Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2012 в 13:26, курсовая работа

Краткое описание

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.

Содержание работы

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 - 7
1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық
негіздері.
Саяси модернизация теориялары мен типтері . . . . . . . . . . . . . . . 8 - 19
Саясм дамудың негізгі шарттары мен түрлері . . . . . . . . . . . . . 19 - 29
2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның
ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың
әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 - 37
2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 - 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 - 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 - 47

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстандағы саяси модернизация, оның ерекшеліктері, саяси дамудың негізгі шарттары мен түрлері.DOC

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан  бүгінгі  таңда  әлеуметтік – экономикалық  жаңару  мен  саяси  демократияландырудың  жаңа  кезеңіне  қадам басты. 

Осы  тұрғыда  әлемдік  рейтинг  кестесінің  жоғарғы  бөлігіне  іліккен  елдер  тобының  ішінен  орын  алуымызға  мүмкіндік  беретін  басты  негіздер мыналар  деп  айтуға  болады:

Біріншіден,  өркенді  де  өршіл  дамып  келе  жатқан  қоғамның  іргетасы   тек  қана  осы  заманғы,  бәсекеге  қабілетті және  бір ғана  шикізат секторының  шеңберімен  шектеліп  қалмайтын ашық  нарық экономикасы бола  алады.  Бұл жеке  меншік  институтымен  келісімшарттық  қатынастарды  құрметтеу мен қорғауға  қоғамның барлық  мүшелерінің бастамашылығы  мен  іскерлігіне  негізделген  экономика. 

Екіншіден,  аға  ұрпақты,  ана  мен  баланы,  жастарды  қамқорлық  пен  ілтипатқа  бөлейтін  әлеуметтік  бағдарланған  қоғам,  ел  халқының  барлық  топтары  тұрмысының  жоғары  сапасы  мен  алдыңғы  қатарлы әлеуметтік  стандарттарын қамтамасыз  ететін  қоғам құру.

Үшіншіден,  еркін,  ашық  әрі  демократиялық  қоғам  орнату.

Төртіншіден,  дәйекті  түрде  саяси  тежемелік  пен  тепе – теңдіктің  үйлестірілген   жүйесіне  негізделген  құқықтық  мемлекет  құрып,  оны  нығайта  беру.

Бесіншіден,  барлық  діндердің  тең  құқығына  кепілдік  беру  және  Қазақстанда  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету. Исламның  басқа  да  әлемдік  және  түрлі  діндердің  озық   үрдістерін  құрметтеп,  әрі  дамыта  отырып,  осы  заманғы  зайырлы  мемлекет  орнату.

Алтыншыдан,  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап,  түлете  беру. Сонымен  қатар  ұлтаралық  және  мәдениетаралық  келісімді,  біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері дамуын  қамтамасыз  ету.

Жетіншіден,  елімізді  халықаралық   қоғамдастықтың  толық  құқылы  және   жауапты  мүше  ретінде  қарастыру,  ал  мұның  өзі  аса  маңызды  басымдықтардың  бірі.  Қазақстан   мұнда  геосаяси  тұрақтылықты  және  өңірдегі  қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету  жөнінде  маңызды  міндеттер  атқарып  отыр[23]. 

 Қазақстан  бүгін   әлемнің  ең  серпінді  дамып   келе  жатқан  елдерінің  бірінен   саналады.  Елдің  экономикалық  және  саяси дамуындағы  түбегейлі   жаңа  кезең,  Қазақстанды  одан  әрі  жаңарту  мен  демократияландыру – күн  тәртібіндегі  маңызды  мәселе  болып  отыр. 

Сондықтан  да  осы  тұрғыда  мынадай  басым  бағыттарды  атап  өтуге  болады:

─ мемлекеттілікті  нығайтуға,  Қазақстанды  осы  заманғы  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет  ретінде  дамыту;

─ елдегі  және өңірдегі  бекем  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету;  

─ өңірлік  және  халықаралық  ынтымақтастықты  дамыту;

─ жаһандану  талаптарына  сәйкес  экономиканы  серпінді  дамытуға  және  шикізаттық  емес  секторларды  ілгерілетуге  баса  ден  қоя  отырып,  жаңа  технологияларды   дамыту;

─ білім  беруді,  кәсіптік  даярлық  пен  әлеуметтік  саланы  XXI  ғасырдың  деңгейіне  көтеру;

─ азаматтық  қоғамды  дәйекті  дамыта  беру,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ету;

─ қазақ  халқының  моральдық  және  рухани  құндылықтарын  одан  әрі  дамыту;

─ діни  негіздегі  жатсынбаушылық пен  конфессиялар  аралық  келісімді  қамтамасыз  ету;

─ сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күресу;

─ лаңкестікке,  есірткі  саудасына,  кез – келген  түрдегі экстремизмгі  қарсы жаһанды күрес[24]. 

Экономикалық  және  әлеуметтік  жедел  жаңару  бағыты  Қазақстанның  экономикалық  және  әлеуметтік  дамудағы  өзінің  көшбасшылығын  одан  әрі  сақтап,  сол  арқылы  капиталды,  инвестициялар,  технологиялар мен  білімді,  білікті  кадрларды   тарту  орталығына  айналуына  мүмкіндік  туғызды. 

Қазақстан  «Әуелі  экономика,  содан  кейін  саясат»  деген  қағидатты  ұстана,  еліміздің  нақты  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  демократияландыру   бағытында  алға  жылжыды.  Бұл  жетістіктер  саяси  жүйені  одан  әрі  жаңарту  және  демокртияны  дамыту  жөніндегі  жүйелі  және  көп  бағытты  жұмысқа  көшуге  мүмкіндік  берді.  Осы негізде   саяси  реформалардың  жалпы  ұлттық  бағдарламалары  қабылданды[25]. 

Бұл бағдарламалар  мемлекеттік,  саяси  және  қоғамдық  институттарды  реформалауға  бірыңғай  әрі  біртұтас  тұрғыдан  келуді  көздеді.  Мұндай  қадамның  мәні – Қазақстанды  Батыс  демократиясының  дәстүрлері  мен  қағидаттарына  және  Оңтүстік - Шығыс  Азияның   ілгері  мемлекеттерінің  тәжірбисіне  біздің  көп  ұлтты  және  көп  дінді  халқымыздың  дәстүрлеріне  сәйкес  одан  әрі  демократияландыру. 

Саяси  реформалардың  жалпы  ұлттық  бағдарламасын  іске  асыру – еліміздің  құқықтық  кеңістігінде  терең  өзгерістер  жасаудың  заңды  нәтижесі  болып  табылады.  Осы   тұғырда  біртіндеп  ашық  та  демократиялық  қоғамы  бар  құқықтық  мемлекет қалыптастырып  жатырмыз.  Яғни  елді  демократияландыруды  жеделдету  үшін  тұрақтылықты,  құқықтық  мемлекетті  және  қоғамдық  келісімді  сақтаудың  қаншалықты  маңызды  екенін  жақсы  түсінеміз. 

Қоғамдық  тұрақтылық,  заңның  үстемдігі,  ұлтаралық  және  конфессияаралық   келісім,  сондай – ақ  Қазақстанның  жаңа  геосаяси  рөлі  мен   жауапкершілігі – бұлар  демократиялық  өзгерістердің  тиімділігінің  кепілі,  оның  басты  өлшемі  болып  табылады.  Елдегі  саяси  жаңару  үрдісі  бірте  - бірте,  қажетті  экономикалық  жағдайлар  жасалуына  қарай,  Қазақстанның  тәуелсіздік  алған  сәтінен  бастап – бүкіл  осы  жылдары  дәйектілікпен  жүріп  келе  жатқанын  атап  көрсеткен  жөн.  Бұл  ретте  біз   өзіміздің  дербес,  қазақстандық  даму  жолымен  жүріп  келеміз.  Әлемдік  практиканы  зерделеп,  талдай  келіп, біз   нақ   осы  эволюциялық   жолды  таңдап  алдық.  Біз  демократияны  жеделдете,  оның  үстіне  сырттан  ендіруге қарсымыз[26]. 

Бұл  жолда  біз  бірнеше  кезеңдерді  өттік.

Бірінші  кезеңде – 1991 жылдан  1995  жылды  қоса  алғанға  дейін – нақты  тәуелсіздік  сәтінен  Егемен   Қазақстанның  Конституциясын  қабылдағанға  дейін дезинтеграциялық  үрдістерді  өзгертуге,  қазақстандық  мемлекеттің іргетасын қалыптастыруға,  бірпартиялық  өктемдіктен саяси плюрализмге көшуге,  демократиялық даму  негіздерін  құруға  шоғырланды.

Екінші  кезеңде – 1995 жылдан  2000 жылды  қоса  алғанға  дейін – осы  заманғы  демократиялық  институттарды  құрып,  нығайту,  1995 жылы  референдумда   халық  қабылдаған  Конституция  негізінде  жаңа  саяси  мәдениетті  қалыптастыру  негізгі  іс  болды. 

Ел  Конституциясы  терең  экономикалық  қана   емес,  сонымен  бірге  саяси  өзгерістерге  байланысты  үлкен  жолдан  өтуімізге  мүмкіндік  берді.  Мұны  Егемен  Қазақстанның  жаңа  ұлттық  заңнамасы  дәлелдеп  шықты.  Нақ  сонымен  көмегімен  бұл  жылдары   Қазақстанды  нақты  демократиялық  институттар  әрекет  ететін,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  кепілдік  берілетін  елге  айналдыру  үшін  берік  іргетас  қаланды. 

Президенттік  республика  моделін  таңдап   алып,  посткеңестік  экономикалық  және  саяси бей – берекетсіздіктен  шығарды.  Саяси  тұрақтылық  сыртқы  инвесторлар  үшін  экономикаымыздың  тартымдылығын  қамтамасыз  етті,  олар  сол  кезеңде отандық  интустрияны  дамыту  үшін  капиталдың  негізгі  көзі  болды.  Экономика  көріле  бастады,  жаңа  инфрақұрылым  жасалып,  ауылшаруашылығы  дамуға  бет  алды.  Жаңа  жұмыс  орындары  дәйектілікпен  ашылып,  «орта  тап» құрыла бастады. 

Үшінші  кезең – 2001 жылдан  2006  жылды  қоса  алғанға  дейін -   стратегияның    дұрыстығының   айқын дәлелі  болды.   Бұл кезеңде әлеуметтік  - экономикалық  серпінді  секірісті қамтамасыз  етіп,  өңірлік көшбасшыға  айналып, мемлекеттілігіміз жүзеге  асты.  Қазақстандық  көпұлтты  және  көп конфессиялы қоғамың алғашқы демократиялық  дәстүрлері  орнықты.  Соңғы  жылдары  елді  одан  әрі  демократиялық  реформалаудың  барынша  тиімді  жолдарын  әзірлеу  жөнінде  жалпыұлттық  белсенді  үн  қатысу  жүріп  жатыр. Күн  тәртібіне  қағидаттық  тұрғыда  әлде  қайда  асқақ  қоғамдық  міндеттер  шықты.  Осы  заманғы  сынақтар  мен  қатерлер  әлеуметтік  -  экономикалық  және  қоғамдық – саяси  қатынастардың  бүкіл  жүйесін  әлде қайда  серпінді  жаңғыртуды  табандылықпен  талп  етті. 

Бастысы,  жалпыұлттық  саяси  реформалар  бағдарламысын  іске  асыру  Қазақстанды  демократияландыру  мен  саяси  жаңғыртудың  өзекті  құндылықтары  бойынша  кең  ауқымды  қоғамдық  консенсусқа  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді[27]. 

Жан – жақты  қоғамдық  пікір – талас  пен   негізгі  саяси  күштер мен Конституцияларды  негізге ала отырып,  елді  жаңа  кезеңде демократиялық дамытудың өзекті  мәселелеріне  жауаптарын  ұсынды.  Мұндай  мәселелерге қатысты шешімдер  әзірленді:

●  атқарушы  биліктің  тиімділігі,  ашықтығы  мен  есептілігі  және сыбайлас  жемқорлықпен   күрес мемлекеттік басқарудың  орталықсыздану  және  жергілікті  өзін - өзі басқаруды дамыту; 

● сайлау  заңнамасын  жетілдіру;

● парламенттің  жауапкершілігін   кеңейту; 

● әлемдік  озық  стандарттарға  сәйкес  сот  жүйесін дамыту,  судьялардың тәуелсіздігі;

● саяси партиялардың  елдің  саяси өміріне  әлдеқайда  белсенді  қатысу;

● ҮЕҰ  - ның  қоғамдық  өмірдегі  рөлін  күшейту;

● азаматтардың  құқықтары  мен бостандықтарын кепілдендіру[28]. 

Қазақстанда  жаңа  құрылымдар жасауда  Елбасының  биылғы  Қазақстан  халқына  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауын  ерекше  атап  өтуге  болады.  Жолдаудағы  маңызды  мәселе – саяси – экономикалық   реформаларды  мүлдем  жаңа  сапа  мен  жаңа  сатыға  көтеру.  Бұл ретте  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  арнайы  мән  беріп ... «Қолымыз  жеткен экономикалық  өсуді  пайдаланумен  шектелмей,  осы  өсуді  шындап,  басқаруды  меңгеруімізге,  сөйтіп   оның   сапалық  жаңа  деңгейге  көтеруімізге  тура  келетінін,  әсіресе,  өндірістің  шикізаттық емес  секторының  дамуын,  экономикалық  әртараптандырылуын  қамтамасыз  ету  бәрінен  маңызды»  екенін  ескертті[29].

Көптен  бері  қоғамдағы  әртүрлі  пікірталастың  негізі  болып  келе  жатқан  саяси  реформаларды  да  дамуымыздың  жаңа  кезеңіне  сәйкес  жаңартып,  жаңғыртудың  нақты  бағыттарын  осы  жолдауынан  айқын  аңғарамыз.  Қай  елде  болмасын  демократиялық  реформаның   өзегі  қоғамды,  мемлекетті  заңмен  басқару,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын  қамтамасыз  ету  деген  сөз.  Бірақ  қашан  да  мемлекет  тағдыры   мен  ел  болашағына,  халық  мүддесіне  қайшы  келетін  бостандықтардың  қай  түрі  болмасын  «демократия  болып есептелмейді.  Әсіресе,  Қазақстан  секілді  халықаралық  қауымдастықта  жаңа  танылып жатқан  мемлекет  үшін,  елдегі  саяси,  демократиялық реформа тереңірек ойлануды  қажет ететін,  өте нәзік мәселе[30].  Сондықтан демократиялық реформа жасауда   батыл қадамдарға  баруымыз,  сөз жоқ,  Елбасымыздың   «саяси  жаңарулардың  біз  көздейтін  басты  мақсаты – биліктің  қоғам  мен  мемлекетті  басқарудың  барынша  ұтымды  жүйесін  сомдайтын,  сонымен  бір  мезгілде  еліміздегі  саяси  тұрақтылықты  сақтау  мен  азаматтарымыздың  конституциялық  құқықтарын  қамтамасыз  ететін  осы  заманғы  демократиялық   нысанына  қарай  жылжыту»  секілді  ізгі  мақсаттар  мен  өскелең  ойынан  туып  тұрғаны  ақиқат.  Ел  сеніп,  тізгін  тапсырған  Елбасының  бастамалары  әрдайым  жұрт  игілігіне  айналатынына  сенім  мол. 

Бірақ  біздің  «демократиялық  реформа»   дегенде,  Елбасымыз  нұсқап  отырғандай,  «қуатты мемлекеттік  билік  пен  демократия  бір  - біріне  қолдаушы  күш.  Демократия тек  заңдылықтар  қатаң  сақталған  елдерде  ғана  дамитындығын»  ешқашан  естен  шығармаған  абзал[31]. 

Тәуелсіздігімізге  он  бес  жылдан асқан  тұста,  Н.Ә.Назарбаевтің  сындарлы  да  салиқалы  саясатының  арқасында   ғасырға  бергісіз  шаруалар  тындырылды.  Ал,  бүгін  алдымызда  осы  жеткен  биігімізге  табан  тірей  отырып,  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  қосылу  міндеті  тұр.  Осының  бәріне  елдегі  саяси  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімнің  береке  бірлік пен  тыныштықтың  арқасында  қол жеткіздік.  Сондықтан,  жаңа  әлемнің  есігін  ашқан  жаңа  Қазақстан  үшін  осы  құндылықтарымызды  сақтай  отырып,  өркениетті  елдердің  қатарына  өз  орнымызды  белгілеу  қажетті  парызымыз  болып  табылады.  ал  ондай  мүмкіндіктерге  қол  жеткізудің  жолдары  мен  әрбір  тетігін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жолдауынан  табамыз[32].          

 

2.2. Қазақстанда   саяси  жүйені  модернизациялау   ерекшеліктері  

  Батыста демократия проблемасы, оның жеке тұлғаға деген қатынасы өте күрделі болады. Батыс елдеріндегі тарихи процестер демократия идеясын осындай түсінікшегі байлап еді. Саяси формалар ауысып, тіпті ойлардың түбі көрініп қалған кездер де бастан өтті.

   Империяның уысынан шыққан бізге демократия әуелі ап – айқын әрі оп – оңай құбылыс болып табылады. Большевизм үстемдігінің орнын ауыстырған демократияняң кейбір даусыз шындықтарын қошеметпен қарсы алдық. Бірақ Руссо айтып негіздеген Робеспьер жүзеге асырған демократия діннің де жеке тұлғаға материалдық бостандық әпере алмайтынын, қоғамдық құқығын толық бекітуге шамасы келмейтінін түсіну қиын болды. Ең бір өрескел монархиядағы секілді демократия қоғамда да мемлекеттік абсолютизмнің болуы мүмкін екенін естен шығармасқа керек[33].

    Қалай десек те, демократия принциптері темірқазық болған ашық қоғам құру идеясы өгіз аяң эаолюциямен іргелілеп келе жатыр. Адамзат тарихы огсыны көрсетеді. Демократияға бет алғанымызға біраз уақыт болды. Бірақ қоғамды толық либералдауға жеткізетін саяси модернизацияның көші қозғалса да, әуелгі белестен аса алмай жатқанымыз рас еді.

   Осыны қолға аламыз деп демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бір жарым жылдай жұмыс істеп қалды, төрт – бес отырыс болды. Бұл ғана емес, саяси реформалардың жобасын әзірлеу, азаматтық қоғамды демократияландыруға және дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеу жөнінде кеңес құрылды. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Президентінің 2006 жылғы мамырдағы жарлығымен құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері елімізде қызмет ететін барлық саяси пакртиялардың, ірі қоғамдық бірлестіктерлің басшылары кірді[34].

Информация о работе Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері