Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

Емдік балшықтардың түрлері шығу тегіне, құрамына, т.б.ерекшеліктеріне  байланысты бірнеше ортақ физикалық  қасиеттерге ие:

  • Пластичность;
  • Жылулық қасиеттері (жылуөткізгіштігі, жылу мөлшері, жылуды ұстау қабілеті);
  • Адсорбция қасиеті.

Ресейде 500-ден  астам балшықтардың шыққан орындары бар екен. ОЛардың әлем бойынша  төрттен бірі курорттарда және курорттардан тыс жағдайларда емдік мақсатта қолданылады. Шығу тегіне байланысты емдік балшықтар бірнеше топқа бөлінеді: 

  • торфты;
  • сапропельдер;
  • лайлы-сульфидті;
  • сопочный.

Балшықты шипажайлар шипалы балшықтар бар (пелоидтар) жерлерде болады. Олар буын аурулары, жүйке аурулары, гинекалогиялық және кейбір ауруларды  емдеуге осы балшықпен емдеу  жақсы нәтиже береді.  
 Климаттық шипажайлар климат сияқты әртүрлі. Негізгі түрлері: теңіз жағалаулық, климаттық – қымыз сауықтыру. Бұл жердің климаттық табиғи факторларын (температура, атмосфералық қысым, күн шуағын) сауықтыру – профилактикалық мақсатта қолданады. Континенталды климат тән орманды шипажайлар жоғарғы тыныс жолдары, астма ауруларымен ауратын амдарға шипалы, ал таулы шипажайлар алғашқы формадағы туберкулез және қан аздық ауруларына шипалы болады. Климаттың емдік-профилактикалық әсері бірнеше табиғи факторлардың есебінен анықталады: жергілікті жердің теңіз деңгейінен орналасу орны, теңізден қашықтығы, атмосфералық қысым, температура, ауа циркуляциясы мен ылғалдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлттылық, күн радиациясының интенсивтілігі және т.б. Климатотерапияның негізгі түрлеріне жатады: гелиотерапия, аэротерапия, талассотерапия. Ауа және күн ванналары, теңізге шомылу, ауада және теңіз жағасындағы ұйқы және т.б. процедуралар климаттық факторлардың адам ағзасына максималды тиімділігіне жағдай жасайды.  Климатотерапия нәтижесінде табиғи ультракүлгін сәулесінің, аэроиондардың  жетіспейтін орны толығады, терморегуляция механизмі жаттығады, ағзаның жұмысы және реактивтілігі дұрысталады, зат алмасу процесі жақсарады. 
 
 
 

50. батыс еуропаның  емдік туризмінің дамуы

Батыста басым  түскен курорттардың бiр бөлiгi Германия, Австрия және Швейцарияда орналасқан. Олар екi типте: бальнеологиялық және климаттық. Германияд, айтылған Баден-Баден және Висбаденнан басқа, біршама белгілі курорттар Шварцвальд массивінің етегінде орналасқан Баденвейлер, Вильдбад және Байерсбронн, Франкфурта-на-Майнеге жақын жердегі Бад-Хомбург и Бад-Наухайм, мемлекеттің батысындағы Ахен және т.б. Климаттық курорттардан таулы және орманды (Кведлинбург, Оберхоф,  Фюссен), лесные а также приморские (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург), сонымен қатар теңіз жағалауындағы курорттар (Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург). Немістер өздері Солтүстік теңізге қарағанда жылы жерлерде демалуды таңдаса да, бұл курорттарға келушілер саны көп. Жыл сайын Германия курорттары 1 млн-ға жуық адамдарды қабылдайды. Неміс климаттық және бальнеологиялық курорттарының профилактикалық және реабилитациялық бағдарламалары Франция, Бельгия, Люксембурк, АҚШ және Канада тұрғындары арасында сұранысқа ие.

     Австрия  өзінің курорттарның көп болуымен  мақтанады. Олардың ішіндегі танымал – Бадгастайн бальнеологиялық курорты. Зальцбург провинциясының оңтүстігінде, Гастайн өзенінің жазықтығында орналасқан. Ол радонды ыстық бұлақтардың базасында құрылған.

   Бадгастайн 1828 жылы қарқынды дами бастады  және өткен жүзжылдықта дүниежүзілік маңызға ие болды. Курортта коптеген танымал адамдар және мемлекет басшылары да болған. Қазіргі таңда Бадгастайнға туристер ағымы кеңейді. Келущілердің бір бөлігі жай демалуға келеді.

     Бальнеологиялық  және климаттық курорттармен қатар, Австрия көл маңындағы емдік-сауықтыру туризмін дамытуда. Жыл сайын Аттерзе, Мондзе, Оссиахер-Зе және Топлицзе көлдері 1 млн.ға жуық туристерді қабылдайды. Жалпы айтқанда, мемлекетке келетін туристердің 20%-дан астамы емдік мақсатпен келеді.

     Швейцария курорттар саны бойынша Германия мен Австриядан қалып қалады, алайда емдік сауықтыру туризмі бағытында олардан кем түспейді. Бірақ курорттық қызмет көрсету бұл мемлекетте тек қалталы клиенттерге қолжетімді. Себебі оның бағасы өте жоғары.

    Швейцарлықтар мен шетел қонақтарының арасында аса танымал курорттар бальнеологиялық курорттар (Баден, Бад-Рагац) және таулы климатты курорттар (Ароза, Давос, Санкт-Мориц, Церматт және т.б.). Швейцария алғашқылардың бірі болып шоппен емдей бастады. Мұнда Кран-Монтана атты ірі фитотерапиялық орталық орналасқан. Шөп қайнатпалары мен тұндырмалар ағзаның қорғаныш функцияларының жұмысын жақсартуға, артық салмақтан құтылуға, қартаю процесін баяулатуға көмектеседі. Орталықта дерматоз, зат алмасудың бұзылуын, диабет, буын ауруларын, жүйке жүйесінің бұзылуын емдейді. 
 

51. климатотерапия. Маңызды міндеттері

Климатотерапия  – адам ағзасына климат пен ауа  райы факторларының және арнайы климатопроцедуралық  әдіс-тәсілдердің жиынтығы.  Климаттың  емдік-профилактикалық әсері бірнеше табиғи факторлардың есебінен анықталады: жергілікті жердің теңіз деңгейінен орналасу орны, теңізден қашықтығы, атмосфералық қысым, температура, ауа циркуляциясы мен ылғалдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлттылық, күн радиациясының интенсивтілігі және т.б. Климатотерапияның негізгі түрлеріне жатады: гелиотерапия, аэротерапия, талассотерапия. Ауа және күн ванналары, теңізге шомылу, ауада және теңіз жағасындағы ұйқы және т.б. процедуралар климаттық факторлардың адам ағзасына максималды тиімділігіне жағдай жасайды.  Климатотерапия нәтижесінде табиғи ультракүлгін сәулесінің, аэроиондардың  жетіспейтін орны толығады, терморегуляция механизмі жаттығады, ағзаның жұмысы және реактивтілігі дұрысталады, зат алмасу процесі жақсарады. 

Климатотерапияда  қолданылады:

-климаттың өзгеруінің әсері. Климаттық аудандарды өзгертіп отыру емделушіге оң әсерін тигізеді.

-емделушіге  жағымды метеорологиялық жағдайлар. 

-арнайы климаттық  әсерлер(гипосикатор, галокамер,  т.б.)

Климат –  жергілікті жердің көпжылдық қалыптасқан  ауа райы режимі.

Климатты қалыптастырушы факторлар: күн радиациясы, атмосфера  циркуляциясы және т.б..

Күн радиациясы – Жерге электромагнитті толқын күйінде түсетін күн сәулесінің энергиясы. ОЛар Жер бетіне төмендегідей түрлде түседі:

*тура радиация;

*шашыраңқы радиация;

*жылу радиациясы,.

Күн спектрі  құрамы – инфрақызыл сәулесі, жарық, ультракүлгін сәулесі.

Жел – ауаның горизонталь бағытта жер бетіне қатысты қозғалуы.

Ылғалдылық –  су буының ауада көп мөлшерде болатын  ауа райы мен климаттың маңызды  сипаты.

Адам ағзасына әсер ететін климаттың түрлері:

*континентальды 

*теңіздік 
 

52. венгрияның  емдік туризмінің сипаттамасы

Еуропа нарығында  Чехияның басты бәсекелесі – Венгрия. Оны термальды моншалардың зонасы деп атайды. Венгрия территориясындағы  табиғи су көздері мен скважиналардан тәулігіне жарты миллион м3 термальды су шығады. Венгрия 19 ғасырда емдік мақсаттағы шомылудың еуропалық орталығы саналған. Қазір венгрлік 22 қала мен 62 поселокта ресми мойындалған емдік су көздері бар. 1998 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Венгрияға саяхаттаушы әрбір үшінші турист емдік минералды суларға барған екен. Келушілердің жартысы Германия, АҚШ, Австрия және Венгрияның өз халқы санымен-ақ толығады. Мұнда туристік ағымдар екі бағыт бойынша Будапештке және Балатон көліне қарай жүреді. Будапештің негізгі көрнекі емдік орны – Түрік империясынан(16-17 ғ.ғ.) бері келе жатқан шығыс моншалары  болып табылады. Ал Балатон көліне жыл сайын әлемнен 100000 турист емдік мақсатта келеді.

Қарапайым термалды сулар Будапеште және Залатокароше курорттарында қолданылады. Көмірқышқылды сулар Хевиз и Балатонфюред курорттарында, Сілтілі сулар Дьюль,  Балфе, Прарадта, Хлорды сулар Хайдусобосло, Черкесоло, Эгере, Парад курортты зоналарында пайдаланылады.  
 

53. минералды  сулардың маңызы және олардың  географиясы

Емдік минералды  сулар құрамы адам ағзасында болатын  барлық заттарды қамтиды. Сондықтан  да олардың негізгі емдік қызметі - бұзылған тепе-теңдікті орнына келтіру.  Кәдімгі минералды  сулардың химиялық құрамы белгілі және оларды лабораториялық жағдайда пайдалануға толық болады, бірақ емдік қасиеті болуы үшін емдік табиғи минералды суларды қолданады.

Курорттардың  негізгі емдік факторы дәстүрлі түрде іштей және сырттай пайдаланылатын, сонымен қатар емдік көрсеткіштердің  кең спектріне ие минералды сулар  болып табылады. Минералды емдік сулар дегеніміз – құрамында жоғары концентрациялы әр түрлі минералды компоненттері немесе спецификалық физикалық қасиеттері(жоғары температура, радиоактивтілік және т.б.) арқылы адам ағзасына емдік әсері болатын сулар. Оның іштей немесе сырттай пайдаланылуы судың физикалық және химилық құрамына байланысты анықталады. Минералды сулардың дұрыс және жан-жақты бағасын беру үшін барлық негізгі физико-химиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Минералды сулардағы  компоненттер -  диссоциацияланбаған молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.

Минералды емдік  сулардың пайда болу процесі өте  күрделі және әзірге жеткіліксіз  зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың генезисін сипаттағанда жерасты суының шығу тегін, ондағы газдар мен ионды-тұзды құрамының пайда болуын ескереді.

Қазіргі таңда  емдік сулардың құрамының басты  ерекшеліктері келесідей(және оны  бағалаудың негізі, бөлімдері және белгілері):

1) газды құрамы;

2) қаныққан газ  деңгейі; 

3) ионды құрамы;

4) жалпы минерализациясы; 

5) биологически- активті микрокомпоненттерінің  болуы; 

6) температура; 

7) радиоактивтілік

8) қышқылдық-сілтілігі.

Табиғи емдік  сулар басты фактор ретінде қолданылатын курорттар бальнеологиялық деп аталады. Сулар сырттай да(ванналар, бассейндер т.б.), іштей де(ішу, ингаляция, шаю т.б.) пайдаланылады.  

Емдік минералды  сумен емдейтін бальнеологиялық курорттар:

-Аршан – Бурятиядағы  бальнеологиялық курорт.

-Белокуриха  – Алтай аймағындағы бальнеологиялық курорт.

-Дарасун –  Читин облысындағы бальнеологиялық  курорт.

-Кавказ минералды сулары – Пятигорск, Железногорск, Кисловодск, Ессентукки сынды курорттардан құралған Ставрополь облысындағы курорттық зона.

Украина курорттары:

-Феодосия – Қырымдағы климат—бальнео-балшықтық курорт.

-Трускавец – Украинаның Львовская облысындағы бальнеологиялық курорт.

-Одессалық курорттар тобы - Куяльник, Хаджибен, Аркадия курорттарынан құралған климато-бальнео-балшықтық курорт зонасы.

-Евпатория –  Климато-бальнео-балшықтық курорт.

Германиядағы  танымал бальнеологиялық курорттар - Вангероге, Даме, Травемюнде, Хайлигенхафен, Фленсбург, Баден-Баден.

Чехияда – Карловы  Вары, Теплице, Яхимов.  

54. словакияның  емдік туризм сипаттамасы

Словакияда 1300 минералды  және термальды су көздері тіркелген. Сонымен қатар, емдік сулардан басқа бұл елде емдік балшықтар мен таза климат та курорт шаруашылығының негізгі факторлары болып отыр. 1300 Словакияның емдік курорттары бальнеологиялық, климаттық және аралас болып бөлінеді. Бальнеологиялық курорттарға Бойнице, Брусно, Дудинце, Лучки, Пьештяни, Склене Теплице, Слиач, Смрдаки, Тренчианске Теплице, Турчианске Теплице жатса, климаттық курорттарға Биік Татра тауларындағы Штрбске-Плесо, Новый Смоковец, Татранске Матляре, Штос курорттары жатады. Курорттардың аралас типі - Ружбахи, Бардеевске Купели, Нимница, Раецке Теплице, Чиж курорттары жатады. Словакия курорттарының артықшылығы – жоғарғы сапалы қызметке қолжетімді төмен бағаларының болуы, сонымен бірге психологиялық ортаның да жақсы болуы. Термальды су көздерінің саны бойынша Еуропадағы ең бай елге жатады. Термальды жағажайлар Бешеньова  және Липтовский Ян селоларында, ал жылы және көмірқышқылды минералды сулар Бешеньова, Ликава, Квачаны, Жяр, Прибилина, Заважна-Поруба, Липтовский Ян жерлерінде табылған.  
 
 

55. шипалы балшықтар  және түрлері. Қазақстанның балшық  ресурстары

Емдік балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды және органикалық  заттардан тұратын, біркелкі жұқадисперсті  пластикалық масса түріндегі  балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі су қоймаларының қалдықтары, балшықты вулкандардың атылуынан болған табиғи балшықтар. Емдеуде балшықтар жылытылған түрде қолданылады. Емдік балшықтардың пайда болуында минералды бөліктер, органикалық заттар(жануар және өсімдік қалдықтары), органикалық және бейорганикалық құрамның коллоидты бөліктері және су материал ретінде қызмет етеді. Биохимиялық процесс нәтижесінде шығатын бұл емдік балшықтар биогенді компоненттермен(көміртегі, азот, күкірт, темір т.б. қосылыстар) толығады. Емдік балшықтардың құрылымы балшық ерітіндісінен, балшық қышқылынан және коллоидты кешеннен тұратын күрделі физико-химиялық жүйені құрайды.

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"