Экономика природопользования

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:29, лекция

Краткое описание

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.

Содержимое работы - 1 файл

табиғатты пайдалану экономикасы.doc

— 250.50 Кб (Скачать файл)

Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші - табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ, бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи куштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресур­сы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды - табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бүл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық ба-ғалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т,б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.

Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

1) ұлттық байлықты есептеу;

2) табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

3) ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

4) өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік қүнын, бағасын дұрыс есептеу;

5) табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;

6) жеке экономикалық аймақтардың экономикалык мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

7)  табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;

8) жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

9)  арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

10) табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жумыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері - табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері - табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері - табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдала­нады.

Егер бүрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қат-настарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалык, қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік және жергілікті салық, қаржы-несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мұдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада - табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау.  Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы - оның халық шаруашылық құңдылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ныталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға оның калыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі : шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жумсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның қүндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г. Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге, үқсатуға, пайдалануға жүмсалған еңбек шығындарымен анықтауды үсынған.Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну қүндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, са­пасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз еepeк. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну қүндылығының әр түрлілілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Түтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жер сапалы жерге қарағанда көп шығын жүмсалады (тыңаңту, тегістеу, т.б. жү-мыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындык, қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.

Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымша диффөреіщиалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресуртарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т,б.

Қазіргі қолданып жүрген әдістемелер бойынша дифференциалдық рента шамасы табиғат ресурстарынан алынған өнімнің құнынан өнімге жұмсалатын жеке нормалы шығындарды және нормалы пайда ша­масын шегеру арқылы анықталады. Өнімнің құны арнайы есептелетін шеткі (жоғары) шығын негізінде, (кадастрлық бағамен) анықталады. Шеткі шығын өнімге жүмсалатын қоғамдық қажетті шығынның шеті болып табылады.

Ренталық қағидаға сәйкес табиғат ресурстарының экономикалық бағасы (Р) мына формуламен есеп-теледі:

Р = (Z - S) В,

 

мұнда: Z-  өнімге жұмсалатын шеткі (жоғары) шығын немесе шеткі шығынмен есептелген өнімнің құны (бағасы);

S - табиғат ресурстарынан алынатын өнімге жұмсалатын дербес шығын;

В - уақыт факторын ескеріп, Z, S, шамаларының өзгерісін есептейтін дисконттау ко­эффициенті, нәтижелердің, шығындардың өзгерісін (құнсыздануын) есептеуге қолданылатын коэффициент. 

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау.

Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдапану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады.

Өз кезегінде абсолюттік экономикалық бағалау ағымдағы және узақ мерзімдік экономикалық бағалаулар болып бөлінеді. Алғашқысы бір жылдық көрсеткіштер бойынша анықталады, табиғат ресурстарын пайдаланудың жылдық тиімі (жылдық дифференциалдық рента) есептеледі, Соңғысы табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер - ренталар жиынтығы болып табылады,

Ұзақ мөрзімдік экономикалық бағалау - жылдық ренталардың дисконтталған қосындысы. Бірнеше жылдағы тиімдерді (шығындарды) қосу оларды «Капиталдандыру» болып табылады. Мысалы, жылдық

арендалық төлемдерді орташа процент өсіміне бөлу арқылы жердің сатылу бағасын анықтауға болады, яғни арендалық төлем капиталға айналдырылған жердің жылдық проценттік өсімі ретінде қарастырылады. Өндіріске жүмсалған қаржы (қор) К  бір жылда Е  тиім әкеледі дейтін болсақ және оны тағы да өндіріске жумсайтын болсақ, бірінші жылдың соңында КЕ тиім аламыз. Барлық өндіріске жумсалатын қаржы К+ЕК, яғни К(1+Е) болады. Екінші жылдың аяғында ол К(1+Е)(1+Е), яғни К(1+Е)2 дейін өседі, t жылдың аяғында К(1+Е)t, болады. Бастапқы к = (1+Е) шамасына жылғы К(1+Е) тең болады. Сонымен t жылғы шаманы алғашқы шамаға теңеу үшін оны  (1+Е)t шамасына бөлуіміз керек.

 

№8. Табиғатты пайдаланғаны үшін алынатын салықтың және төлемдердің мөлшерін анықтау әдістері.

 

Нарық қатынастарына негізделген экономиканың иегізін тауар айналымы құрайды. Бұл жағдайда қоғамдық қарым-қатынасқа қатысатын табиғат ресурстары, оның ішінде табиғи ортаның сыйымдылығы, өндіріске, тіршілікке қолайлылығы тауарға айналады. Өткен тақырыптарда, осыған байланысты, табиғат ресурстарын экономикалық бағалауды, оларды қал-пына келтіру (жаңғырту) құнын анықтауды, табиғат қорғау, оның байлықтарын сақтау, молайту, қалпына келтіру шығындарын анықтауды, табиғат қорғау шараларының тиімділігін қарастырдық.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты оларды ақылы пайдалану екенін аңғардық. Өйткені табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды, мүдде арқылы ынталандырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.

Табиғат ресурстары жалпыхалықтық (мемлекеттік) меншікте болып, пайдаланушыларға тегін берілген жағдайда үнемдеу нормалары болуына, олардың мемлекет тарапынан үнемі қадағалауына қарамастан, ысырапшылыққа жол берілді. Мысалы, жалпыхалықтық меншікті қолдайтын бұрынғы Кеңес Одағында жалпы өнімнің бір өлшеміне әлемде ең көп мөлшерде табиғат ресурстары жұмсалды.

Сондықтан, төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғат қорғауға оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырамыз. Соған қарамастан, төлемдердің қызметін әр түрлі мағынада түсінушілік кездеседі:

1)  табиғат пайдалану арендалық (жалақы), дифференциалдық төлем;

2)  табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары;

3)  айып төлемдер;

4) табиғат ресурстарын қалпына келтіру шығындары және дифференциалдық рента;

5) кендерді іріктеп ендіргенде, бос жыныстар араластырғанда төленетін айып;

6)   пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін штраф;

7)   кендерді өндіру ұқсату технологиясын орындамағанда төленетін айып;

8)   табиғат қорғау шығындарын қайтару;

9)   табиғи ортаны ластағаны үшін тәлем;   .

10) табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру;

11) табиғат ресурстарын пайдалану салығы деп атайды.

Енді біреулер төлемдерді бюджетке қаржы жинау көзі деп ұғынады. Осындай әр түрлі көзқарастың болуына байланысты телемдердің мағынасын, атқаратын қызметтерін қарастырып, сұрыптау қажет болады.

Табиғат пайдалану төлемдері непзінен табиғат қорғау, тиімді пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсартуға көмегін тигізеді. Ал ең негізгі қызметі табиғат қорғау, тиімді пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Табиғат ресурстарының түріне байланысты әмбебап пайдаланатын, арнайы пайдаланатын ресурстарға төлемдер ерекшеленеді. Әмбебап пайдалана­тын ресурстарға жер, су, ауа, т.б. ресурстар жатады. Арнайы пайдаланатындар - орман, биоресурстар, минералдық шикізаттар.

Информация о работе Экономика природопользования