Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

9. Минералды сулар. Негізгі сипаттайтын көрсеткіштері.

Курорттардың  негізгі емдік факторы дәстүрлі түрде іштей және сырттай пайдаланылатын, сонымен қатар емдік көрсеткіштердің  кең спектріне ие минералды сулар  болып табылады. Минералды емдік сулар дегеніміз – құрамында жоғары концентрациялы әр түрлі минералды компоненттері немесе спецификалық физикалық қасиеттері(жоғары температура, радиоактивтілік және т.б.) арқылы адам ағзасына емдік әсері болатын сулар. Оның іштей немесе сырттай пайдаланылуы судың физикалық және химилық құрамына байланысты анықталады. Минералды сулардың дұрыс және жан-жақты бағасын беру үшін барлық негізгі физико-химиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Минералды сулардағы  компоненттер - диссоциацияланбаған молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.

Минералды емдік  сулардың пайда болу процесі өте  күрделі және әзірге жеткіліксіз  зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың генезисін сипаттағанда жерасты суының шығу тегін, ондағы газдар мен ионды-тұзды құрамының пайда болуын ескереді.

Курортология  ғылымындағы емдік минералды  сулардың негізгі сипаттайтын көрсеткіштері  төмендегідей:

  • газдық құрамы;
  • газға қанығу дәрежесі;
  • ионды құрамы;
  • жалпы минерализациясы;
  • биологиялық белсенді микрокомпоненттерінің құрамы;
  • температура;
  • радиоактивтілік;
  • қышқылдылық;
  • сілтілік.
 

10. Курорт. Курорттардың түрлері.

Курорттық факторлардың емдік және сауықтыру әсері көптеген онжылдықтар бойы зерттеліп, қазіргі таңда оны жіктеудің жүйесі құрастырылды, оларды қолданудың рационалды тәсілдері іске қосылды.

Курорт –  табиғи емдік ресурстары бар емдік-профилактикалық  мақсатта қолданылатын, зерттелген  территория. Курорт инфрақұрылымы -  халыққа курорттық қызмет көрсететін және денсаулығының жақсаруына әсерін тигізетін материалды нысандар мен қызмет түрлері. Курорттық іс дегеніміз – емдік табиғи ресурстардың құрамын, қасиетін, іс механизмін зерттей отырып, оларды емдік, профилактикалық, сауықтыру және реабилитация мақсатында пайдалану және ұйымдастырудың ғылымдық практикасы жиынтығы. Сонымен қатар, курортты салу, ашу, басқару, емдеуді және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, ресурстардың эксплуатациясы, санитарлы қорғалуы жөніндегі іс-шаралар кешені де курорттық әрекет жұмысына жатады.

   Курорттарды жіктеуде олардың басты табиғи емдік факторларына назар аударылады. Осыған сәйкес курорттар бальнеологиялық, балшықтық және климаттық болып жіктеледі. Ал егер курорттар бірнеше емдік факторларға ие болса, онда оларды аралас, яғни бальнеоклиматтық, бальнеобалшықтық, климатты-балшықтық, климатты-бальнеобалшықтық немес климаттық қымызбен емдеу курорттары деп санаймыз. Курорттарда табиғи емдік факторлардан басқа физиотерапия, диетотерапия, емдік дене шынықтыру және тағы басқа емдеу түрлері жинақталған кешенді терапия жүргізіледі. Емделушілер санаторийларда немесе куротельдерде тұрады. Қазіргі заманғы курорттарға қойылатын талаптар:

  • зерттелген климаттық, бальнеологиялық, балшықтық және т.б.ресурстардың болуы;
  • арнайы гидрогеологиялық, бальнеотехникалық және т.б.құралдардың болуы;
  • емдік-профилактикалық орындардың болуы;
  • спорттық құралдар мен алаңдардыі, мәдени-танымдық орындардың болуы;
  • гигиеналық талаптарға сай коммуналды құрылғылардың болуы.

 

11. Еуропаның дүниежүзілік белгілі курорттық орталықтарының түрлері.

Ескі дүние, яғни Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар  Батыс Еуропада орналасқан. Еуропа курорттық істің бай дәстүріне  ие, мұнда емдік климаттық ресурстардың кең спектрі жайғасқан, науқастарға профилактикалық, емдеу және реабилитацияның заманға сай әдістерін пайдаланады.

Санаторлы-курорттық  іс арқасында туристердің ең көп  санына ие еуропалық елдерді басып  озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлориднатрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген.

Карловы Варымен  қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық  аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы  ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.

Еуропадағы Чехияның басты бәсекелесі – Венгрия. Оны  «термалды моншалардың зонасы»  деп те атайды. Мұндағы емдік туристік ағымдар 2 бағыт бойынша – Будапешт және Болотон көліне жүреді. Венгрлік 22 қала мен 62 поселокта ресми мойындалған емдік су көздері бар.

Емдік-сауықтыру  туризмі нарығында Польша бальнеологиялық  және климаттық курорттарымен атақты. Басты теңіздік бальнеол.және бальнеобалш.курорттары – Свиноусьце, Камень-Поморски, Колобжег(Балтық теңізі жағалауында).

Батыс Еуропадағы әлемдік маңызы бар атақты курорттар  – Германияда- Баден-Баден, Висбаден, Баденвейлер, Вильдбад, Байерсбронн, Ахен; Францияда – Виши, Ницца, Биарицце; Ұлыбританияда – Бат; Бельгияда – Спа, т.б.

Австриядағы ең танымал бальнеологиялық курорттық аудан – Бадгастайн. Ол Зальцбург елдімекенінің батысында Гастайн өзені бойында орналасқан. Медициналық статистикаға  сүйенсек, Бадагастайнда емделетін туристердің 70 пайызы жазылып шығады екен.

Оңстүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін  ел – Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе Эмилья-Романья аймағында  және Искья аралында бальнеолгиялық курорттар орын тепкен. Онда минералды  термальды сулармен қатар, емдік  балшықтар да бар.   

12. Шипалы сулар  мен олардың географиясы

Курорттардың  негізгі емдік факторы дәстүрлі түрде іштей және сырттай пайдаланылатын, сонымен қатар емдік көрсеткіштердің  кең спектріне ие шипалы минералды  сулар болып табылады. Минералды  шипалы сулар дегеніміз – құрамында жоғары концентрациялы әр түрлі минералды компоненттері немесе спецификалық физикалық қасиеттері(жоғары температура, радиоактивтілік және т.б.) арқылы адам ағзасына емдік әсері болатын сулар. Оның іштей немесе сырттай пайдаланылуы судың физикалық және химилық құрамына байланысты анықталады. Минералды сулардың дұрыс және жан-жақты бағасын беру үшін барлық негізгі физико-химиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Минералды сулардағы  компоненттер -  диссоциацияланбаған  молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.

Минералды шипалы сулардың пайда болу процесі өте  күрделі және әзірге жеткіліксіз  зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың генезисін сипаттағанда жерасты  суының шығу тегін, ондағы газдар мен ионды-тұзды құрамының пайда болуын ескереді.

Бальнеологиялық курорттардың негізгі емдік факторы  – шипалы минералды су көздерінің географиясы:

-көмірқышқылды  су – Кисловодск, Арзни, Аршан,  Боржоми, Дара-Сун, Яхимов, Теплице, т.б.

-сульфидті су  – Ждановичи, Виши, Ницца, Арчман, Горячий ключ, Ейск, Кемерн, Ключи, Ұлы Любень, Менджи, Немиров, Пятигорск, Сочи, Серноводск, Синяк, т.б.

-радонды су  – Теплице, Биарицце, Белокуриха, Молоковка, Пятигорск, Хмельник, Цхалтубо, т.б.

-азотты кремнийлі термалды су – Алма-Арасан, Анненские Воды, Капал-Арасан, Горячинск, Джалал-Абад, Иссык-Ата, Кульдур, Нальчик, Обигарм, Ткварчели, т.б. 

13. Азияның дүниежүзілік  белгілі курорттық орталықтарының  географиясы

Таяу Шығыста  емдік-сауықтыру мақсатында туристер көбіне Өлі теңіз аймағына барады. Теңіз суы тұздар мен минералды заттарға бай. Мұнда Эйн-Бокек, Эйн-Букек, Эйн-Годи, Неве-Зохар курорттары орналасқан. Өлі теңіз немесе «Тұзды теңіз» аймағы табиғи емдік факторлармен ерекше: термальды минералды сулар, емдік балшықтар мен биометеорологиялық жағдайлар. Миллионға жуық жыл бұрын жер плитасының жылжуы нәтижесінде Өлі теңіз мұхиттан бөлінеді де, тұз бен минералдың жоғары концентрациясы суына айналады. Оның құрамында мұхит суындағы бромнан 80 есе, магнийдан 35есе, тұздан 10 есе көп бром, магний, тұз бар.

Оңтүстік, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азияда басқа дүние  бөліктерімен салыстырғанда төмен  дамыған. Жапониядағы Хоккайдо аралындағы «The Windsor Toya Resort and Spa» тау-шаңғы курорты  бұл аймақтағы сұранысқа ие алдағы орындағы курорт. Индонезиядағы Бали аралында орналасқан «Alila Manggis» курорты пайдалы әрі дәмді тамақ рационымен танымал. Диетотерапияның тиімді әдіс-тәсілдері осы курортта қолданылады. Въетнамдағы Кхан Коа курортында әлемдік тәжірибеден өткен түрлі массаж түрлері ұйымдастырылады. Бутандағы «Ума Паро» курортына йогамен айналысатын емделушілер барады.

Азия территориясында  орналасқан бұрынғы кеңес, қазіргі  ТМД мемлекеттерінің емдік туризм нарығындағы орны орасан зор. Кавказ минералды сулары, Сочи, Қырым, Есентукки,  Ждановичи, Пятигорск, Алма-Арасан, Жаңақорған, Серноводск, Иссык-Ата, Кисловодск -  әлемдегі сұранысқа ие бальнеологиялық және бальнеобалшықтық курорттар. 

 14. Американың дүнижүзілік белгілі курорттық орталықтарының түрлері.

Америка континентінде емдік туризм нарығының бірінші орнында сөзсіз Америка Құрама Штаттары тұр. Денсаулық сақтау саласындағы олардың жеткен жетістіктері әлем ғалымдары мен тұтынушылармен мойындалған. Америкада медициналық қызмет өте қымбат болғандықтан, халық көбіне профилактикалық ем алу үшін курорттарға барады. Солтүстік Америка курорттарының негізгі таралған типі – бальнеологиялық курорттар. Минералды сумен емдейтін курорттық орталықтары – Мамонт-Спрингс, Хибер-Спрингс, Хот-Спрингс – Арканзас штатында орналасқан. Туристер арасында теңіздік климаттық курорттар үлкен сұранысқа ие: Нью-Йорктағы Лонг-Бич, Солтүстік Каролинадағы Хаттерас, Флоридадағы Майами-Бич, Калифорниядағы Сан-Диего және Санта-Круз. Көл маңындағы курорттарда ем алу үшін Орталық Америка, Барбадос, Куба және Багам аралдарына барған тиімді. Континенттегі курорттардың кең спектрына қарамастан ел азаматтары шетелдерге шығып емделгенді жөн көреді. Әкімшілік статистикаға сүйенсек, 2006 жылы 15000 американдық емдік туристер Латын Америкасы мен Азияға барған екен, 2007 жылы бұл көрсеткіш 300000-ға, ал 2010 жылы 1 млн-ға жеткен екен.  

15. Қазақстаннның  шипалы суларына сипаттама.

Қазақстанның  курорттық ресурстарға(климат, шипалы сулар, емдік балшықтар) өте бай  мемлекет. ҚазНИИ-дің статистикалық  мәліметтеріне бойынша республикада емдік минералды сулардың 500 шығу көзі, 78 балшықты көл және 50 климаттық орындар зерттелген. Іле Алатауының солтүстік сілемдерінде термальды сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі(Алма-Арасан) және йодобромды, Алматыдан солтүстікке қарай хлоридті кальций-натрийлі сулар, Жоңғар Алатауында термальды хлоридті-сульфатты натрий сулары(Жаркент-Арасан, Капал-Арасан) сулары белгілі.

Елдің шығысында  сульфатты-гидрокарбонатты натрий-магнийлі (Рахман бұлағы) және термальды хлоридті-сульфатты  кальций-натрийлі(Барлық-Арасан) су көздері бар. Қазақстанның оңтүстігінен термальды азотты гидрокарбонатты натрий сулары(Сарыағаш), радонды сульфатты-гидрокарбонат-хлоридті натрий(Мерке) сулары табылған. Қостанай облысында соңғы жылдары емдік мақсатта «Сосоновый бор» санаторийінің территориясында орташа минералданған сульфатты-хлоридті натрий суын пайдалануда. Қазақстан территориясында көмірқышқылды минералды сулардан басқа шипалы сулардың барлық тобы кездеседі. Зерттелген шипалы сулардың емдік және профилактикалық мақсатта тек кішкене ғана бөлігі қолданылуда.  Рахман бұлағындағы шипалы сулардың пайдаланылуы туралы хабар 1834 жылы пайда болған.

        Бірақ, оларды ғылыми түрде қарастырып, қолданылу әсілдері мен әдістері, химико-физикалық құрамын ең алғаш рет А. Н. Сызганов, Н. Д. Беклемишев, С. И. Замятин, И. Г. Железняков, В. Ф. Хомнюк өткен ғасырдың 40-50жылдарында зерттеп ұсынған. Республика территориясының емдік минералды сулары шартты зоналарға бөлінеді: оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс, орталық. Бөтелкелерге құйылатын минералды шипалы суларды асқазан-ішек трактында, өкпе және өт жолдары, гинекологиялық және теміржетіспеушілік ауруларына ішуге пайдалануға болады. 

16. Чехияның емдік  туризмінің дамуы

Санаторлы-курорттық  іс арқасында туристердің ең көп  санына ие еуропалық елдерді басып озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлорид натрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Оның қажырлы зерттеулерінің арқасында 1764 жылы судың емдік мақсатта қолданылу көлемі ұлғаяды, кейіннен тіпті гейзерлі тұз шығарылады. Дәрігер Д.Бехердің енгізген прогрессивті емдеу тәсілдері әлі  күнге дейін қолданылады.

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"