісім шарт негізінде әскерлерді жасақтау, армияны осы заманғы қару – жарақпен жарақтандыру одан әрі дамытылады. Осымен бір мезгілде тағдырларын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар қалыптастырылатын болады. Біз ешқашан ішкі қауіасіздікті қамтамасыз етумен шектеліп қалмадық, тұрақтылыұ үшін мүмкін болғанша әлде қайда кең ауқымды негіз қалауға ұмтылдық. Елдің сыртқы саяси қызметі, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік құрылымдарына, ең алдымен ҰҚШҰ – ға, ШЫҰ – на қатысуы нақ осыған бағытталған.

  Маңызды нәтижелердің бірі мынадай, біз өз айналамызда достас мемлекетердің белдеуін құра алдық. Содан да осы жылдары Қазақстан бірде – бір рет әлемнің бірде – бір мемлекетімен жанжалды жағдайында болғакн жоқ.

  Қазақстанның бүгінгі жоғары халақаралық беделі – бұл ішкі жетістіктеріміздің дәйекті бейбіт сүйгіш саясатымыздың, сондай – ақ ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, әлемдік діндер лидерлерінің съездерін өткізу, Тәжікстандағы, Ауғаныстандағы, Ирактағы антитеррорлық күреске және бейбітшілік миссияларға секілді ірі халықаралық бастамалардың тікелей нәтижесі[40].

   Нәтижесінде тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғам инститтуттарын – саяси партияларды, Үкіметтік емес ұйымдарды, тәуелсіз БАҚ – ды дамыту үшін барлық құқықтық және саяси жағдайлар жасалды. Олармен үн қатысу алаңдарының тұтас желісі қалыптастырылды.

          Жаһандастыру дәуірінде БҰҰ – ң қызметін жетілдіру тұрғысында оның құрылымында ахуалды ғаламдық талдау негізінде туыа кележ атқан қақтығыстар туралы алдын – ала ескеріп, бастапқы кезеңдерде ахуалға араласу үшін және алдын – алып дипломатиясын тиімді пайдалаеа отырып, қақтығыстарды шешудің әскери әдістеріне жол бермеу үшін ұсыныстар талдап, жасп алатын институттарды дамыту дұрыс болар еді[41]. Олар тұрақсыздықтың көзі болып табылатын әлеуметтік және экономикалық проблемалардың шешудің таптырмас құралына айналар еді.

         

    

  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Қорытынды

 

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні демекші, Қазақстан қоғамын демократияландыру қазіргі таңда  көптеген іс – шаралар атқарылуда. Қазақстанда демократиялық және саяси жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Саяси реформалар бағдарламасы бұл уақыт сыны. Қазақстан дамуының заңдв белесі. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі, сосын « демократиялық сапасы» арасында  тікелей байланыс бар. Демократиялау саясатына өту бастамасы ол қоғамдық қатынастырды модернизациялау мен өмір сүруші қоғамдық құрылысының сипатына өзгеруден басталады. Демократиялық саяси модернизация қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа инститтутарының жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Инсттитуттық өзгерістер нарықтық экономиканың қалыптасу мен әлеуметтік  стратификацияны бекіту мен тығыз байланыста. Сондықтанда модернизациялық  теориялар мен процестерді зерттеу өте маңызды.

Қазақстан дамыған елу  елдің қатарына кіру туралы ниетін жария етті. Сондықтан біз өзімізді әлемдік контексте қарастыруға тиіспіз. Әлемде орын алып жатқан оқиғаларды ойға тиюге тиіспіз. Қазіргі кезеңде әлемде демократия алапат дағдарысты басынан өткеруде!

Бүгінде ХХI ғасырдың –  буырқанған өзгерістер ғасырының, біз бәріміз бүкіл адамзатқа игілік әкелетін жаһандастыру ғасырының табалдырығында тұрған кездер үшін өзекті болып табылады деп ойлаймын. Дүниеде ғаламдық өзара тәуелділік сипат алды, онда ғаламдық әріптестік үстемдік етуші принципке айналуы тиіс.

Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетілді.

Біз мұның іргетасын  тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.

Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде  ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз.

Көп елдің күткені  де осы еді. Достың да дұшпанның да. Саяси модернизация. Расында да қазақ  еліндегі экономикалық либеризациядан кейінгі саяси реформаларды бастау мезгілінің есік қағып тұрғаны саясатшы жұртқа мәлім.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Нысанбаев Ә. Политология.- Алматы, - 1999 .- 367 б
  2. Расилов Б.Ж. Саяси жүйе теориясы және Қазақстан мемлекеттігінің жаңару проблемасы.// Хабаршы.2002.- №1.15 б
  3. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.- Алматы.-1997.- 281 б
  4. Осында. – 283 б
  5. Тәжітаева Р.С. Саясаттану.- Шымкент.-2003. – 125 – 129 б
  6. Бижанов А. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода.- Алматы.- 1997.- 65 -67 б
  7. Байдельдинов Л. Теориялық саясаттану.- Алматы.- 2005.- 58 -59 б
  8. Қасымбеков М. Институт президенство как инструмент политической модернизации.- Астана.-2002.-55 – 58 б
  9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030.- Алматы.- 1997.- 4- 9 б
  10. Тасмағанбетов И.Социальная политика политическая трансформация.- Алматы.- 1997. – 66 -69 б
  11. Осында. – 55 б
  12. Қожанов А. Проблема «адаптированной» модернизации и реформированные экономического развития.- Алматы.- 1997.-28 – 31 б
  13. Матузов Н.И., Малько А.В. Политология.- Москва.- 1999. – 127 б
  14. Нысанбаев Ә. Политология.- Алматы, - 1999 .- 267 б
  15. Қасымбеков М. Институт президенство как инструмент политической модернизации.- Астана.-2002.- 45 – 46 б
  16. Жуков В., Краснову Б. Общая и прикладная политология.- Москва.- 2001.- 221 – 222 б
  17. Ильин М.В. Идеальная модель политической модернизации и переделы ее пременимости.- Москва.- 2000.- 98 – 100б
  18. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030.- Алматы.- 1997.- 15 - 17  б
  19. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии.- Алматы. -1996.- 25- 28 б
  20. Осында. – 41 -43 б
  21. Машанов М. Избирательная система Республики Казахстан.// Саясат.-1995. №4.-13- 14 б
  22. Казахстанская политическая энциклопедия.- Алматы. – 1998. – 55 б
  23. Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии.- Алматы. -1996.- 25- 28 б
  24. Қожанов А. Проблема «адаптированной» модернизации и реформированные экономического развития.- Алматы.- 1997.-33 – 34 б
  25. Бижанов А. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода.- Алматы.- 1997.- 45 -46 б
  26. Дьяченко С., Кармазин Л.И.Республика Казахстан: особенности политической модернизации.- алматы. -1999.- 55- 56 б
  27. Қуантайұлы Н. Саяси модернизация// Алматы ақшамы.- 2006.- №5.- 5б
  28. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.-Алматы.- 2003.- 32 -34 б
  29. Осында.- 125- 128 б
  30. Конститиуция РК. – Алматы.- 1995.
  31. Пугачев М. Основы политологии.- Москва.- 1995.- 72 -74 б
  32. Модернизация: мировой опыт и совпеменный Казахстан.- Алматы. – 1995.- 26 – 28 б
  33. Казахстан на пути к устойчивому развитию.- Алматы.- 1996.-59 б
  34. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері.- Алматы.- 2003.- 125 б
  35. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы.- 1996.- 64 -66 б
  36. Бижанов А. Республика Казахстан: демократическая модернизация общества переходного периода.- Алматы.- 1997.- 23 -24 б
  37. ҚР- ы Президентінің 2007 жылғы Жолдауы.// Егемен Қазақстан.-2007.- 1 наурыз, 1 – 5б
  38. Осында.- 6 – 9 б
  39. Сапарбаева А. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамту.// Оңтүстік Қазақстан. -2007.- 19 мамыр. – 1 б
  40. ҚР- ы Президентінің 2007 жылғы Жолдауы.// Егемен Қазақстан.-2007.- 1 наурыз, 6 б
  41. Модернизация: мировой опыт и совпеменный Казахстан.- Алматы. – 1995.- 22 б

Информация о работе Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері