Ақша, қаржы және несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 21:12, доклад

Краткое описание

Ақша жүйесі, оның даму кезеңдері. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі- ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген бір тұтас ақша айналымы..Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет. Қаржы ұғымы латын сөзі – «» сөзінен шыққан, төлем, табыс дегенді білдіреді.

Содержание работы

1. Ақша жүйесі, оның даму кезеңдері
2. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет
3. Несие-банкі жүйесі

Содержимое работы - 1 файл

оқитын доклад теориядан.doc

— 34.00 Кб (Скачать файл)


Ақша, қаржы және несие жүйесі

1. Ақша жүйесі, оның даму кезеңдері

2. Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет

3. Несие-банкі жүйесі

     1. Ақша жүйесі, оның даму кезеңдері. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі- ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген бір тұтас ақша айналымы.

     Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Ол металл ақша, несие және қағаз ақша жүйелерінен тұрады.

Осы жүйе типтері ішінде метал ақша жүйесіне тоқталайық. Метал ақша жүйесі несие және қағаз ақшалардан бұрын пайда болған. Қоғамның даму барысында ол күрделене түсті. Оны 2-суреттен көруге болады. Дүние жүзінде әртүрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол әр елдің мемлекеттік заңымен бекітіледі, ақша айналымының басты компоненттерін 3-суреттен көруге болады.

Ақша массасы – халық шаруашылығындағы  тауарлар мен қызметтің айна-лымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы.        

    2.Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет. Қаржы ұғымы латын сөзі – «» сөзінен шыққан, төлем, табыс дегенді білдіреді.

              Қаржы – бұл ақшалай қаржы қорларын қолдану мен қалыптастыру бойынша қоғамның экономикалық қатынастарының жиынтығы. Қаржылық қатынастардың ақшалай қатынастардан айырмашылығы ол өзіне жеке тұтынуды қамтамасыз етуді қоспайды. Қаржы бірнеше қызметтер атқарады.(4-сурет) Қаржы жүйесі – бұл заңдық құрылған нормативтер негізінде өмір сүруші институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қаржы қорларын қолдану мен қалыптастыру бойынша экономикалық субъектілер аралығындағы қатынас.

              Ақша ағымы қозғалысының негізгі субъектілеріне:

     ♦ мемлекет және оның субъектілері;

     ♦ фирмалар, кәсіпорындар, компания және т.б.;

     ♦ үй шаруашылығы кіреді.

              Қаржы жүйесі құрылымы жағынан қаржылар мен қорлардан тұрады (5-сурет).

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе - өте күрделі тетік. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік – экономикалық құрылысын, мемлекеттің құрылымын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет – үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтан-ған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді (8-сурет).

Мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер: (1). Ассигнациялау – кәсіпорын мен мекемелерді ұстап тұру үшін берілетін ақша қаржылары(жәрдем); (2). Субсидия

- мемлекеттік ақшалай көмек түрі; (3). Субвенция – белгілі даму мақсатына мемлекеттік ақшалай көмек(жәрдем); (4). Дотация – шығындарды жабу үшін қажетті ақша қаржылары.

    Бюджеттік шығындардың көбеюінен бюджеттік тапшылық үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары (9-сурет). 

   3.Несие-банкі жүйесі. Несие – бұл пайыздық үстеме төлеу және қайтарымды жағдайдағы ақшалай немесе тауарлай үлгідегі ссудалар. Несиелеу қағидалары: жеделдік, қайтарымдық, төлемдік, материалдық қамтамасыз ету, мақсаттық бағыттаушылығы. Несиенің үш қызметі бар, олар төменде көрсетілген (10-сурет). Несиелердің түрлері көп несиені банктер, қаржы ұйымдары, мемлекет бере алады. Несиеге бөлінген қаржыларды коммерциялық банктер арқылы алуға болады. Несиені берілу уақытына қарай қысқа-ортаөұзақ мерзімді деп үшке бөледі. Қысқа мерзімді несиелерді айналымдағы қорды толтыру, тұтыну тауарларын сатып алу үшін алуға болады. Берілу уақыты 1 жылға дейін. Орта мерзімді несиелер күрделі жобаларды қаржы-ландыруға алынады. Берілу уақыты 1 жылдан 8 жылға дейін болып келеді. Ұзақ мерзімді несиелерді көп қаржылы зауыт, фабрика құрылысы, күрделі техника құралдарын сатып алу, үй салу мен сатып алу. Берілу мерзімі 8 жылдан 20-25 жылға дейін.

              Несие жүйесі – несиелеу әдістері мен формаларының несиелік қатынастар жиынтығы. Несие жүйесінің негізгі буындары:

      ♦ мемлекеттің орталық банкі;

      ♦ коммерциялық банктер;

      ♦ мамандандырылған несие-қаржы институттары.

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі ауқымы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.

«Банк» деген ұғым итальян сөзі орындық, «айырбас орындығы», «айырбас орны» дегенді білдіреді.

Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Банк мәні атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Олар:

1.Несие беруде және төлем төлеуде делдалдық қызмет;

2.Ақша табыстарының бір бөлігі мен сақтауын капиталға айналдыру;

3.Айналымның несиелік жүйесін қалыптастыру (вексельдер,чек).

Банктердің экономикалық салалардың қор жиналымдарынан қолданылу саласына қарай ақша капиталдарының берілімін қамтамасыз етеді (11-сурет). Банктер операциялары активтік және пассивтік түрге бөлінеді

Банктік табыс (маржа) – ссудалар және салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма.

 

Міндеттемелік қорлар - әрбір коммерциялық банктердің орталық банктерде ұстап отыратын салымдардың бір бөлігі. Міндеттемелік қорлардың көлемі заң бойынша бекітілген қорлану мөлшеріне байланысты.

Банктік жүйенің жоғарғы буынына Ұлттық банк кіреді. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі болып есептеледі. Ұлттық банктің міндеттері, қызмет ету қағидалары, құқықтық мәртебелері ҚР Президентінің өкімімен анықталады.

1.Мемлекеттік банк - өзінің қызметін көрсетілген актілердің ерекшеліктеріне сай, банкілік қызмет бойынша қарастырылған арнайы заңдылықтар мен нормативтік актілерге сәйкес жүргізеді.

Мемлекеттік банк – ҚР Үкіметінің шешімімен немесе жеке заңдық актіге негізделе құрылған, жарғылық қор иегері болып табылатын екінші деңгейлі банк.

2. Депозиттік банк – басқа банкімен операцияларды қабылдау мен жүзеге асыру құқы бар екінші деңгейлі банк.

3. Инвестициялық банк – негізгі қызметі тікелей және портфельді инвесторларды жүзеге асырушы екінші деңгейлі банк.

4. Ипотекалық банк – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие беретін екінші деңгейлі банк.

Банк қызметтері ҚР Конституциясымен заңдық актілері, ҚР Президентінің басқа да актілері, ҚР-мен жасалған халықаралық келісімдер, сол сияқты Ұлттық банктің заңдық актілеріне негізделе отырып жасаған нормативтік актілермен реттеліп отырады.

Ашық нарықта операциялар жүргізу – Орталық банкте мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу. Бұл ақша ұсынысын бақылаудың икемді әдісі болып табылады. Ақшы массасы саясатын жүргізуде қолданылады.

Қорлар мөлшерінің өзгеруі – ақша несиені реттеудегі тиімді құрал ретінде қолданылады.

Есептік мөлшерлеменің өзгеруі ақша-несие айналысын тікелей реттеу құралы болып табылады.

Есептік мөлшерлеме – Орталық банктердің коммерциялық банктерге ұсынатын несиелерінің пайыздық мөлшерлемесі. Несиелік белсенділікті басқару үшін қолданылады.

 



Информация о работе Ақша, қаржы және несие жүйесі