Шпаргалка по "Лечебному туризму"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:00, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Лечебный туризм".

Содержимое работы - 1 файл

Емдік туризм 100 балл.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

Гелиотерапияның емдік әсерлері: пигменттеуші, дәруменмен толықтырушы, иммунитет қалыптастырушы, катаболизмдік, т.б.

Күн ванналарын қабылдау үшін емделушілер таза ауада күн астында жартылай немесе толығымен ашық денемен жатады. Олардың бастары көлеңкеде болуы, ал көздерінде көзілдірік болуы тиіс. Жалпы ванналарда емделушінің барлық денесін сәулелендіреді, ал жергілікті ванналарда дененің белгілі бір бөлігін ғана. Кейде маусым мен ауа райына байланысты күн ванналарын арнайы солярийлерде, ашық алаңдарда, жағажайларда, жабық аэросолярийлерде, климатобөлмелерде, т.б. өткізеді.    

28. Санаторлы-шипажайлы кәсіпорындар.

Емдік туризмдегі кәсіпкерлік қызмет әр түрлі санаторлы-курорттық ұйымдар іске асырады. Оларға курорт территориясында немесе оның сыртындағы табиғи емдік ресурстарды пайдалана отырып, емдік және сауықтыру ісімен айналысатын кәсіпорындар,  мекемелер, меншіктің кез келген формасындағы ұйымдар жатады. Санаторлы-курортты ұйымдардың негізгі типтеріне көптеген емдік-профилактикалық орындар жатады: санаторийлер, емдік пансионаттар, курорт емханалары, емдік жағажайлар, минералды су галереялары мен бюветтері, ванналы орындар, радонды емдік орындар, солярий, аэрарий және емдік жүзу бассейндері, т.б. жатады. Климаттық курорттарда сонымен қатар демалыс орындары, турбазалар, пансионаттар мен кемпингтер де жатады.

Санаторий –  арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында табиғи емдік және жасанды факторлармен, емдік  дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен емдеуге, профилактиға және медициналық реабилитацияға бағытталған емдік-профилактикалық мекеме.   

Санаторий-профилакторий  – реабилитация мен профилактика үшін өнідірістен бөлінбей, санаторлы  кәсіпорын ішінен құрылатын санаторий.

Тұрақты медициналық  бақылауды қажет етпейтін емделушілер  курорттық емханалар мен емдік  пансионаттарда амбулаторлы-курстық  емделуге бағытталады.

Курорт емханасы – ірі курорттық қалаларда  ұйымдастырылатын емханалық медициналық  көмек көрсететін және науқастарды курорттарға бағыттайтын емдеу мекемесі.

Пансионат –  емдеумен қатар демалысқа арналған мекеме. Барлық пансионаттарда демалушыларға  орналасу орны мен тамақтану ұсынылады. Онда демалушылар амбулаторлы ем алады.

Демалыс үйі  – арнайы медициналық күтімді қажет етпейтін тұлғаларға арналған профилактикалық мекеме.

Турбазалар туризмнің  белсенді түрімен айналысуға келген дені сау туристердің демалуына  арналған орын.  

29. Балшықтар. Классификациясы. Қолданатын әдістері

Емдік балшықтар(пелоидтар) – судан, минералды және органикалық заттардан тұратын, біркелкі жұқадисперсті пластикалық масса түріндегі балшықтардың торфты бөлінділері, түрлі су қоймаларының қалдықтары, балшықты вулкандардың атылуынан болған табиғи балшықтар. Емдеуде балшықтар жылытылған түрде қолданылады. Емдік балшықтардың пайда болуында минералды бөліктер, органикалық заттар(жануар және өсімдік қалдықтары), органикалық және бейорганикалық құрамның коллоидты бөліктері және су материал ретінде қызмет етеді. Биохимиялық процесс нәтижесінде шығатын бұл емдік балшықтар биогенді компоненттермен(көміртегі, азот, күкірт, темір т.б. қосылыстар) толығады. Емдік балшықтардың құрылымы балшық ерітіндісінен, балшық қышқылынан және коллоидты кешеннен тұратын күрделі физико-химиялық жүйені құрайды.

Емдік балшықтардың түрлері шығу тегіне, құрамына, т.б.ерекшеліктеріне  байланысты бірнеше ортақ физикалық  қасиеттерге ие:

  • Пластичность;
  • Жылулық қасиеттері (жылуөткізгіштігі, жылу мөлшері, жылуды ұстау қабілеті);
  • Адсорбция қасиеті.

Ресейде 500-ден  астам балшықтардың шыққан орындары бар екен. ОЛардың әлем бойынша төрттен бірі курорттарда және курорттардан тыс жағдайларда емдік мақсатта қолданылады. Шығу тегіне байланысты емдік балшықтар бірнеше топқа бөлінеді: 

  • торфты;
  • сапропельдер;
  • лайлы-сульфидті;
  • сопочный.

Емдік балшықтарды  емдік мақсатта қолдану тәсілдері:

-балшық аппликациясы  – балшықты белгілі бір қалыңдықта дененің ауру жерлеріне жағу арқылы жасалатын балшықпен емдеудің тәсілі.

-балшық ванналарын  қабылдау тәсілі– балшықты минералды  немесе таза сумен араластырып, емделушіні ваннаға жатқызу арқылы болады.

-балшықпен ысу  тәсілінде 38-40градус температурада  жылытылған балшықты емделуші  денесінің ауру жерлеріне щеткамен  ысады.

-балшықты фонотерапия  – емдік балшық пен ультрадыбыстың  үйлесімдігі арқылы емдеу тәсілі. 

30. Бальнеотерапияның маңызды ем әдістері.

Бальнеотерапия(латын тілінен balneum – ванна, шомылу, грек тілінен therapeia - емделу) – табиғи немес жасанды минералды суларды емдік және профилактикалық мақсатта қолдану.

Курорттарда бальнеотерапиялық емнің кеңінен тараған түрі жалпы(немес жеке) ванналар қабылдау. Көбіне бұл ванналарға ағзаның жүйелік аурулары және жүйке жүйесі ауруларымен, тірек-қимыл жүйесі, асқорыту мүшесі ауруларымен, бүйрек, тері ауруларымен, зат алмасу процесі бұзылған емделушілер түседі.

2-4 камералық  ванналар түріндегі бальнеотерапия  сульфидті және радонды минералды  суларды қолданумен өткізіледі. Бұл жалпы ванналарға қарағанда  адамдарға өте жеңіл тиеді.

Контарсты ванна (әр түрлі температурадағы суларды  кезекпен қолдану) гемодинамиканың, варикоз, язва, тері аурулары және нейроциркуляциялы дистония жақсаруы мақсатында қолданылады.

Сульфид суымен душ-массаж – тірек-қимыл аппаратының, перифериялық жүйке жүйесі және семіздікке қарсы бальнеотерапия түрі.

Су асты душ-массажы  – жалпы ванна факторларымен қоса механикалық және термиялық факторларының науқасқа бірге әсер етуімен сипаталатын ем әдісі.

Емдік бассейндер (сульфидті, радонды, хлоридті-натрийлі, т.б. минералды сулар және теңіз  суы) әдетте емдік гимнастика мен  дене шынықтыру үшін қолданылады.

Талассотерапия  – теңіз суының минерализациясын, қасиетін емдік мақсатта шомылу арқылы пайдалану. 

31. Талассотерапия. Ем әдістері

 Талассотерапи́я  — (греч. thalassa — теңіз; therapia —  лечение) - клиникалық медецинаның теңіз климаты, суын, балдырларды, теңіз балшықтарын  зерттеп және   адам организмін әсерін бақылайтын сала түрі.Талассотерапия терминін 1867 жылы Атлант мұхитының Бискай шығанағындағы  Аркашон қаласынын шыққан Ла Боннардьер (La Bonnardière) енгізген болатын. Талассотерапия қазіргі кезде әлемнің әйгілі курорттарының емдеу саласындағы басты орындардың бірін алады. Талассотерапия — бұл тек су ваннасын қабылдау емес:ол әр түрлі факторларды біріктіріп ,яғни климатты ,теңіз суының ,балдырлардың, лиманды шөгінділердің және теңіз тағамдарынаң бірдей әсер етуі. Талассотерапияның  кең сангенетикалық спектрі бар:асқынған ауруларды емдеу мен жай профилактика үшін де пайдалануға болады.

Таласстотерапияның  дами бастау шағында  “толқын қуаты” атты процедуралары бар емдік  орындар сұранысқа көп ие болатын.Жағаға соғылуы арқылы толқындар ауаны теріс иондармен байытытын.Денсаулығы нашар емделушілерге суға түсу тыйым салынған болатын.Осыған байланысты жаға бойында серуендеу керек болды.Бұл процедура променад деп аталатын. Жүрек тамыр ауруларын, қимылдатқыш аппартты ауру адамдар мұндай шипажайларға көп келеді. Жүргізілген медециналық зерттеулер кейбір аурулардың осы шипажайларда емделгеннен кейін жақсы нәтижелерге жеткенін көрсеткен. 

32. Бальнеотерапияның даму тарихы.

Бальнеотерапия (лат. balneum – монша, суға түсу және грек. therapeіa – емдеу) – курорттық және курорттан тыс емдік - профилактикалық мекемелерде әр түрлі ауруларды табиғи және жасанды жолмен дайындалған минералды сумен емдеу. Минералды сумен емдеу ішкі (ішу арқылы), сыртқы (жалпы ванна суына шомылу) ем үшін пайдаланылады. Минералдық сулар сонымен бірге ауызды шаю, ингаляция жасау, асқазан мен ішекті шайып тазарту, т.б. үшін де пайдаланылады. Минералдық сулардың құрамында көмірқышқыл газдың, күкіртті сутектің, азоттың, тез ыдырайтын радиоактивті заттардың (радонның) болуы оларға емдік әсер береді. Олардың температуралық, механикалық факторларының мәні зор. Минералды ванналар алдымен жүрек - қан тамыр және жүйке жүйесіне әсер етіп, олардың жұмысын реттейді, организмдегі зат алмасу процесі мен ішкі секреция бездері жұмысының қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Жалпы және жергілікті минералды ванналарды жүрек - қан тамыр, тірек-қимыл аппараты (буын, сіңір, бұлшық ет), жүйке жүйесі, сондай-ақ гинекологиялық ауруларды емдеуге пайдаланылады. Минералды сумен шаю мұрын - жұтқыншақ, жоғары тыныс алу жолдары ауруларына, шайып тазалау мен клизма – ішек ауруларына қолданылады. Минералды суды ішкенде ауыз қуысындағы, асқазандағы рецепторларға әсер етіп, асқазан ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді. Сондай-ақ минералды су ішу өт жолдарының қызметін дұрыстайды, соның нәтижесінде зат алмасу процесі жақсарады. Минералды сумен емдеуді дәрігер белгілейді және оның бақылауымен жүргізіледі. Бальнеотерапиямен тромбоз және эмболияны, церебральді криздерді, қатерлі ісіктерді, глаукоманы, т.б. ауруларды емдемейді. Қазақстанда Минералды сумен емдейтін “Алмаарасан”, “Ақжайық”, “Қапаларасан”, “Жаңақорған”, “Көктем”, “Мерке”, “Мойылды”, т.б. курорт, санаторийлер жұмыс істейді. Ваннаның емдік әсері су температурасына байланысты. Су мен дене температураларының айырмашыльіғы неғұрлым алшақ болса, ванна соғұрлым күшті әсер етеді. Ваннаға түскенде су температурасын өзгертіп пайдалану, міне, осыған негізделген. Суық (тепмературасы 20оС дейін) және қоңыр-салқын (температурасы 20—33 СС) ванналардың сергітетін, жылысы (температурасы 37—390С) жаныңды жай таптыратын, ыстық (температура 40—420С )ваннаның — терлететін әсері бар. Аурудың сипатыла қарай вайнаға дене ні тұтас батыруға да (жүректен жоғары жағын ашық қалды ры іі) , тек аяққолды малуға да, не белуардан тусуге де болады. Салқын жиі тиетін адамдардың оргализмін тынықтыру мақсатында құбылмалы ванна қолданған тиімді. Ол үшін бір шелекке не дегенге ыстық су (температура 40— 420С), екіншісіне салқын су (температура 10—120С) құяды да, 10 минуттай аяқты біресе ыстық (1—2 минут), біресе салқын (15—20 секунд) суға кезек батырады; ең соңында аяқты салқын судан шығарады. Қуық қабынып ауырғанда, жыныс мүшелері сырқатқа ұшырағанда, геморрой және басқа да ауруларға іпалдыққанда отыратын ванна тағайындал ады. Ол үшін шұңғыл дегенге жылы су құйыл, оны орындыңқ а қояды да, ауру адам соған отырады, ал аяғын жылы су құйылған басқа дегенге салады. Мұндай ваннаны қабылдау ұзақтығы 20—30 минут, егер су ыстықтау болса —10—15 минут, салқындау болса 5—10 минут. 

33. Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің дамуы

Ескі дүние, яғни Еуропадағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі аудандары Орталық және Шығыс Еуропада, сонымен қатар  Батыс Еуропада орналасқан. Еуропа курорттық істің бай дәстүріне  ие, мұнда емдік климаттық ресурстардың кең спектрі жайғасқан, науқастарға профилактикалық, емдеу және реабилитацияның заманға сай әдістерін пайдаланады.

Санаторлы-курорттық  іс арқасында туристердің ең көп  санына ие еуропалық елдерді басып  озушы ел – Чехия. Елдегі орасан зор және атақты курорттық аудан – Карловы Вары. Чехияның ұлттық туристік әкімшілігінің статистикасы бойынша мұнда 70 елден 50000 жуық турист және 2 млн экскурсант келеді. Аңыз бойынша, бұл аймақтағы алғашқы емдік су көзін ашқан Карл ІV болыпты. Қазіргі таңда минералды су көздерінің жалпы саны – 12. Ең күштісі – «Вржидлод» - минутына 2000 литр ыстық су атқылайтын гейзер. Карловарлық минералды сулар химиялық құрамы бойынша бикарбонат-күкіртті-хлориднатрийлі болып саналады. Курорттағы емдік сулардың кешенді ғылыми анализін дәрігер Д.Бехер жүргізген. Бұл курортта атақты Петр І, Карл Маркс, Бетховен, Гончаров, Зигмунд Фрейд емделген.

Карловы Варымен  қатар, Чехиядағы ежелгі курорттық  аудан Теплице - әлемдегі ең алғашқы  ашылған радонды санаторлы курорт. Яхимов, Марианске-Лазне, Франтишкови-Лазне, Лугачовице, Янске-Лазне курорттары да елдің туризм нарығында үлкен орын алып отырған курорттар.

Еуропадағы Чехияның басты бәсекелесі – Венгрия. Оны  «термалды моншалардың зонасы»  деп те атайды. Мұндағы емдік туристік ағымдар 2 бағыт бойынша – Будапешт және Болотон көліне жүреді. Венгрлік 22 қала мен 62 поселокта ресми мойындалған емдік су көздері бар.

Емдік-сауықтыру  туризмі нарығында Польша бальнеологиялық  және климаттық курорттарымен атақты. Басты теңіздік бальнеол.және бальнеобалш.курорттары – Свиноусьце, Камень-Поморски, Колобжег(Балтық теңізі жағалауында).

Батыс Еуропадағы әлемдік маңызы бар атақты курорттар  – Германияда- Баден-Баден, Висбаден, Баденвейлер, Вильдбад, Байерсбронн, Ахен; Францияда – Виши, Ницца, Биарицце; Ұлыбританияда – Бат; Бельгияда – Спа, т.б.

Австриядағы ең танымал бальнеологиялық курорттық  аудан – Бадгастайн. Ол Зальцбург  елдімекенінің батысында Гастайн  өзені бойында орналасқан. Медициналық  статистикаға  сүйенсек, Бадагастайнда емделетін туристердің 70 пайызы жазылып шығады екен.

Оңстүстік Еуропада емдік туризм нарығында жарқын көрінетін  ел – Италия. Елдің солтүстік-шығысында, әсіресе Эмилья-Романья аймағында  және Искья аралында бальнеолгиялық курорттар орын тепкен. Онда минералды  термальды сулармен қатар, емдік балшықтар да бар.   

Информация о работе Шпаргалка по "Лечебному туризму"