Қосымша құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:54, реферат

Краткое описание

ҚҚС мемлекеттiк салық болып табылады, яғни бүкiл мемлекеттiк аумақта қолданылады, ал тауарды экспорттауға салық салынбайды.
.

Содержание работы

КІРІСПЕ
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI.
ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНI.

Содержимое работы - 1 файл

ҚҚС.doc

— 200.00 Кб (Скачать файл)

    Пайдаға салынатын салық кәсiпорындарда қалатын пайданы азайтады: табысқа салынатын салық, жұмысшылардың қолына берiлетiн еңбек ақыны азайтады. Қосымша құн салығы болса, кәсiпорын құралдарын азайтады, яғни, тауардың бағасы арқылы өнiмдi тұтынушы төлейдi. Тұтынушының өнiмнiң баламалы нұсқалары iшiнен таңдап таңдап алу мүмкiншiлiгi болар, ал бұл өте маңызды. Өйткенi тұтынушы өзiнiң шамамен ұсынысқа әсер етедi.      

    Тауар өндiрушi егер әр бiреудiң дайын өнiмiн өз  өндiрiсiндегi технологияның компонент болып табылатын өнiмдi сатып алмаса, ешқандай құралдарын жоғалтпайды. Қосымша құн салығы өндiрiс және тауар еңбек немесе қызмет айналымы процесiнде қойылған және де Қазақстан Республикасы территориясына тауарларды импорттауда аударылған құн өсiмiнiң бөлiгiн бюджетке аударуды бiлдiредi. Бюджетке төленуге жататын қосымша құн салық өткiзiлген тауарларға еңбекке немесе қызметтерге есептелген қосымша құн салық сонысымен сатып алынған тауарлар орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтерге төленуге тиiстi салық соммаларының айырмасы ретiнде анықталады.

    Қосылған құн салығы кәсiпорынның ақша жинағының түрi болып табылады. Ақша жинағы өзiмен материалдық өндiрiс процесiнде жасалған таза қоғамдық табысты бiлдiредi. Ақша жинағы тауар өндiрiсiмен құн заңының қызметiмен тiкелей байланысты.

    Қосымша   құн   өзiне   негiзiнен   еңбекақы   мен   пайданы   кiргiзедi.   Бұдан   басқа қосымша құнға амортизациямен басқада өндiрiстiк циклмен тiкелей байланысты шығындар элементтерi кiредi. Дайын өнiм тауарлар, жұмыс, қызмет және шикiзат пен материалдар құны арасындағы айырмашылық iс жүзiнде қосымша құнды құрайды. ҚҚС қарастырғанда еңбекақы мен пайда екi мәрте асалық салынғандай болады. Бiрiншi ретте жеке тұлғалардың еңбекақысынан табыс салығы және заңды тұлғалардың пайдасына салынатын табыс салығы, екiншi ретте ҚҚС салу арқылы.

    Заңды тұлғалардың салынатын салық шын мәнiнде кәсiпорын iшiнен оның қарамағындағы қалған пайданы азайта ұсталады. Осылайша жеке тұлғалардың табыс салығында еңбек коллективiнiң мүшелерiнiң қолына берiлетiн сомма мөлшерiн азайтады. ҚҚС болса, өнiмдi, қызметтi, тауарды, соңғы тұтынушымен төленедi немесе кәсiпорын мүддесiн қозғамайды. Ол өндiрiс және айналыс шығындарына жатпайды, яғни, ол кәсiпорынның қаржылық- шаруашылық қызметiнiң нәтижесiне қатысты мүлде жоқ десе де болады. Осылайша, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың табысына салынатын салық тiкелей салықтар болып табылатын немесе жанама салық болып табылатын ҚҚС мәндерi әр түрлi.

    ҚҚС айналымға салынатын салық сияқты көпсатылы, бiрақ оның ерекшелiгi салық базасы ретiнде тауардың кезектi пайда болу кезеңiнде туындайтын тек жаңа тауарлар құнының бiр бөлiгi болып табылатындығында. Көпсатылылық тауарлардың кез келген сатып алу актiсiнде салық салынатындығын бiлдiредi. Алайда, айналымнан алынатын салыққа қарағанда, мұнда көпсатылық секiрмелi сипатқа ие болады (яғни салық жинақталады). Тауардың алдағы қозғалысының барлық кезеңдерiне төленген ҚҚС-ын есептелiнген «шығатын» ҚҚС-нан алып тастауға рұқсат берiледi.

    Сонымен қатар, ҚҚС бейтарап салық болып табылады. Оның бейтараптылығы ҚҚС-ын төлеуден босатудың санын қысқарту мен нөлдiк мөлшерлемесiн кең қолдануда. ҚҚС-ын қүрделi жұмсалымдарға толық мөлшерде несиелеу керек және бұл ҚҚС-ң салықтардан артықшылығын қамтамасыз етедi және олардың орнына қорлану тауарларына да тартылады. Экспорттық тауарларға ҚҚС-ын толық мөлшерде соммасын анықтау мен орнын толтыру жолы экспорттық баптарының тең дәрежеде бәсекелестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

    ҚҚС қиғаштық туғызатын және тиiмсiз салықтардың орнына қолданылады. Мысал ретiнде салық мiндеттемелерiнiң мөлшерiнiң өсуiн, түрлi салық мөлшерлемелерiнiң көптiгiн (кейде олар жүздеп есептеледi), тұтыну тауарларына салық салыну, импорттық тауарларға салық жеңiлдiктерiнiң барлығы, салық салу базасының қысқартылуы, ескiрген (қейде жемқорлықтан босамайтын) салық салу жүйесiн түбегейлi өзгертуге және қемшiлiктерiнен құтылуға мүмкiндiк бередi.

    Сонымен қатар, ҚҚС-ң регрессиялық жақтары да бар. Ал, ол болса тұтынушыларға ауыртпалық әкеледi. Соның iшiнде салық ауыртпалығының қөп мөлшерiн табыс деңгейi төмен тұлғалар сезiнедi. ҚҚС халықтың өмiр деңгейiнiң төмендеуiне әкеледi. Салықтың регрессиялық жағын әлсiрету үшiн мөлшерлемелердi көтерумен, төмендетумен қатар кейбiр тауарлар мен қызметтердi салық салудан мүлдем босату қолданылады. Мұндай босатулар 2 формада қолданылады: нөлдiк мөлшерлеме мен мөлшерлеменiң жоқтығы. Тәсiлдердiң екеуi де тауарлар мен қызметтердi ақырғы тұтынушыға сату кезiнде салық салудан босатады. Тәсiлдердiң ерекшелiктерi: нөлдiк мөлшерлеме кезiнде сатушы оның сатып алуларына кiретiн салықтың орнын толтыруға құқы бар. Ал салық мөлшерлемелерiнiң жоқтығында мұндай құқ онда жоқ және әдетте ол салықты ақырғы тұтынушуға артады, сондықтан ақырғы тұтынушыға нөлдiк мөлшерлеме әлдеқайда пайдалы.

   ҚҚС мемлекеттiк салық болып табылады, яғни бүкiл мемлекеттiк аумақта қолданылады, ал тауарды экспорттауға салық салынбайды.

    ҚҚС-ң барлық функцияларынан Қазақстанда фискалды функциясы басым орын алады.

   ҚҚС-н енгiзгенде салықтың өндiрiс қатынастарына әсерi жоспарланған жоқ. Қазақстандық жағдаят (конъюктура) есебiнен салықтың функциялары талданған жоқ. ҚҚС-ын енгiзген мезетте натуралды айырбас үстем болды және экономика өндiрiстiң төмендеуiмен, тауарлар мен қызметтердiң дефицитымен және инфляцияның жоғары қарқынды өсуiмен айқындалады. Осы уақыт аралығында мөлшерлемесi 28% ҚҚС-н енгiзу ахуалды одан әрi шиелендiре түстi, бағаның өсуi мен сатып алу қабiлетiнiң төмендеуiн тездете түстi. Осының нәтижесiнде көптеген өнеркәсiптiң және ауылшаруашылық кәсiпорындар өзiн өзi қаржыландыру тұрмақ, ұдайы өндiрiс процесiн қамтамасыз етуге қабiлетсiз болды.

     Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде нәтижелi қолданылатын ҚҚС қарастыра отырып, өндiрiс дағдарысының алдын алу мен нарықтан әлсiз өндiрушiлердi жылдам ығыстыру мақсатында жүргiзiлетiн өндiрiстi «тiзгiнде ұстау» саясатының басты элементi болып табылатын ұмытпаған жөн. Бұл салықты гипертрофирленген монетаризм және тауарлы дефицит жағдайында қолдану оның ауыртпалығын тұтынушыға толығымен аударады. Ал ол онсыз да қарқынды инфляцияны өсiредi.

Информация о работе Қосымша құн салығы