Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

40. грузия мемлекетінің  емдік туризм дамуының жағдайы

Грузияның емдік  туризмінің негізгі факторлары –  Қара теңіз жағалауының таза ауасы, термалды су көздері мен емдік  балшықтар, жағажайлар. Сакартвело, Боржоми, Саирме, Набеглаве, Уцера, Бахмаро, Ахтала курорттары кеңес дәуірінен бері тынбай жұмыс істеп келеді. Грузияның кішкене ғана территориясында 340 курорттық орындар бар. Минералды су көздерінің өзі 2000-нан асады, сонымен қатар олардң ғылымда белгілі барлық түрі кездеседі: көмірқышқылды, сульфидті, радонды, азотты, азотты, күкіртті және т.б. Бұған қоса  таза тау ауасы, жазғы қоңыржай температура, таза ультракүлгін , әсем ландшафттарды да айта кету керек. Грузиялық курорттар бальнеологиялық, бальнеоклиматтық, таулыклиматтық және биіктаулы курорттар болып бөлінеді. Батуми курорты - теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте орналасқан теңіз және тау ауасын емдік фактор ретінде қолданатын курорт. Боржоми-Харагаули қорығындағы Нуниси курорты 27-28 градустық температурадағы минералды су көзі бар курорт. Аңызға сүйенсек, мұнда Гера патшайым шомылып, жасарып отырған деседі. Емдік тәсілдері – бальнеотерапия және минералды ванналар. Әсіресе псориаз, экзема сияқты тері ауруларына бірден-бір ем.

Грузияның баьнеоклиматтық  курорттары – Боржоми, Уцера, Саирме – теңіз деңгейінен 700-1000 метрде орналасқан. Бұл жерлердің ерекше емдік факторлары тек минералды улар ғана емес, сонымен бірге микроклимат. Емделу көрсеткіштері өте кең сипат алған: гинекологиялық, асқорыту, бүйрек, қуық жолдары, өкпе аурулары. 1000-1500 метр биіктікте таулыклиматты Кикет, Коджори, Цагвери, Джама курорттары бар. Ал 1600-2000 метр биіктікте биіктаулы курорттар Шови, Бахмаро, Бакуриани орналасқан. Грузиядағы курорттарда бірапталық емделу орта есеппен 400 долларға түседі.  

41. Чехияның емдік туризмінің даму жағдайы

Санаторлы-курорттық  іс арқасында туристердің ең көп санына ие еуропалық елдерді басып озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлорид натрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Оның қажырлы зерттеулерінің арқасында 1764 жылы судың емдік мақсатта қолданылу көлемі ұлғаяды, кейіннен тіпті гейзерлі тұз шығарылады. Дәрігер Д.Бехердің енгізген прогрессивті емдеу тәсілдері әлі  күнге дейін қолданылады.

Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген. Курортқа емделуге келетін туристердің басым  көпшілігі Германия мен Ресейден келеді. 

Карловы Варымен қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.

Чех курорттарында  медициналық ем орындарымен қатар  театр сахналары, галерея мен  көрме залдары, би кафелері, ойын залдары, түнгі клубтар қызмет жасайды. Курорттарында  белсенді демалыс мүмкіндіктері  дамыған – гольф, теннис, жүзу, яхтинг, ат үсті жүріс, каратэ, жаяу және велосипед серуендері ұйымдастырылады. Сонымен бірге, Карловы Варыда жыл сайын дәстүрлі түрде толықметражды фильмдердің Халықаралық фестивалі өткізіліп тұрады.

Чехияның танымал  курорттары(емдік көрсеткіштері)

Бехине –  тірек – қимыл аппараты аурулары; 
Блудов – балалар мен жасөспірімдердің метаболизмінің нашарлауы, тыныс жолдары аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары;  
Дарков – Карвина  – тірек-қимыл аппараты аурулары, жүйке жүйесі аурулары, тері аурулары;

 Франтишковы Лазне  – қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, тері аурулары, гинекологиялық аурулар;  
Яхимов(kарта) –  тірек-қимыл, периферийлі жүйке жүйесі, зат алмасу процесі, тері, орталық жүйке жүйесі, остеопороз аурулары;  
Янске Лазне  – онкологиялық аурулар;  
Есеник  – релаксационды-қалпуна келтіретін және сауықтыру бағдарламары бойынша жұмыс жасайды.  
Карловы Вары  – қанайналым жүйесі аурулары, асқорыту жүйесі аурулары, зат алмасу процесінің бұзылуы, ішкі секрецияның темір алмасуының бұзылуы, тыныс алу жолдары аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары.

Подебрады  – қанайналым жүйесі аурулары, тірек-қимыл жүйесі аурулары;

Теплице-над-Бечвоу  – қанайналым жүйесі аурулары, зат алмасу професінінң бұзылуына байланысты туындайтын аурулар; Велиховки   жүйке жүйесі аурулары, тірек-қимыл аппараты аурулары. 

42. батыс елдерінің  емдік туризмі

Ескі дүние, яғни Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар Батыс Еуропада орналасқан. Еуропа курорттық істің бай дәстүріне ие, мұнда емдік климаттық ресурстардың кең спектрі жайғасқан, науқастарға профилактикалық, емдеу және реабилитацияның заманға сай әдістерін пайдаланады.

Санаторлы-курорттық  іс арқасында туристердің ең көп  санына ие еуропалық елдерді басып  озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан  – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлориднатрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген.

Карловы Варымен қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.

Еуропадағы Чехияның басты бәсекелесі – Венгрия. Оны «термалды моншалардың зонасы» деп те атайды. Мұндағы емдік туристік ағымдар 2 бағыт бойынша – Будапешт және Болотон көліне жүреді. Венгрлік 22 қала мен 62 поселокта ресми мойындалған емдік су көздері бар.

Емдік-сауықтыру туризмі нарығында Польша бальнеологиялық және климаттық курорттарымен атақты. Басты теңіздік бальнеол.және бальнеобалш.курорттары – Свиноусьце, Камень-Поморски, Колобжег(Балтық теңізі жағалауында).

Батыс Еуропадағы әлемдік маңызы бар атақты курорттар – Германияда- Баден-Баден, Висбаден, Баденвейлер, Вильдбад, Байерсбронн, Ахен; Францияда – Виши, Ницца, Биарицце; Ұлыбританияда – Бат; Бельгияда – Спа, т.б.

Австриядағы ең танымал бальнеологиялық курорттық  аудан – Бадгастайн. Ол Зальцбург  елдімекенінің батысында Гастайн өзені бойында орналасқан. Медициналық статистикаға  сүйенсек, Бадагастайнда емделетін туристердің 70 пайызы жазылып шығады екен.

Оңстүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін  ел – Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе Эмилья-Романья аймағында және Искья аралында бальнеолгиялық курорттар орын тепкен. Онда минералды термальды сулармен қатар, емдік балшықтар да бар.   

43. емдік денешынықтыру

Емдік дене шынықтыру (ЛФК) — өзінің денсаулығын физикалық  жаттығулар жасау арқылы профилактика өткізу. Бұл термин арқылы дене шынықтыру дан басқа да жаттығуларды айтуға болады.Бұл қиын операциядан кейінгі демалу гимнастикасы,гипс ауыстырудан кейінгі қозғалу жаттығулары.

Емдік дене шынықтыру  формалары:

Таңғы гимнастика

Емдің гимнастика

Жаяу жүріс

Емдік жүзу

Гидрокинезатерапия

Механотерапия

Туризм

Терренкур

Тренажерларда жаттығу жасау

Қандай жағдайларда  қолданады:

Жүрек қантамыр ауруларында,демалу органдарының аурударында,асқазан  ауруларында,кеуде клеткасына операция жасағаннан  кейін

Жүкті әйелдерге  арналған дене шынықтыру. 
 

44. емдік-курорттардың  географиялық байлықтары

Емдік курорттардың географиялық байлықтары олардың табиғи емдік ресурстарымен сипатталады. Курорттардың географиялық орналасуы  міндетті түрде курорттық факторлар  мен ресурстарға байланысты болады. Курорттардың өзі де пайдаланатын ресурстарына байланысты бальнеологиялық, климаттық, балшықтық және аралас болып бөлінеді. 

Емдік бальнеологиялық  курорттардың курорттардың негізгі  географиялық байлықтары – минералды  сулар.   Минералды емдік сулар дегеніміз – құрамында жоғары концентрациялы әр түрлі минералды компоненттері немесе спецификалық физикалық қасиеттері(жоғары температура, радиоактивтілік және т.б.) арқылы адам ағзасына емдік әсері болатын сулар. Оның іштей немесе сырттай пайдаланылуы судың физикалық және химилық құрамына байланысты анықталады. Минералды сулардың дұрыс және жан-жақты бағасын беру үшін барлық негізгі физико-химиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Минералды сулардағы  компоненттер -  диссоциацияланбаған  молекулалардың, коллоидты бөліктердің және еріген газдардың иондары түріндегі күрделі ерітінділер. Минералды сулардың құрамындағы кез-келген элемент адам ағзасында да кездеседі, яғни сулармен емдеудің басты мақсаты – ағзадағы зақымдалған тепе-теңдіктің орнын толдыру. Жай минералды сулардың химиялық құрамы белгілі, бірақ олардың емдік қасиеті табиғи сулардың деңгейінен әлдеқайда төмен.

Минералды емдік  сулардың пайда болу процесі өте  күрделі және әзірге жеткіліксіз  зерттелген. Сондықтан да бұл сулардың генезисін сипаттағанда жерасты суының шығу тегін, ондағы газдар мен ионды-тұзды құрамының пайда болуын ескереді.

Курортология  ғылымындағы емдік минералды  сулардың негізгі сипаттайтын көрсеткіштері  төмендегідей:

  • газдық құрамы;
  • газға қанығу дәрежесі;
  • ионды құрамы;
  • жалпы минерализациясы;
  • биологиялық белсенді микрокомпоненттерінің құрамы;
  • температура;
  • радиоактивтілік;
  • қышқылдылық;
  • сілтілік.

Емдік климаттық  курорттардың негізгі географиялық байлығы – күн сәулесі, инфрақызыл, ультракүлгін сәулелері, жел, ылғалдылық, атмосфералық жауын-шашын, т.б.  Климатотерапия – адам ағзасына климат пен ауа райы факторларының және арнайы климатопроцедуралық әдіс-тәсілдердің жиынтығы.  Климаттың емдік-профилактикалық әсері бірнеше табиғи факторлардың есебінен анықталады: жергілікті жердің теңіз деңгейінен орналасу орны, теңізден қашықтығы, атмосфералық қысым, температура, ауа циркуляциясы мен ылғалдығы, жауын-шашын мөлшері, бұлттылық, күн радиациясының интенсивтілігі және т.б. Климатотерапияның негізгі түрлеріне жатады: гелиотерапия, аэротерапия, талассотерапия. Ауа және күн ванналары, теңізге шомылу, ауада және теңіз жағасындағы ұйқы және т.б. процедуралар климаттық факторлардың адам ағзасына максималды тиімділігіне жағдай жасайды.  Климатотерапия нәтижесінде табиғи ультракүлгін сәулесінің, аэроиондардың  жетіспейтін орны толығады, терморегуляция механизмі жаттығады, ағзаның жұмысы және реактивтілігі дұрысталады, зат алмасу процесі жақсарады. 

Емдік балшықтық  курорттардың географиялық байлығы  – емдік балшықтар (пелоидтар). Емдік  балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды және органикалық заттардан тұратын, біркелкі жұқадисперсті пластикалық масса түріндегі балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі су қоймаларының қалдықтары, балшықты вулкандардың атылуынан болған табиғи балшықтар. Емдеуде балшықтар жылытылған түрде қолданылады. Емдік балшықтардың пайда болуында минералды бөліктер, органикалық заттар(жануар және өсімдік қалдықтары), органикалық және бейорганикалық құрамның коллоидты бөліктері және су материал ретінде қызмет етеді. Биохимиялық процесс нәтижесінде шығатын бұл емдік балшықтар биогенді компоненттермен(көміртегі, азот, күкірт, темір т.б. қосылыстар) толығады. Емдік балшықтардың құрылымы балшық ерітіндісінен, балшық қышқылынан және коллоидты кешеннен тұратын күрделі физико-химиялық жүйені құрайды.  

45. шымтезек және  сазбалшық ем әдістері

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"