Қаржы жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 23:54, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдрын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдарды құрайтындардың аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржы жүйесі - копия.doc

— 182.50 Кб (Скачать файл)

    4) әскери   өндіріс  пен   азаматтық  өндіріс   арасындағы сәйкессіздік;

    5) материалдык өндіріс пен материалдық  емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

    Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың  инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде  қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10-15 жылда рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау іс – шаралары осы инфляцияның нәтижесін зандастыру ғана болған.

      Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда бірнеше есе жоғары.  Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991 -1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді.

    Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін  ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде І00 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60 %-ке қысқарды [5].

    Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілғен монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап калды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндіріс аралық диспропоциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

       Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты талдағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен  бірге өндіріс  өсуі  де  тырып,  жұмыссыздықты  арттырып жіберуі  мүмкін. Ол қоғам  үшін инфляцияны  тежеудің  құны  болады. Құлдырау  жағдайында  бюджет саясаты  сұранымды  кеңейтуге  бағытталады. Егер сұраным  жеткіліксіз болса, онда  мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске  қосылады және  шығындар  артады,  салықтар  төмендетіледі. Ең алдымен  табысы төмен  нарық  субъектілеріне салынатын  салық  қысқартылады. Бұл бірден  нәтиже береді: сұраным  тез өседі, ол өндіріске  ықпал жасайды,      жалпы экономикалық   өсу  басталады. бірақ  60 – 70 жылдары дамыған  елдердің  тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру  инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен  бірге бюджет шығындарының артуы  бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

         Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың  халыққа жолдаған  «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың жағдайын көтеруге , жоғары индустриалды қоғам қалыптастыру мақсаттары қаралады. /1/

    Сонымен, зерттелініп отырған курстық  жұмыстың алға қойған міндеті-қаржының басқа экономикалық категориялармен  байланысының мәнін ашу болғандықтан, қаржының бірнеші категориялармен  байланысын қарастыруға болады, яғни:

    Қоғамдық  өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

    Баға — жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді.

    Әсіре инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.

    Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады.

    Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

    Жалақы  мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

    1)  қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

    2)  қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына — еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

    Қоғамдық  өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.

    Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың - бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР 

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, наурыз – 2006/1/

2.Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н. т.б. «Экономикалық  теория  негіздері» - Алматы – 1998 ж.   

3.Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.

4.Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

         Алматы – 2001./4/

5.Жүнісов Б.,  МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика             негіздері»    / Алматы «Экономика»-2000ж /

6.Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

     / Алматы «Экономика»-2000ж /

7.Мәдешев Б.   «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»

     / Алматы «Экономика»-1998ж //5/

8.Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.

9.Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г

10.Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

11.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.

12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы – 1997/7/

13.Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-

      М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998

15. Ілясов  Қ. Қаржы //Алматы, 2003

16. Инфляция//Егемен  Қазақстан, 2006 жыл, ақпан 
 
 

Информация о работе Қаржы жүйесі